Пятница , 4 июля 2025

Арайлым Назар: САЙЛАУҒА БОЙКОТ ЖАРИЯЛАУ қоғамға тиімді нәтиже бермейді

  • Алдағы қара­ша айын­да өтетін пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға бай­ла­ны­сты аза­мат­тық қоғам­да екіұ­дай пікір бар. Бірі сай­ла­у­ға қаты­су керек десе, екін­ші топ бой­кот жари­я­лау қажет­ті­гін талап ету­де. Осы екіұ­шты ұста­ны­мға қаты­сты сай­ла­удың тех­ни­ка­лық маман­да­ры не айтар екен деген оймен «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» қоғам­дық бір­ле­сті­гі жетек­шілерінің бірі Арай­лым Наза­рды сұх­батқа шақырдық.

– Арай­лым бике, соны­мен сай­ла­удың күні мен уақы­ты жари­я­лан­ды. Билік бұл сай­ла­у­ға алдын ала тастүй­ін дай­ын отыр. Бірақ аза­мат­тық қоғам әдет­те­гі­дей ала-құла пікір­де: сай­ла­у­ға біре­гей кан­ди­дат­тар ұсы­нып қаты­са­мыз ба, жоқ бой­кот жари­я­лай­мыз ба деген әрі-сәрі сұрақ бар. Әрине, бұл ара­дағы мәсе­ле билік ұсы­нып оты­рған ойын ере­же­сі – адам құқы­ғын бұза­тын сай­лау заң­на­ма­ла­ры­на бай­ла­ны­сты. Деген­мен, сіз осы екі ұста­ным­ның қай­сысын жақтайсыз?

– Ең алды­мен осын­дай жау­ап­ты сая­си науқан алдын­да сұх­батқа шақы­рға­ны­ңы­зға үлкен рах­мет! «ДАТ» газетінің қоғам­дағы ағар­ту­шы­лық қыз­метіне тән­ті­мін. Сон­ды­қтан газет редак­ци­я­сы жау­ап ізде­ген сұрақтарға ынта-ықы­ласпен жау­ап бер­гім келеді.

Алдағы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға қаты­сты ел аза­мат­та­ры­ның қан­дай тиім­ді қоғам­дық пози­ци­яда болға­ны дұрыс деген сұраққа келер бол­сақ, бұл жер­де бар­шаға ортақ 100% біре­гей ұста­ным қалып­та­сты­ру мүм­кін емес. Сай­ла­у­ға біре­гей кан­ди­дат­пен қаты­су неме­се бой­кот жари­я­ла­удың қай­сысын таң­да­саң да, өзінің арты­қ­шы­лы­қта­ры мен кем­шілік­тері бар. Қоғам­да дат­тай­тын­дар да, қол­дай­тын­дар да табы­ла­ты­ны сөз­сіз. Ешкім бола­шақты болжап біле алмай­ды. Сай­лау күні мен оның ертеңі не бола­ры әзір­ге беймәлім.

– Ал тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы және қоғам­ның жас қай­рат­кері ретін­де өзіңіз қан­дай ұста­ным­да болар едіңіз?

– Менің жеке пікірім – елді өзгерістер­ге әке­летін кіш­кен­тай бол­са да мүм­кін­ді­гі бар нұсқа­ны таң­дау керек. Ол – сай­ла­у­ға бел­сене ара­ла­су. Қол­дан кел­се, барым­ды күрес­ке тігіп, қиын бол­са да додаға түсіп, күре­се­мін деген аза­мат­тың аяғы­нан шал­май, қол­дау көр­се­ту қажет деп ойлай­мын. Жап­пай тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы болу арқы­лы сая­си үрдіс­ке бел­сене ара­ла­су керек. Бұл біздің сай­ла­удан кей­ін­гі бола­шағы­мы­зға тіке­лей қаты­сты мәсе­ле екенін ұмыт­паған жөн.

– Деген­мен, назар­ба­ев­тық жүй­е­ден мұраға қалған сай­лау заң­на­ма­ла­ры қоғам­ды діт­те­ген сая­си мақ­сатқа жет­кі­зе алмай­ды деген пікір бар ғой…

– Ия, сөз жоқ, билік бір жақты және өзіне өте тиім­ді ойын ере­же­сін ұсы­нып отыр. Алай­да «сен­дер біз­ге тиім­ді ойын ере­же­сін бер­медің­дер» деп бой­кот жасап, бір бұры­шта бұр­тиып оты­рған бала­дай болған дұрыс емес. Олай оты­ра бер­сек, билік «тіп­ті жақ­сы бол­ды, осы­лай оты­ра берің­дер» дейді.

Ең басты­сы – осы ойын ере­же­лерін өзгер­ту­ге күш салу керек. Ал оның басты ама­лы – қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­руға мүм­кін­дік беретін өзгерістер­ді жап­пай талап ету. Осы мақ­сат­та алдағы сая­си науқанға қаты­су керек.

«Бой­кот» деген не? Егер елде­гі қала­лар­дың алаң­да­ры­на кемін­де 10–15 мың­нан адам жинай алма­сақ, онда мұн­дай бой­кот­тан түк шықпайды.

Содан кей­ін бір нәр­сені мой­ын­да­уы­мыз керек: халық алаңға «бой­кот» деген талап­пен шық­пай­ды. «Шаңы­рақ», «Жаңаө­зен», «Қаңтар» – осы оқиға­лар­дың бар­лы­ғы әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ден тұтанған. Ал 2019 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін Алма­ты­да 3 күн, 3 түн болған толқу­дың нәти­же­сін­де әр аза­мат әділет­сіздік­пен бет­пе-бет кел­генін өз көзі­мен көрді.

Жал­пы, «бой­кот» деген мас­са­лық қар­сы­лық біз­де ғана емес, әлем­де де болған емес. Сон­ды­қтан кәм­пит­ке бола рен­жі­ген бала сияқты, «бой­кот» деп, сая­си науқан­нан тыс қалуға бол­май­ды. Сай­ла­у­ға қаты­су жеңіс бер­ме­се де, халы­қтық сая­си көңіл-күй­дің өлше­мін көр­се­те­ді. Сай­ланған пре­зи­дент өз билі­гінің заң­ды­лы­ғы­ның шка­ла­сын білетін бола­ды. Менің ұста­ны­мым осы – сай­ла­у­ға қатысу.

– Ал тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың ұста­ны­мы қан­дай? Мәсе­лен, Ама­нол­ла Раманқұл мыр­за жетек­шілік ететін шым­кент­тік бақы­ла­у­шы­лар сай­ла­у­ға біре­гей кан­ди­дат­пен қаты­су керек деген берік ұста­ным ұсынады…

– Біз осы апта­да ғана ұйым мүше­лері­мен жина­лыс өткізіп, ұйым­ның біре­гей ұста­ны­мын біра­уы­здан келістік. Біз ресми тір­кел­ген «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» қоғам­дық бір­ле­сті­гі болған­нан кей­ін, бұл сай­ла­уды бел­сен­ді түр­де бақы­лай­мыз. Біз үшін сай­лау про­цесінің таза­лы­ғы, әр аза­мат­тың таң­да­уы­ның қорға­луы, осы арқы­лы аза­мат­тық қоға­мға өз үлесі­мізді қосу­ды, таза сай­лау инсти­ту­ты­ның қалып­та­суы­на атса­лы­су­ды көз­дей­міз. Біз бақы­ла­у­шы­лар ұйы­мы ретін­де ешқан­дай кан­ди­дат ұсы­на алмай­мыз. Ал егер оппо­зи­ци­ядан үміт­кер түсіп жат­са, әрине, қуа­ны­шты боламыз.

– Әрине, мұн­дай жағ­дай­да сай­лау науқа­нын­да сая­си интри­га болар еді…

– Әлбет­те! Ондай жағ­дай­да бақы­ла­у­шы­лар кім үшін, не үшін және қан­дай нәти­же үшін жан­та­ла­су керекті­гін білер еді. Егер қоғам­ның аты­нан сай­ла­у­ға түсетін біре­гей неме­се бір­не­ше үміт­кер бол­са, ресей­лік Наваль­ный­дың «Умное голо­со­ва­ние» тех­ни­ка­сын пай­да­ла­нып, жап­пай бақы­лау жаса­уға әбден болар еді.

– Ал егер үміт­кер бол­ма­са ше? Онда кім­ді, қан­дай нәти­жені бақы­лай­тын едіңіздер?

– Онда біз халы­қтың қаты­су дең­гей­ін көр­се­ту үшін жап­пай бақы­лау жүр­гі­зе­міз. Халы­қтың сай­ла­у­ға қаты­су пай­ы­зы – сай­ланған пре­зи­дент­тің қан­ша пай­ы­зға леги­тим­ді екен­ді­гін көр­се­те­ді. Әлбет­те, біз аны­қтаған қаты­су көр­сет­кі­ші сай­лау нәти­же­сіне әсер етпей­ді. Бірақ қаты­су пай­ы­зы пре­зи­дент билі­гінің қан­ша­лы­қты заң­ды екенін көр­се­те­ді. Ол жай ғана бой­кот деп айқай­лағанға қараған­да, нақты сан­мен, пай­ы­з­бен көр­сетіл­ген факт бол­мақ. Осы­лай жал­пы бақы­лау жасау арқы­лы ғана біз таза сай­ла­уды жақын­да­та ала­мыз. Осы­лай ғана біз халы­қтың қан­ша пай­ы­зы сай­ланған пре­зи­дент­ті қол­даға­нын айта ала­мыз. «Бой­кот» деген бос сөз – ол дәлел емес, ал нақты пай­ы­здық көр­сет­кіш – нақты дәлел бола алады.

– Қыр­күй­ек айы­ның басын­да құры­лған, айт­пақ­шы, құра­мын­да сіз де бар­сыз, Демо­кра­ти­я­лық күш­тер коа­ли­ци­я­сы (ДКК) алға­шын­да үндеу жари­я­лап, билік­тен сай­лау зады­лы­қта­рын өзгер­туді талап ете­міз де, егер әдет­те­гі­дей, Ақор­да біздің тала­бы­мы­зды орын­да­ма­са, біре­гей кан­ди­дат­пен сай­ла­у­ға түсе­міз деген еді. Кей­ін­нен бұл ұста­ным қақ жары­лып кет­кен сияқты. Оның себебі неде?

– Себебі осы ДКК құры­луы­ның өзі асы­ғы­стық болған сияқты. Сай­лау мәсе­лесі шағын топ­тың ішін­де егжей-тег­жей­лі талқы­лан­бай, қоға­мға шығып кет­ті. Бірін­ші этап­та алға қой­ған жос­пар бой­ын­ша жұмыс жақ­сы жүр­гізіл­ді. Коа­ли­ция мүше­лері сай­лау заңын өзгер­ту, кезек­тен тыс сай­ла­уды кей­ін­ге қал­ды­ру жөнін­де­гі талап­ты біра­уы­здан қол­да­ды. Ал біре­гей үміт­кер ұсы­нуға кел­ген­де, пікір екі­ге бөлініп кет­ті. Оған, бір жағы­нан, қоғам­да айты­лып жатқан нешетүр­лі алып-қашпа пікір­лер де әсер етті деп ойлаймын.

Айт­пақ­шы, 2019 жылғы пре­зи­дент­тік сай­лау кезін­де ең басты кей­іп­кер­дің бірі болған тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар ара­сы­на бүгін­де іріт­кі түсті деген сөз бар. Егер дәл солай бол­са, жағ­дай түсінік­ті – билік­тің полит­тех­но­ло­ги­я­сы тағы да және әдет­те­гі­дей бұрын ұмты­лып, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­ды бөл­шек­теп тастаға­ны. Әлде бұл ырың-жыры­ң­ның басқа да себеп­тері бар ма?

– Жаңа­дан құры­лған сая­си-әле­умет­тік топ­тар­дың, бел­сен­ді аза­мат­тар­дың ара­сын­да бірін-бірі таны­ған­ша, түсініс­кен­ше, түр­лі кикіл­жің­дер болуы қалып­ты жағ­дай деп ойлай­мын. «Ер шекіс­пей – бекіс­пей­ді» дей­ді қазақ.

Біз – тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар біре­удің баста­уы­мен емес, бірін-бірі мүл­дем таны­май­тын адам­дар­дың ерік­ті түр­де құрған ұйы­мы­м­ыз. Уақыт өте келе көзқа­рас­тар өзгер­ді, бір топ пар­тия құру­ды қала­ды, екін­ші бір топ біздің пози­ци­я­мы­зды дұрыс емес деп тап­ты, ал енді біре­улер­ге, мүм­кін, менің жеке басым ұна­маған шығар.

Осы сияқты фак­тор­лар­ды есеп­тен шыға­руға бол­май­ды. Оның үстіне біздің ұйым – қатып қалған бюро­кра­ти­я­лық құры­лым емес, әрдай­ым даму үстін­де­гі «тірі орга­низм». Ал мұн­дай ағза­лық даму­да қашан да өзгерістер болып тұрады…

Алай­да сол 2019 жыл­дан бері келе жатқан ұйым­ның дің­ге­гі бар, негізі сақталған. Одан бері­де өткіз­ген пар­ла­мент­тік сай­лау мен рефе­рен­дум­ды бақы­лау нәти­же­сі, күні кеше өткен жина­лы­ста біра­уы­здан шешім­ге кел­гені­міз – біздің ұйым ретін­де қалып­тасқа­ны­мы­здың көрінісі деп ойлай­мын. Егер билік­тің полит­тех­но­лог­та­ры ұйым­ды іштен ірітіп жібе­руді көз­де­ген бол­са, онда ол жос­пар­ла­ры жүзе­ге аспа­ды. Қазір біздің ұйым­нан шығып кет­кен кез кел­ген аза­мат бақы­ла­у­шы бола­мын деп кел­се, есі­гі­міз ашық, бақы­ла­у­шы куәлі­гін бере­міз. Пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да да, рефе­рен­дум­да да ұйым­нан кетіп қалған аза­мат­тар қай­тып келіп, бақы­ла­у­шы куәлі­гін алған болатын.

– Егер осы сай­ла­уды толық бақы­ла­у­ға алар бол­сақ, нарық жағ­дай­ын­дағы бұл іс-әре­кет­тің шығы­ны қан­дай бола­рын есеп­теп көр­діңіз бе?

– Мау­сым айын­да ғана өткен рефе­рен­дум­да ұйым­нан жал­пы 217 000 тең­ге шығын кет­ті. Бүгін­гі жағ­дай­да бұл көп ақша да емес. Рефе­рен­дум өткен кез­де пар­ла­мент­тік сай­ла­удан қалған мате­ри­ал­дар, дай­ын видео­са­бақта­ры­мыз болған еді, біз солар­ды пай­да­лан­дық. Енді осы сай­ла­уда блок­нот пен фла­ер­лер­ді және 1–2 сабағы­мы­зды қай­та­дан видеоға түсіруі­міз керек. Ұйым­ның интер­нет-сай­тын қазір ерік­ті про­грам­мист, жас жігіт өзінің аза­мат­тық баста­ма­сы­мен жасап жатыр – су тегін. Рефе­рен­дум­да біз­ге әріп­тес ұйым­дар үлкен кең­се­лерін пай­да­ла­нуға тегін бер­ген бола­тын. Қазір де сөй­лесіп жатыр­мыз. Бол­май жат­са, жалға ала­мыз. Кең­се жағы­мен көмек­те­су­ге ниет­ті аза­мат­тар бар. Шама­мен қан­ша шығын кететінін жұмыс тобы есеп­теп қой­ды. Бұл ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай көп шығын емес.

Ал бақы­лау шығы­нын көтеріп алуға ниет­ті деме­ушілер неме­се грант беретін ұйым бар ма?

– Біз тір­кел­гелі не шетел­дік, не мем­ле­кет­тік ұйым­дар­дан грант алып көр­ген жоқ­пыз. Үне­мі ұйым мүше­лерінің жар­на­сы­мен және ұйым мүше­лері ара­сын­дағы шағын кәсіп­кер­лер­дің көме­гі­мен сай­лау науқа­ны­нан өтіп келе­міз. Біз шығын­ды барын­ша мини­мал­ды ету­ге тыры­са­мыз. Себебі ақша арқы­лы әлдекім­ге неме­се бір сая­си ұйы­мға тәу­ел­ді болғы­мыз келмейді.

Ал егер осы сай­ла­уда деме­уші бола­мыз деген аза­мат­тар бол­са, риза­шы­лы­қта­ры­мы­зды біл­діре­міз. Біз қол­ма-қол ақша­лай емес, бас­па­ха­на­дан шыға­тын блок­нот­тар мен фла­ер­лер­дің ақша­сын тіке­лей бас­па­ха­наға, видео­са­бақтар­дың ақша­сын тіке­лей сол видео­граф­тарға төлеп, қол­дау көр­сет­кен­дерін құп көретін едік. Бірақ ол деме­ушілік үшін біздің ұйым ешқан­дай мате­ри­ал­дық қай­та­рым бере алмай­ты­нын және ешқан­дай сая­си өтініш орын­дай алмай­ты­нын айтқы­мыз келеді. Деме­уші аза­мат­тар өз қол­да­уын елде­гі аза­мат­тық инсти­тут­тың дамуы­на қосқан үлесім деп біл­се екен дейміз.

– Ал сай­лау бюл­ле­тенін­де­гі «Бәріне қар­сы» гра­фа­сын пай­да­ла­нып, дауыс беру керек деп жүр­ген бел­сен­ділер­дің үнде­уіне қаты­сты не айтар едіңіз?

– Менің­ше, бұл ұста­ным­да дау көп. Мәсе­лен, қазір кей­бір бел­сен­ділер Кон­сти­ту­ци­ядағы: «Дауыс беру­ге қаты­сқан сай­ла­у­шы­лар­дың елу про­цен­ті­нен аста­мы­ның дауы­сын алған кан­ди­дат сай­лан­ды деп есеп­те­леді; егер кан­ди­дат­тар­дың бір­де-бірі көр­сетіл­ген дауыс санын ала алма­са, қай­та­дан дауы­сқа салы­на­ды, оған көп дауыс алған екі кан­ди­дат қаты­са­ды; дауыс беру­ге қаты­сқан сай­ла­у­шы­лар­дың ең көп дауы­сын алған кан­ди­дат сай­лан­ды деп есеп­те­леді», деген 41-бап­тың, 5‑тармағына сүй­еніп, сай­лау бюл­ле­тенін­де­гі «Бәріне қар­сы» /против всех/ гра­фа­сы­на дауыс беру­ге шақы­рып жатыр. Қазір біз ұйым аты­нан Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на нақты сау­ал жол­дап, дауы­стар­ды санау алго­рит­мі мен оның фор­му­ла­сы қалай бола­ты­нын жік­теп көр­се­туді сұрадық.

Кон­сти­ту­ци­я­ның нақты осы бабы­на қара­сақ, шыны­мен де, 50%-дан астам халық «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын таң­даған жағ­дай­да да екін­ші тур бола­тын сияқты. Екін­ші жағы­нан қара­сақ, «Сай­лау тура­лы» заң­да аталған гра­фа бой­ын­ша дауы­стар­ды санау кезін­де оның ешқан­дай заң­дық күші жоқ. Енді ОСК-ның жау­а­бын күте­міз. Бұл гра­фа осы сай­ла­уда шыны­мен шешу­ші рөл атқа­руы мүмкін.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақ­мет, Арай­лым бике! Елдің жарқын бола­шағы жолын­дағы аза­мат­тық бел­сен­ділік­теріңізді Құдай қолдасын!

Айсұ­лу ОСПАН,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн