Вторник , 1 июля 2025

Арашашы бір қазақты ЖАЛАҚОР БІР ҚАЗАҚ СОТҚА СҮЙРЕП ЖҮР

Алма­ты қала­сы маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық сотын­да Қытай­дан кел­ген этни­ка­лық қазақ, «Ата­жұрт ерік­тілері» тір­кел­ме­ген ұйы­мы­ның жетек­шісі Серік­жан Білә­штың үсті­нен сот оты­ры­сы басталды. 

Әкім­шілік сотқа шағым­да­ну­шы Алма­ты қала­сы Медеу аудан­дық ішкі істер бөлі­мінің аға лей­те­нан­ты екен. Әкім­шілік жау­а­пқа ҚР ӘҚБК 489–9 бабы­на бай­ла­ны­сты «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тір­кел­ме­ген, сол сияқты қыз­меті тоқта­ты­ла тұрған неме­се оған тый­ым салы­нған қоғам­дық, дiни бiр­ле­стiк­тер­дiң қыз­метіне бас­шы­лық жасау» деген шағым желеу болған. 

Сот оты­ры­сы­ның басын­да істі жүр­гі­зу­ші судья Мұрат Абы­ра­ев бір­ден айып­та­лушы­дан жау­ап алуға кірісті. Серік­жан Біләш өзіне тағы­лған айып­ты мой­ын­да­май­ты­нын айта келіп: «Ата­жұрт ерік­тілері» – Қытай­дағы этни­ка­лық қаза­қтар­дың хал-аху­а­лы­на жаны аши­тын ерік­ті адам­дар­дың әле­умет­тік желі­де құры­лған тобы. Бұл топқа кез кел­ген адам қосы­ла ала­ды және шығып кете ала­ды. Ол ада­мға қан­дай да бір мүшелік куәлік беріл­мей­ді. Бұл топ­тағы­лар Қытай­дағы этни­ка­лық қаза­қтарға түр­лі қай­ы­рым­ды­лық, ағар­ту­шы­лық жол­дар­мен көмек­те­суді көз­дей­ді. Сон­ды­қтан оны қан­дай да бір арнайы ұйым деп ата­уға бол­май­ды. Өзім ұйым жетек­шісі емес, әле­умет­тік желі­де­гі топ­тың «админі­мін», – деді. Серік­жан «Ата­жұрт ерік­тілері» тобын қоғам­дық ұйым ретін­де тір­ке­ту үшін, Әділет мини­стр­лі­гіне был­тыр – 2018 жылы екі рет құжат тап­сы­рға­нын, бірақ тір­ке­у­ге алын­баға­нын тіл­ге тиек етті. Судья бол­са, «Ата­жұрт ерік­тілерінің» қай­ы­рым­ды­лық шара­ла­ры­на баға бер­мей­тінін, тәп­ті­ш­теп, қай­та-қай­та «әле­умет­тік желі­де­гі топ қоғам­дық ұйы­мға неме­се бір­ле­стік­ке жата ма, жоқ па?» – деп сұра­удан аспа­ды. Алдағы уақыт­та «ват­сап­тағы «кла­с­та­стар», «құда­лар», «ауыл­дастар», «туы­сқан­дар», т.б. топ­тар­ды сотқа сүй­реп жат­са, таңқа­луға болмас. 

Газеті­міздің өткен санын­да бір топ аза­мат­тар­дың осы ұйы­мға қаты­сты ары­зы жари­я­ланған еді. Билік тара­пы­нан «қоғам­дық пікір­дің негізі» деп таны­лған сол арыз аға лей­те­нант­ты айдап салуға түр­кі болуы да мүм­кін. Арғы бет­те­гі қан­дастарға жаса­лып жатқан Қытай­дың зор­лы­ғы мен зомбы­лы­ғын әлем­ге әшке­ре етіп, көмек қолын созған бір қаза­қты – бер­гі бет­те­гі бір қаза­қтар күста­на­лап, екін­шілері сотқа сүй­реп жатқа­ны ел-жұр­тқа масқа­ра жағ­дай болды…

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн