Вторник , 1 июля 2025

Арзан баспананы КІМДЕР АЛАДЫ?

19 науры­зда Аста­на­дағы үкі­мет үйін­де­гі бас­пасөз жиы­нын­да «Тұрғын үй құры­лыс жинақ бан­кінің» басқар­ма төрай­ы­мы Ләз­зат Ибра­ги­мо­ва жеңіл­дік­пен бас­па­на алу шар­тын таны­стыр­ды. Оның сөзін­ше, бас­па­на­ны тұрақты табысы бар көп бала­лы отба­сы­лар, мүм­кін­ді­гі шек­те­улі бала­ла­ры бар жанұя­лар мен толық емес отба­сы­лар ала алады.

– Біздің мақ­са­ты­мыз – төле­у­ге қара­жа­ты жететін, яғни ай сай­ы­нғы табысы отба­сы­ның бір мүше­сіне 20 мың­нан 42 500 тең­ге­ге жететін отба­сы­лар­ды бас­пан­амен қам­ту. Егер төрт бала­лы отба­сын­дағы ерлі-зай­ып­ты­ның табысы 260 мың тең­ге­ге жуық бол­са, олар біздің бағ­дар­ла­ма­мен үй ала ала­ды, – дей­ді Ләз­зат Ибрагимова.

Неси­енің жыл­дық мөл­шері – 2 пай­ыз, алға­шқы жар­на – 10 пай­ыз. Банк өкілінің сөзін­ше, алға­шқы жар­наға ақша­сы жет­пе­ген­дер­ге әкім­дік тұрғын үй сер­ти­фи­ка­тын береді. Құны сегіз мил­ли­он тең­ге тұра­тын бас­па­на үшін алға­шқы сегіз жыл­да ай сай­ын 42 мың тең­ге, ал қалған 10 жыл­да 27 мың тең­ге­ден төлеу қарастырылған.

Толық емес отба­сы­лар бағ­дар­ла­ма­мен үй алу үшін ерлі-зай­ып­ты­лар­дың ажы­рас­қа­ны­на кемін­де үш жыл болуы керек.

ҚР пре­мьер-министр Асқар Мамин­нің мәлім­де­уіне қараған­да, Қаза­қстан­да бас­па­наға мұқтаж көп­ба­ла­лы отба­сы­ларға пәтер­лер­ді бөлу 1 мамыр­да баста­ла­ды. «Әле­умет­тік қол­дау шара­ла­рын жүзе­ге асы­ру аясын­да 5 жыл ішін­де шама­мен 6 мың мұқтаж отба­сы бас­пан­амен қам­та­ма­сыз етіледі. 1 мамыр­дан бастап біз мұқтаж отба­сы­ларға бас­па­на бөлуді бастай­мыз», – деді А.Мамин кеше өткен үкі­мет отырысында. 

Оның айтуын­ша, екі жыл ішін­де «Тұрғын үй құры­лыс жинақ бан­кі» арқы­лы жеңіл­дік зай­мын 22,5 мың отба­сы алады. 

Бұған дей­ін инду­стрия және инфрақұры­лым­дық даму мини­стрі Роман Скляр көп бала­лы отба­сы­лар үшін жал­да­ма­лы тұрғын үй салуға жеті жылға Т350 млрд бөлу жос­пар­ла­нып оты­рға­нын, оған жыл сай­ын шама­мен 6 мың пәтер­мен қам­ту мүм­кін бола­ты­нын мәлім­де­ген еді. 

«2019 жылға бюд­жет­ті айқын­дау аясын­да көп бала­лы отба­сы­лар үшін жал­да­ма­лы тұрғын үйдің құры­лы­сы­на және сатып алуға өңір­лер­ге 50 млрд тең­ге бөлу қарас­ты­ры­лған. Жал­пы аталған іс-шараға 7 жыл ішін­де 350 млрд тең­ге қарас­ты­ры­лған. Бұл жыл сай­ын 6 мың көп бала­лы отба­сын пәтер­мен қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді. Яғни, 7 жыл­да 40 мың­нан астам пәтер беріледі деген сөз», – деп мәлім етті үкі­мет оты­ры­сын­да Р.Скляр.

«D»

Республиканский еженедельник онлайн