Понедельник , 30 июня 2025

АРОНҒА РАҚЫМШЫЛЫҚ жасауды бір топ депутат қолдады

  • 2006 жылғы «Шаңы­рақ» оқиға­сы­нан кей­ін 18 жылға сот­та­лып, соның 15 жылын түр­ме­де өткіз­ген ақын, әрі дис­си­дент Арон Ата­бек­ке рақым­шы­лық жасау тура­лы ұсы­ны­сты Қаза­қстан парла­мен­ті мәжілісінің сегіз депу­та­ты қол­да­ды. Бұл тура­лы Orda.kz басы­лы­мы хабар­ла­ды.

3 қыр­күй­ек күні жур­на­лист Махам­бет Әбжан Арон Ата­бек­тің бұры­нғы және қазір­гі суретін ұстап, пар­ла­мент депу­тат­та­ры­на көр­сет­кенін, тоғыз депу­тат­тың алта­уы ақын­ды таны­маға­нын айтқан. Жур­на­лист жари­я­лаған видео­да депу­тат­тар­дың бірі Берік Дүй­сем­би­нов мәжілісте­гі заң­на­ма және сот-құқы­қтық рефор­ма коми­тетіне «Рақым­шы­лық жасау» тура­лы заң жоба­сы түс­кенін, соны талқы­лау кезін­де Арон Ата­бек­ке рақым­шы­лық жасау тура­лы ұсы­ныс біл­дір­генін айтқан, деп хабар­лай­ды «Азаттық» Orda.kz сай­ты­на сіл­те­ме жасап.

«Жаңа ғана біз­де коми­тет оты­ры­сы бол­ды, коми­тет­ке қазір «Рақым­шы­лық жасау тура­лы» заң кір­ді. Осы заң­ды талқы­лау кезін­де [ішкі істер] мини­стрінің орын­ба­са­ры Ары­станға­ни [Заппа­ро­вқа] «Арон Ата­бек 15 жылын түр­ме­ге бер­ді. Адам өлсе, жаза­сын өте­ген шығар. «Рақым­шы­лық» деген сөздің өзі осы ғой. Осы­ны пай­да­ла­нып, Арон Ата­бек­ті неге босат­пай­сыздар?» дедім. Ол «сая­си көзқа­ра­сы үшін оты­рған адам жоқ» деді. Ресми жау­ап екенін білесіз ғой. Бірақ мен ескер­тіп айт­тым. «Халы­қтың өкілі болған­нан кей­ін халы­қтың сұрағын қой­ып отыр­мыз. Сіз­дер «жоқ» десеңіз­дер де, халық айтып жатыр. Елді ара­ла­дық, көңіл-күй­ін көр­дік. Сол кез­де сая­си сұрақтар­дың ішін­де осы мәсе­ле көтеріл­ді. Мини­стр­дің орын­ба­са­ры осы заң­ның жұмыс тобын­да сіз­дер­ден ұсы­ныс түс­се, «қарас­ты­руға дай­ын­быз» деп жау­ап бер­ді» деді Берік Дүй­сем­би­нов жур­на­лист Махам­бет Әбжанға.

Жур­на­ли­стің Orda.kz сай­тын­да жарық көр­ген хаба­ры­на қараған­да, Дүй­сем­би­но­втің ұсы­ны­сын жеті депу­тат қол­даған, тоғы­зы нақты жау­ап бер­ме­ген, үше­уі қар­сы шыққан, қалға­ны тіл­ші сау­а­лы­на жау­ап бер­ме­ген. Дүй­сем­би­но­втің ұсы­ны­сын қол­да­у­шы­лар ара­сын­да пар­ти­я­ла­ста­ры да болған. Қол­дау біл­дір­ген жеті депу­тат­тың еке­уі осы пар­ти­ядан. Олар: пар­тия төраға­сы Азат Перу­а­шев пен мүше­сі Андрей Линник.

Қаза­қстан­ның халық пар­ти­я­сы­нан (бұры­нғы ком­му­ни­стер) сай­ланған депу­тат­тар Ири­на Смир­но­ва мен Ғазиз Құла­х­ме­тов те ұсы­ны­сты қуат­таған. «Нұр Отан» депу­тат­та­ры ара­сын­да Ерлан Саи­ров пен Берік Әбдіға­ли Ата­бек­ті боса­ту керек деген. Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­нан сай­ланған депу­тат, Әзер­бай­жан­дар ассо­ци­а­ци­я­сы­ның төраға­сы Әбіл­физ Хаме­дов те Ата­бек­ке рақым­шы­лық жасау қажет деген.

«Нұр Отан­ның» өзге мүше­лері Айгүл Нұр­ки­на, Сне­жан­на Има­ше­ва және Нәзи­ла Раз­зақ рақым­шы­лық жасау баста­ма­сы­на қар­сы шыққан.

ДАТ-ақпа­рат

ЖЕТІБАЙ ЕРЕУІЛІН сот заңсыз деп таныды

Маңғы­стау облы­сы­ның Қарақия аудан­дық соты West Oil Software ком­па­ни­я­сы жұмыс­шы­ла­ры­ның ере­уілін заң­сыз деп таны­ды. Бұл тура­лы 7 қыр­күй­ек­те облы­стық сот хабар­ла­ды. Тамыз айы­ның аяғын­да аталған ком­па­ния жұмыс­шы­ла­ры жалақы­ны өсіріп, еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды талап етіп, ере­уіл­ге шыққан еді.

Сотқа ере­уіл­ді заң­сыз деп тану тура­лы өтіні­шті жұмыс беру­ші тарап түсір­ген. «Ере­уіл­дің ҚР Еңбек кодексінің талап­та­рын сақта­май өткізілуіне бай­ла­ны­сты және дауды қара­удың сотқа дей­ін­гі тәр­тібі сақтал­маған­ды­қтан, жұмыс беру­шінің тала­бы қанағат­тан­ды­рыл­ды» делін­ген облы­стық сот хабар­ла­ма­сын­да. Сот шеші­мі әлі күшіне енбеген.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн