Пятница , 4 июля 2025

Ару жырды төске алып,Тарта бер алға алқынбай…

Жаңа жыл қар­саңын­да Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері, ақын Ұлы­қ­бек Есдәу­лет­тің 70 жыл­дық мерей­тойы дүр­кіреп өтті. Осы оқиғаға орай талай таны­мал тұлға­лар той иесін құт­ты­қтап, жылы лебіз­дерін біл­дір­ді. Олар­дың ара­сын­да мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Мұх­тар Құл-Мұхам­мед­тің хаты ерекше. Шағын болға­ны­мен, мән-мағы­на­сы терең, ақын­дық өнер­ге бер­ген баға­сы ерен. «Дат­тың» қалың оқыр­ма­ны да мар­жан сөз­ден ләз­зат алып, жақ­сы ой түй­сін деген ниет­пен толық жари­я­лаған­ды жөн көрдік.

Ардақты Ұлаға!

Жаңа жыл

Сіз­ге,

Отба­сы­ңы­зға,

Есдәу­лет ата

ұрпақта­ры­на құт-бере­кесі­мен келсін!

Мемқыз­мет­те жүріп бала­ла­рым­ның көп­те­ген қуа­ныш-жетістік­тері­мен бөлі­се алмай қалған екен­мін. Қазір көп бала­лы әке ретін­де сол олқы­лы­ғым­ның орнын тол­ты­руға тыры­сып жүр­ген жай­ым бар.

Құт­ты­қтау ата­у­лы қалың пап­кілер­дің ішін­де қала­ды, ал хат­тың жайы бөлектеу…

Мына бір хат­тың нобайы Жаңа жыл алдын­да түсіп еді. Бүгін таңер­тең сақал-мұр­тын дәл Сіздікін­дей басып, Өзіңіз­ге жіберіп отырмын.

Қадір­лі Ұлаға!

Әде­би­ет пен өнер­дің ала­ма­ны­на бір­ге түс­кен күлік­тер жет­пістің сөресіне алқын­бай, ауы­зды­қ­пен алы­сып қатар жетіп­сіз­дер. «Бәре­кел­ді!» деп қол соға­мыз кей­ін­гі толқын інілер аты­нан. Той­дың дүр­кіреп өткенін Рахы­мға­ли бауы­ры­ңыз май­ын тамы­за жеткізді.

Мен жетін­шіні бітір­ген жылы Сіздің балғын қанат, көк қауыр­сын жыр­ла­ры­ңы­зды «Көз­деріңе ғашы­қ­пын» деген пышақтың қырын­дай жинағы­ңы­здан оқы­ған екен­мін. Содан бер­гі жар­ты ғасыр ішін­де жарық көр­ген бар­лық кітап­та­ры­ңы­з­бен түгел­дей дер­лік таны­спын деп айт­сам, шын­ды­қтың ауы­лы­нан шыған­дап кете қоймаспын.

Еке­уміздің басқан топы­рақ, жұтқан ауа, түс­кен су, өрле­ген тауы­мыз бір болған­ды­қтан, өлең­мен салған өрнек­теріңіз менің жүре­гі­ме тым жақын. Кей­де бала кез­ден көкей­ге қонып, сана­да жат­та­лып қалған сол сурет­тер­дің Сіздің жыр­ла­ры­ңы­здағы көз арбай­тын кере­метін мен неге бай­қа­ма­дым екен деген сұрақ құлым­дай­ды санам­да. Бұл, әрине, мен сияқты ақын­дық құдірет бұй­ыр­маған мың­даған адам­ның қолы­нан кел­мей­тін әлемет.

Сіз, Есенға­ли мен Жұма­тай бастаған уызы­на жарып өскен теге­урін­ді топ Мұқаға­ли, Қадыр, Тұман­бай­лар салған озық дәстүр­ді алға тар­тып, ғасыр­лар тоғы­сын­дағы қазақ өлеңін алтын тақтың ағы­ла­сын­дай өрнек­теп, әлем­дік поэ­зия төріне оздыр­ды. Бұл әсіре­леу емес – ақиқат.

Сіздің мағар­лы, маңғаз өнеріңіз тура­лы пікірім­нің бір пара­сын «Әбіл­ха­ят» шыққан­да айтқан­мын. Бүгін содан бер­гі жыл­дар­да сана сара­бы­на түс­кен кей­бір ойла­рым­мен бөлі­суді жөн көрдім.

Біз­де поэ­зи­я­ны сөз ойна­ту, әде­мі ұйқас құру деп түсі­нетін­дер аз емес. Ақын­ның басты мұра­ты ешкім көр­ме­ген­ді көріп, аңғар­маған­ды ажы­ра­тып, құпи­я­ны тану арқы­лы сөз­бен сурет салып, образ сомда­уда емес пе? Осы тұрғы­дан кел­ген­де Сіздің поэ­зия жапон әде­би­етін­де­гі хок­ку­ге ұқсап келетіні бар.

Аз сөз­ге көп мағы­на сый­ды­ра­тын жапон­дық мини­ма­лизм­ге негіз­дел­ген, небәрі үш-ақ жол­дан тұра­тын хок­ку­дың құры­лы­мы мүл­де бөлек. Бірақ табиғат­тың ақын ғана бай­қай алған бір ғана сәтін ұстап қалып, оны көңіл ауа­ны­мен аста­сты­ра кей­іп­тей­тін осы бір әсем жанр­дың Сіздің поэ­зи­ядағы әде­мі көріністері аз емес (көз ашпаған дала, жылап тұрған бұлт, құлап жатқан жапы­рақ, шашын өрген қай­ың, мон­шағын таққан аспан, от ұрлаған жұлдыздар).

Сіздің поэ­зи­яда қатып-семіп қалған ста­ти­ка жоқ: табиғат тер­беліп, бұлт сөгіліп, жаң­быр төгіліп, адам­дар егіліп тұра­ды. Бұл үне­мі көшіп-қонып тір­лік еткен, ұдайы қимыл-қозға­лы­стағы табиғат­тың төл пер­зен­ті – көшпен­ділер дүни­е­та­ны­мы­нан туын­даған құбылыс.

Дала­лы­қтар ұғы­мын­да адам табиғат­тың әмір­шісі емес, ажы­ра­мас бөл­ше­гі. Сақтар­дан жет­кен зооморф­ты стиль­де­гі тең­дес­сіз өнер туын­ды­ла­ры осы­ны көр­се­те­ді. Сақ пат­ша­ла­ры­ның киім-кешек, сауыт-сай­ман, қару-жарақта­ры әлдебір құдай­лар­дың бей­несі­мен емес, өздеріне азық, серік болған аң-құстар­мен нақы­шта­лып, мін­ген атта­ры­на дей­ін алты­н­мен апта­лып, иелері­мен қатар жер­ле­нуі өзін табиғат­тың үйлесім­ді үзі­гі, бөлін­бес бөл­ше­гі сезі­ну­ден туған. Өкініш­ке орай, біз­ге сақтар­дан жет­кен жыр үлгісі жоқ. Жете қал­са, Сіз жыр­лаған, Орал­хан ағам сурет­те­ген, Әлі­бек көкем мөл­діре­те жазған айла­пат тарихы бар Алтай­дың ескі заман­дағы естен кет­пес ғала­мат сурет­терін көрер едік.

Ақын­дар зымы­раған уақыт­ты жиі жырға қоса­ды. Бай­қа­саңыз, жер де, тау да, тіп­ті уақыт пен кеңістік те сол баяғы орнын­да. Ал оны айна­ла үздіксіз көшіп-қонып жүр­ген біз­дер ғана. Адам­дар мәң­гілік­ті іздеп шарқ ұра­ды, ал оның бізді қор­шап, қорғап тұрға­нын көз­ге іле бер­мей­ді. Оны көру үшін ақын жүре­гі керек. Жүрек көзі­мен үңіл­ген­де ғана ол саған сырын да, құшағын да аша­ды. Сіздің поэ­зи­ядағы астар­лы алле­го­рия, иша­ра­лы сим­во­ли­ка­дан осын­дай ерекшелік­тер­ді аңға­ра­мын. Менің­ше, дәл осы сарын­дар Сізді орыс әде­би­етін­де­гі «күміс ғасыр» поэ­зи­я­сы­ның алтын жал­ды арғы­мағы Алек­сандр Блок поэ­зи­я­сы­на алып келді.

Поэ­зи­ядағы аудар­ма­шы – тұп­нұсқа­ның бәсе­ке­лесі. Нәрін ала­ды, барын береді. Сіз де дәл солай жаса­ды­ңыз. Нәти­же­сін­де Блок­тан Сіз­ге сим­вол­мен сөй­леу, мисти­ка­мен іш қаты­су, мәң­гілік­пен тіл­де­су, адам­ды табиғат­пен шен­десті­ре сурет­теу жұғы­сып, өзіңіз­де бұрын­нан бар боя­у­лар өзге­ше реңк­ке енді.

Орыс поэ­зи­я­сын­да өлең жол­да­рын Блок­ша бөл­шек­те­удің арғы жағын­да ойды дара­лау, образ­ды айшы­қтау жатыр, ал бұл көк түрік поэ­зи­я­сын­да ежел­ден бар дәстүр. Осы құбы­лы­сты Темір­хан аға Медет­бек қай­та тірілт­ті. Темағаң­ның жыр­ла­ры­мен бір­ге алп-алп басқан алмауыт­тар мініп, желп-желп еткен бөрілі бай­рақ көтер­ген Күл­те­гін батыр­дың қалың қолы сау ете қал­ды жиыр­ма­сын­шы ғасыр­дың төбесіне. Ғажап емес пе? Өз мұра­герін күтіп жатқан осын­дай қым­бат қазы­на­ла­ры­мыз қаншама?!

Сіз де қазақ поэ­зи­я­сы­ның дәстүр­лі өлшем­деріне өзге­ше өрнек­тер қосты­ңыз. Осы­ның бәрі зама­на заңға­ры Әбіш Кекіл­бай аға­мы­зға Сіздің поэ­зия тура­лы «Өрісі шалқар өлең», ал өзіңіз­ге «Ұлы­қ­бек талан­ты – ұлағат­ты талант» деген бал­та­ла­саң да бұзыл­май­тын баға бер­гізді. Кемең­гер­ден асы­рып кім айта алар дер­сің? Біз де қосы­ла­мыз ақыл­ман­ның ақжар­ма пікіріне.

Беу, Ұлаға! Жет­піс­ке кел­ген жігіт аға­сы­на өзіңіз шалқар шабыт­пен жыр­лаған тас-төбеңіз­ден заулаған жылқы-жыл­дар­дың тар­паңын жуа­сы­тып, аса­уын ауы­зды­қтап, қашаға­нын құры­қтап, арғы­мағын ойна­тып, жорға­сын тай­пал­тып, қаза­на­тын сақтап, тобы­шағын бап­тап, көсе­мін жегіп, назбе­де­у­ге мініп, ару-жыр­ды төс­ке алып, сауыр тауды бет­ке алып, тар­та бер алға дей­мін қуа­на қол соғып!

Құр­мет­пен, Мұх­тар ҚҰЛ-МҰХАММЕД 02 қаңтар 2025 жыл

Республиканский еженедельник онлайн