Понедельник , 30 июня 2025

Арыста АПАТ болды?

  • 6 тамы­зда Арыс қала­сы­ның темір жол стан­са­сын­да жүк пой­ы­зын­да металл кон­тей­нер­де сары фос­фор жанған еді. Осы апатқа бай­ла­ны­сты ауа сына­ма­ла­рын жос­пар­дан тыс ірік­теу жүр­гізіл­ді, деп хабар­ла­ды «Қаз­гид­ро­мет» РМК бас­пасөз қызметінен.

«06.08.2021 жылы сағат 17:20-да Арыс стан­ци­я­сы­ның плат­фор­ма­сын­да сары фос­фо­ры бар жүк­тің жануы­на бай­ла­ны­сты, «Қаз­гид­ро­мет» РМК-ның Түр­кістан облы­сы бой­ын­ша фили­а­лы­ның мони­то­ринг зерт­ха­на­сы жос­пар­дан тыс ірік­теу және атмо­сфе­ра­лық ауа сына­ма­ла­рын ана­л­из­деу үшін Арыс қала­сы­на бар­ды. Ласта­у­шы заттар­дың шоғыр­ла­нуы келесі хими­я­лық қосы­лы­стар бой­ын­ша өлшен­ді: қалқы­ма заттар, азот диок­сиді, күкірт диок­сиді, көмір­тек оксиді, күкірт­ті сутек, фор­маль­де­гид және амми­ак. Өлшеу 6 нүк­те­де жүр­гізіл­ді», – делін­ген хабарда.

Хабар­да аны­қталған­дай, өлшеу нәти­же­лері бой­ын­ша шек­ті рұқ­сат етіл­ген шоғыр­ла­ну­дан асып кету аны­қталған жоқ. Ради­а­ци­я­лық фон­ның дең­гейі нор­ма шегін­де, деп хабар­лаған еді Қаз­ТАГ «Қаз­гид­ро­мет­ке» сіл­те­ме жасап.

Жағ­дай шынын­да да қалып­ты ма, фос­фор­дың жану сал­да­ры­нан пай­да болған улы ауа­ның тара­уы­нан адам өміріне қауіп жоқ па? Осы сұрақтарға орай бел­гілі жер­гілік­ті қай­рат­кер-бло­гер Ілес­бек Бай­жа­нов өзінің Фейс­бук парақ­ша­сын­да жағ­дай­ға төмен­де­гі­дей сипатта­ма бер­ді (қаз-қал­пын­да):

Темір жол­мен аса қауіп­ті, яғни хими­я­лық, және тез жана­тын мұнай өнім­дерін, жары­лғы­штық қау­пі бар сұй­ы­ты­лған газ бен ради­а­ци­я­лық жүк­тер­ді тасы­мал­дау және сақтау ере­же­лері бар. Мынау қой бағуға жара­май­тын, бірақ тыра­штанған, қол­да­ры­нан пасы­қтық пен арам­ды­қтан басқа түк кел­мей­тін, дүни­еқоңыз, ман­са­пқор, уызы­нан жары­маған, тексіз сұмы­рай­лар билі­гі Қаза­қстан­ды соңғы жыл­да­ры была­мы­ққа айнал­ды­рып жібер­ді?! Нағыз өз ісінің қас шебер­лері, білік­ті де, білім­ді, шын­ды­қты бет­ке айта­тын өндіріс пен аса маңы­зды стра­те­ги­я­лық сала­дағы маман­дар жап­пай жеке­лен­дірудің нәти­же­сін­де қуда­лан­ды, шетел асты, сот­тал­ды?! Ит орны­на шошқа үрген, қыран орны­на – қарға-құзғын­дар, ары­стан орны­на қабан­дар кел­ген заман бол­ды?! Халқы­мы­здың жағ­дайы осы сұм­дар­дың арқа­сын­да қан­дай болға­нын көзіқа­рақты аза­мат­та­ры­мыз бағам­дап та отыр! Дәуір ауар кездің елең-алаңын пай­да­ланған арам­дар мен жыл­пос, дар­дан қашқан­дар билік­ті 1994 жылы басып алға­ны да көп­ке бел­гілі?! Міне соның нәтижесі!

Құдай сақтап, сол күні Арыс қала­сын­да жел тұрып, қала сыр­ты­на айдап кет­ті улы түтін­ді! Бол­ма­са, мұның ауыр зардаб­ын тіп­тен көз­ге еле­сте­ту де қиын! Жал­пы айтқан­да, Шым­кент, Арыс сияқты қазан шұңқыр­да орна­ласқан қала­лар­дағы темір жол бекет­тері­нен аса қауіп­ті хими­я­лық және ради­а­ци­я­сы өте жоға­ры жүк­тер тран­зит­пен тоқта­май өту­лері керек! Сары фос­фор нағыз хими­я­лық қару­дың шикі­за­ты! Өзі десе де бола­ды?! Фос­фор судың астын­да сақта­луы тиіс еді.

 Бұл жер­де кінәлі – өнім шығарған зауыт! Және бұл аса қауіп­ті тау­ар­ды қабыл­даған, ере­жені бұзған – тасы­мал­да­у­шы экс­пе­ди­тор мен ҚТЖ! Бұл аса маңы­зды стра­те­ги­я­лық сала да іші­на­ра жеке­лен­діру­ге ұшы­раған! Кінәлілер – Назар­ба­ев пен оның компаниясы?!

Қай сала­ны алсаң да елде бар­дак! Бұлар­ды түгел ауы­сты­ру керек! Бұлар­дан енді түк шық­пай­ды! Билік жап­пай жүй­елік тоқы­ра­уға және жазыл­май­тын сал ауруы­на ұшы­раған?! Ем қон­бай­ды бұларға?! Ауы­сты­ру керек, бұл тексіз­дер­ді, әзір­ге бүкіл елді күй­ретіп жібер­мей тұрған­да!».

Біз Ары­стағы өрт­тің сал­да­ры­нан жер­гілік­ті жер­де эко­ло­ги­я­лық апат қан­ша мөл­шер­де орын алға­нын газет­тің алдағы сан­да­ры­ның бірін­де хабар­лай­тын бола­мыз. Бұл жөнін­де газет редак­ци­я­сы­на қосым­ша ақпар берем деген аза­мат­тар 8−777−493−83−83 қал­та­фо­ны­на хабар жол­дай алады.

ДАТ-ақпа­рат.

Лука­шен­ко тақы­рға ТАЗА ОТЫРДЫ

Ұлы­бри­та­ния Тима­нов­ская (Токио олим­пи­а­да­сын­да Бело­русь деле­га­ци­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы­нан қысым көр­ген – ред.) үшін Лука­шен­ко режи­міне санк­ция сал­ды. Әрине, Тима­нов­ская бұл жер­де сыл­тау ғана, Лука­шен­ко­ның дик­та­тор­лық режи­міне Батыс елдері санк­ция салу­ды көп­тен бері ойла­сты­рып жүр­ген. Оның рай­ы­нан қайт­пай­ты­ны әбден бел­гілі болған­нан кей­ін, енді Батыс шын­дап кіріс­кен сыңай­лы. Бұл санк­ци­я­лар­ды нағыз тоза­қтың өзі деу­ге болғандай.

Соны­мен:

* Бела­русь авиа­ком­па­ни­я­ла­ры енді Бри­та­ния үсті­мен ұша алмай­ды. Сон­дай-ақ Лука­шен­ко­ның жеке ұшақта­ры­на да тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер көрсетілмейді.

* Калий тыңай­тқы­шта­ры, мұнай өнім­дері, қос мақ­сат­ты тау­ар­лар, басқа да Лука­шен­ко режи­міне табыс әке­летін өнім­дер­мен саудаға тый­ым салынды.

* Құн­ды қағаз­дар нары­ғы, басқа да Бела­русь шығарған акци­я­лар, т.с.с. кре­дит­тер беру тоқтатылды.

* Сақтан­ды­ру нары­ғы­на – тый­ым, қару-жарақ сауда­сы­на – эмбарго.

* Бел­гілі ресей оли­гар­хы Миха­ил Гуце­ри­ев­ке санк­ция салын­ды. Ол Бела­русь­тің жеке инве­сто­ры, Лука­шен­ко­ның жан жолдасы.

Дәл осын­дай санк­ци­я­ны Кана­да үкі­меті де сал­ды. Син­хрон­ды­лы­қты және ынты­мақ­та­сты­қты сақтау үшін.

Тура осын­дай санк­ци­я­ны АҚШ та сал­ды, тіп­ті ол одан әрі кет­ті. АҚШ Қар­жы мини­стр­лі­гі Бела­русь Олим­пи­а­да­лық коми­тетіне, Бела­русь тер­геу орган­да­ры­на және Бела­русь­ке валю­та түсіріп тұрған “Бела­русь­ка­лий” ком­па­ни­я­сы­на санк­ция сал­ды. Бұл ком­па­ния Лука­шен­ко режи­мінің заң­сыз бай­лық көзі болып келеді.

Сон­дай-ақ ара­сын­да “Абсо­лют­банк” бар тағы да 15 ком­па­ния санк­ция тізі­міне ілін­ді, онда табак өндірісі, құры­лыс, энер­ге­ти­ка, транс­порт ком­па­ни­я­ла­ры бар. Бела­русь мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ла­ры­ның АҚШ-тағы бар­лық актив­тері бұғат­тал­ды. Сон­дай-ақ 23 жеке тұлға, 21 заң­ды тұлға да бар. Бұл жөнін­де­гі Бай­ден­нің Жар­лы­ғы осы­лар­дың ара­сын­да ресей­лік ком­па­ни­я­лар­дың болуын да қарас­ты­ра кете­ді, яғни олар да санк­ци­яға ілініп жат­са оған Жар­лық мүм­кін­дік беретін­дей етіп жасалған.

Енді­гі кезек Еуро­па­лық Одақта!

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн