Суббота , 5 июля 2025

АРЫС АПАТЫ «АЙТЫП КЕЛДІ»

Жой­қын жары­лы­стан соң, Ары­стан тарап жатқан хабар­лар соғыс алаңы­нан жет­кен суыт хабар­ларға ұқсай­ды. Кеше жары­лыс сал­да­ры­нан тағы бір адам қай­тыс болды. 

Соны­мен қаза болған­дар аны әзір­ге үше­у­ге жет­ті. Шым­кент­те­гі облы­стық ауру­ха­на, бала­лар ауру­ха­на­сы мен қала­лық ауру­ха­на­ның жан­сақтау (реани­ма­ция) бөлі­мін­де 15 адам жатыр. Жары­лыс сал­да­ры­нан жал­пы 165 адам зардап шек­кен, 89 жара­лы ауру­ха­на­да жатыр. Ішкі істер мини­стр­лі­гі таратқан ақпа­рат бой­ын­ша, Арыс қала­сы­нан шама­мен 41 мың халық эва­ку­а­ци­я­ланған. Қазір қала­ның төңіре­гі толық қор­ша­уға алы­нып, қалаға кіру­ге тиым салы­нған. Арнайы сапер­лік әске­ри бөлім­дер жарыл­май қалған сна­рядт­тар­ды залал­сыздан­ды­ру ісі­мен айна­лы­су үстінде.

«Әске­ри­лер Ары­стың 16 көше­сі­нен 70 жарыл­маған сна­ряд жина­ды. Көп­те­гені үйлер­де жатыр. Қазір қалаға келудің қажеті жоқ, тіп­ті құжат­тар­ды алу үшін де», – деп хабар­ла­ды кеше Түр­кістан облы­сы әкі­мінің кеңес­шісі Сәкен Қалқа­ма­но­втың сөзіне сіл­те­ме жасаған «Азаттық».

«Ары­стағы жары­лы­стан соң, қала­ның 350-ден аса тұрғы­ны әлі табыл­май жатыр» деп, қала­лық Төтен­ше жағ­дай депар­та­мен­тіне сіл­те­ме жасап, Otyrar.kz сай­ты хабар­ла­ды. Шым­кент қала­лық төтен­ше жағ­дай­лар депар­та­мен­тінің ішкі және сыр­тқы ком­му­ни­ка­ци­я­лар тобы жоғалған­дар тізі­мін­де­гі үш адам табы­лға­нын мәлімдеді.

«Шым­кент­те қыры­қтан аса эва­ку­а­ци­я­лық пункт жұмыс істеп жатыр. Депар­та­мент дере­гін­ше, онда 4 880 адам орна­ла­сты­ры­лған. Оның 2 428‑і – бала. Ары­сты­қтар­дың көбін туы­ста­ры әкетіп жатыр. Ресми дерек бой­ын­ша, Шым­кент­ке тір­кел­ген­дер­дің жал­пы саны – 20 371. Ары­стан көшіріл­ген­дер­дің кей­бірі “билік­тен көмек жоғын” айтып шағы­нған» деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Қаза­қта «апат /ажал/ айтып кел­мей­ді» деген сөз бар. Бірақ Ары­стағы апат «айтып кел­ді». Бұл жөнін­де­гі мәсе­ленің егжей-тег­жей­ін газет­тің 5‑бетінде жари­я­ланған «Арыс поли­го­ны апат сеуіп тұр» деген мақа­ла­дан оқисыздар.

Бет қат­та­лып жатқан­да, біздің тіл­ші­міз теле­фон арқы­лы мақа­ла ауто­ры Әуел­хан Наза­рқа­сы­мұлы­на хабарласты. 

«Мен Ары­стан ешқай­да кет­кен жоқ­пын, үйде жатыр­мын, – деді Әуел­хан мыр­за. – Бүгін (26 мау­сым) Ары­ста 42 гра­дус ыстық. Үйім әске­ри поли­гон­нан қашық емес. Түн­де бір жары­лыс бол­ды, таңғы 9‑да тағы бір жары­лы­сты естідім. Алғаш жары­лы­стың дүм­пуі басталған күні сурет­ке түсірей­ін деп, жел­дет­кі­шті ашып едім, жары­лы­стың күші өзім­ді қал­пақтай ұшыр­ды. Қой­маға жақын тұра­тын­дар­дың не жаны қалға­ны кім біл­сін? Елмен бір­ге, қала­ның сыр­ты­на шыққан едім, бала­ма үйде қалған құжат­та­ры керек болған соң, кері қарай қалаға кел­дік. Қала­ның кіре берісін­де екі жер­де әске­ри күзет тұр екен, жібер­мей­ді. «Блок­по­стан» өте алмай, кел­ген себебі­мізді түсін­діріп, әрең өттік. Көше­де екі сапер кетіп бара жатыр екен, аула­да сна­ряд бар-жоғын сұрады».

«D»

Республиканский еженедельник онлайн