Суббота , 5 июля 2025

АРЫС ПОЛИГОНЫ АЖАЛ СЕУІП ТҰР!

Арыс әске­ри қой­ма­сын­дағы жары­лы­сқа бай­ла­ны­сты жари­я­ла­нып оты­рған бұл топ­та­ма­ны «Айтып кел­ген апат» деген айдар­мен жари­я­ла­у­ға төмен­де­гі мақа­ла себеп бол­ды. Бұл осы­дан екі жылға жуық уақыт бұрын (13.11.2017 жыл) «Қазақ үні» газетін­де бүкіл елге, жер­гілік­ті және жоғарғы билік­ке ескер­ту ретін­де жари­я­ланған мақа­ла еді. 

Оңтүстік Қаза­қстан облы­сын­дағы Арыс қала­сын­да шама­мен 50 000-дай халық тұра­ды. «Жұмыс тауып бер» деп, билік­ке алақан жай­ып оты­рған да жайы жоқ. Жұмысы бар­лар – жұмыста, жұмысы жоқтар – өз күн­дерін өздері көру­де. Арыс қала­сы­ның жанын­да сонау Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс кезі­нен жер асты­на жиналған оқ-дәрі бар­шы­лық. Әрине, мерзі­мі өткен ондай қару­лар қазір­гі заман­да түк­ке де алғы­сыз. Жой­ы­лып оты­руы керек. Жой­ған­да, бір­та­лай хими­я­лық эле­мент­тен тұра­тын мұн­дай сна­ряд­тар­дың ішін­де баға­лы заттар­дың бар­лы­ғы да рас. Міне, осы заттар­дан ақша жасап оты­рған­дар да бар. Мұның бар­лы­ғы да сонау 2009 жылы Наурыз мере­кесінің алдын­да бүкіл елге бел­гілі болған жой­қын жары­лы­стан соң ғана анықталды.

Сол кез­де бел­гілі болға­нын­дай, әлгі оқ-дәрілер ішін­де 122 мм сна­ряд­тар бар. Әрине, қазір­гі көзі ашық бала­лар үшін ғалам­тор арқы­лы жоға­ры­да аталған сна­ряд­тар құра­мын табу қиын да емес. Сөйт­сек, осы сна­ряд­тар құра­мы воль­фрам мен уран деген хими­я­лық эле­мент­тер­ден де тұра­ды екен. Яғни, адам ағза­сы­ның ең бірін­ші жау­ла­ры. Әрі бұл хими­я­лық эле­мент­тер ауа­дан ауыр болып келетінін кез кел­ген көзі ашық пен­де біледі. 

Арыс қала­сы терең, қазан шұңқы­рға орна­ласқан. Ал ары кет­се, сол Арыс қала­сы­ның шет жағы­нан 700 метр­дей жер­де­гі биік­те бөтен адам­ды жолат­пай­тын поли­гон тұр. Міне, сол аймақтан күн­діз-түні толас­сыз аты­лып жатқан сна­ряд­тар­дан шыққан улы заттар Арыс қала­сы­ның жұтар ауа­сы­мен бір­ге ағза­ға енеді екен.

Соңғы жыл­да­ры Арыс қала­сы халқы­ның ара­сын­да жер бетін­де­гі бар­лық ауру келіп орны­ққан­дай, сау адам жоқтың қасы. Тіп­ті 40 жастан асқан аза­мат­тар­дың жар­ты­сы әртүр­лі ауруға шал­ды­қ­са, 50 жастан асқан­дар­дың денінің сау болуы екіталай.

Арыс – темір­жол­шы­лар қала­сы. Қазір­гі кезең­де темір­жол­да жұмыс жасай­тын, яғни жола­у­шы­лар теп­ло­во­зын айдай­тын жас маши­нист бол­ма­са, маши­нист көмек­шілерін күн­діздің өзін­де шырақ жағып іздеп, тауып алуың да екіта­лай. «Қан қысы­мы жоға­ры», бүй­рек­те­гі тас, инсульт алу, әйел, ер беде­улі­гі, әсіре­се еш емі жоқ айы­қ­пас жаман ауру – рак Арыс қала­сын жау­лап алған. Тіп­ті соңғы кез­де жасы 20–25 жас ара­лы­ғын­дағы жастар «бауыр құрт» деген диа­гноз­бен облы­стық емха­на­лар­да бірі­нен соң бірі ота жаса­ту­да. Қысқа­сы, Арыс тұрғын­да­ры­ның мек­теп­ті бітір­ген­дер мен кел­ме­стің кемесіне аяғын салған­дар ара­сы­ның 75 пай­ы­зы аурушаң. 

Бұл жер­де қан­дай да бір крес­ло­да оты­рған ары­стық кез кел­ген шене­унік сол поли­гон тура­лы жария ете алмай­тын екі жағ­дай­ды атап өтпе­сек, тағы да болмайды.

Бірін­шісі, Ары­стағы сна­ряд­тар құра­мын­да уран мен воль­ф­рам­нан басқа құны дол­лар­мен өлше­нетін баға­лы метал­дар да жет­кілік­ті. Осы сна­ряд­тар­ды залал­сыздан­ды­рған соң, әлгі метал­дар жина­лып, бел­гісіз жаққа жөнел­тіліп оты­ра­ды екен. Ал оның иесі қала­да да, облыс орта­лы­ғын­да да емес, сонау Ақор­да­да оты­рған той­ым­сыз бір шене­унік. Поли­гон тура­лы мей­лі әкім­ге, мей­лі құқы­ққорғау орын­да­ры­на шағым айтар бол­саң, бар­лы­ғы да ат-тон­да­рын ала қаша­ды. Ешқай­сысы да сонау төбе­де оты­рған шене­унік­тің қаһа­ры­на ұшы­рап, өз орын­тақта­ры­нан айы­ры­лып қалғы­сы жоқ. Ол «шөп­ке­ты­шар» осын­дағы оты­ры­қ­шыл халық ден­са­улы­ғын қайтсін?

Екін­шісі – аудан көле­мін­де­гі емха­на, поли­кли­ни­ка бас­шы­ла­ры, СЭС. Ауы­рған адам­дар­дың санын ста­ти­сти­ка­да төмен­гі дең­гей­де көр­се­ту. Осы жағ­дай­дан ден­са­улы­ғын бұзып алған­дар емха­наға жатуға да қал­та­ла­ры көте­ре бер­мей­тін­дік­тен (бел­гілі дүние ғой), дал­ба­са­лап, «арза­нға» келі­сер тәуіп-емшілер­ді жаға­лап жүр­гені. Өз ауруы­на бай­ла­ны­сты керекті ауру­ха­на­сы­на жата қалған жағ­дай­да, бірер арза­нқол дәрілер­мен ғана ем алады. 

Бірақ қала әкі­мінің жыл­дық есебін­де «Бәрі жақ­сы, бәрі тама­ша, Арыс халқы көр­кей­іп келеді» деген­дер­ді тың­даған­да, «Хабар» арна­сын көріп оты­рған­дай әсер ала­сың тіпті.

Әу баста, сонау 2009 жылы Ары­стағы алға­шқы жары­лыс екі адам­ның өмірін қиып кет­се, сонан бер­гі 2014 жылы тағы екі адам, 2015 жылы бір аза­мат о дүни­елік болып кет­ті. Әлі алды­мы­зда не бола­ты­ны бір Аллаға ғана аян. Қысқа­сы, жоға­ры­да оты­рған той­ым­сызға бүкіл қала халқы­ның ден­са­улы­ғы мен адам өлім­дері­нен өз қал­та­сы­на түсер қара­жат анағұр­лым бағалы.

Әдет­те поли­гон дегенің елді мекен­дер­ден алыс жер­де орна­ла­суы керек қой. Ал Ары­стағы «ажал» қой­ма­сы бар поли­гон жел­ке­міз­де тұр… Тіп­ті алға­шқы­да қала үстіне төніп тұрған осы поли­гон орнын қала­дан алы­стау бір жер­ге апар­мақ та бол­ды. Алай­да сол жұмыс орны­на жұмыс­шы­лар­ды алып бару, алып қай­ту және де залал­сыздан­ды­ры­лған сна­ряд ішін­де қалар баға­лы метал­ды саты­лы­мға шыға­ру, яғни Арыс қала­сын­дағы темір­жол вагон­да­ры­на тиеу біраз «шығы­нға» баты­ра­ды екен әлгі той­ым­сызды. Ол үшін бір елді мекен адам­да­ры­ның құны көк тиы­нға да тұр­май­ды екен.

Егер де Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де­гілер осы поли­гон­ды қала­дан алыс бір жаққа алып кет­пе­се, Арыс қала­сын­да сау адам қал­мауы бек мүмкін!

Әуел­хан НАЗАРҚАСЫМҰЛЫ,

Арыс қала­сы Qazaquni.kz 13.11.2017 жыл 

Республиканский еженедельник онлайн