Пятница , 20 февраля 2026

АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН Е С К І Р У М Е Р З І М Д Е Р І Қ О Л Д А Н Ы Л М А Й Д Ы

2026 жыл­дың 11 ақпан күні көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның қастан­ды­қ­пен қаза тапқа­ны­на 20 жыл тол­ды. Осы­ған орай туы­ста­ры, отба­сы­ның ұйым­да­сты­руы­мен асыл аза­мат­ты еске алу рәсі­мі өтті, марқұм­ның рухы­на құран бағы­штал­ды. Шараға қай­рат­кер­дің әріп­те­стері, доста­ры, туы­ста­ры мен қоғам бел­сен­ділері қаты­сты. Сая­сат­кер­дің туы­ста­ры мен әріп­те­стері оның өлі­міне сол кез­де­гі пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты айып­та­ды. Алтын­бек­тің аға­сы Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы істі қай­та қара­уды талап етіп, Пре­зи­дент­ке, Бас про­ку­рорға және Жоғарғы сотқа арыз бер­генін хабарлады.

Аса ауыр қыл­мыстың қалай орын алып, оның орын­да­у­шы­ла­ры, тап­сы­рыс беру­шілері кім болға­ны, тер­геу қалай жүріп, сот үдерісі қалай өткені, күр­делі істің көп күт­кен­дей нәти­же­мен аяқтал­мауы­на кім­дер­дің ықпал еткені тәп­ті­ш­теп жазы­лған ары­здан қоғам билік және құқық қорғау ұйым­да­ры­ның шынайы бей­несін көретіні күмән­сіз. Осы оймен сол ары­зды қаз қал­пын­да жари­я­лаған­ды жөн көрдік. 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қ.Тоқаевқа

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы соты­ның төраға­сы      А. Мерғалиевқа

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ро­ры    Б.Асыловқа

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның азаматы

№06196203100062 және №14001901100001 қыл­мыстық істер бой­ын­ша жәбір­ле­ну­ші болып танылған

Рыс­бек Сәрсенбайдан

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев­ты, Рахат Мұқтарұ­лы Әли­ев­ті, Дариға Нұр­сұл­танқы­зы Назар­ба­е­ва­ны және 2006 жылғы 11 ақпан­да жасалған тер­рор­лық актіні ұйым­да­сты­руға, оны жүзе­ге асы­руға және жасы­руға қаты­сы бар адам­дар тобын қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту туралы.

2006 жылғы 11 ақпан – Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да бұрын-соң­ды бол­маған, өзінің аса қатыг­езді­гі­мен ерекше­лен­ген сая­си тер­рор актісі жасалған күн ретін­де есте қал­ды. Осы күні көр­нек­ті сая­сат­кер, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы және оның көмек­шілері Бауы­р­жан Бай­бо­сын мен Васи­лий Журав­лёв қасақа­на өлтірілді.

Бұл қыл­мыс Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның сая­си қыз­метін тоқта­ту, сол қыз­меті үшін кек алу, сон­дай-ақ халы­қты үрей­лен­ді­ру мақ­са­тын­да жасалға­ны сөз­сіз. Сол себеп­ті аталған қыл­мыс тер­ро­ризм ретін­де сара­ла­нуға тиіс. Бұл ұста­ным­ды баста­пқы­да да, бүгін­гі күн­ге дей­ін де марқұм сая­сат­кер­дің серік­те­стері мен жақын­да­ры ғана емес, тәу­ел­сіз сарап­шы­лар да айтып келеді.

Осы­ған бай­ла­ны­сты ресми нұсқаға сәй­кес аны­қталған нақты мән-жай­ларға тал­дау келтіреміз:

Бірін­ші­ден, қыл­мыс құр­ба­ны – көр­нек­ті мем­ле­кет­тік және қоғам­дық қай­рат­кері мен оның серіктері.

Екін­ші­ден, қыл­мысты жүзе­ге асы­руға мем­ле­кет­тік орган­дар­дың және арнайы қыз­мет­тер­дің қыз­мет­кер­лері мен ҚР Сенат аппа­ра­ты­ның бас­шы­сы қаты­сқан. Қару-жарақтың, арнайы киім­нің қол­да­ны­луы және қыз­мет­тік куәлік­тер­ді пай­да­ла­ну мем­ле­кет­тік ресур­стың пай­да­ла­ны­лға­нын айқын дәлелдейді.

Үшін­ші­ден, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның сұх­бат­та­рын­да кел­тіріл­ген тап­сы­рыс беру­ші­ге қаты­сты жағым­сыз сипаттағы ақпа­рат жеке тұлға­ларға емес, жоға­ры лау­а­зым­ды мем­ле­кет­тік шене­унік­тер­ге бағыт­талған бола­тын. Әңгі­ме мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті жүзе­ге асы­ру шең­берін­де қыз­мет­тік мін­дет­тер­ді орын­да­уға бай­ла­ны­сты жағ­дай­лар тура­лы еді. Тіп­ті негіз­гі мотив ретін­де кек алу қарас­ты­ры­лған күн­нің өзін­де, ол мем­ле­кет­тік қыз­мет­пен тіке­лей байланысты.

Төр­тін­ші­ден, қыл­мыстың аран­да­ту­шы­лық, әдейі жасалған сипа­ты. Өлтіріл­ген адам­дар­дың дене­лері қала маңын­да, оңай табы­ла­тын жер­де әдейі қал­ды­ры­лған. Тап­сы­рыс беру­ші­ге де, болжам­ды орын­да­у­шы­лар мен сыбай­ла­старға да апа­ра­тын іздер қал­ды­ры­лған. Бар­лы­ғы әдейі, демон­стра­тив­ті түр­де жасалған. Бұл жай ғана жеке өшпен­ділік неме­се тұр­мыстық кек нұсқа­сын түбе­гей­лі жоққа шығарады.

Бесін­ші­ден, нәти­же. Таза тер­ро­ри­стік мақ­сатқа, яғни қоғам­да үрей туғы­зуға қол жет­кізіл­ді. Оқиға қорқы­ту акци­я­сы, өзге­лер­ге ескер­ту ретін­де қабыл­дан­ды. Ол тек оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер­лер ара­сын­да ғана емес, жал­пы сая­си эли­та ішін­де де сенім­сіздік пен үрей туғы­зды. Мұн­дай қыл­мыстар­дан ешкім сақтан­ды­рыл­маға­нын көр­сет­ті. Бұл тал­да­уды 2006 жылы бел­гілі құқық қорға­у­шы Евге­ний Жовтис жасаған болатын.

Әділ, бей­та­рап және жан-жақты сот талқы­ла­уы осы тра­ге­ди­я­ның бар­лық жасы­рын тетік­терін, бар­лық тап­сы­рыс беру­шілер­ді, орын­да­у­шы­лар­ды және сыбай­ла­стар­ды әшке­ре­лей­ді деген үміт ақтал­ма­ды. Елде бұл істің сая­си кісі өлті­ру, яғни ішкі мем­ле­кет­тік тер­ро­риз­мнің бір түрі екеніне деген сенім орнықты.

ҚР Жоғарғы сотын қоса алған­да, сот про­це­стерінің нәти­же­лері Н.Назарбаевтың өзі жари­я­лаған «ресми нұсқа­мен» алдын ала айқын­дал­ды. Бұл нұсқа­ны Қаза­қстан аза­мат­та­ры қабыл­да­ма­ды және ол халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қта да күмән туғы­зды. Экс-пре­зи­дент­тің сая­си қар­сы­ла­сы­ның өлі­міне жиыр­ма жыл өтсе де, шын­дық ашы­лған жоқ, ал тер­геу мен сот­та жау­ап­сыз қалған сұрақтар бүгін­ге дей­ін өзек­тілі­гін еш жоғалтпады.

Қоғам­да және жәбір­ле­ну­ші тарап­та 2006 және 2014 жыл­да­ры Н.Назарбаевтың тіке­лей ара­ла­суы­мен бұл іс бой­ын­ша ауқым­ды бұр­ма­лау жүр­гізіл­генін көр­се­ту­ге жет­кілік­ті негіз­дер бар. Тер­геу бары­сын­да куә­гер­лер­дің айғақта­ры өрес­кел бұр­ма­ланға­ны жөнін­де сот­талған­дар мен олар­дың қорға­у­шы­ла­ры бір­не­ше рет мәлім­деді. Лау­а­зым­ды тұлға­лар өздерінің қыз­мет­тік өкілет­тік­терін пай­да­ла­на оты­рып, тер­геу бары­сы­на заң­сыз ара­ла­сты, сол арқы­лы толы­ққан­ды сотқа дей­ін­гі тер­ге­у­ге кедер­гі келтірді.

Бұл заң­сызды­қтар­дың басын­да сол кез­де­гі Бас про­ку­рор Рашид Түсі­п­бе­ков тұрған. Тер­ге­уді жалған жолға бағыт­тау үшін про­цес­ке жат­пай­тын әдістер мен тәсіл­дер қол­да­ны­лған. Ал нақты орын­да­у­шы­лар (2006 жылғы қыз­мет­теріне сәйкес):

ҚР Ішкі істер мини­стрі Бауы­р­жан Әлі­мұ­лы Мұхамеджанов,

– оның орын­ба­са­ры Қал­мұ­хан­бет Нұр­мұ­хан­бетұ­лы Қасымов,

– Бас про­ку­рор­дың орын­ба­са­ры Ерға­ли Серік­бай­ұ­лы Мерзадинов,

ҰҚК төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Вла­ди­мир Кар­по­вич Божко,

– және құқық қорғау орган­да­ры­ның басқа да өкілдері.

Істі «ресім­деу», жалған хат­та­ма­лар­ды «тігу» жұмыста­ры­мен ІІМ-нің аса маңы­зды істер жөнін­де­гі тер­ге­ушісі Гаши Суа­ли­е­вич Машан­ло айна­лы­сқан. Бұл фак­тілер жәбір­ле­ну­ші тарап­тың өтіні­ш­терін­де, ары­зда­ры мен шағым­да­рын­да қыл­мыстық істің нақты бет­теріне сіл­те­ме жасай оты­рып бір­не­ше рет көрсетілген.

Сол кез­де-ақ біз бұл аса қатыг­ездік­пен жасалған қыл­мыстың басты күдік­тілері ретін­де Н.Назарбаевтың отба­сы мүше­лері – күй­еу бала­сы Р.Әлиев пен қызы Д.Назарбаеваны және Н.Әбіқаевті ата­дық. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­на қар­сы қастан­дық жаса­уға олар­дың айқын әрі сал­мақты себеп­тері болға­ны жөнін­де нақты деректер келтірілді.

1. КҮЙЕУ БАЛАСЫ Р.ӘЛИЕВКЕ ҚАТЫСТЫ МОТИВТЕР

  • Р.Әлиевтің 2001 жылғы оқиғаға бай­ла­ны­сты А.Сәрсенбаевқа деген өшпен­ділі­гі бар. Оның сол кез­де мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ болған қыл­мысын А.Сәрсенбайұлы жетек­шілік еткен комис­сия толық аны­қтап, дәлел­деді. Бірақ пре­зи­дент Н.Назарбаев қыл­мыстық іс қозға­уға жол бер­меді, күй­еу бала­сын құтқа­рып қалды.
  • Р.Әлиевтің ең жоғарғы билік­ті заң­сыз ием­де­нуіне қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы А.Сәрсенбайұлы тосқа­уыл қойды.

Бұл екі тұжы­ры­мға және төмен­де­гі пікір­лер­ге Алтын­бек­тің «Жұма-таймс» газетіне 2005 жылғы 17 қара­ша­дағы мына сұх­ба­ты дәлел: «ҚДТ қозға­лы­сы­нан бұрын Р.Әлиевтің ісі орын алға­нын білесіз­дер. Мен соны тек­се­ру­ге қаты­сқан­дар­дың бірі­мін. Назар­ба­ев жек­сен­бі күні Рахат Әли­ев пен оның әкесін қабыл­да­ды, ал сосын оған көмек­те­су­ге және оны бел­гілі жағ­дай­да қорға­уға тыры­сқан адам­дар­дың бар­лы­ғын өзі ұстап бер­ді, өйт­кені ол мем­ле­кет­тің бас­шы­сы ғой. Ал біз тек оны (Назар­ба­ев­ты) емес, кон­сти­ту­ци­я­лық жүй­ені қорға­дық. Біз іс жүзін­де пре­зи­дент­ке елде сая­си бас­сызды­қ­пен айна­лы­суға бол­май­ты­нын дәлел­деп бер­дік. Назар­ба­ев Әли­ев­тің іс-қимы­лы тура­лы толы­қтай хабар­дар бол­ды. Мен оған жеке өзім баян­да­дым және бар­лық құжат­тар мен мате­ри­ал­дар­ды көрсеттім.

Мына­ны қараңыз: Назар­ба­ев Әли­ев­тер­ді қабыл­да­ды да, өз ұста­ным­да­рын өзгер­те сал­ды. Ал Р.Әлиев пре­зи­дент­пен бір­ге теле­ви­де­ние эфи­ріне шығып, жемқор­лы­қ­пен күрес­кенін және «мұн­дай кесел­мен күре­се» беретінін айт­ты. Мен пре­зи­дент­тің дәл қазір жағ­дай­ды ушы­қты­руға бол­май­ты­ны­на, сая­сат тұғыр­на­ма­сын дұрыс таң­да­уы­на көзін жет­кі­зуіне тыры­стым. Бірақ пре­зи­дент басқа жол­ды таң­да­ды. Ол енді қар­сы­ла­ста­рын қай тұрғы­дан да мой­ын­дағы­сы кел­меді. Жари­я­лан­баған соғыс басталды…».

ҰҚК төраға­сы болуға мүд­делі әрі дәмелі, оған сенім­ді Р. Әли­ев құдірет­ті меке­ме­де­гі орын­ба­сар­лық лау­а­зым­нан да айы­рыл­ды, пре­зи­дент­тің күзетіне уақыт­ша ауы­сты­рыл­ды, кей­ін одан да сырғы­ты­лып, шетел­ге елшілік­ке кет­ті. Мұның бәріне қыл­мысын ашқан, мем­ле­кет қауіп­сізді­гін қорғаған А.Сәрсенбайұлын кінәлі санады.

Сая­сат­кер А.Сәрсенбайұлы отба­сы билі­гін түбе­гей­лі орны­қты­ру­ды ойлаған Н.Назарбаевтың, Р.Әлиевтің халы­ққа керексізді­гін ашық түр­де мәлім етті. Мәсе­лен, ол «Үштаған» неме­се Қаза­қстан­да әділ сай­лау неге арман» деген мақа­ла­сын­да 2005 жылы қара­ша айын­да былай деп жазды:

«Сай­лау қар­саңын­да үлкен күй­еу бала­сы Р.Әлиевті елге қай­тар­ды. Сыр­тқы істер мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры етіп қой­ды. Құд­ды ұлт­тық қазы­на­мыз секіл­ді арнайы жар­лы­ғы­мен оралт­ты. Биз­не­смен­дер сағы­нып қал­ды деді ме екен? Әлде оның талай теп­кісі­нен өткен оппо­зи­ци­о­нер­лер мен жур­на­ли­стер ұзақ күтіп қал­ды деп ойла­ды ма екен? Осы тағай­ын­дау арқы­лы Отба­сы­ның режим­нің сая­си қаңқа­сы­ның маңы­зды құрам­дас бөлі­гі екен­ді­гін бады­рай­та көр­сет­ті. Бұған қанағат­танған Дариға Назар­ба­е­ва өз әкесінің елді 35 жыл бойы басқа­руы қажет екен­ді­гін дүй­ім жұр­тқа жария етті. Сіз қалай ойлай­сыз: Отба­сы­ның билі­гі біздің халқы­мы­зға қажет пе? Осын­дай отба­сы­на біздің халық өз еркі­мен дауыс бере ме?».

Мұн­дай мысқыл, ащы пікір өздерін құдірет санап жүр­ген Рахат пен Дариғаға ауыр соққы болып тигені анық. Лай­ы­қты жау­ап қай­та­ра алмаған соң, сая­си өрістері тар, құр­ту мен жой­ғанға әуе­стер қар­сы­ла­сы­нан басқа­ша жол­мен кек қай­та­ру­ды неме­се үндерін өшіруді ойлай­ды. Әли­ев те солай.

  • Бас­пасөз мини­стрі кезін­де А.Сәрсенбайұлы Рахат пен Дариға еке­уінің медиа-биз­несіне Қар­жы мини­стр­лі­гі арқы­лы бюд­жет­тен бөл­гіз­ген мил­ли­ард­таған қар­жы­ны заң­сыз деп тоқтатқы­зды, «Хабар­ды» жеке­ше­лен­ді­ру­леріне қар­сы тұр­ды, сол үшін де Әли­ев­тің жек­көр­генін, өшік­кенін, тіп­ті қорқыт­пақ болға­нын біз білеміз.
  • Оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің басын бірік­тір­ген, құрған пар­ти­я­сы халық тара­пы­нан қол­дау тапқан А.Сәрсенбайұлы тұрған­да, отба­сы­ның және өзінің билік­тен кетірілетінін Р.Әлиев сезді, сол үрей оны қастық жаса­уға итермеледі.

2. ҚЫЗЫ Д.НАЗАРБАЕВАҒА ҚАТЫСТЫ МОТИВТЕР

  • Теле­ар­на­ларға, газет­тер­ге ие болған Д.Назарбаева өз ақпа­рат құрал­да­рын мем­ле­кет есебі­нен қар­жы­лан­ды­рып, пай­да табуға ұмтыл­ды. Оған министр ретін­де А.Сәрсенбайұлы келіс­пе­ді. Бәрін өзі қалаған­дай шеш­кізіп әдет­тен­ген пре­зи­дент­тің қызы мұн­дай қар­сы­лы­ққа қат­ты қапа­лан­ды. Әкесіне талай рет шағым­дан­ды, ыза­лан­ды, жек­көру­шілік сезі­мін жасырмады.

Оған дәлел: 2004 жылғы мау­сым айын­да жари­я­ланған сұх­ба­тын­да «…мен одан жиі бас тар­та­ты­н­мын. Біздің ара­мы­зды өте қиын-қыстау жыл­дар бөліп жатыр. Ол өз арна­сы­ның ұлт­тық мем­ле­кет­тік «Қазақстан‑1» арна­сы­нан көбірек қар­жы­лан­ды­ру алуға ұмты­лып бақты. Ол «Еура­зия-ОРТ-ны» мем­ле­кет­тің есебі­нен ұстау үшін басым­дық жаса­уды көз­деді. Сосын ол аяқ асты­нан бірін­ші ұлт­тық мем­ле­кет­тік арна­ны басқа­руға алуға шешім қабыл­да­ды, бірақ мен ондай мүм­кін­дік бер­медім, бұлай, жеме-жем­ге кел­ген­де, мем­ле­кет­тік арна­ны жеке­мен­шік­пен шата­сты­рып алуға да бола­ды ғой».

Бұдан әрі Алтын­бек былай дей­ді: «Пре­зи­дент мұн­да тұрған не жаман­дық бар, егер Дариға қолы­на алып, ол арна­ны көтеріп жат­са деп сұра­ды. Сон­да мен оған элек­трон­дық БАҚ-ына Дариға түбе­гей­лі моно­по­лия орна­та­ды деп түсін­дір­дім. Бәрін бір адам­ның қолы­на өткізіп беру­ге бол­май­ды. Мені Қауіп­сіздік кеңесіне ауы­сты­ра салы­сы­мен, жаңа министр Мұх­тар Құл­мұ­хам­мед оның теге­урініне шыда­май, ұлт­тық арна соның басқа­руы­на көшті».

  • «Қаз­те­ле­ра­дио», «Кател­ко», «Алма-Медиа» сияқты ком­па­ни­я­лар мен Д.Назарбаеваның бай­ла­ны­сы, заң­сызды­қта­ры, ірі хол­динг­тің акци­я­ла­рын иелен­ген, бірақ сон­да көлік айдаған, кей­ін­нен Қаза­қстан­ның Австри­ядағы елшілі­гінің жүр­гі­зу­ші болып, күмән­ді жағ­дай­да қаза­ға ұшы­раған адам тура­лы зерт­теу жүр­гі­зу қажет­ті­гін Алтын­бек мәсе­ле етіп көтер­ді. Бұл да Рахат пен Дариға­ның ашу-ыза­сын туғызды.
  • Министр А.Сәрсенбайұлы «Хабар­ды» иелен­ген Д.Назарбаеваның қар­жы­лан­ды­ру заң­ды­лы­қта­ры мен бюд­жет сая­са­тын бұзып, үстем­ді­гін жүр­гі­зуіне жол бермеді.

Ол былай деді: «Мен Әділет мини­стр­лі­гіне сұрау салып, жеке арна­ны бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру бой­ын­ша ешқан­дай заң­дық құжат­тар­дың жоқ екенін аны­қта­дым. Мыса­лы, «Хабарға» келесі жылы 1 мил­ли­ард 200 мил­ли­он тең­ге бөлу жос­пар­ланған. Менің қар­сы­лы­ғым­нан кей­ін бюд­жет­тік комис­си­яда шығын­дар­дың аталған пунк­ті алып тастал­ды. Бұдан бұрын «Хабарға» мем­ле­кет тара­пы­нан 470 мил­ли­он тең­ге бөлін­ген бола­тын. Бюд­жет­тік қара­жат­тар­ды тіке­лей тонау бол­маған­да, бұл не?» Сон­дай қомақты қара­жат­тан қағы­лған Д.Назарбаеваның көңіл-күйі бұзыл­ма­ды, адал жұмыс істе­ген мини­стр­ге өшік­пе­ді деп айта ала­сыздар ма, тер­ге­уші, про­ку­рор, сот мырзалар?!

  • «Хабар» арқы­лы А.Сәрсенбайұлын сотқа бер­гізіп, басын­да 1 мил­ли­ард тең­ге­ге айып­тағы­сы кел­ді. Сот мұның тым көп және ақы­лға сый­ым­сыз сома екенін ескерт­се керек, мораль­дық айып­пұл мөл­шерін 50 мил­ли­он тең­ге­ге түсір­ді. Қуыр­шақ сот «Хабар» ком­па­ни­я­сы­ның ар-намысы мен іскер­лік беделіне кел­ген нұқ­сан үшін 1 мил­ли­он тең­ге өте­мақы төлет­ті. Не үшін?

А.Сәрсенбайұлының «Рес­пуб­ли­ка. Дело­вое обо­зре­ние» газетін­де­гі мына сөзі үшін: «Менің­ше, қазір жұрт­шы­лық қай ақпа­рат құра­лы­ның кім­ге тиесілі екен­ді­гін жақ­сы біледі. Өз басым ең бірін­ші кезек­те Дариға Назар­ба­е­ва мен оның отба­сы­на тиесілі медиа-хол­динг­ті моно­по­ли­я­сыздан­ды­ру қажет деп есеп­тей­мін. Бұл медиа-хол­динг­ке «Хабар», «Елар­на», «КТК», «НТК», «Еура­зия» бірін­ші арна­сы» теле­ар­на­ла­ры, «CaspioNet» спут­ник­тік арна­сы, «Алма ТV» кабель­ді жүй­есі, «Хит » радио­стан­са­сы, «Еуро­па плюс Казах­стан» радио­сы, «Рус­кое радио Қаза­қстан», «Радио Ретро» және бұдан басқа да бір­не­ше жал­пы­ұл­тық хабар тара­та­тын ұйым­дар кіреді. Соны­мен бір­ге бір­сы­пы­ра рес­пуб­ли­ка­лық басы­лым да осы хол­динг­ке қарайды».

  • Ақпа­рат­тық рын­ок­ты моно­по­ли­я­лан­ды­рып алды деп «Хабар» агент­ті­гін емес, Дариға­ның өзін, отба­сын ата­са да, айқасқа «жәбір­ле­ну­шінің» өзі шық­пай, басқа­лар­дың қолы­мен от көседі. Осын­дай адам өш алу, қар­сы­ла­сын тұқыр­ту, жой­ып жібе­ру үшін қастан­дық жаса­уға тап­сы­рыс бер­мей­ді деу­ге қалай иланамыз?!

3. БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВҚА ҚАТЫСТЫ МОТИВТЕР

Е.Өтембаев газет­те­гі екі мақа­ла­дағы, оның бірін­де тіп­тен аты-жөні атал­ма­са да, А.Сәрсенбайұлының сын пікірі жек­көру­шілік, өште­су­шілік туғы­зып, қыл­мыс жаса­уы­на итер­ме­леді дей­ді тер­ге­уші, про­ку­рор және сот. Сон­ды­қтан осын­дай бұл­жы­мас қағи­да­ны бас­шы­лы­ққа алып, қыл­мыстық істер­ді қарай­тын шен­ділер­дің наза­ры­на Қаза­қстан аза­ма­ты Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­евқа – бұры­нғы пре­зи­дент­ке қаты­сты жазы­лған, айты­лған, тіке­лей оның өзін сынаған өте көп пікір­лер­дің бір­не­ше­уін ғана ұсынамын.

  • «Бір-бірі­нен мүл­де бөлек, тұрақ­сыз үш жол­дау. Мұн­дай­ды бүгін­де қой­ырт­пақ дей­ді. Қай­сысы­на сене­міз? Егер жол­да­у­ла­ры осын­дай әрқи­лы бол­са, онда пре­зи­дент­ке қалай сенесің? Ел үшін түй­ін­ді мәсе­ле бой­ын­ша басы әңкі-тәңкі болған ада­мға елдің тағ­ды­рын табыст­ап, біз орын­сыз тәу­е­кел­шіл­дік жасап оты­рған жоқ­пыз ба?».
  • «Назар­ба­ев сөз бостан­ды­ғы тура­лы айта­ды. Шын­ды­ғы­на сай­ған­да, ол заң­ның шең­берін­де, яғни қысқа қарғы­ба­уда болуы тиіс деп бір­ден атап көр­се­те­ді. Іс жүзін­де қалай? Жур­на­ли­стер­ді енді қорқыт­пай­ды, олар­ды өлті­ре бастай­ды. Газет­ті жай ғана жауып таста­май­ды, олар­ды жоюға тыры­са­ды. Про­ку­ра­ту­ра оппо­зи­ци­я­лық ұйым­дар­дың ғима­рат­та­ры мен үйлерін заң­сыз тін­те­ді және демо­кра­ти­я­лық басы­лым­дар­ды заң­сыз тар­тып ала­ды. Пре­зи­дент­тің сая­си өзгерістің қажет­ті­гі тура­лы әрбір сөзі­нен кей­ін дүние тары­лып сала береді. Елі­міз үшін қорқы­ны­шты».
  • «Оның (Назар­ба­ев­тың) өз халқы­на бер­гені­нен гөрі, алға­ны әлдеқай­да көбей­іп кет­ті. Пре­зи­дент­тің кем­шілі­гі мен қателі­гі оның жетістік­терін басып озып кет­ті. Шын жетістік­терін де, қол­дан жасалған «жетістік­терін» де. Масқа­ра­лы­ққа ұшы­рап, абы­рой­дан бір­жо­ла­та айы­ры­лып қал­ма­сы үшін мұн­дай жағ­дай­да өзін-өзі сый­лай­тын сая­сат­кер­лер сахна­дан кете­ді».
  • «Пре­зи­дент не деп еді? Пре­зи­дент­ке сен­сек, біз­де шека­ра да бол­маған. Тер­ри­то­рия да жоқ. Мем­ле­кет­тілі­гі­міз де бол­мап­ты. Сон­да біз сыған­дар­мен туыс болып шықтық қой… 1991 жылы ғай­ып­тан тай­ып, «бағы­мы­зға» Құдай бір биле­ушіні бере салып­ты. Мем­ле­кет­ті де сол жасап­ты! Шека­ра­ны да сол аны­қтап­ты. Және біз үшін жер­ді де іздеп тауып­ты. Жер болған­да қан­дай! Мұнайы да, көгіл­дір оты­ны да, хро­мы да, мыры­шы да, темірі де, алты­ны да бар жер! Орма­ны қан­дай, көлі қан­дай! Әрі бас­па­на, әрі ұста­ха­на, әрі сауы­қты­ру орны! Бақыт деген осы емес пе! Тіл-көзім тасқа, тіпә, тіпә… Осы дұрыс па, осы шын­дық па?».
  • «Назар­ба­ев нелік­тен әділ сай­лау өткі­зе алмай­ды. Тым бол­ма­са бір рет. Бар­лық тәу­ел­сіздік жыл­да­ры ішін­де, өзі басқарған 15 жыл­да неге ондай қада­мға бара алма­ды? Нелік­тен ол бұл жолы да лас, тай­ғақ соқ­паққа түсті? Үйрен­шік­ті болға­ны­мен, қауіп­ті емес пе?».
  • «Назар­ба­ев қазақ мен­сіз күн көре алмай­ды, ал мен олар­сыз күн көрем деген астам пиғы­лға бой алды­рған жоқ па? Иә, ол да мүм­кін. Кей­бір сөз­деріне қара­саң, солай да сияқты. Алай­да бұған да сен­гің кел­мей­ді. Нелік­тен? Өйт­кені ол да ет пен сүй­ек­тен жаралған адам. Ақыл­сыз да емес. Айтар­лы­қтай сұңғы­ла. Тарих­ты жақ­сы біледі. Тарих­та қалғы­сы келеді. Ататүрік­тен кем болғы­сы жоқ… Тарихқа жетік адам болған­ды­қтан, ол басқа авто­ри­тар­лық биле­ушілер­дің тағ­ды­ры­нан хабар­дар. Ол Сад­дам Хусейн­нің сай­ла­у­лар­да осын­дай жол­мен «жең­генін» біледі. Ол Мар­ко­стың да осын­дай жол­мен «жең­генін» біледі. Мило­шо­вич та осы­лай­ша «жең­ген». Ақа­ев та осы­лай­ша «жең­ген». Осы­лай «жеңу» қажет пе? Өйт­кені мұн­дай жалған «жеңістер» – бұл күй­ре­удің баста­ма­сы!».

Қыл­мыс әле­міне қар­сы тұра­ды деген үштік­тің – ІІМ, про­ку­ра­ту­ра, сот – ұшар басын­дағы бас­шы­ла­ры! Мен А.Сәрсенбайұлының бұры­нғы пре­зи­дент Н.Назарбаевқа, оның қыз­метіне қаты­сты өзге де сын пікірін, көзқа­ра­сын, бер­ген баға­сын тізіп шығуы­ма болар еді. Бірақ осы да жет­кілік­ті болар деп тоқта­дым. Мақта­удан басқа­ны есті­гісі кел­мей­тін, атақ-даңққа құмар адам­ның шым­бай­ы­на бата­тын жоға­ры­дағы шын­дық әрі ащы мысқыл, әжу­а­мен, бірақ мем­ле­кет пен қоға­мға жана­шыр­лы­қ­пен айты­лған ақиқат сөз­дер Н.Назарбаевтың қанын қарай­тып, ашу-ыза­сын кел­тір­генін өздеріңіз де білесіз­дер. Назар­ба­ев кеше­гі қол астын­да істе­ген мини­стр­ден, жасы кіші адам­нан мұн­ша­лы­қты сөз естуі оны «жын­дан­ды­рған» да шығар. Мұн­дай жағ­дай­ды өздеріңіз де бұқ­пан­тай­лап жүріп, бай­қаған боларсыздар.

Енді заң­гер ретін­де айты­ңы­здар: Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзіне халық алдын­да жоға­ры­дағы­дай өткір сын айтқан, масқа­ра­сын шығарған, «тірі­дей сой­ып» салған адам­нан кек алмай тоқта­у­шы ма еді? Өзін ұлт­тың көш­бас­шы­сы, елба­сы сана­тып жүр­ген ада­мға оның құрған жүй­есінің айы­қ­пас ауруы тура­лы қой­ған қатаң, бұл­тар­пас диа­гно­зы, өтірік­терін әшке­ре етуі өте жай­сыз тигені дау­сыз. Назар­ба­ев мұн­дай сынға төз­бей­тін, қор­ла­на­тын, қаһа­рын төгіп, шалт қимы­лға бара­тын пен­денің бірі. Сон­ды­қтан мен кел­тір­ген мысал­дар оның қыл­мыс жаса­уы­на себеп­ке, итер­ме­ле­уші фак­торға, мотив болуға жарап қалар. Өтемб­а­ев­тың мотиві­мен салы­сты­рған­да, бұл әлдеқай­да нақты­лы және сенім­ді аргу­мент. Өз өлшем­деріңіз­ге сал­сақ, Ержан­ның орны­на ең алды­мен Нұр­сұл­тан, одан кей­ін Рахат пен Дариға және басқа­ла­ры жау­а­пқа тар­ты­луы, тап­сы­рыс беру­ші, ұйым­да­сты­ру­шы, тым құры­ған­да қыл­мысқа итер­ме­ле­уші бап­та­ры бой­ын­ша жаза­ла­нуы керек қой!

Н.ӘБІҚАЕВҚА ҚАТЫСТЫ БАСТЫ МОТИВ

Ол Ержан Өтемб­а­ев­тың тіке­лей бас­шы­сы және қыз­мет­тер­де жоға­ры­ла­у­ы­на көмек­тес­кен қамқор­шы­сы. Н.Әбіқаев Назар­ба­ев­тың ең сенім­ді сері­гі, оның бар­лық қыл­мыстық жос­пар­ла­рын іске асы­ру­ды ұйым­да­сты­ру­шы­сы­ның бірі екені мәлім. Назар­ба­ев­тық-отба­сы­лық клан­дық жүй­енің қалып­та­суы­на қыз­мет ету­ші ретін­де таны­лған. Әбіқа­ев Өтемб­а­ев­ты оның (Назар­ба­ев­тың) және мем­ле­кет­тің абы­рой­ын қорғау мақ­са­тын­да деген желе­умен қыл­мысқа тап­сы­рыс беру­ші ретін­де шынайы тап­сы­рыс беру­шілер­ді жасы­рып қалуға пай­да­ла­нуы әбден мүмкін.

Алай­да бұл нұсқа­лар толы­қтай жоққа шыға­рыл­ды, ал тер­геу мен сот­тың алды­на қой­ы­лған негіз­гі мін­дет – осы ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың қыл­мысқа қаты­сты­лы­ғын тіп­ті тұс­пал­дап та бол­дыр­мау болды.

Р.Әлиевті, Д.Назарбаеваны, Н.Әбіқаевты, Н.Дүтбаевты, Ә.Мұсаевты, С.Терещенконы, В.Божконы, Р.Түсіпбековті, Б.Мұхамеджановты, Қ.Қасымовты және олар­дың сыбай­ла­ста­рын куә ретін­де шақы­ру тура­лы өтіні­ш­тер мем­ле­кет­тік айып­та­у­шы В.Кириленконың қар­сы­лы­ғы­на тап болып, судья Л.Мерекеновтің тара­пы­нан негіз­сіз түр­де кері қай­та­рыл­ды. Сот тер­ге­уінің толық еме­сті­гі мен бір­жақты­лы­ғы негіз­сіз үкім­нің шыға­ры­луы­на әкеп соқты.

2009 жылғы науры­зда (сол кез­де әлі пол­ков­ник) Г.Машанло «Азаттық» радио­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да: «Мен Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­тың өлі­мі бой­ын­ша қыл­мыстық істі жүр­гіз­ген адам ретін­де айта ала­мын: тер­геу бары­сын­да Рахат Әли­ев­тің іске қаты­сты­лы­ғы тура­лы ешқан­дай объ­ек­тив­ті дерек болған жоқ. Тер­геу бары­сын­да мен мұн­дай деректер­ді көр­медім. Бұл істі қай­та қара­уға негіз жоқ… Рахат Әли­ев­тің бұл іске қаты­сы бар екені тура­лы ешқан­дай дерек жоқ, тіп­ті бұл тура­лы айтуға да негіз жоқ», – деп мәлімдеді.

2011 жылғы мау­сым айын­да бас про­ку­рор Асхат Дауыл­ба­ев Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның өлі­міне қаты­сты іс бой­ын­ша сот шеші­мін Бас про­ку­ра­ту­ра заң­ды әрі объ­ек­тив­ті деп таны­ға­нын мәлім­деп, бұл істің 2006 жылы АҚШ-тың ФБР қыз­мет­кер­лерінің қаты­суы­мен толық ашы­лға­нын және тер­геу сапа­сы­на күмән кел­тіру­ге негіз жоқ екенін атап өтті.

2013 жылғы жел­тоқ­сан айын­да ҚР Жоғарғы соты­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі қадаға­лау сот алқа­сы Е.Өтембаевқа қаты­сты үкім­ді жаңа­дан ашы­лған мән-жай­ларға бай­ла­ны­сты жою тура­лы бас про­ку­рор­дың қоры­тындыс­ын қара­ды. Алма­ты облы­стық соты­ның үкі­мі іші­на­ра күшін жой­ды. Сот­та іші­на­ра жою бірін­ші саты­дағы сот үкі­мі тек Е.Өтембаевқа қаты­сты ғана жой­ы­лға­нын біл­діретіні түсін­діріл­ді. Қыл­мыстық істің басқа фигу­рант­та­ры­на қаты­сты бұл сот актісі қай­та қаралған жоқ. Қыл­мыстық іс жаңа сот талқы­ла­у­ы­на жіберілді.

«…Енді ең басты­сы да бел­гілі бол­ды – Рахат Әли­ев­ке А.Сәрсенбайұлының өлі­мі не үшін қажет болға­ны. Мотив біреу – кісі өлтіруді сая­си сипатта көр­се­ту және Қаза­қстан бас­шы­лы­ғын қоғам­ның, соның ішін­де халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың көз алдын­да беделін түсі­ру. Сәр­сен­ба­ев­тың өлі­мі – Рахат Әли­ев жүзе­ге асыр­мақ болған мем­ле­кет­тік төң­керіс жос­па­ры­ның бір бөлі­гі. ФБР қыз­мет­кер­лері Ибра­ги­мо­втың шын­ды­қты айтып оты­рға­нын рас­та­ды – Сәр­сен­ба­ев­тың өлі­мі Әли­ев­тің артын­да тұр».

Бұл сөз­дер Л.Мерекеновке тиесілі. Ара­да жеті жыл өткен соң, өзі қыл­мыс­кер­лер­ді жаза­дан құтқарған топ­тың қаты­су­шы­сы­на айналған, әділет­сіз үкім шығарған судья 2006 жылғы ақпан­да сая­си тер­рор актісі жасалға­нын іс жүзін­де мойындады.

Заң­сыздық эста­фе­та­сы 2014 жылғы қаңтар­да Алма­ты облы­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық қыл­мыстық сотын­да жалға­сты – судья А.Бейімбетов, мем­ле­кет­тік айып­та­у­шы Г.Тлеубаев.

Сол жыл­дың ақпан айын­да ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы Ә.Мұсаев пен Р.Әлиевке қаты­сты қыл­мыстық іс қозғау тура­лы қау­лы қабыл­да­ды. Кей­ін Австрия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның құзыр­лы орган­да­ры­на Р.Әлиев пен Ә.Мұсаевтан жау­ап алу жөнін­де халы­қа­ра­лық тер­геу тап­сыр­ма­сы жол­дан­ды. Мақ­сат – көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен оның көмек­шілері Б.Байбосын және В.Журавлевтің ұрла­нуы мен өлтірілуін ұйым­да­сты­руға қаты­суын аны­қтау. Осы іс бой­ын­ша жиыр­ма жыл ішін­де көп­те­ген оқиға­лар орын алды:

Е.Өтембаевтың шар­тты түр­де мерзі­мі­нен бұрын боса­ты­луы және қай­тыс болуы, Р.Әлиевтің жұм­бақ «өзін-өзі өлтіруі», куә А.Макашовтың қаза­сы, ТЖ экс-мини­стрі В.Храпунов пен кана­да­лық биз­нес­мен А.Дербастың БАҚ-тағы жасаған мәлім­де­ме­лері. Олар­дың айтуын­ша, Д.Назарбаева А.Сәрсенбайұлының аузын жабу керекті­гі тура­лы көп­шілік алдын­да айтқа­нын өз көз­дері­мен көр­ген. Ақы­рын­да Назар­ба­ев­тың өзінің сая­си қар­сы­ла­сын жою керекті­гін ашық айтқан «дауыс жаз­ба­ла­ры­ның» жариялануы.

Қоғам жаңа­дан ашы­лған мән-жай­лар бой­ын­ша Қас­ке­лең қала­сын­да өткен сот про­цесі бары­сын­да бел­гілі болған фак­тілер­дің рас­ты­ғын неме­се жалған­ды­ғын аны­қтай­тын дәлел­дер­ді әлі күн­ге дей­ін ала алмай келеді.

Араға 10 жыл салып, 2024 жылы бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да Қоста­най облы­сы Жетіқа­ра ауда­ны­ның №39 меке­месін­де жаза­сын өтеп жатқан, өлім жаза­сы­на кесіл­ген Р.Ибрагимовтің ҚР Пре­зи­ден­тіне жол­даған өтіні­ші кеңі­нен жари­я­лан­ды. Ол былай деп айтқан:

«А.Сәрсенбаевты, В.Журавлевті, Б.Байбосыновты өлтіруді Заң­нан жоға­ры тұрған адам­дар ұйым­да­сты­рып, жүзе­ге асыр­ды (орфо­гра­фи­я­сы сақталған), атап айтқан­да: ҚР Пре­зи­ден­тінің бұры­нғы күй­еу бала­сы Р.Әлиев, ҚР ҰҚК бұры­нғы төраға­сы Ә.Мұсаев, про­ку­ра­ту­ра­ның бұры­нғы қыз­мет­кері А.Макашов. Оларға қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен құты­луға ҚР Бас про­ку­ро­ры Р.Түсіпбеков, ҚР ІІМ бас­шы­сы Б.Мұхамеджанов және оның орын­ба­са­ры К.Қасымов, сон­дай-ақ оларға бағы­ны­шты өзге де тұлға­лар көмектесті…».

Олар өздерінің қыз­мет­тік өкілет­тік­терін, ресур­ста­рын, ең басты­сы Назар­ба­ев пен оның қызы Дариғаға жақын­ды­ғын пай­да­ла­нып, уақыт­ты созу, қыл­мыстық істі қай­та қара­уға жол бер­меу, Мұса­ев пен Әли­ев­ті Австри­ядан экс­тра­ди­ци­я­ла­у­ға және бей­не­бай­ла­ныс арқы­лы сот­та­уға кедер­гі жасау үшін барын салды.

Өтіні­ш­те тер­ге­уші Г.Машанлоның қыл­мыстық істі қол­дан жасаға­ны және Қоста­най облы­сы ҰҚК депар­та­мен­тінің басты­ғы С.Климчуктың, К.Мәсімовтің, сон­дай-ақ ҰҚК қыз­мет­кері М.Осиповтың рөл­дері тура­лы хабар­ланған. Оның айтуын­ша, ол 2020 жылғы қара­ша­да ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.Тоқаевқа қар­сы қыл­мыс дай­ын­да­лып, билік­ті басып алу әре­кеті дай­ын­да­лып жатқа­ны тура­лы ақпа­рат­ты пре­зи­дент­тің аты­на жолдаған.

Осы­ған ұқсас ақпа­рат 2024 жылғы 12 ақпан­да тек осы жари­я­ла­ным үшін тір­кел­ген «Злоб­ная татеш­ка» Youtube-арна­сын­да тара­тыл­ды (тір­ке­лу күні 08.02.2024). Бұл ақпа­ратқа ресми орган­дар тара­пы­нан ешқан­дай реак­ция болған жоқ, ол аты аталған тұлға­лар­дың ешқай­сысы тара­пы­нан рас­талған да, теріс­ке шыға­ры­лған да жоқ.

2025 жылғы қазан­да біз ҚР Бас про­ку­ро­ры Б.Асыловтың аты­на №06196203100062 және №14001901100001 қыл­мыстық істер бой­ын­ша ақпа­рат беру тура­лы Өтініш хат жол­дап, төмен­де кел­тіріл­ген талап­тар мен сұрақта­ры­мы­зды жолдадық:

1) Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен оның көмек­шілерінің өлтірілуі жөнін­де­гі іс бой­ын­ша қаза­қстан­дық тарап­тың тап­сыр­ма­сы аясын­да Австрия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның құқық қорғау орган­да­ры Ә.Мұсаевқа қаты­сты қан­дай да бір тер­геу әре­кет­терін жүр­гізді ме?

2) Ә.Мұсаевқа ресми айып тағыл­ды ма?

3) Ә.Мұсаевқа сая­си бас­па­на беріл­ме­генін және ҚР аза­ма­ты екенін еске­ре оты­рып, оны Қаза­қстанға экс­тра­ди­ци­я­лау әре­кет­терін қай­та жан­дан­ды­рып, күшей­туді сұраймыз.

4) Жәбір­ле­ну­ші тара­пқа Ә.Мұсаевтан жау­ап алу кезін­де мүд­делі сұрақтар­ды енгі­зу арқы­лы тер­геу әре­кет­теріне барын­ша қаты­су мүм­кін­ді­гін беру.

5) Сот­талған Ибра­ги­мов­пен бұл «интер­вьюді» кім және қан­дай мақ­сат­та ұйым­да­сты­рып, жари­я­лаға­нын, осы «медиа-ресур­стың» құқы­қта­ры кім­ге тиесілі екенін және құқық қорғау орган­да­ры қан­дай шара­лар қабыл­даға­нын түсіндіру.

Алма­ты қала­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Асхат Шәрі­по­втың біз­ге бер­ген жау­а­бын­да: «Қазір­гі уақыт­та ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру қыз­метінің өндірісін­де №14001901100001 қыл­мыстық іс бар. Онда Ә.Мұсаев пен Р.Әлиев ұйым­дасқан қыл­мыстық топ құра­мын­да А.Сәрсенбайұлы, Б.Байбосын және В.Журавлевті өлтіру­ге қаты­сы бар деп күдік­те­леді. Тер­геу ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7‑бөлігінің 2‑тармағына сәй­кес, яғни күдік­ті Ә.Мұсаевтың ҚР аумағы­нан тыс жер­де болуы­на бай­ла­ны­сты тоқта­ты­лған. Сот­тың санк­ци­я­сы­мен Ә.Мұсаевқа қаты­сты қамауда ұстау түрін­де­гі бұл­тарт­пау шара­сы қол­да­ны­лған және осы уақы­тқа дей­ін өзгер­тіл­ме­ген, ал оның әре­кет­тері ҚР ҚК-нің 99-бабы 2‑бөлігі, 262-бабы 1‑бөлігі бой­ын­ша сара­ланған», – деп көрсетілген.

Жоға­ры­да кел­тіріл­ген фак­тілер ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың әре­кет­терін ҚР ҚК-нің 233-бабы 4‑бөлігі (ескі редак­ци­яда, қазір­гісі – 255-бап 4‑бөлік), яғни тер­ро­ризм актісін ұйым­да­сты­ру және жасау ретін­де қай­та сара­лау қажет­ті­гін айқын көр­се­те­ді. Біз бұл қыл­мыстық іс бой­ын­ша басты күдік­тілер қата­ры­на экс-пре­зи­дент Н.Назарбаевты, оның бұры­нғы күй­еу бала­сы Р.Әлиевті, қызы Д.Назарбаеваны, Н.Әбіқаевты қосуға толық негіз бар деп санаймыз.

Сон­дай-ақ қыл­мыстық істер қозғап, қыл­мысты жасы­рып, тер­ге­уді жалған жолға бағыт­таған төмен­де­гі тұлға­ларға қаты­сты мұқи­ят тер­геу жүр­гі­зу қажет (2006 жылғы лау­а­зым­да­ры бойынша):

1. Рашид Төле­утай­ұ­лы Түсі­п­бе­ков – ҚР бас прокуроры,

2. Бауы­р­жан Әлі­мұ­лы Мұха­меджа­нов – ҚР Ішкі істер министрі,

3. Қал­мұ­хан­бет Нұр­мұ­хан­бетұ­лы Қасы­мов – ҚР Ішкі істер мини­стрінің орынбасары,

4. Вла­ди­мир Кар­по­вич Бож­ко – ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті төраға­сы­нын орынбасары,

5. Ерға­ли Серік­бай­ұ­лы Мер­за­ди­новҚР бас про­ку­ро­ры­ның орынбасары,

6. Гаши Суа­ли­е­вич Машан­ло – ҚР ІІМ-нің аса маңы­зды істер жөнін­де­гі тергеушісі,

7. Нұр­тай Әбіқай­ұ­лы Әбіқа­ев – ҚР Сенат төрағасы.

Іске қаты­сты прокурорлар:

1. Вла­ди­мир Кириленко

2. Ғалым­жан Тілеубаев

3. Күл­зия Күйікова

4. Ильяс Бақтыбаев

5. Андрей Кравченко

6. Талғат Бектұрсынов

7. Ана­то­лий Смолин

Судья­лар:

1. Мере­ке­нов Лук­мат Тәуір­бекұ­лы

2. Бей­ім­бе­тов Асқар­бек Адайбекұлы

3. Мәми Кай­рат Әбдіра­за­құ­лы

4. Рақым­бе­ков Ербол Мұқажанұлы 

Сот­талған­дар, олар 2006 жыл, 11 ақпан­дағы қыл­мыс тура­лы жасы­рған деректерін, шын­ды­қты айтуға міндетті.

1. Рустам Ибрагимов,

2. Вита­лий Мирошников,

3. Еділ Әбі­ке­нов, «Ары­стан» арнайы жасағы­ның коман­ди­рі, майор,

4. Нұр­кен Еді­ге­ев, 6‑басқарманың 2‑бөлімі басты­ғы­ның орынбасары,

5. Раз­хан Еспем­бе­тов, осы бөлім­нің прапорщигі,

6. Ерлан Ера­ли­ев, 5‑басқарманың 3‑бөлімі прапорщигі,

7. Асыл­хан Тажи, 5‑басқарманың 3‑бөлімі прапорщигі,

8. Ерға­ли Қасы­мов, жедел кезек­ші, подполковник,

9. Алым­жан Гази­ев, Алма­ты қала­сы Ішкі істер депар­та­мен­тінің 7‑басқармасында қыз­мет еткен.

ҚР ҚПК-нің 183-бабы­на сәй­кес, масс-медиа мен онлайн-плат­фор­ма­лар­да жари­я­ланған қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лық тура­лы хабар­ла­ма сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­руді баста­уға негіз бола ала­ды. Өз кезе­гін­де, мұн­дай хабар­ла­ма­ны жари­я­лаған масс-медиа неме­се онлайн-плат­фор­ма­ның басқа­ру функ­ци­я­ла­рын атқа­ра­тын тұлға­лар, құзыр­лы орган­ның тала­бы бой­ын­ша өздерін­де­гі құжат­тар мен өзге мате­ри­ал­дар­ды беру­ге, сон­дай-ақ бұл мәлі­мет­тер­ді ұсы­нған тұлға­ны ата­уға міндетті.

Біз жаңа­дан ашы­лған мән-жай­лар бой­ын­ша қыл­мыстық іс жүр­гі­зуді қозғау, тер­геу жүр­гізіп, нәти­же­сі бой­ын­ша істі бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен сотқа жол­дау қажет­ті­гін мәлімдейміз.

Тер­ге­уді жасан­ды себеп­тер­мен қай­та жан­дан­ды­ру­ды созу­ды біз қазір­гі билік­тің қыл­мысты жасы­руға мүд­делілі­гі ретін­де баға­лай­мыз және бұл, сөз­сіз, экс-пре­зи­дент Н.Назарбаевтың, оның отба­сы мүше­лерінің және билік­тің жоға­ры эше­лон­да­рын­дағы сыбай­ла­ста­ры­ның осы қыл­мысқа қаты­сты­лы­ғы тура­лы нұсқа­ны растайды.

Қаза­қстан қоға­мы экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың тіке­лей бас­шы­лы­ғы­мен Ақор­да қабы­рға­сын­да ойдан шыға­ры­лған ресми нұсқа­ны қабыл­даған жоқ. Уақыт қыл­мыстың нағыз тап­сы­рыс беру­шілері мен ұйым­да­сты­ру­шы­ла­рын аны­қта­уға деген ұмты­лы­сы­мы­зды бәсең­дет­кен жоқ. Уақыт Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның, Бауы­р­жан Бай­бо­сын­ның және Васи­лий Журавлев­тің қаза­сын ұмыт­тыр­май­ды. Уақыт қан­ды қыл­мысқа қаты­сқан­дар­ды сөз­сіз келетін жаза­дан құтқар­май­ды. Қыл­мысты жасы­рып, тер­ге­уді жалған жол­мен жүр­гіз­ген адам­дар­дың жаза­сыз қалуы мем­ле­кет­тік негіз­дер­ді шай­қал­тып, ұлт­тық қауіп­сіздік­ке және қоғам­дық мүд­де­лер­ге қатер төн­діріп, бола­шақта осын­дай қыл­мыстар­дың қай­та­ла­нуы­на жол ашады.

Бұл қыл­мыстың ашы­луы үшін жау­ап­кер­шілік­ті мен Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың мой­ны­на жүк­тей­мін. Ол ақы­лға қоным­ды сая­си шешім қабыл­да­уы тиіс, неме­се тарих­та жоға­ры­да аталған­дар­мен бір қатар­да қалуы мүмкін.

Назар ауда­ра­мыз: ҚР ҚК-нің 71-бабы 6‑бөлігіне сәй­кес, бей­біт­шілік пен адам­зат қауіп­сізді­гіне қар­сы қыл­мыстар, тер­ро­ри­стік және экс­тре­ми­стік қыл­мыстар, азаптау, сон­дай-ақ жеке ада­мға, кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лыс негіз­деріне және мем­ле­кет қауіп­сізді­гіне, қоғам­дық қауіп­сіздік пен қоғам­дық тәр­тіп­ке қар­сы аса ауыр қыл­мыстар үшін ескі­ру мерзім­дері қолданылмайды.

Рыс­бек СӘРСЕНБАЙ, 10.02.2026 ж.

Республиканский еженедельник онлайн