Понедельник , 30 июня 2025

Астананың іргесінде СУ ДА, ЖОЛ ДА ЖОҚ

Аста­на­дан жиыр­ма шақы­рым жер­де тұра­тын тұрғын­дар күн­делік­ті суды қар­ды ерітіп пай­да­ла­на­ды. Соңғы бес жыл­дан бері ауыз суды сатып ала­ды. Қоян­ды ауы­лы­ның билі­гі тұрғын­дарға «2021 жылға дей­ін шыдаң­дар, сол кез­де орта­лық су құбы­ры қосы­ла­ды» деп уәде беріп келеді екен.

Қоян­ды тұрғы­ны Тіле­ужан Қуат күніне төрт рет екі шелек қар­ды пеш­ке қай­на­та­ды. Қар суы ыдыс-аяқ, кір жууға, үй жина­уға жұм­са­ла­ды. «Қар таза емес, сүз­гі­ден өткіз­ген­нің өзін­де лай­ла­нып тұра­ды», – дей­ді ол.

Бұл ауыл­да көлі­гі жоқтар ғана қар­ды ерітіп пай­да­ла­на­ды. Көлі­гі бар­лар орта­лы­қтан су таси­ды. «Күніне үйге 100–150 литр су таси­мын, тек өз отба­сы­ма ғана емес, көр­шілер­ге де әке­ле­мін, себебі олар­да көлік жоқ», – дей­ді Сүй­ім­жан Дүй­се­нов. Соңғы бес жыл­дан бері тұрғын­дар ауыз суды сатып ала­ды. Бір бес литр­лік ыдыс­тағы су 300 тең­ге (80 цент) тұра­ды. «Су – тұз­ды, тағы бір қос­па­ның дәмі шыға­ды. Менің­ше, кәріз жүй­есінің суы қосы­лып кете­ді. Бар­лық су біз­ге келеді», – дей­ді Бақыт Аяғанов.

Орта­лық су құбы­ры тек Қоян­ды орта­лы­ғын­да ғана бар. Тіле­ужан Қуат орта­лы­қтан келетін су құбы­рын 2021 жылға дей­ін күтіп оты­ра алмай­ты­нын айта­ды. Ол үйін сатуға жар­на­ма беріп қой­ған. Бірақ сатып алушы­лар әзір­ге бай­қал­май­ды. Сусыз, жол­сыз жағ­дай­да ешкім тұрғы­сы келмейді.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн