Воскресенье , 4 мая 2025

Астана «тазалықшылары» НАРАЗЫЛЫҚҚА ШЫҚТЫ

  • Сей­сен­бі күні ел аста­на­сын­да қала таза­лы­ғы­на жау­ап­ты меке­менің жұмыс­шылары жина­лып, жалақы өсіруді талап етті. Олар азық-түлік баға­сы­ның күн сай­ын қым­бат­тап бара жатқа­нын, ал жалақы­ның өспей, бір орын­да қалға­нын айтып, нара­зы­лық білдірді.

«Айлық аз» деп үне­мі шағым айта­мыз. Бас­шы­лық «жалақы жет­пе­се, жұмыстан шығы­ң­дар» деп қорқы­та­ды», – дей­ді нара­зы­лар­дың бірі Хасен Иман­бек. Жұмыс­шы­лар­дың сөзіне қараған­да, «ресми түр­де олар­дың айлы­ғы – 120 мың тең­ге. Алай­да зей­не­тақы жар­на­сы мен табыс салы­ғы ұсталған­да, одан қала­ты­ны 90 мыңға да жет­пей­ді» дей­ді ол. Кей­бірі «Нұр Отанға» мүше ретін­де төлей­тін жар­на­мыз да бар дейді.

«Әйте­уір пре­ми­я­ны күте­міз. Бірақ оның өзін де жарыт­пай жатыр. Соңғы рет 8 науры­зда алған­быз. Онда да әйел­дер­ге ғана төле­ген. Осы мамыр­дағы мере­ке­ге бай­ла­ны­сты тағы беріледі деген. Бірақ оны да алма­дық», – дей­ді нара­зы жұмыс­шы­лар. Олар жалақы­ның дұрыс есеп­тел­ме­геніне де шағымданды.

Жұмыс­шы­лар тек мамыр­дың айлы­ғы емес, кей­ін­гі бір­не­ше жыл бойы өспе­ген жалақы мен жұмыс жағ­дай­ы­на көңіл­дері тол­май­ты­нын айтып, бас­шы­лы­ққа талап қой­ды. Олар жұмыс беру­шінің өздерін еңбек­ке қажет­ті заттар­мен уақы­ты­лы қам­та­ма­сыз етіп оты­руын да сұра­ды. «Жұмысқа киетін киім­ді екі-үш жыл­да бір береді. Бәтең­кем­ді өзім сатып алған­мын, ал киі­мім­ді күн жеп қой­ған, жұмысқа керек қолғап пен қоқыс сала­тын цело­фан пакет­тер де бер­мей­ді. Сұра­сақ, «тен­дер ойна­ты­лып жатыр» деп құты­ла­ды», – дей­ді нара­зы­лар­дың бірі Қуат Сақаба.

Жұмыс­шы­лар «дирек­тор мәсе­лені шешпе­се, нара­зы­лы­қты қала әкім­ді­гіне барып біл­діре­міз» деп мәлім­деді. Кей­інірек жұмыс­шы­лар әкім­дік өкілі «жалақы өсі­ру бой­ын­ша талап­та­ры­мы­зға бірер күн­де жау­ап беретінін айт­ты» деп хабарлады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн