Пятница , 4 июля 2025

Асхат АСАН: ЖҮЙЕНІҢ «БІТЕУ ЖАРАСЫН» мыжып кеткен сияқтымын…

Қаза­қстан­ды отыз жыл­дай билеп, бір жыл бұрын пре­зи­дент­тік­тен кет­кен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев тура­лы сыни мақа­ла жазған тәу­ел­сіз жур­на­лист Асхат Асанға қаты­сты іс қозғал­ды. «Жас Ала­штың» бұры­нғы тіл­шісі Асхат Асан әзір­ге әле­умет­тік араз­ды­қты қоз­ды­ру бабы бой­ын­ша қозғалған қыл­мыстық іске куә­гер ретін­де шақы­ры­лған екен. Асхат Асан­ның айтуын­ша, қыл­мыстық іс газет­тің 20 ақпан күн­гі санын­да жари­я­ланған «Экс-пре­зи­дент­ті іздеп, Интер­полға жүгі­нетін күн туса…» атты мақа­лаға бай­ла­ны­сты қозғалған. Жур­на­ли­сті заңға тар­тқан мәсе­ленің мән-жай­ын Асхат Асан­ның өзі­нен сұрап білдік.

– Асхат мыр­за, соны­мен сіз­ге қаты­сты қозғалған істің жай-жап­са­ры қалай болды?

– Менің үстім­нен ҚР Қыл­мыстық кодексінің 174-бабы бой­ын­ша, «әле­умет­тік ала­у­ы­здық тудыр­ды» деген айып­пен қыл­мыстық іс қозғалға­ны тура­лы өткен апта­да, яғни 6 наурыз күні біл­дім. Сол күні таңер­тең поли­ци­я­ның жедел өкілет­ті (опер­упол­но­мо­чен­ный) қыз­мет­кері теле­фон шалып, Қабан­бай мен Науры­з­бай көше­лерінің қиы­лы­сын­да орна­ласқан поли­ция ғима­ра­ты­на (шынын айт­сам, әлі күн­ге бұл жер­де поли­ци­я­ның қан­дай бөлі­мі оты­рға­нын біл­мей­ді екем) келуім­ді сұра­ды. Сағат кеш­кі төрт жары­мға келісіп, уақы­тын­да кел­дім. Тер­ге­уші­ге кір­гізді. Сол жер­де үстім­нен қыл­мыстық істің қозғалға­нын біл­дім. Мен сол күні куә­гер ретін­де шақы­рыл­дым. Мақа­лам сот сарап­та­ма­сы­на жіберіл­ген екен. Өзім­мен сыпайы сөй­лес­кен тер­ге­уші «бұл мақа­ла­ны жазуға кім­дер итер­ме­леді?», бол­ма­са «біре­уден тап­сыр­ма алды­ңыз ба?» деген­дей сұрақтар қой­ды. Ондай сұраққа, әрине, менің берер жау­а­бым «ешкім­нен ешқан­дай тап­сыр­ма алға­мын жоқ, өз еркім­мен жазы­лған мақа­ла» дедім.

Шынын­да да солай. Мақа­лаға Моңғо­ли­я­ның экс-пре­зи­ден­тіне Интер­пол арқы­лы іздеу жари­я­ланған мәсе­ле түрт­кі бол­ды. Содан біздің елде де сон­дай жағ­дай туын­да­уы мүм­кін ғой деген оймен жазы­лған мақа­ла еді. Онда біре­уді ала­лап, әлдекім­ді қара­ла­ма­дым, қол­данған ақпа­рат­та­рым түгел­дей ашық ақпа­рат көз­дері­нен алы­нған және елдің аузын­дағы мәлі­мет­тер. Істің әрі қарай қалай өрбіп жатқа­ны­нан хаба­рым жоқ. Тер­ге­уші сот сарап­та­ма­сын күтіп оты­рған болуы керек.

– Қозғалған қыл­мыстық іс мате­ри­ал­да­ры­мен таны­сты­ңыз ба?

– Иә, іспен таны­стым, бірақ бәлен­дей бір­деңе деу әлі де мүм­кін емес. Бұл, бір жағы­нан алған­да, кей­бір жур­на­ли­стер­дің аузы­на «қақ­пақ қою»; екін­ші­ден, бір сая­си ойын­ның әуресі сияқты. Бірін­ші жағ­дай­да ол қазір мүм­кін шаруа емес, өйт­кені біз айта алмаған­ды ел-жұрт әле­умет­тік желі арқы­лы-ақ естіп ала­ды. Ресми хабар­ларға олар сен­бей­тін болған. Ал сая­си ойын­ның салқы­ны болып жат­са, кім­нің «үле­стіруін­де қан­дай кар­та» болып жата­ры­мыз да бел­гісіз. Сон­ды­қтан істің келесі қада­мы жасал­май жатып, бір нәр­се айту­дың өзі қиын­дау болып тұр.

– «Жас Ала­штың» бас­шы­лы­ғы ауы­сып, өзіңіз де Инга Иман­бай­мен бір­ге жұмыстан кет­кен соң, қыл­мыстық істің қозға­луы­на не түрт­кі болуы мүм­кін? Әлде экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың «ар-намысын қорға­уды» күйт­те­ген жан­дай­шап­тар­дың ісі ме екен?

– Кім біл­сін? Бәрі мүм­кін. Деген­мен, менің ойым­ша, бұл істі қозға­ту­шы­лар­дың түп­кі көз­де­ген­дері Инга Иман­бай болуы да ғажап емес. Өйт­кені ақпан айын­да «Жас Ала­штың» басы­на қан­дай «күн туға­нын» өздеріңіз де білесіз­дер. Инга Иман­бай бас редак­тор­лы­ққа кел­гелі газет қай­та түлеп, қоғам­ды мең­деп кет­кен «сырқат­пен» ашық күрес басталған бола­тын. Ол мем­ле­кет­тік тен­дер­ден келетін бар­лық қар­жы­дан бас тар­та­тын – нағыз еркін басы­лым жасап шық­пақ­шы еді. Мен бұған дей­ін біраз уақыт газет­ке фри­лан­сер ретін­де жазып, редак­ци­я­ның ұсы­ны­сы­мен апта­лық шолу жасап тұра­ты­н­мын. Еш цен­зу­ра­сыз еркін жаз­дым, ойым­ды ашық жет­кізіп оты­руға тыры­стым. Алай­да бір­де-бір адам­ның ар-намысы­на тиетін­дей әре­кет­тер­ге барған емес­пін. Инга редак­тор­лы­ққа кел­ген соң, газет­тің сай­ты­на шақыр­ды. Сол апта­лық шолуым­ды жалға­сты­ра бер­дім, соған қоса басқа да мате­ри­ал­дар жазып тұра­тын болып келістік.

Алай­да газет құры­л­тай­шы­ла­ры­на көр­сетіл­ген қысым­нан кей­ін, Инга Иман­бай орны­нан кету­ге мәж­бүр бол­ды. Біздің де қал­май­ты­ны­мыз бел­гілі бола­тын. Тек үде­ре тұрып, есік­ті «тарс» жабуға оқыр­ман­ның көңілін қима­дық – тағы екі санын шыға­рып беріп кет­тік. Ол тура­лы «ә» деген­нен-ақ «адам жиып ал» деп, жаңа бас­шы­ға құлаққағыс жасап қой­ған­быз. Осы­ның бәрін және Инга­ның демо­кра­ти­я­лық пар­тия құрып жатқан Жан­бо­лат Мамай­дың жары әрі бел­сен­ді қол­да­у­шы­сы екенін еске­ретін бол­сақ, менің мақа­лам қыл­мыстық іс қозға­уға лай­ық деп таны­лған сыңай­лы. Есі дұрыс адам үшін абсурд шешім. Сон­да менің еркін ойла­у­ы­ма, еркін жазуы­ма тый­ым сал­мақ­шы ғой?

– Қыл­мыстық істің жалға­сы не болып жатыр?Адвокатыңыз бар ма?

– Сол алға­шқы кез­де­су­ден соң, тер­ге­уші шақыр­тқан жоқ. Істің не мәнісі болып жатқа­нын біл­мей­мін. Бұдан әрі қарай «Тұңғыш пре­зи­дент – елба­сы тура­лы» заң­ның да бап­та­рын қол­да­ну­ла­ры мүм­кін. Оны сарап­та­ма­дан соң біліп қалар­мыз. Мені бел­гілі адво­кат­тар Ғалым Нұр­пей­і­сов пен Әсем Нүсі­по­ва қорғай­тын болды.

– Бұл – тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер­ге билік­тің ежел­ден қол­да­нып келе жатқан әдісі, оған дәлел ізде­удің қажеті жоқ. Кезін­де «ДАТ» жоба­сы­ның жетек­шісі Ермұрат Бапиға ҚР Қыл­мыстық кодексінің 318-бабы бой­ын­ша, «пре­зи­дент­тің ар-ожда­ны­на тидің» деп, екі жылға сот­тап, бірақ сол кез­де жари­я­ланған амни­стия бой­ын­ша абақты­дан құты­лға­ны­мен, жур­на­ли­стік қыз­мет­пен бес жыл айна­лы­спау тура­лы үкім шығарған. Оның бетін ары қыл­сын, деген­мен сіз жазған мақа­ла­да Назар­ба­ев­тың ар-ожда­ны неме­се басқа да құқы­на тиетін­дей дәнеңе-дәлел бар ма?

– Бұл мақа­ла­да, өз ойым­ша, елба­сы Назар­ба­ев­тың ар-ожда­ны­на тиетін­дей ешнәр­се жоқ. Біре­удің істе­генін, бол­ма­са басқа біре­у­ге тиесілі шетел­дік мүлік­ті бұлар­дың мой­ны­на «ілгенім» жоқ. Жоға­ры­да айтып өткенім­дей, бар мәлі­мет ашық ақпа­рат көз­дері­нен алы­нған. Онда кел­тіріл­ген деректер тура­лы біл­мей­тін адам кем­де-кем болар. Бұл отба­сы­ның түр­лі мүлік­теріне қаты­сты ақпа­рат түр­лі басы­лым­дар­да ауық-ауық жари­я­ла­нып тұра­ды. Ол ақпа­рат­ты жоққа шығарған бір­де-бір мәлім­де­ме есті­ген емес­піз. Демек, үнсіз келісіп отыр ғой? Кеше ғана Н. Назар­ба­ев­тың жиені Нұрә­ли Әли­ев­тің 80 мил­ли­он фунт стер­линг тұра­тын Лон­дон­дағы сарайы тәр­кі­ле­нетіні тура­лы бри­тан ақпа­рат құрал­да­ры хабар тарат­ты (11-бет­ті қараңыз – Ред.). Офф­шор­лық ком­па­ни­я­лар­дың иелі­гін­де­гі мүлік­тің түп­кі бене­фи­ци­а­ры сенат спи­кері Дариға Назар­ба­е­ва­ның ұлы дей­ді. Егер ол бұл зәулім сарай­ды сатып алған қар­жы­ны адал жол­мен тапқа­нын дәлел­дей алма­са, бұға­у­ланған активі­нен айы­ры­лып тынады.

Бұл менің ой еле­гі­нен өткіз­ген тұжы­рым­да­мам. Өзі­міз тәрізді киіз туыр­лы­қты салт кешіп, «совет шинелі­нен» біз­бен бір мез­гіл­де шыққан моңғол елінің (Кеңес Одағы­ның құра­мы­на кір­ме­се де, бұл елді 16-шы рес­пуб­ли­ка дей­тін) демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет құру бары­сын­да құрық бойы ұзап кет­кеніне қарап, Қаза­қстан­да да осын­дай жағ­дай туын­да­уы мүм­кін бе деген ойды қау­зау еді. Маған қар­сы қыл­мыстық іс қозғалға­ны­на қараған­да, бұл ой ол кісілер­ді де маза­лай­тын сыңай­лы. Мен бол­сам, жүй­енің «бітеу жара­сын» мыжып кет­кен сияқтымын.

Қалай десек те, «бидай­дың бара­тын жері – диір­мен» деген сөз бар. Авто­ри­тар­лы жүй­е­лер де сол «бидай» тәрізді: тарих диір­мені талқан­дап тастай­ды. Қазір құл­ды­рап жатқан мұнай баға­сы­мен бір­ге құр­ды­мға кету­лері де ғажап емес. Біз арқа сүй­еп, қол­ты­ғы­на кіріп алған Ресей­дің жағ­дайы да мүш­кіл. Путин жаңа Кон­сти­ту­ци­я­мен жаңа пре­зи­дент болып қай­тқы­сы бар, бірақ ол ойы жүзе­ге аса қояр ма екен?

Қытай­дың жағ­дайы бол­са, анау – эко­но­ми­ка­лық қана емес, сая­си да қиын­ды­ққа тап болып отыр. Қалай десек те, үлкен бір өзгеріс бола­ры хақ. Совет Одағы­ның ыды­раға­нын, кей­ін­гі Назар­ба­ев режи­мін көр­ген көзі­міз оған да куә болып қалар…

– Тарих­та мәң­гілік қалған дик­та­ту­ра­лық режим бол­маған. Бұл жүй­енің де жой­ы­лып бітер күні алыс емес шығар… Сіз­ге қаты­сты қыл­мыстық іс «ДАТ»-тың үне­мі бақы­ла­у­ын­да бола­ды. Бас аман­ды­ғы­ңы­зға тілектеспіз!

Бақыт­гүл КӨПБАЙҚЫЗЫ, «D»

Қаз-қал­пын­да

  • Редак­ци­ядан: Асхат Асан­ның «Жас Алаш» газетін­де жари­я­ланған мақа­ла­сы қан­дай «әле­умет­тік ала­у­ы­здық туды­руы» мүм­кін? Мақа­лаға шұқ­шиып көріңіз – егер іс қозға­уға қаты­сты эле­мент­тер тап­саңыз, ой-пікіріңізді газет­ке жол­даңыз, қаз-қал­пын­да жария ету­ге серт бере­міз: төмен­де «қыл­мысты» мақа­ла­ны қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІ ІЗДЕП, Интерполға жүгінетін күн туса…

Моңғол елінің моно­по­ли­яға қар­сы іс-қимыл қыз­меті осы елдің экс-пре­зи­ден­ті Цахи­а­гийн Элбе­гдор­ждың мекен-жай­ын аны­қтап беруді сұрап, Интер­полға өтініш біл­діріп­ті. Улан-Батор­дың про­ку­ра­ту­ра­сы Элбе­гдор­жға сауда және даму бан­кіне басым­дық беріп, «Моңғол мысы» ком­па­ни­я­сы­на ықпал жасаға­ны және елдің эко­но­ми­ка­лық қауіп­сізді­гін әлсірет­кені үшін айып тағып, биыл қаңтар айы­ның соңын­да қыл­мыстық жау­а­пқа тар­тқан болатын.

Элбе­гдорж 1990 жылы МХРП 75 жыл­дық моно­по­ли­я­сын жой­ған бей­біт демо­кра­ти­я­лық төң­керіс лидер­лерінің бірі. Өзінің либе­рал­дық көзқа­рас­та­ры­мен таны­мал сая­сат­кер. 2009–2017 жыл­дар ара­лы­ғын­да осы елдің пре­зи­ден­ті қыз­метін атқар­ды. Оның атын шығарған тағы бір ерекшелі­гі – өзінің бес бала­сы­ның үстіне 20 жетім­ді асы­рап алған бола­тын. Элбе­гдорж пре­зи­дент­тік құрып тұрған 2012 жылы өзі­нен бұры­нғы пре­зи­дент Нам­ба­рын Энх­ба­яр жау­а­пқа тар­ты­лып, төрт жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған бола­тын. Оған «қонақ үйі мен бір газет­ті жеке­ше­леп алды, қай­ы­рым­ды­лық мақ­са­ты­на бөлін­ген теле құрал-жаб­ды­қты жеке басы үшін пай­да­лан­ды» деген кінә артқан.

Біздің оқыр­ман «бай­ғұстар-ай, ә, нақақтан-нақақ кетіп­ті ғой» деп, жаны ашып оты­рған да болар. Әрине, біздің көзі­міз көріп, құлағы­мыз естіп жүр­ген кор­руп­ци­я­лық әре­кет­тер­дің қасын­да моңғол пре­зи­дент­терінің ісі бала­ның шала­лы­ғы іспет­тес болып көрі­нері рас. Деген­мен де, Моңғо­лия сын­ды демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтарға бой ұрған мем­ле­кет­тің халқы мұн­дай «шала­лы­қтарға» да көне бер­мей­ді. Міне, елде­гі бүгін­гі билік­ке қар­сы шығып, демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет құр­мақ­шы ниет­те­гі жан­дар­дың пей­ілі де осы тұрғыда.

Тәу­ел­сіздік алған алға­шқы жыл­да­ры көбі­міздің көзі­міз­де үміт оты жанға­ны бар. Жері­міздің асты-үстін­де­гі бай­лы­қты ойша шама­лап, «ертең-ақ дамып кете­міз» деп, бір шалқы­ған­быз. Пре­зи­дент Назар­ба­ев «Кувейт­тен де күшті тұра­тын бола­мыз» деп, ол көңіл­ді қам­шы­лап та қой­ған. Алай­да «құл­дың сүй­ген асын кім бер­сін?». «Әу» деген­нен-ақ қисық жолға түсіп кетіп­піз. Ұза­ққа созы­лған тота­ли­тар­лық режим қысы­мы­нан шыққан ел «аңқау» бол­ды да, оның сол біл­ме­сті­гін «арам­за мол­да­лар» пай­да­ла­нып кете бар­ды. Қазір отыз жыл өткен соң, сол кез­де­гі «үміті­мізді үзді» деп кесіп айта ала­мыз. Үміт қана үзіл­ген жоқ, бары­мы­здан айы­рыл­дық. Кон­сти­ту­ция бір адам­ның ыңғай­ы­на орай қай­та жазылды.

Рын­ок­тік эко­но­ми­ка­ның орны­на шетел­дер­ден кел­ген дай­ын өнім­ді сата­тын базар­лы эко­но­ми­ка орнат­тық та, дамы­ған капи­та­ли­стік дүниенің шалғай­ын­да қала бер­дік. Сана­мыз совет­тік идео­ло­гия шыр­мауы­нан шық­пай, әлі де бөтен құн­ды­лы­қтар­ды құнт­тап келе­міз. Тіп­ті қазақ тілін­де мем­ле­кет басқа­руға да бол­май­ды екен. Қан­дай да бол­сын мем­ле­кет­тің тіре­гі сана­ла­тын орта тап қалып­тас­па­ды. Қоғам мате­ри­ал­дық дең­гейі тұрғы­сын­да «бай – кедей» деген екі жік­ке бөлін­ді. Бар бай­лық сана­у­лы оли­гар­хи­я­лық топ­тың қолын­да жина­лып, қалған жұрт жыл сай­ы­нғы уәде­мен «семіріп» келеді. Ал сана­лық кей­пі­міз екі тіл­ділік­тен баста­лып, көп дін­ділік­ке ұрын­ды. Қазір бір жұды­ры­ққа жұмы­ла­тын­дай сапа­лы «бес сау­сақ» емес­піз. Адам құқы тап­та­лып, өмірі түк­ке тұр­май­тын болып кет­ті. Әле­умет­тің мүд­десін қорғай­тын сая­си инсти­тут­тар жоқ. Бұл жағ­дай кім­ге ыңғай­лы? Әрине, бұл Н. Назар­ба­ев құрған клеп­то­кра­ти­я­лық, авто­ри­тар­лы режим­нің жемісі. Оның сая­си моно­по­ли­я­сы эко­но­ми­ка­да да толық моно­по­лия орна­туы­на соқтыр­ды. Бар бай­лық, бар мүм­кін­дік бір шаңы­рақтың шыла­у­ын­да қалды.

Қаза­қстан­дағы авто­ри­тар­лы режим­нің отба­сы мүше­лері мем­ле­кет­тік іске ара­ласқан, кезін­де­гі Ирак пен Индо­не­зия, қазір­гі Ниге­рия мен Сири­ядан ерекшелі­гі – Назар­ба­ев әулетінің бар сала­ны бір­дей жауып қалуы. Көз­ге көрініп жүр­ген­дері бар, біз естіп, біл­ме­ген­дері бар – бәрі де қай­рат­кер, бәрі де бір сала­ның тұтқа­сын ұстаған, бәрінің биз­несі мықты, өздері өнер­лі. Онда неге жағ­дай­ы­мыз нашар? Оның үстіне қазақ жерінің қой­на­уын­да пай­да­лы қаз­ба­лар­дың 90-нан астам түрі кез­де­седі – алтын, күміс, мыс, мырыш, қорға­сын, хром, вис­мут, молиб­ден, алю­ми­ний, темір, мар­га­нец, сирек кез­де­сетін металл­дар, көмір, фос­фо­рит­тер. Мұнай­дың зерт­теліп, табы­лған қоры 39,6 мил­ли­ард бар­рель­ден, яғни 6,5 мил­ли­ард тон­на­дан аса­ды, газ бол­са, 1,82 трил­ли­он м³ (ВР-нің 2009 жылғы деректері), әлем­де­гі уран­ның 21% біздің жер­де. Әлгі тәу­ел­сіздік алған алға­шқы жыл­да­ры осы көз­сіз бай­лы­ққа сеніп едік қой!

Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа да сен­ген­біз. Ал ол біз­ге, елге сен­бе­ген екен. Оны­сын кезін­де ашық та айтқан бола­тын – «Демо­кра­тия орна­ту үшін 15 мил­ли­он аме­ри­ка­лы­қты қай­дан ала­мын» дегені бар. Демек, қазақ бала­сын демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­те өмір сүру­ге лай­ы­қ­сыз, жер бай­лы­ғын игеріп, лай­ы­қты өмір сүру­ге қауқар­сыз деп тапқа­ны. Сон­ды­қтан да болар, жал­пақ елдің өз жерінің қой­на­уы қалай игеріліп жатқа­ны­нан, шетел­дік ком­па­ни­я­лар­мен ара­дағы келісім-шар­ттар­дан хабар­сыз оты­рға­ны. Ал осы мұнай-газ сала­сын­да отан­дық жеке кәсіп­кер­лер неге жоқ? Неге отыз жыл­да ұлт­тық бур­жу­а­зия өсіп, бекі­меді? Кезін­де­гі «жас түрік­тер» қайда?

«Жас түрік­тер­дің» бірі сот­тал­ды, бірі қуғын­дал­ды, енді бірі үнсіз қал­ды. Сая­си қар­сы­ла­стар­дың көзі жой­ыл­ды. Капи­та­ли­стік әлем­нің басты қағи­да­ты – бәсе­ке­ле­стік әдірем қал­ды. Ана сала­да Дәкеңнің, Бөкеңнің, мына сала­да Қай­ре­кеңнің, Тиме­кеңнің үстем­ді­гі орна­ды. Қар­жы инсти­тут­та­ры бір «қал­таға» қор­да­лан­ды. Қара­пай­ым халық неси­е­ге бай­лан­ды. Ал «назар­ба­ев­тар» шеті­нен «Форбс» тізі­міне ілініп, Еуро­па елдерін­де­гі әйгілі тари­хи нысан­дар­ды, қым­бат үй-мүлік­тер­ді сатып ала баста­ды. Кей­бір деректер­ге сүй­ен­сек, елден жылы­на 30 мил­ли­ард дол­лар­дан астам ақша ұрла­нып, шет­ке шығып кете­ді екен. Бұл елдің бір жылғы бюд­жеті­нен де астам қар­жы. Рахат Әли­ев те көп нәр­се­ге көзі­мізді ашқан бола­тын. Офф­шор­лық есеп­шот­тар­дан табы­лып жатқан мил­ли­ард­та­рын да қосып қой­ы­ңыз. Елба­сы шаңы­рағын­дағы­лар өздеріне тағы­лып жатқан мұн­дай айып­тар­дың бір­де-бірін жоққа шыға­рып, өздерінің адал­ды­ғын біл­діретін­дей бір­де-бір мәлім­де­ме жасаған да емес. Есесіне, «Қаза­қстан­ның Тұңғыш пре­зи­ден­ті – елба­сы тура­лы» заңы­мыз бар. Өзіне де, өзге­леріне де соғыс кезін­де сатқын­дық жаса­ма­са, еш айып тағып, сотқа тар­та алмай­сың. Қуы­ста­на­тын себебі бар ғой…

Н. Назар­ба­ев­тың кор­руп­ци­я­лық іс-әре­кет­тері тура­лы алғаш рет оның билік­ке кел­ген баста­пқы жыл­да­ры эко­но­ми­ка­лық кеңес­шісі болған Дж. Гиф­фен­ді АҚШ соты, шетел бас­шы­сы­на пара бер­гені үшін жау­а­пқа тар­тқан кез­де бел­гілі болған еді (аты­шу­лы «Қаза­қ­гейт»). Тер­гей келе, Гиф­фен арнайы бар­лау қыз­метінің тың­шы­сы болып шығып, сот ісі тоқтап қалған. Соның арқа­сын­да Нұре­кең де сыты­лып кет­кен еді. Кей­інірек, Швей­ца­рия бан­кі­нен табы­лған өз атын­дағы бір мил­ли­ард дол­лар­ды «ел басы­на күн туса, жұм­са­мақ­шы болғам» деп, жал­тарған еді. Ал Гиф­фені бар, басқа­сы бар, баты­стан кел­ген кеңес­шілер­дің басты мін­деті Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын дұрыс бағыт­та түзу емес, сол эко­но­ми­каға тигіз­бей, қалай жымқы­рып, шетел банк­терін­де қалай орна­ла­сты­руға қаты­сты кеңес беру бола­тын. Өйт­кені тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры БҰҰ, ХВҚ, басқа да халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дан жүз­деп кел­ген кеңес­шілер­дің іші­нен Н. Назар­ба­ев ақша­ны қалай жымқы­рып, тез баю­дың жолын ұсы­нған­дар­ды ғана таң­дап алған сияқты. Қазір бүкіл эко­но­ми­ка осы жалғыз отба­сы мен оның айна­ла­сын­дағы­лар­дың иле­уін­де қал­ды. Соны­мен, жер қой­на­уы бай, ел-жұр­ты білім­ді, совет зама­ны­нан қалған өндіріс қуа­ты мығым, ауыл шару­а­шы­лы­ғы сал­мақты Қаза­қстан сын­ды рес­пуб­ли­ка қазір­гі мүш­кіл халіне түсті. Сырт елдер­мен сауда-сат­ты­қта дай­ын өнім­нің импор­ты басым, иығы­мы­зға ілген киім­нен бұрын, тамақты да шетел­ден тасып жей­міз. Оны шикі­заттан түс­кен валю­таға сатып аламыз.

Эко­но­ми­ка мен сая­сат­тағы үстем­ді­гін ұстап тұруы үшін елба­сы қара халы­қты негіз­гі құқы­ла­ры­нан айыр­ды. Сай­ла­удағы дауы­сы ұрла­на­ды (бар бәленің басы осын­да), шынайы жағ­дай­ды көр­се­тетін ақпа­рат ала алмай­ды, тара­та да алмай­ды, ойын ашық жет­кізу­ге құқы жоқ, биз­неске ара­лас­са, тар­тып ала­ды, бол­ма­са, бөлі­сесің. Бар БАҚ бақы­ла­у­ға алы­нған. Әрине, Баты­стағы демо­кра­ти­я­ның арқа­сын­да қолы­мыз жетіп оты­рған интер­нет бір­ша­ма мүм­кін­дік бер­гені рас. Әйт­се де оған да шек­теу бар. Ал Дәу­рен Аба­ев­тың мини­стр­лі­гі ұсы­нып оты­рған «ҚР бей­біт жиын­дар тура­лы» заң жоба­сы билік­тің өзіне ыңғай­лы ғана митин­гілер­ді өткіз­бек­ші ойын аңғар­та­ды. Оған сана­сы ояна бастаған қоғам келі­се қояр ма екен?

Қоғам­ның билік­пен келіс­пей­тін тұста­ры көп. Отыз жыл бойы ірің­деп келіп, соқ­та­сы енді жарыл­мақ­шы сызда­уық жара секіл­ді ашу-ыза­сы да жина­лып қалған. Назар­ба­ев­тар отба­сы­ның жиеніне (өзі ұлы­мын дей­ді) қаты­сты ақпа­рат көп­тің көңілін­де­гі «теже­уі­шті» ысы­рып та тастаған сыңай­лы. Жақын жыл­да­ры моңғол­дар­дың Элбе­гдор­жға сұрау салға­ны сияқты, біз де Интер­пол­дың көме­гіне жүгін­бесі­міз­ге кім кепіл? Оның үстіне Элбе­гдор­ждың «кры­шо­вать» еткені бір банк пен бір зауыт қана. Ал Н. Назар­ба­ев қазір­дің өзін­де экс-президент…

Асхат АСАН,

«Жас Алаш» газеті

20 ақпан 2020 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн