Суббота , 5 июля 2025

Асқар Жұмаділдаев: Ғалымдар шетелге КЕТІП ЖАТЫР

«Қарны ашқандықтан емес, қадірі қашқандықтан»

Алдағы сәуір­дің 15‑і күні «ДАТ»-тың шыққа­ны­на 25 жыл тола­ды. Медиа-жоба­ның 9 нұсқа­сын­да қыз­мет етіп, ширек ғасыр бойы газет шығарған редак­ция мен біздің айны­мас оқыр­ман­дар үшін бұл торқа­лы той, Ұлы мере­ке!

«ДАТ»-тың тарихы – Қаза­қстан­ның жаңа тарихы­на хре­сто­ма­ти­я­лық жыл­на­ма деп біле­міз. Сон­ды­қтан ел-жұрт­тың зер­десіне салу үшін, назар­ба­ев­тық режим­нің қуғын-сүр­гіні­нен қашып-пысып, отты-сот­ты болып жүріп шығарған 1000-нан астам нөмір­де жарық көр­ген, мән-маз­мұ­ны күні бүгін­ге дей­ін сақталған жари­я­ла­ным­дар сери­я­сын жалғастырамыз.

  • Асқар Жұма­діл­да­ев мыр­за – қаза­қтың Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның кор­ре­спон­дент-мүше­сі, физи­ка-мате­ма­ти­ка ғылы­мы­ның док­то­ры, про­фес­сор. Кезін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жоғарғы кеңесінің екі мәр­те депу­та­ты бол­ды. Екі-үш жыл­дай Евро­па­да тәжіри­бе­ден өтіп, біраз ғылы­ми еңбек­тер жазып, жұмыс істеп қай­тқан аза­мат. Бүгін біз Асқар Жұма­діл­да­ев­тың жақын­да «Азаттық» радио­сы­на бер­ген сұх­ба­тын назар­ла­ры­ңы­зға ұсы­нып отыр­мыз. Өйт­кені Қаза­қстан­дағы ғалым­дар­дың шетел­дер­ге кетіп қалуы, яғни интел­лек­ту­ал­дық қазы­на­мы­здың ортай­ып бара жатқа­ны кім­ді бол­са да бей­жай қал­дыр­ма­са керек.

– Асе­ке, осы біздің Қаза­қстан­да, әсіре­се қазақ ғалым­да­ры, басқа өзге де ұлт­тың өкіл­дері соңғы кез­де мынау эко­но­ми­ка­лық қиын­ды­қтарға, әртүр­лі әле­умет­тік жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты шетел­дер­ге кетіп қалып жатыр. Бұл жөнін­де сіздің пікіріңізді біл­сек деп едік.

– Ең алды­мен осы мидың қашу жай­ын­да сөз қозғай­тын бол­сақ, біз әрі­ден баста­уы­мыз керек. Ең бол­маған­да мың жыл кей­ін шегін­сек. Әл-Фара­би баба­мыз Оты­рар жерін­де туға­ны бол­ма­са, өзінің сана­лы ғұмы­рын араб елдерін­де өткіз­ген. Әбу Насыр баба­мыз өзінің ұлы ғылы­ми еңбек­терінің бар­лы­ғын да араб тілін­де жазған. Әлма­ман дей­тін Халиф­тің төңіре­гін­де қыз­мет қылған, ғылым жасау үшін бар­лық жағ­дай да, бар­лық мүм­кін­дік те осы Хали­фат­та жасалған. Фара­би өзінің түрік екен­ді­гін еш уақыт­та ұмыт­паған деген сөз­дер бар. Біздің қазақ та оны ұмы­тқан жоқ. Көке­мізді мың жыл­дан кей­ін тауып алдық.

Мен білетін осы ғалым­дар­дан бір­деңе шыға­ды дей­тін жастар­дың көбісінің қазір­гі ойы – АҚШ-тың грин-кар­та­сын алу. Грин-кар­та не десеңіз, ол пас­порт сияқты нәр­се, оның пас­порт­тан айыр­ма­шы­лы­ғы – Аме­ри­ка­ның аза­ма­ты есебін­де қыз­мет істе­у­ге, жалақы табуға мүм­кін­шілік береді. Бірақ бір ғана өзге­шелі­гі – сіз Аме­ри­ка­ның пре­зи­ден­ті болып сай­ла­на алмай­сыз және сай­ла­у­ға қаты­са алмай­сыз. Көп адам­дарға бұл сай­ла­удың кере­гі де жоқ, тек Аме­ри­каға жет­се болғаны…

– Ал енді сол аза­мат­тар­дың, жастар­дың Аме­ри­каға кетуінің себебі неде?

– Біз­де соңғы кез­де мынау «Бола­шақ» деген жаңа про­грам­ма шықты. Осы про­грам­ма­мен шетел­ге кет­кен жастар­дың қай­тып кел­ген­дері де бар және қалып жатқан­да­ры да бар. Ал егер сіз бай­ып­пен қара­саңыз, бола­шаққа үміт арта­тын жастар аз емес.

Менің ойым­ша, жалаң пат­ри­о­тизммен алға тым ұзап кете алмай­сыз. Қолын­да күл­ше­сі бол­маған соң, ғалым­дар­ды да, олар­дың бала-шаға­сын да асы­рау керек, ең басты кету себебі – осы.

Екін­ші бір себеп, өзім шетел­де екі-үш жыл жүріп кел­дім. Шетел­дің бір жақ­сы жері – онда ғылым жасау өте бір оңай және өте бір ғани­бет нәр­се. Про­бле­ма­ның екі түрі бола­ды. Бірін­шісі – прин­циптік про­бле­ма, екін­шісі – тех­ни­ка­лық про­бле­ма. Мыса­лы, мен Нью­тон инсти­ту­тын­да бол­дым. Англи­ядағы Кем­бри­дж­де жар­ты жыл­дай бол­дым. Сон­да осы мате­ма­ти­ка инсти­ту­тын­да екі адам жұмыс істей­ді. Бірін­шісі – дирек­тор, мате­ма­тик, оның орын­ба­са­ры да мате­ма­тик, соны­мен қатар тағы да он шақты адам жұмыс істей­ді. Біре­уі есік­тің аузын­да оты­ра­тын, екін­шісі шай құя­тын, үшін­шісі тақта сүр­тетін қыз, төр­тін­шісі сіздің ком­пью­теріңізді жөн­дей­тін бала, бесін­шісі сіз­ге кітап әкеп беретін қыз, солай-солай кете береді. Сон­да сіз жұмысқа бар­саңыз, сіздің ең бірін­ші және басты мақ­са­ты­ңыз – ғылым. Басқа нәр­се­ге сіздің басы­ңыз ауыр­мауы керек.

Ал егер біз­ге келетін бол­саңыз, өкініш­ке орай, пай­да­лы әсер коэф­фи­ци­ен­ті жоқ деу­ге бола­ды. Біздің жұмыс қуа­ты­мы­здың 90 про­цен­ті тех­ни­ка­лық про­бле­ма­лар­ды шешу­ге кете­ді. Дұрыс жұмыс орны жоқ. Лабо­ра­то­рия, құрал-сай­ман, кітап жоқ, ком­пью­тер бұзы­лып қала­ды, ксе­ро­ко­пия істе­мей­ді, интер­нет­ке шыға алмай­сыз, элек­трон­дық поч­та жоқ, теле­фон істе­мей­ді, ақша төле­ме­ген соң бәрін жоқ қылған. Міне, сол сияқты, т.б. кете береді.

Сон­да сіз осын­да жүріп, осы­лай күй­ген­дік­тен, ұнатқан ғылы­мы­ңы­зды ұмы­тып қала­сыз. Міне­ки, мен үшін ең басты себеп осы. Мен шетел­ге бар­сам, өзім­ді адам есебін­де сезі­нем, ғалым ретін­де сезі­нем. Сен не істеп отыр­сың, саған не керек – осы сұрақтар­ды шешетін адам­дар болады.

– Асе­ке, сон­да біз­де милы ғалым­дар жоқ па, әлде олар­дың жағ­дайы нашар ма?

– Біз­де милы ғалым­дар бар. Егер басқа елдер­мен салы­сты­ра­тын бол­саңыз, ешкім­дікі­нен де кем емес. Тек соның қадірін білетін адам­дар аз. Енді Қаза­қстан­да адам­дар­дың бәрі жаман жұмыс істей­ді деп айтуға да бол­май­ды. Мыса­лы, шетел­ге бара­тын бол­саңыз, оның екі-үш түр­лі жолы бар. Бірін­ші өкі­мет­тің ақша­сы­мен, мыса­лы, «Бола­шақ» сияқты өз қал­таңы­здың ақша­сы­мен бара­сыз, екін­ші сол шақы­рған жақтың ақша­сы­мен бара­сыз. Мен көбі­не­се екін­ші жол­мен бара­мын. Қыры­қтың қырқа­сы­на кел­дім, бала емес­пін, қазір барып жатқан­дар­дың көбісі ғылым үйре­не­міз, оқи­мыз, ста­жер бола­мыз, аспи­рант бола­мыз деп бара­ды. Мен ста­жер­лы­ққа ешу­ақыт­та келіс­пей­мін. Про­фес­сор ретін­де бара­мын. Яғни, солар­дың ақша­сы­на олар менің бар­лық жағ­дай­ым­ды жасаған кез­де ғана бара­мын. Бұл енді шетел­де жұмыс істе­удің артықшылығы.

Бірақ онда барға­ны­ңы­зда, сіз­ге ақша төле­ген соң, сізді олар құл есебін­де жұм­са­уға қақы­сы бар. Ғылы­ми тақы­рып­тар көп қой. Сіз тек қана солар­дың тақы­ры­бы­мен шұғыл­да­нуы­ңыз керек. Тек қана сізді шақы­рған про­фес­сор­дың айна­ла­сын­да жүруіңіз керек. Өзіңіз білесіз, Аме­ри­ка­да бір дол­ла­рын босқа шығар­май­ды. Гер­ма­ни­яда бір мар­ка­сын босқа шғар­май­ды, пай­да­сы бол­ма­са. Алма­ты­да жұмыс істе­удің бір жақ­сы жері – ғылы­ми еркін­дік бар, ғылы­ми бостан­дық бар, сіздің не істеп жатқа­ны­ңыз ешкім­ге де кере­гі жоқ. Сіз өзіңізді ғылы­ми фан­та­зия, твор­че­ство жағы­нан көр­се­те алсаңыз бол­ды. Оған мүм­кін­дік бар.

– Асе­ке, әңгі­ме­міздің басын­да айт­тық, сонау Әл-Фара­би баба­мы­здан бастап сөз қозға­дық, тіл­ге тиек еттік, ал енді соңғы алты-жеті жыл­да тәу­ел­сізді­гі­міз, азатты­ғы­мыз қолға тиген кез­ден бері қарай қан­ша­ма ғалым­да­ры­мыз шетел­ге кетіп қал­ды? Олар жөнін­де не айтар едіңіз?

– Енді мен жаңағы ойым­ды қай­та­лап айта­мын. Бұған қарын­ның ашқан­ды­ғы емес, қадір­дің қашқан­ды­ғы негіз­гі себеп. Әрине, қарын­ның ашқан­ды­ғы да керек қой. Міне, есі­ме түсіп отыр, осы­дан он шақты жыл бұрын Мате­ма­ти­ка инсти­ту­тын­да ком­со­мол коми­тетінің хат­шы­сы бол­дым. Сон­да біз мына­дай сұрақ қой­дық. Инсти­тут үшін, ғылым үшін бір ака­де­мик ұстаған тиім­ді ме, жоқ әлде үш аға ғылы­ми қыз­мет­кер ұстаған тиім­ді ме?

Ойлап кел­сек, аға ғылы­ми қыз­мет­кер­лер ұстаған анағұр­лым тиім­дірек екен. Өйт­кені ака­де­мик ғылым­ды жаса­ды, бірақ қазір қар­тай­ып қал­ды, түк те істе­мей­ді. Ал үш аға ғылы­ми қыз­мет­кер үлкен, көп жұмыс жасай­ды. Бұл ойды ары қарай жалға­сты­ра бер­сеңіз, үш ғылы­ми қыз­мет­кер­ден гөрі он аспи­рант ұстаған тиім­ді екен. Өйт­кені олар жұмысты өте құл­шы­на істейді.

Шетел­ге кет­кен қаза­қтар жай­лы айт­сақ, мен өзім бес мате­ма­тикті біле­мін. Қазір Бра­зи­ли­яда Қай­рат деген жігіт жүр. Еке­уміз Мәс­ке­уде бір­ге оқы­дық. Бірақ өзі қаза­қ­ша біл­мей­тін еді. Жүре-келе оны да мең­гер­ді. Бала­сы­на да үйрет­ті. Сөй­тіп док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­сын қорға­сы­мен, Аме­ри­каға кетіп қал­ды. Қазір Бра­зи­ли­ядағы бел­гілі бір уни­вер­си­тет­тің про­фес­со­ры. Екін­ші бір қазақ жігіт Пор­ту­га­ли­яда қыз­мет істе­уде. Сол сияқты өзге де шетел­дер­де жүр­ген ғалым­да­ры­мыз бар.

Ғылым екі­ге бөлі­неді. Бірін­шісі – қоғам­дық ғылым, екін­шісі – фун­да­мен­таль­ды ғылым­дар. Жақын­да Н. Назар­ба­ев мыр­за интел­ли­ген­ци­я­мен кез­де­су өткізді. Мен айтар едім, ол тек гума­ни­тар­лық интел­ли­ген­ция, онда бір­де-бір мате­ма­тик, не физик болған жоқ. Тек ақын-жазу­шы­лар, саз­гер­лер және т.б. бол­ды. Фун­да­мен­таль­ды ғалым­дарға мате­ма­тиктер, физик­тер, тағы да сол сияқты­лар жата­ды. Өзге өрке­ни­ет­ті елдер­де осы ғылы­мға өте көп көңіл бөледі. Ал біз­де­гі жағ­дай мәз емес. Қазір не көп – ака­де­мик көп, док­тор көп. Әңгі­ме сол – кім қорғап жатыр, қалай қорғап жатыр, қан­дай ғылым сала­сын­да қорғап жатыр. Мыса­лы, осы­лар­дың ара­сын­да бір мате­ма­тиктің қорғап жатқа­нын мен көр­генім жоқ. Тіп­ті соңғы кез­де пар­ла­мент­те тех­ни­ка­лық ғылым­дар­дың бәрін жабу керек деген сөз шықты. Бұл не деген сөз? Егер біз ілгері­де тәу­ел­сіз ел бола­мыз десек, кез кел­ген ғылы­мға жағ­дай жасап, оның өркен­де­уіне жол ашуы­мыз керек.

«ДАТ» газеті, 29 сәуір, 1998 жыл

Біздің таңдауымыз өзімізге мәлім… бе?

Өкі­мет мақ­са­ты­на жет­ті. «Дат» газеті жабыл­ды. Билік басын­дағы­лар қара­уын­дағы бар­лық тетік­тер­ді іске қосып (салық поли­ци­я­сы, сот, кеден, мили­ция, про­ку­ра­ту­ра, т.б.), ақы­ры сот­тың «қолы­мен» 3 жел­тоқ­сан­да «Дат­ты» банк­рот деп жари­я­лап, жауып тын­ды. Естеріңіз­де бол­са, салық поли­ци­я­сы тамыз айын­да «Датқа» 1,5 мил­ли­он тең­ге айып салған. Кей­ін біздің тала­бы­мыз бой­ын­ша, ол сома 1 мил­ли­он 136 мың тең­ге­ге дей­ін төмен­детіл­ген. Оның үстіне олар біз­ден 240 мың қол­ма-қол тең­ге, есеп­шо­ты­мы­здан 600 мың тең­гені алып алған. Осы­ның бәрін есеп­те­ген­де, біз 300 мың тең­ге­дей ғана айып төле­уі­міз керек еді. Және төлей де алар едік.

Бірақ біз сол сома­ны төле­сек, арты­нан Ерлан Саты­бал­ди­ев­тің (газет­ті сотқа бер­ген билік­тің шене­уні­гі) тала­бы бой­ын­ша 35 мил­ли­он тең­гені тағы төлер едік. Егер оны да төле­сек, одан кей­ін Рахат Әли­ев бізді сотқа беріп («Дат­тың» №15 санын­дағы құқық қорғау орган­да­ры­ның мате­ри­ал­да­ры негізін­де дай­ын­далған мақа­ла үшін), тағы да айып­пұл талап етер еді. Одан да құтыл­сақ, тағы біре­уді таба­ды. Біз­ге жет­кен деректер­ге сен­сек, жоғарғы жақта «Дат­ты» тұн­шы­қты­ру­дың осын­дай сце­на­рийі дай­ын­да­лып қой­ған көрінеді.

Мәсе­ле бірақ «Дат­ты» жабу да емес, мәсе­ле өкі­мет­тің «Дат­тан» өлер­дей қорқып, үнін өшіру­ге тыры­суын­да. Оның да жөні бар. Өйт­кені «Дат» жарық көр­ген 8 айда халық ақ пен қара­ны ажы­ра­тып, жемқор­лар мен парақор­лар­ды танып, шын­ды­ққа көз­дері жете бастаған еді. Сон­ды­қтан «Дат» лау­а­зым­ды шене­унік­тер­дің тамағы­на тұрып қалған сүй­ек сияқты болды…

Қоры­та айтқан­да, «Дат» жабы­лға­ны­мен, ол бастаған іс өлген жоқ. Біз халы­қтың сана­сы мен көкей­іне шын­дық пен әділ­дік­тің тұқы­мын сеуіп кет­тік… «Дат­ты» бүгін жапқа­ны­мен, ертең оның орны­на он «Дат» келеді.

Шәріп ҚҰРАҚБАЕВ, өкі­мет жапқан «Дат­тың» бас редакторы,

«ДАТ-Ақ-бота» газеті,

14–20 жел­тоқ­сан, 1998 ж. №7

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн