Суббота , 5 июля 2025

Атамекенге шоғырлану – ШЫНАЙЫ ПАТРИОТИЗМ

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі соңғы онжыл­ды­қта ішкі мигра­ци­я­ны зер­де­леп, елі­міздің халық өсі­мі қарқын­ды оңтүстік облы­ста­ры­нан сол­түстік­ке көшіруді қолға алған бола­тын. Қаза­қстан­ның ұлан-бай­тақ киелі жерінің халқы бір­кел­кі орна­лас­паға­ны анық: ауа райы жай­лы оңтүстік өңір­лер­де – тығыз, ал қысы қыты­мыр және ұзақ, жазы қысқа да салқын сол­түстік аймақтар­да – халық сирек.

Сонды­қтан мем­ле­кеті­міз оңтүстік аймақтан сол­түстік­ке көшу­ге ыңғай біл­дір­ген адам­дар­ды ынта­лан­ды­ру үшін, қоныс ауда­ру­шы­ларға ақша­лай көмек көр­сетіп келеді. Бағ­дар­ла­маға қаты­су­шы­ларға және оның әрбір отба­сы мүше­сіне рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бір рет­тік жәр­де­мақы төле­неді. Соны­мен қатар мем­ле­кет қоны­ста­ну­шы­лар­дың бір жыл бойы жал­дап тұра­тын тұрғын үй шығы­нын өз мой­ны­на ала­ды. Бұл үрдіс­ке ықы­лас біл­діру­шілер­ге қой­ы­ла­тын басты шарт – олар­дың бола­шақ күй-жай­ла­рын ескеріп, өз еркі­мен қоныс ауда­руға толы­ғы­мен шешім қабыл­да­уы. Әрине, бұл үрдісті жіті түсініп, жап­пай қол­дау – маңы­зды іс.                                                   Дұрыс дер­лік. Бірақ та осы сая­сат­ты жүзе­ге асы­ру бағы­тын­да талай про­бле­ма­лар (сая­си, мате­ри­ал­дық, пси­хо­ло­ги­я­лық және т.б.) туын­дай­ты­ны анық. Бірін­ші мәсе­ле – көңіл­ден шыға­тын қол­жетім­ді жай­лы бас­па­на, үй-жай. Екін­ші – мерзі­мі үзіл­мей­тін табысты жұмысқа орна­ла­су. Үшін­ші­ден, жер­сі­ну (сол­түстік­тің аяз­да­ры­на төзіп, орыс-қазақ мен­та­ли­тетіне мой­ын­сұ­ну және т.т.).

Кей­ін­гі жыл­да­ры Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­на еңбек күші артық өңір­лер­ден бір­не­ше мың адам көшіп барған. Алай­да оның 7–8 пай­ы­зы кері көшіп кет­ті. Себебі қоны­ста­ну­шы­лар­дың біра­зы­на сол­түстік­тің қатал ауа райы жай­лы бол­маған, ал басқа­ла­ры үшін – тиесілі көмек көңіл­дері­нен шықпаған.

Тақы­рып­ты терең тал­дау үшін, әуелі ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­тер­ге назар ауда­рай­ық. 2021 жыл­дың мау­сым айын­да елде­гі тұрғын­дар саны 19 мил­ли­он­нан асты. Ресей­де­гі қаза­қтар саны 1 мил­ли­онға жуық, Қытай­да – 3, Өзбек­стан­да – 1,5 мил­ли­он­дай, ал Моңғо­ли­яда – 150 мың, Қырғыз­стан­да – 40; Түр­кі­мен­стан­да – 20 мың­дай. Қаза­қстан халқы­ның басым бөлі­гін 13 мил­ли­онға жуық қазақ халқы құрай­ды, үлес сал­мағы 70 пай­ы­зға шама­лас, 2‑орында оры­стар – 3,5 мил­ли­онға жуық, олар 18 пай­ы­здан асады.

Ішкі көші-қон сая­са­ты мен тәсіл­дері түсінік­ті болға­ны­мен, осы мәсе­ле­лер­ге орай сыр­тқы қарым-қаты­нас сая­са­ты­на да назар ауда­рай­ық. Сол­түстік облы­стар­да орыс халқы­ның пай­ы­здық үлесі басым екен­ді­гі ста­ти­сти­ка мәлі­мет­тері­нен бел­гілі. Оны­мен қоса, олар шека­ра­ның сыр­тын­дағы «қара орман» ағай­ын­да­рын арқа тұтады.

Ал Қаза­қстан­ның оңтүстік өңірін­де­гі тығыз шоғыр­ланған өзбек­тер саны 600 мың­нан аса­ды, салы­стыр­ма­лы түр­де қара­сақ, олар сон­дағы тұрақты қаза­қтар саны­ның үштен бірін құрып отыр. Өзбек­тер­дің өсі­мі өте жоға­ры. Ұлт­шыл­дық сезім­дері мығым, ұлт­жан­ды­лы­ғы нығыз. Олар­дан қаза­ққа тіке­лей қауіп бол­мас, бірақ өз ұлт­тық мүд­де­лерін қорғай­ты­ны хақ. Қаза­қстан­дық Қара­бақ шие­ленісі­нен Құдай сақтасын!

 Осын­дай жағ­дай­лар­ды айта келе, ұлт­тық мүд­де үшін ең тиім­дісі – аталған елдер­де­гі қаза­қтар­ды туған Ота­ны­на тар­ту. Мәсе­лен, Ресей сырт­тағы оры­стар­ды қомақты қар­жы­лық көмек беру арқы­лы ынта­лан­ды­рып, өз еліне тар­ту сая­са­тын тыңғы­лы­қты жүр­гі­зу­де. Өз Ота­ны­на қоныс ауда­руға бет алған­дар­ды қинай­тын ең басты жайт – көз­де­ген тұрақта­ну аймағын­да үй не пәтер сатып алу мәсе­лесі. Әркім­нің қобал­жып, тар­ты­на­ты­ны – керек мөл­шер­де ақша тап­шы­лы­ғы. Егер Қаза­қстан­дағы оры­стар мен Ресей­де­гі қаза­қтар­дың үй-жай­ла­ры­мен алма­су үрдісі қолға алын­са, екі жақтың да аза­мат­та­ры­на қолай­лы да, артық шығын­сыз бола­ры анық. Өзбек­стан­мен екі тара­пқа да тиім­ді жер алма­су мәсе­лесін қозға­уға болады.

Осы бағыт­та Ресей және Өзбек­стан­мен тиім­ді екі­жақты шар­тқа оты­руға бола­ды. Егер Ресей мен Өзбек­стан­ның шека­раға жап­сар­лас облыс бас­шы­ла­ры­мен елі­міздің облы­ста­ры­ның әкім­дері ерік­ті қоны­ста­ну­шы­лар­дың бас­па­на, үй-жай­ла­ры­мен алма­су тәсілін заң­да­сты­рып, келісім­шар­ттар бекітіп, оны іске асыр­са, екі жаққа да өте тиім­ді және өте игілік­ті іс-әре­кет болар еді.

Бұл іс-шара­ның екі тарап­тағы қоны­ста­ну­шы­ларға да игілік­ті нәти­же­сі мол бола­ры анық. Бірін­ші­ден, шет мем­ле­кет­те өмір сүріп жүр­ген қан­даста­ры­мы­зды Қаза­қстанға қоны­стан­дыр­сақ, халқы­мы­здың саны күрт көбей­іп, қазір­гі сая­си жағ­дай­да қаза­қтың ұлт­тық мүд­десіне қосы­лған ауқым­ды үлес ретін­де қара­лып, тәу­ел­сізді­гі­міз ныға­я­ры анық.

Екін­ші­ден, алпа­уыт Қытай мен Ресей­де­гі қаза­қтар өзінің ұлт­тық бол­мысын мүл­дем жоғал­тып, үстем­ді­гі басым үлкен халы­қтар ара­сы­на тез ара­да із-түз­сіз сіңіп кету қау­пі құпия емес. Ал Қаза­қстан­дағы қаза­қтар­дың өсі­мі бәсеңсіп қалға­ны анық. Сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар жабы­лған­нан кей­ін, ауыл жұр­ты жап­пай қалаға көшті. Ал қала­лар­да көп бала­лы жанұя өте сирек кезігеді.

Үшін­ші­ден, қан­даста­ры­мы­зды жап­сар­лас мем­ле­кет­тер­ден алма­су шар­ты арқы­лы көшіретін бол­сақ, мате­ри­ал­дық шығын­дар кеми­тін еді. Соны­мен қоса, жаңа қоныс теп­кен­дер бұрын­нан ауа рай­ы­на бей­ім­дел­ген өздеріне жағым­ды эко­ло­ги­я­лық ортаға орны­ғып, ешқан­дай қолай­сыздық сезбей, мен­та­ли­теті үйрен­шік­ті қауы­мға пси­хо­ло­ги­я­лық егес­сіз, оңай сіңісіп кетер еді. Осы іс-шара­ны лау­а­зым­ды мем­ле­кет қыз­мет­кер­лері­мен қоса, келелі ұйым­да­сты­ру мәсе­ле­лерін намыста­ры оттай жанып тұрған бел­сен­ді пат­ри­от­тар білек­терін сыба­нып қолға алса – құба-құп болар еді.

Нақы­п­бек САДУАҚАСТЕГІ,

заң­гер-құқы­қта­ну­шы        

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн