Среда , 2 июля 2025

«АТА ЖОЛЫ» КАРТАСЫ

Этни­ка­лық қаза­қтарға Қаза­қстанға кіру үшін «Ата жолы» арнайы кар­та­сы берілетін бола­ды, деп хабар­ла­ды Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметінен.

«2023 жыл­дың шіл­десі­нен бастап өзге елде тұра­тын этни­ка­лық қаза­қтар «Ата жолы» кар­та­сын алып, Қаза­қстанға оңай­ла­ты­лған кіру мүм­кін­ді­гін пай­да­ла­на ала­ды», – делін­ген хабарда.

Ведом­ство атап өткен­дей, «Ата жолы» кар­та­сын енгі­зудің мақ­са­ты – тари­хи отан­мен бай­ла­ны­сты нығай­ту, ұлт­тық дәстүр­лер­ді сақтау, Қаза­қстан­да олар­дың әле­уетін іске асы­ру үшін, біздің елі­міз­ге кәсі­пқой­лар мен табысты биз­не­смен­дер­ді тар­ту болып табы­ла­ды. Кар­та шетел­де тұра­тын этни­ка­лық қаза­қтарға аза­мат­ты­ғын сақтай оты­рып берілетін бола­ды. «Ата жолы» кар­та­сы­ның иегер­лері елге кір­ген кез­де 10 жыл мерзім­ге тұруға рұқ­сат алады.

«Ата жолы» кар­та­сы бар этни­ка­лық қаза­қтың кан­дастар­дан айыр­ма­шы­лы­ғы – ол басқа елдің аза­ма­ты бола тұра, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры­мен және кан­даста­ры­мен тең құқы­ққа ие.

«Ата жолы» кар­та­сы­ның иегері құқылы:

  • меди­ци­на­лық көмек­тің кепіл­дік беріл­ген көле­мі шең­берін­де меди­ци­на­лық меке­ме­лер­де әле­умет­тік төлем­дер жаса­уға және меди­ци­на­лық көмек алуға;
  • ҚР Еңбек кодексіне және «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» ҚР заңы­на сәй­кес ҚР аумағын­да жұмысқа орналасуға;
  • Қаза­қстан аумағын­да Кәсіп­кер­лік кодек­с­ке және ҚР өзге де құқы­қтық актілеріне сәй­кес кәсіп­кер­лік қыз­мет­ті жүзе­ге асыруға;
  • ҚР «Білім тура­лы» заңы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік білім беру ұйым­да­рын­да тегін орта білім, мем­ле­кет­тік орта арна­у­лы және/немесе жоға­ры оқу орын­да­рын­да кон­кур­стық негіз­де тегін орта арна­у­лы және/немесе жоға­ры білім алу, жеке оқу орын­да­рын­да ақы­лы білім алуға;
  • «Адво­кат­тық қыз­мет және заң көме­гі тура­лы» ҚР заңы­на сәй­кес мем­ле­кет кепіл­дік бер­ген заң көме­гін алуға;
  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғы сала­сын­дағы халы­қа­ра­лық шар­ттарға және ҚР заң­на­ма­лық құқы­қтық актілеріне сәй­кес жеңіл­детіл­ген тәр­тіп­пен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу құқы­ғын пай­да­ла­на алады.

«Ата жолы» кар­та­сы бар адам­дар­дың ҚР мем­ле­кет­тік орган­да­ры мен жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­ры­на сай­ла­у­ға және сай­ла­нуға, рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­ду­мға қаты­суға құқы­ғы жоқ және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кіре алмайды.

Сон­дай-ақ егер «Ата жолы» кар­та­сы­ның иесі Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған бол­са, онда оның кар­та­сы жарам­сыз деп танылады.

Қаза­қстан үкі­метінің бұл шеші­мі – шетел­де тұра­тын мил­ли­он­даған қазақ этно­сын өз ота­ны­на, Ата жұр­ты­на тар­ту, сол арқы­лы мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­сын жан­дан­ды­ру үшін инве­сти­ция құюға оларға жол ашу.

Елге көшіп кел­ген қан­дастар тура­лы айта­тын бол­сақ, осы жыл­дың 1 мау­сы­мын­дағы ақпа­рат бой­ын­ша, Қаза­қстанға жар­ты жыл­да 8 034 этни­ка­лық қазақ көшіп келіп, «қан­дас» ста­ту­сын алған. Ал 1991 жыл­дан бері есеп­тей­тін бол­сақ – 1 мил­ли­он 115,1 мың этни­ка­лық қазақ Ата жұр­ты­на ора­лып, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған.

Аяу­жан ТОҚАНОВА, тәлім­гер-сту­дент

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн