Четверг , 12 февраля 2026

АТА ЗАҢДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ АЙҚЫН ТІЛГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК

Қазы­бек Иса Пар­ла­мент­те бір­не­ше рет көтер­ген­дей, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­дау керек!

Қазы­бек Иса Пар­ла­мент­те қай кез­де­гі­дей Қазақ тілін қолдады.

Қазы­бек Иса­ның сөзін­де «орыс тілін қол­дай­мын деген» бір ауыз сөз де жоқ қой! Сон­ды­қтан жала жабу­шы­лар дәлел ретін­де ешқан­дай видео, үзін­ді сөз қоя алмай отыр. Видео, сөзі­нен үзін­ді сала алмай­ды да. Өйт­кені сал­са, видео­да Қазы­бек Иса­ның Пар­ла­мент­те айтқан «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды тағы да қай­та­лап айта­мын!», «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мем­ле­кет­тік тіл­ді білуі мін­дет­ті болу керек», «Ата заңы­мы­зда Мем­ле­кет­тік тілі­міздің мәр­те­бесі айқын тіл­ге айна­луы қажет!» – деген сөз­дерін ел көріп, жалақор­лар­дың ол «орыс тілін қол­да­ды» деген қып-қызыл өтірік­тері әшке­ре­леніп қалады.

Мен өзім ақын Қазы­бек Иса­ның Пар­ла­мент­те мем­ле­кет­тік тіл­дің мүд­десін қорғап сөй­ле­ген сөзін түгел көр­дім, қоры­тындысы мынандай:

1). «Бұрын Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды бір­не­ше рет ұсы­нған­мын. Осы Пар­ла­мент мін­бері­нен Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң­ды қабыл­да­уды тағы да қай­та­лап айта­мын!» – деп, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уға шақы­рып тұрға­нын неге айт­пай­сы­ң­дар, егер тіл­ді қол­да­у­шы бол­саң­дар, тіл­ге қар­сы емес?

2). «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мем­ле­кет­тік тіл­ді білуі мін­дет­ті болу керек!» – деп шеге­леп айт­ты. Бұны неге айтпайсыңдар?

3). Ең басты­сы, сөзінің түй­іні ретін­де: «Қоры­та айта­рым, Ата заңы­мы­зда Мем­ле­кет­тік тілі­міздің мәр­те­бесі айқын тіл­ге айна­луы қажет!» – дегенін неге, не үшін, қан­дай мақ­сат­пен жасы­рып қал­ды­ң­дар?!. Яғни, «Ата заң­да Мем­ле­кет­тік тілі­міздің мәр­те­бесі айқын болуы керек», – деп, 92 бап­ты өзгер­туді айтып тұр ғой?!

4). Ал 100-ге жуық бабы, 370-тей тар­мағы бар Кон­сти­ту­ция жоба­сын­да Қазы­бек Иса­ның «7‑баптың 2‑тармағын алып тастау» тура­лы Кон­сти­ту­ция жоба­сын қарай­тын комис­си­яға жібер­ген ұсы­ны­сы өтпей қалған­мен (ол ұсы­ны­сы «Фейс­бук» парақ­ша­сы мен «Қазақ үні» сай­тын­да тұрға­ны­на екі ай бол­ды), «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның басқа көп­те­ген маңы­зды ұсы­ны­ста­ры Ата заң жоба­сы­на өткесін, жал­пы­ла­ма түр­де неге қол­да­ма­сын өз пар­ти­я­сы ұсы­ны­ста­рын? Қазы­бек Иса Пар­ла­мент­те тек өз аты­нан сөй­ле­ген жоқ, «Ақ жол» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы аты­нан сөй­леді ғой. Ол 9‑баптың 2‑тармағын қол­дап тұрған жоқ қой бұл жерде?

5). Сен­дер өздерің Қазы­бек Иса ұйым­да­сты­рған «Қазақ үні» ұлт­тық пор­та­лын­дағы Кон­сти­ту­ци­я­ның 72 бабын алып тастап, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап етіп, ҚР Пре­зи­ден­тіне жазы­лған, 132 335 адам қол қой­ған Ашық хатқа қол қой­ды­ң­дар ма? Жоқ, қой­ған жоқ­сы­ң­дар! Яғни, сау­сақта­ры­ң­ды да қимыл­датқан жоқ­сы­ң­дар! Тағы да диван­да жатып, тіл тура­лы ақыл айтып отыр­сы­ң­дар! Алды­мен өздерің­нен бастаңдар!

Қазы­бек Иса 2011 жылы қоғам­да, 2019 жылы Пре­зи­дент жанын­дағы Ұлт­тық кеңе­сте, 2022 жылы Пар­ла­мент­те Кон­сти­ту­ци­я­ның 72 бабын алып тастап, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап етіп, елді дүр сіл­кін­дір­ген депу­тат­тық сау­ал жасаған­да, қай­сың қол­дап жаздыңдар?

Кілең еркек­тер­дің жалақор­лар­дың айтағы­на еріп оты­рға­нын көріп, әйел басым­мен ердің сөзін, елдің сөзін айтуы­ма тура кел­ді. Қазы­бек Иса құсап қай­сың, қай депу­тат тіл тура­лы осын­ша­ма жыл күре­стің­дер? Оның айқа­сып келе жатқа­ны­на қан­ша жыл болды?!.

«Айтуға оңай». Аза­мат­тың ұлт­тың мүд­десін, қазақ тілінің мүд­десін қорғап, жасаған 100 жақ­сы­лы­ғын енді неге әдейі ұмы­тып кетіп жат­сы­ң­дар? Бір үйде оты­рып, бір-біріңе қар­сы шабуыл­дап не бол­ды? Әтте­ген-ай, қай­да барамыз?!.

Аз қаза­қ­пыз, жау­лас­пай­ық, ағай­ын! Бір­лі­гі­міз керек, тыны­шты­ғы­мыз керек. Өмір осы­мен біт­пес, тыны­штық бол­сын­шы, айналайындар?!

Бәрі­міз Қазы­бек Иса­ны тіл дамы­ту­ды емес, мін тағу­ды ойлап оты­рған «достар­дан, диван батыр­ла­ры­нан» қорғап, оның «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­дау керек» деген нақты ұсы­ны­сын қол­дай­ық, пікір­лері­мізді жазай­ық, таратайық!

Бір­лік болған­да ғана тір­лік­тің бере­кесі болады.

Пікір­де талас жоқ!..

Міне, «Ата заң» жоба­сы бір­не­ше күн бол­ды талқы­ла­ну­да. Халы­қтың немқұрай­ды қара­маға­ны­на қуанайық.

Бірақ аз қазақ жау­лас­пай­ық, аран­дап қал­май­ық, бір-бірі­мізді балағат­тап, ауыр сөз айт­пай­ық, ертең көрісеміз.

Ұлы Абай «Біріңді, қазақ, бірің дос, көр­ме­сең, істің бәрі бос» деп тегін айтқан жоқ. Бір-бірі­міздің пікірі­мізді, жаз­ба­мы­зды, бей­не­тас­па­ны сабыр­мен асы­қ­пай оқып, зерт­теп, зер­де­лең­дер, қарақтарым!

Назар­ла­ры­ңа бей­не­тас­па­ны қай­та қой­дым, қарақтарым!

Кей­ін­гі екі шақы­ры­лым­да пар­ла­мент­те Қазы­бек Иса­дай кім мем­ле­кет­тік тіл­ді жанын беріп, кім көтерді?!.

Соны көріп, естіп, газеті­міз­ге беріп отырдық.

Бүгін өзім­нің аза­мат­тық пікірім­ді жазу­ды пары­зым деп есептедім!

Елім, жерім, тілім аллаға аманат!

Сәу­ле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн