Четверг , 3 июля 2025

АТА ЗАҢЫМЫЗКОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫМЫЗ!

 Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы­ның бастау ала­тын тіке­лей қай­нар көзі – қазір­гі қол­да­ны­стағы Ата заңы­мыз, яғни 1995 жылы 30 тамыз күні қабыл­данған Кон­сти­ту­ция. Содан бері өткен 30 жылға жуық уақыт ішін­де осы Ата заңы­мы­зға талай өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізіліп, кезін­де олар­ды мін­дет­ті түр­де ақпа­рат құрал­да­ры елдің наза­ры­на жет­кі­зе жари­я­лап тұр­ды. Десек те, қазір­гі мем­ле­кет­тік басқа­ру орган­да­ры­ның ерекшелік­тері ескері­ле оты­рып, Ата заңы­мыз жари­я­лаған мем­ле­кет қыз­мет­тің басты ұста­ным­да­рын (прин­циптерін) атап айтқан жөн. Олар – қоғам­дық келісім және сая­си тұрақты­лық, бүкіл халы­қтың қажетіне орай эко­но­ми­ка­лық даму, қаза­қстан­дық пат­ри­о­тизм және мем­ле­кет өмірінің мей­лін­ше маңы­зды мәсе­ле­лерін демо­кра­ти­я­лық әдістер­мен шешу. Мұның бәрі қаза­қстан­дық құқы­қтың нағыз қай­нар көзі қыз­метін атқарады.

 Кон­сти­ту­ци­я­ның 1‑бабында: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы өзін демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы, құқы­қтық және әле­умет­тік мем­ле­кет ретін­де орны­қты­ра­ды, оның ең қым­бат қазы­на­сы – адам және адам­ның өмірі, құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры» деп, айқын көр­сетіл­ген. Сон­ды­қтан Ата заңы­мыз тек мем­ле­кет­тің ғана емес, соны­мен бір­ге бүкіл қоғам­ның да негіз­гі заңы екен­ді­гі­мен ерекше­ле­неді. Дәлірек айтқан­да, осы заң­ның иде­я­ла­ры, прин­циптері, құқы­қтық нор­ма­ла­ры қазір­гі қоғам өмірін­де­гі жеке­ле­ген адам­ды, аза­мат­ты, қоғам­дық қыз­мет­тің бар­лық субъ­ек­тілерін (бір­ле­стік­тер­ді, қозға­лы­стар­ды, өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын және басқа­лар­ды) толық қам­ти­ды. Менің осы­ған бай­ла­ны­сты­ра айтай­ын дегенім – мем­ле­кет­тік тәу­ел­сіздік алған 1991 жылы жаңа құры­лған «Қазақ тілі» қоға­мы мен бірі­нен соң бірі жаңа­дан қабыл­данған екі Ата заңы­мы­зға (28.01.1993 ж. және 30.08.1995 ж.) қаты­сты Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның бұры­нғы Ленин ауда­ны­ның (18.04.1997 жыл­дан Есіл ауда­ны) әле­умет­тік-сая­си өмірін­де өзім орта­сын­да болған оқиға­лар жайы еді. 

Соны­мен, 1985–1995 жыл­дар ара­лы­ғын­да Кеңес Одағы­ның мем­ле­кет­тік құры­лы­мы бір­тін­деп ыды­рап, оны бөл­шек­теп құр­ды­мға жібер­ген «қай­та құру» дей­тін сая­си науқан шары­қтау шегіне жет­ті. Бірақ кеңе­стік жүй­енің бұры­нғы құқы­қтық кеңісті­гіне терең енген одақтық заң­на­ма­лар­дың күшін бір­ден жою оңай шаруа бол­ма­ды. Осын­дай аума­лы-төк­пе­лі кезең­де тәу­ел­сіз жаңа мем­ле­кет­тің алға­шқы төл заң­да­ры­ның жоба­ла­рын дай­ын­дау, оны халы­ққа дұрыс жет­кізіп түсін­ді­ру, талқы­лау және қабыл­дау сияқты іс-шара­лар тек жоға­ры­да ғана емес, соны­мен қатар билік­тің төмен­гі саты­ла­рын­да, яғни алы­стағы аудан­дар мен жеке ауыл­дар­дың ішін­де «қара қазан­дай» қай­нап жат­ты. Сабын­дай көпір­ген көбік­тің «небір көке­лері» жер­гілік­ті халы­қ­пен бет­пе-бет кез­дескен­де ара­сы­нан қалқып шықты. Осын­дай кез­де­су сәт­терін­де дүние төң­керіл­се де қозғал­май­тын бей­жай­лық, «Бірің өліп, бірің қал!» дей­тін бей­та­рап­тық, дұрыс екенін түсін­се де, әдейі бұр­ма­ла­у­шы­лық, Кеңес Одағын қай­та­дан көк­се­ген кер­тарт­па­лы­қтар сияқты нешетүр­лі түсін­бе­ушілік­тер­ден туған қара­ма- қай­шы­лы­қтар жаңа жол­да кедер­гі болып, біраз қиын­шы­лы­қтар туғы­зға­нын мой­ын­дап, тура­сын айту керек. Ол кез­де жаңа­дан құры­лған билік­тің елді басқа­ру сияқты «ара жұмысын­да» ұлт­жан­ды ел аға­ла­ры аздау болды. 

1995 жылы Ленин аудан­дық (қазір­гі Есіл ауда­ны) мәс­ли­ха­ты­ның жаңа хат­шы­сы Жол­ды­бай Қабенұ­лы Ахме­тов мені әдейі шақыр­тып алып, «Қазақ тілі» қоға­мы­ның осы аудан­дағы бөлім­ше­сінің төраға­сы ретін­де жақ­сы­лап тұрып дай­ын­да­лып, алдағы сес­си­яда тіл­дер тура­лы сөй­ле­уім­ді сұра­ды. Алдағы қабыл­да­на­тын Ата заң­ның жаңа жоба­сын­да қазақ тілі мен орыс тілі мем­ле­кет­тік тіл болуға текетірес тай­та­ласқа түсіп, осы мәсе­лені талқы­лау бары­сын­да бүкіл елдің ауы­зын­да қара­ма-қай­шы пікір­лер­дің өте ушы­ғып тұрған кезі болатын.

 Осы кезек­ті аудан­дық сес­си­яға қаты­сқан депу­тат­тар мен арнайы шақы­ры­лған­дар­дың дені орыс тіл­ділер болған соң, маған орыс тілін­де сөй­ле­уі­ме тура кел­ді. Сон­дағы мін­бе­ден айты­лған сөз­дерім­нің қаза­қ­ша маз­мұ­ны мына­дай: «Таза қазақ ауы­лы­на бір орыс аза­ма­ты кел­се, онда бүкіл ауыл осы қонақ­пен біл­генін­ше орыс­ша сөй­ле­су­ге жан­да­рын сала­ды. Егер әлгі қонақ қаза­қ­ша сай­ра­са, онда ауыл­дағы­лар аса таң қалып: «Мына­ның басы қаза­қ­шаға жарық қой !» – деп, «аспан­нан түс­кен ада­мға» теңеп, оны төбе­леріне көтеріп, жақ­сы­лап сый-сыя­пат көр­се­ту­ге тыры­са­ды. Ал енді таза орыс село­сы­на қара­пай­ым бір қазақ келіп, орыс­ша ештеңе айта алма­са, онда оны бей­ша­ра ретін­де небір жаман сөз­дер­мен кем­сітіп, орыс­ша біл­мей жер басып жүр­геніне кәдім­гі­дей рен­жиді. «Осы кел­тіріл­ген екі мысал­дан нені аңға­руға бола­ды? Бұл қазақ елінің қонақ­жай­лы­лы­ғы ма, әлде жағым­паз­ды­ғы ма?» – деп депу­тат­тар оты­рған залға қараған­да, онда оты­рған Қай­ыр­лы Едіресұ­лы (кей­ін облы­стық мас­ли­хат­тың хат­шы­сы): «Бұл – ешқан­дай да жағым­паз­дық емес, бұл біздің қонақ­жай­лы­лы­ғы­мыз !» – деп қат­ты дауы­стап жібер­гені кәдім­гі­дей демеу болып, әлі күн­ге дей­ін есім­де жақ­сы сақта­лып қалып­ты. Сөзім­нің жалға­сы ретін­де: «Қаза­қстан­ды нағыз ота­ным деп санай­тын, осы елде туып, ешқай­да көшпей өсіп-өнген, қаза­қ­шаға судай орыс, укра­ин, неміс, бела­русь, татар және басқа ұлт өкіл­дері жер­гілік­ті қаза­қ­пен қаза­қ­ша сөй­ле­с­пей, олар неге орыс­ша сөй­ле­суі керек? Мұны қалай түсі­ну­ге бола­ды? Қаза­қтың тілін мен мәде­ни­етін мен­сін­бе­ушілік пе, әлде осы­лай сый­лаған­дық па? Осын­да зал­да оты­рған басқа ұлт өкіл­дерінің тари­хи отан­да­ры бар және ұлт­та­ры­на сай мем­ле­кет­тік тіл­дері бар. Ал қазақ тілінің олар­дан қай жері кем, олар­дың несі артық ? Басқа тіл­дер сияқты қазақ тілін өз ота­нын­да мем­ле­кет­тік тіл болуы­мен қатар ұлта­ра­лық тіл ретін­де заң­да­сты­руы­мыз керек, яғни қаза­қ­шаға жүй­рік ұлт­тар қаза­қ­пен қаза­қ­ша сөй­ле­суі керек. Қаза­қстан­да орыс тіліне қысым болған емес, осы тіл­дің қуа­ты қасын­дағы басқа тіл­дер­ді тұн­шы­қтыр­ма­са, өзі еш тұн­шы­қ­пай­ды. Сон­ды­қтан қазақ тілінің мем­ле­кет­тік тіл ретін­де орны­ғуы­на жол аша­тын орыс тілі мен орыс тіл­ділер­дің тек аға­лық көме­гі керек!» – деп тұжы­рым­дап, қол­паштап та жібердім. 

Әйте­уір алды­мен Алла, сосын депу­тат­тар ың-шың­сыз қазақ тілін қол­даған оң шеші­мі бар, сес­сия бекіт­кен дұрыс қағаз­дың жоға­ры жаққа тез кет­кенін жақ­сы біле­мін. «Қазақ тілі» қоға­мы десе үрке қарап, құлақта­ры тас керең болып, жина­лы­ста­ры­на еш шақыр­май­тын, әкім­шілік­ті басқарған «үлкен аға­лар­дан» гөрі аудан­дық мәс­ли­хат­тың «Қазақ тілі» қоға­мын танып, оның жарғы­сы­мен сана­суы Ленин аудан­дық бөлім­ше­сіне үлкен абы­рой және қазақ тілінің бола­шағы­на нық сенім ұялатқа­нын айту – қазір мен үшін қаси­ет­ті парыз. Бір сөз­бен айтқан­да ‚тәу­ел­сіздік таңын­да мәс­ли­хат сияқты құзыр­лы орган­ның құлағын­да ойнаған екі ұлт­жан­ды аға­мы­здың сес­си­яда деме­ген иықта­рын нық сездім. Бұған дей­ін облы­стағы осы қоғам­ның бел­сен­ді жана­шыр­ла­ры батыл баста­ма көр­сетіп, орыс тіл­ділері орман­дай қалың Пет­ро­павл қала­сы­ның орта­сы­нан алға­шқы «Сал­та­нат» қазақ бала­бақ­ша­сын ашқы­зған бола­тын. Соңы­нан іле-шала «Қазақ тілі» қоға­мы­ның Ленин аудан­дық бөлім­ше­сі осы игілік­ті істі бір­ден жалға­сты­рып, 1991 жыл­дың көк­те­мін­де қаза­ғы мүл­дем аз сана­ла­тын осы Ленин ауда­ны­ның орта­лы­ғы – Явлен­ка село­сын­да жаңа­дан ашы­лған «Бал­дәу­рен» бала­бақ­ша­сы қазақ бала­ла­рын қабыл­дай баста­ды. Осы жаңа бақ­ша­дағы өзі­міздің «қара және сары дома­лақ» бал­ды­рған­дар­дың саны жыл­дан-жылға көбей­іп, іші тіп­ті тар­лық ете баста­ды. Сол себеп­ті «Ого­нёк» атты орыс бала­бақ­ша­сы­ның екі қабат­ты кең үйін түгел босатқы­зып, дереу жаңа қазақ бала­бақ­ша­сын сон­да көшір­тіп әкеліп, осын­да қал­ды­рған дүние-мүл­кі­мен толық ием­дет­кіздік. Бірақ осы «Бал­дәу­рен» бала­бақ­ша­сы­ның бұры­нғы жер үйін­де қалған мүлік­тері талан-тара­жға түсіп, әркім­дер­дің қолын­да кет­кенін жасы­рғы­сы кел­ген­дері бұры­нғы тер­ге­ушілік кәсі­би намысы­ма қат­ты тиді.

Дүкен­дер­де сөре­лер бос, тау­ар­лар қат, ақша­ның да жоға­лып, дүние біт­кен­ді құр­тып жатқан қиын бір кезең бола­тын. Осын­дай кез­де аудан­ның про­ку­ро­ры мені тез қабыл­дап, мем­ле­кет­тік бала­бақ­ша­ның мен­шік­ті мүл­кін ешқан­дай негіз­сіз алуға рұқ­сат бер­ген село­лық совет­тің төраға­сы­на қар­сы қыл­мыстық іс қозғал­ды. Жан-жаққа тара­лып кет­кен мүлік­тер табы­лып, бір шеті осы аудан­ның сонау алыс түк­пірін­де­гі Тау­ағаш ауы­лы­на кет­кен палас-кілем­дер дереу қай­та­рыл­ды. Міне, күшіне енді ғана енген Ата заңы­мы­здың 6‑бабында: «1. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да мем­ле­кет­тік мен­шік пен жеке мен­шік таны­ла­ды және бір­дей қорға­ла­ды» деп жазы­лған­дай, оның кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы­ның бір ғана бап­тағы құдіретін осы­лай таны­тқан едік. 

Сол кез­дер­де басқа да бап­тар­дың заң­ды­лық күші бабын­да екенін дәлел­де­ген келесі бір деректі оқиға­ны мысал ретін­де кел­тірей­ін. Осы заң­дағы 25-бап­та: «1. Тұрғын үйге қол сұғыл­май­ды. Сот­тың шеші­мін­сіз тұрғын үйден айы­руға жол беріл­мей­ді. Тұрғын үйге басып кіру­ге, оны тек­се­ру­ге және тін­ту­ге заң­мен бел­гі­лен­ген рет­тер мен тәр­тіп бой­ын­ша ғана жол беріледі» деп жазы­лған. Осы аудан­ның Қарағаш ауы­лын­да шару­а­шы­лы­ққа жаңа­дан кел­ген дирек­тор кең­сенің қасын­дағы жабық тұрған үйдің құл­пын ашқы­зып, баса көк­теп кіреді. Үйдің заң­ды иелері Явлен­ка мен Чири­ков­ка село­ла­рын­дағы жұмыс орын­да­ры­на барып-келіп істеп жүр­ген. Ол кез­де шару­а­шы­лы­қтар­да қазір­гі­дей бос тұрған үйлер бол­май­тын. Әлгі үйді босатқы­зуға дәмесі бар жаңа кел­ген бастық әркім­нің айтқа­ны­на еріп, әдет­те­гі қызу­лы екпіні­мен заң­ды бір­ден аяққа тап­таға­нын өзіне қар­сы қыл­мыстық іс қозғалған­да бір-ақ біл­ді. «Біл­ме­стік­тің» ақы­ры сот­тың үкі­мі­мен аяқталды. 

Соны­мен 1995 жылы Ата заңы­мы­здағы 7‑бапта «Қазақ тілі – мем­ле­кет­тік тіл» деп жазы­луы­на қол жет­кіздік. Бірақ содан бері өткен уақыт­тың іс жүзін­де­гі нәти­же­сі қан­ша­лы­қты қын­жы­лар­лық жағ­дай­да екен­ді­гін қай­та­лап айту­дан бәрі­міз де мезі бол­дық. Кеңе­стік идео­ло­гия 70 жыл­дан астам (1917 ж. – 1991 ж.) ұлты­мы­здың сана-сезі­міне бат­пан­дап сіңдір­ген «мәң­гүрт­тік­тің сал­да­ры­нан» айы­ғып, мысқал­дап шыққан­ша, тағы да қан­ша­ма уақыт тау­сыл­мас төзім­ділік­ті талап ететінін сезіне баста­дық. Өз басым мем­ле­кет­тік тіл мәсе­ле­лері­мен 1990 жыл­дан бастап үзбей айна­лы­сып, нәти­же­сін­де ұлты­мы­зға тән қаза­қ­ша «қонақ­жай­лы­лық» және орыс­ша «толе­рант­ность» деген сай­ын, оған сая­си мән беріп, сын көз­бен қарай баста­дым. Осы қадір­лі ата­у­лар­ды жамы­лған қан­ша­ма іс-әре­кет­тер кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы­мы­зға нұқ­сан кел­тіріп, әсіре­се ана тілі­мізді тырп еткіз­бей­тін тұсау болға­нын неге айт­пай­мыз?! Ата заңы­мы­здағы «… орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­ла­ды» деген зіл­дей тір­ке­мені, яғни 7‑баптың 2‑тармағын толық алып тастаған­да ғана қазақ тілі ешқан­дай кедер­гісіз (әлгін­дей тір­ке­месіз) нағыз мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесіне толық ие бола ала­ты­нын көбі­міз өте жақ­сы білеміз.

Зулап өте шыққан 30 жыл­дағы­дай тағы да үн-түн­сіз көне бер­сек, онда осы ой-пікір­лер жай ғана бос сөз­дер болып қала береді. Егер қазақ тілін әлгін­дей еркін мем­ле­кет­тік тіл­ге айнал­ды­ра алсақ, онда ұлт­тық иде­я­ны іске асы­рға­ны­мыз болып сана­лар еді. Алды­мен мұны мем­ле­кет­тің өзі бастап қолға алуы керек, бірақ ол да жет­кіліксіз, мұны қазір­гі қоғам өмірін­де­гі бар­лық субъ­ек­тілер­дің қол­да­уы өте маңы­зды. Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тік және қоғам­дық құры­лым­дар­да қазақ тілін зер­де­леу, мең­ге­ру, қол­да­ну бой­ын­ша бел­гі­лен­ген іс-шара­лар­ды әлі де бел­сен­ді және табан­ды түр­де жүр­гі­зу қажет­ті­гін зерт­те­ушілер де рас­тап отыр.

Мем­ле­кет­тік ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны қалып­та­сты­ру­дың дер­бес субъ­ек­тісі – қазақ ұлты. Себебі қазақ ұлы­сы ежел­ден тари­хи ота­ны жағы­нан ең тұрғы­лы­қты этнос болып сана­ла­ды. Аны­қтап айтқан­да, қазақ тілін толық мең­гер­ген, ана тілін­де еркін сөй­лей­тін, ойлай­тын, түс көретін, күлетін, жылай­тын, оқып-жаза білетін, ұлт­тық сана-сезі­мі тумысы­нан сақталған кәдім­гі қаза­қтар. Бірақ осын­дай қаза­қы қалы­пқа кел­тіру­ге қан­ша­ма тыры­сып бақ­сақ та, әсіре­се оры­сы орман­дай біздің теріс­кей елін­де екінің бірінің қолы­нан келе бер­мей­ді. Мыса­лы, қазір­гі зерт­теу деректері бой­ын­ша, сот про­це­стеріне қаты­су­шы­лар­дың басым көп­шілі­гі орыс тіл­ді қаза­қтар екен. Істер­ді қарау кезін­де аудар­ма мәсе­лесін шеш­кен­де, сот амал­сыздан шешім шыға­рып, яғни ана тіл­ді бір қаза­қтың сөзін екін­ші аудар­ма­шы қазақ үшін­ші бір орыс тіл­ді қаза­ққа ауда­рып береді. Неме­се керісін­ше, орыс тіл­ді қаза­қтың сөзін аудар­ма­шы ана тіл­ді қаза­ққа ауда­рып береді. Судья, про­ку­рор, тер­ге­уші, хат­шы, сот­та­лушы, жәбір­ле­ну­ші және куә­гер­лер­дің бәрі де қазақ ұлты­нан болып, яғни тер­геу бары­сын­да және сот залын­да ара­ла­рын­да бір орыс жоқ бол­са, сон­да мем­ле­кет­тік тіл­дің құқы­қтық мәр­те­бесін кім­дер­дің қор­лап, өзінің табиғи орта­сын­да неге еліне керексіз, аяқ асты болып жатқа­ны­ның себеп-сал­да­рын айт­пай-ақ түсі­ну­ге бола­ды. Заң­гер және аудар­ма­шы ретін­де осын­дай масқа­ра, небір келеңсіз көріністер­дің куәсі болуы­ма тура кел­ді. Билік­тің негіз­гі бір тәу­ел­сіз тар­мағы – әділ сот­ты осы­лай тығы­ры­ққа тіре­се, онда басқа қан­дай амал бар?! Мұн­дай­да атақты Цице­рон­ның: «Сот – заң­ды жүзе­ге асы­ру­шы­сы, ал заң – оның үнсіз қол­да­у­шы­сы» деген көре­ген­ді­гін қай тұрғы­дан түсі­нуді біл­мей, үнсіз ғана дал бола­ды екенсің!

Міне, кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы­мыз тура­лы тақы­ры­пқа бай­ла­ны­сты ана тілі­міздің осы бір түйт­кіл­ді мәсе­лесі сағы­здай созы­лған сөз­бұй­да­лы­ққа салы­нып, оған ешқан­дай тір­ке­месіз, еркін сал­та­нат құра­тын мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесін таза алып беру­ге шама-шарқы­мыз жет­пей отыр. Ал Ата заңы­мы­здағы осын­дай шикілі­гі мол, әлі де толық піс­пе­ген, жетіл­ме­ген бір кем дүни­е­лер бар екен­ді­гін айту – қаза­қстан­дық пат­ри­о­тизм­ге негіз­дел­ген біздің ұлт­тық пары­зы­мыз. Бұл – 30 жыл­дан астам ана тілі­міздің шынайы жана­шы­ры болған «Қазақ тілі» қоға­мы­ның жанай­қай­ла­ры, яғни қазір­гі қаза­қы қоғам­ның нағыз ұлт­тық мем­ле­кет болуға ұмты­лыс ізде­ген мұра­ты, әбден ушы­ққан көкей­те­сті мәселелері. 

Тағы бір ащы мысал, осы Ата заңы­мы­зда «жари­я­лы­лық» деген ата­уы ғана шулы құқы­қтық ұста­ным анық бекітіл­ген, яғни 20-бап­та сөз бен шығар­ма­шы­лық еркін­ді­гіне кепіл­дік беріліп, ал цен­зу­раға тый­ым салы­на­ты­ны қатаң түр­де ескер­тіл­ген. Бірақ іс жүзін­де және бас­пасөз бетін­де керісін­ше екен­ді­гін оқыр­ман қауым жақ­сы біледі. Мыса­лы, біздің облыс (13.09.2019 ж.) және қала әкім­дерінің (28.06.2022 ж.) жер­гілік­ті тұрғын­дар­мен кез­де­су­лерін­де ана тілі­міздің дамуы­на кедер­гі кем­шілік­тер­ді жіп­тей тізіп, бұл аздай, арты­нан облы­стық про­ку­рорға дей­ін талай жаз­ба­ша сұрау сал­дым. Осын­дай билік­тің құры­лы­мын­да оты­рған орыс тіл­ді шене­унік қаза­қтар­дың сана-сезі­міне жет­кі­зу мақ­са­тын­да «Фото­об­ви­не­ния по пере­вод­че­ско­му делу» атты өте көлем­ді орыс­ша мақа­лам­ды дай­ын­дап, айып­тау фото­су­рет­тері­мен бір­ге біздің қала­мы­здағы «Север­ный Казах­стан», «Про­спект СК» және «Неде­ля СК» газет­терінің редак­ци­я­ла­ры­на тап­сыр­дым. Алды­мен ондағы­лар орыс­ша мақа­лам­ды жари­я­ла­у­ға көн­ген сияқты болып, бірақ тым ұзақ уақы­тқа созғы­лап, сосын бай­ла­ны­сқа шық­пай қой­ды. Осы жөнін­де облы­стық про­ку­ра­ту­раға жаз­ба­ша жүгін­ген­де, мені тағы да сен­діріп, бірақ арты­нан ара­ласқы­сы кел­ме­ген соң, ең соңғы жау­ап хатын­да редак­ци­я­ның ісіне кіріс­пей­тінін жазып жал­тар­ды. Сөй­тіп мем­ле­кет­тің ең құн­ды мүд­десі – мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесінің еш аяу­сыз және сұра­у­сыз бұзы­лып жатқа­нын тура тек­серіп, тез аны­қтап, құқы­қтық баға беретін құдіреті күшті деген құзыр­лы орган да осы­лай таса­дан бақы­лай­тын бол­ды. Нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік мүд­де мем­ле­кет тара­пы­нан қорға­у­сыз қалып, ал Ата заң­дағы «жари­я­лы­лық» дегені­міз – жай ғана жай­дақ сөз болып қала берді. 

2010 жыл­дан бері жари­я­ла­у­ға жіберіл­ген әлгін­дей деректі мақа­ла­ла­рым­ның қала­лық ішкі сая­сат және тіл­дер­ді дамы­ту бөлім­дерін­де тоғы­ты­лып, орын­дал­май­тын уәде­ге толы маған арналған жау­ап хат­та­ры­мен тежеліп жатқа­нын жақ­сы білетін­мін. Бұл әре­кет­терім­нен ешқан­дай оң нәти­же шық­пай­ты­ны­на әбден көзім жетіп, 2023 жыл­дың басын­да маған амал­сыздан рес­пуб­ли­ка дең­гей­іне шығуы­ма тура кел­ді. Нәти­же­сін­де рес­пуб­ли­ка­лық «Казах­стан­ская прав­да» газетін­де (№ 61, 03.04 2023 ж.) жарқ етіп «Как нару­ша­ет­ся пра­во­вой ста­тус госу­дар­ствен­но­го язы­ка» атты мақа­лам жари­я­лан­ды. Осы мақа­ла­дан кей­ін 30 жыл­дан астам ілулі тұрған «Рома­нов­ское учи­ли­ще­сі» деген аудар­ма­да қатесі бар ескерт­кіш маң­дай­ша алы­нып таста­лып, биыл ғана осы тари­хи ғима­рат­тың бет қабы­рға­сы­на «Рома­нов учи­ли­ще­сі» деп түзетіліп жазы­лған жаңа тақтай­ша ілін­ді. Осы­ның алдын­да ғана менің аты­ма Қаза­қстан­ның рес­пуб­ли­ка­лық адво­кат­тар алқа­сы­нан тез жау­ап хат (03.02.23 ж., шығыс № 04- 01136) келіп, онда біздің облы­стағы екі фили­а­лы­ның маң­дай­ша­ла­рын­дағы аудар­ма­лар­дағы өрес­кел қате­лер­ді түзе­ту­ге нұсқау беріл­гені жазы­лып­ты. Осы облы­стағы төраға­сы А.И.Шипп ескілерін жаңа­дан дай­ын­даған қатесіз маң­дай­ша­лар­мен тез ауы­сты­рып, жедел түр­де орын­даға­нын дереу хабарлады.

Ал осы­дан 4 жыл бұрын 2019 жылғы облыс әкі­мінің кез­де­суі­нен кей­ін ауы­сты­руға қара­жат жоғын талай сыл­та­у­ра­тып, енді осы орыс тіл­ді төраға­ның құстай ұшып, аяқ асты­нан қара­жат тапқа­ны аса таң қал­дыр­ды. Екі жақты текетірес біраз қағаз­ба­сты­лық әуре-сар­саңға сал­ды­рып, бірақ кеш бол­са да ісім­нен оң нәти­же шыққа­ны­на іштей руха­ни риза бол­дым. Облыс про­ку­ро­ры­ның аты­на жол­данған менің соңғы хаты­ма жау­ап ретін­де облы­стық әкім­дік­тің Тіл­дер­ді дамы­ту басқар­ма­сы (12.07.2023 ж., шығыс № 21.5 – 5/1105) қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кер­лері Қаныш Сәт­ба­ев пен Ніл Болат­ба­ев атын­дағы көше­лер­де­гі аншлаг­тар­ды дұры­стау тура­лы менің ұсы­ны­сым Пет­ро­павл қала­сы­ның әкі­міне жол­да­нып, Жұма­бек Тәше­но­втың тегін де құжат­та­ры­на сәй­кес біріз­ден­ді­ру мәсе­лесі қарас­ты­ры­лып жатқа­нын хабар­лап­ты. Бұған қоса қала­ның қақ орта­сын­дағы «Ёби­доё­би» атты суши-бар­дың осын­дай өте өрес­кел ата­уын ауы­сты­руға басқар­ма­ның құзіреті жоқ екен­ді­гін мой­ын­дап жазып­ты. Осын­дай масқа­ра заңбұ­зу­шы­лы­қтар тура­лы мақа­лам­ды облы­стық бас­пасөз де созғы­лап жари­я­ла­май қой­ды. Ал рес­пуб­ли­ка­лық «Бұқ­па» газеті (№23, 08.06.2023 ж.) был­тыр үлкен айып­тау фото­су­реті­мен жарқ еткізіп, екі бетіне лез­де жари­я­ла­ды. Міне, «жари­я­лы­лық» дегені­міз осын­дай болу керек қой! Әйте­уір, осы­лай теріс­кей­де­гі жер-көк­ті шула­тып, қала­мы­здағы қаза­қы қауым был­ты­рғы күз­де осы анайы ата­уды ақы­ры алдыр­тып тындық.

2010 жыл­дан бері жиналған осын­дай құрғақ уәде­лер­ге толы, бір сарын­ды сырғыт­па жау­ап­тар­ды салы­сты­ра тал­дап оты­рып, орыс тіл­ді атқа­ру­шы билік мем­ле­кет­тік тіл­де­гі жай ғана екі-үш қате­лер­ді түзе­туі үшін ең аз деген­де үш-төрт жыл­ды жібе­ретінін бай­қа­дым. Біздің облы­стағы билік тар­мақта­рын қағаз­ба­сты жай­барқат күй­ден тез шыға­рып, асы­қты­ру үшін, тағы да рес­пуб­ли­ка дең­гей­іне жиі-жиі шығу керек сияқты. Мем­ле­кет­тік меке­ме деген дар­дай ата­уды 30 жыл­дан астам жамы­лып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­теріне қазы­на­дан қыру­ар қара­жат жұм­са­лып, бірақ мем­ле­кет­тің мүд­де­лерін қызғы­штай қори алма­са, қара­жат құр шашы­лып ақтал­ма­са, онда бұн­дай құзы­ры әлсіз меке­ме­лер­дің әділет­ті жаңа Қаза­қстан­ды құруға қан­ша­лы­қты кере­гі бар?! Міне, осы­лай өз елі­нен оқша­у­ланған билік, оның жабу­лы қаза­нын­дағы Ата заң және олар­дан мүл­дем тысқа­ры тұрған қара­пай­ым ел, яғни үше­уі үш бөлек, өза­ра бай­ла­ныс пен сабақ­та­сты­ғы, қоғам­дық келісім­дері жоқ десем, қате­ле­с­пей­тін шығармын. 

Жоға­ры­да кел­тіріл­ген билік тар­мақта­рын­дағы кем­шілік­тер­ді дер кезін­де аны­қтап, қоғам­ның дамуын тежей­тін кедер­гілер­ді еш бүк­пе­сіз жария ететін – қазір­гі ақпа­рат құрал­да­ры, яғни «төр­тін­ші билік». Бірақ олар­да іс жүзін­де ондай еркін­дік әлі бол­май тұр. Сон­ды­қтан жаңа қоғам­ды дамы­та­тын қазір­гі қозға­у­шы күш­тер бір­лесіп, сөз бостан­ды­ғы­на жол ашқы­зу керек. Сөйт­сек қана кер­тарт­па әре­кет­тер мен кедер­гі дүни­е­лер дер кезін­де әшке­ре­леніп, маңы­зды мәсе­ле­лер тез шешіліп жат­са, жари­я­лы­лық – нағыз демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лық ретін­де өз нәти­же­сін берер еді. Сон­да ғана елі­міз құқы­қтық мем­ле­кет ретін­де қалып­та­сып, қазір­гі Ата заңы­мыз үстем­дік алып, ал оның 20-бабы еркін сал­та­нат құрар еді!

Қай­рат АРҒЫНҰЛЫ,

ҚР тәу­ел­сіз заң­гер­лер пала­та­сы­ның заңгері,

ҚР Жур­на­ли­стер одағы және «Қазақ тілі» қоғамы

Пет­ро­павл қала­лық бөлім­ше­сінің алқа мүше­сі       

Республиканский еженедельник онлайн