Воскресенье , 6 июля 2025

АТУ ЖАЗАСЫН 345 КҮН КҮТКЕН БАТЫР

Былтыр (17.12.2021 жылы) жел­тоқ­сан­шы батыр Мыр­за­ғұл Әбдіқұ­лов жөнін­де «Ату жаза­сын 345 күн күт­кен батыр» деген тақы­рып­пен мақа­ла жазған едім. Оның 1986 жылғы 17 жел­тоқ­сан­да көр­сет­кен ерлі­гін, Кеңес үкі­меті­нен көр­ген қор­лы­ғын, ал қазір еле­усіз қалға­нын жазып, жел­тоқ­сан­шы баты­рға мем­ле­кет тара­пы­нан құр­мет көр­сетіл­сін, бас­па­на алып беріңіз­дер деп, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­евқа хат жолдадым. 

Бірақ пре­зи­дент­тен жау­ап бол­маған соң, сол кез­де­гі ҚР мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Ерлан Карин­ге, ҚР Пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гінің бас­шы­сы Нұр­тілеу Мұрат мыр­за­ға және Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Ербо­лат Доса­евқа қосым­ша хат жібер­дім. Өкініш­ке орай, олар­дан да не көмек, не жау­ап бол­ма­ды. Енді билік тара­пы­нан Мыр­за­ғұл Әбдіқұ­ло­вқа ешқан­дай көмек бол­май­ты­ны­на әбден көзім жетті. 

Сон­ды­қтан да Жел­тоқ­сан баты­ры­на халық болып көмек­те­сей­ік, баты­рға үй алып берей­ік деп, баста­ма көтеріп отыр­мын. Себебі – сол менің мақа­лам әле­умет­тік желі­де жари­я­ланған соң, көп­те­ген аза­мат­тар Мыр­за­ғұлға үйді өзі­міз алып берелік, есеп­шо­тын жазы­ңыз деген болатын. 

Бірақ мен ол кез­де жоға­ры­дағы атта­ры аталған аза­мат­тар көмек­те­сетін болар деп үміт­теніп едім. Ол болмады. 

Жақ­сы­лы­қтың ерте-кеші жоқ деген сөз бар. Енді халы­қтың баты­ры­на халық өзі көмек­те­сетін болар деп сенемін.

Жалпақ жұр­тқа, әсіре­се кей­ін­гі ұрпаққа түсінік­ті болу үшін, Мыр­за­ғұл Әбдіқұ­лов кім еді – соған тоқта­лай­ын. Ол – Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де қазақ қызы­ның абы­рой­ын қорғай­мын деп, арма­ту­ра темір­мен қару­ланған арнайы жасақты өлтіріп, ату жаза­сы­на кесіліп, жалғыз өзі бір адам­дық каме­ра­да 345 күн үкім­нің орын­да­луын күт­кен қаза­қтың батыр ұлы.

Оған тағы­лған айыптар:

1. Ол Қазақ КСР Қыл­мыстық кодексінің 60-бабы бой­ын­ша ұлт араз­ды­ғын қоз­ды­рға­ны үшін – 3 жылға;

2. 65-бап бой­ын­ша, жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке қаты­сып, оны ұйым­да­сты­рға­ны үшін – 15 жылға;

3. 202-бап­тың 3‑тармағы бой­ын­ша, суық қару алып жүр­гені үшін – 1 жылға кесілді; 

4. 214-бап бой­ын­ша, нашақор, мас­кү­нем, қал­та­сы­нан ана­ша табыл­ды деген жала да жабылды. 

5. 88-бап­тың 1‑тармағының «б» бөлі­гі бой­ын­ша, қасақа­на адам өлтір­гені үшін – ату жаза­сы­на кесілген. 

Мыр­за­ғұл Жел­тоқ­сан баты­ры Қай­рат Рысқұл­бе­ков­пен бір­ге екі ай бойы бір каме­ра­да жат­ты. Түр­ме­де нешетүр­лі қор­лық пен зор­лық көр­се де, ешкім­ге басын име­ген, сағы сын­баған ер жігіт. Сот үстін­де про­ку­рор­дың сұрағы­на: «Мен ұлтым­ның ары мен намысын, қазақ қызы­ның абы­рой­ын қорға­дым, егер де ондай жағ­дай қай­та­лан­са, тағы да өлтірер едім», – деп жау­ап бер­ген батыр. 

Мырза­ғұл Әбдіқұ­лов 1986 жылы 19 жел­тоқ­сан күні қамауға алын­ды. Бүгін­де 70-тен асқан аға­мыз ату жаза­сын бір адам­дық өте тар каме­ра­да 345 күн бойы күтіп отырады. 

Ешкім­мен жолы­қтыр­май­ды, тере­зесі жоға­ры­да, ішін­де төсек-орын жоқ. Таң­ның атқа­ны, күн­нің батқа­ны, қыс па, жаз ба – бел­гісіз. Ешкім оны­мен сөй­ле­с­пей­ді. Ара­сын­да тар қапас­тан алып шыға­ды, бұл «ату жаза­сын бүгін орын­дай­тын болар» деп күте­ді. Жоқ, атпай­ды, тек пси­хо­ло­ги­я­лық қысым жасай­ды. Ең соңын­да «мені аты­ң­дар» деп айқай­лаған кез­дері де болған. 

Жалғыз адам­дық өлім каме­ра­сын­да оты­рға­ны­на 345 күн болған­да, Мыр­за­ғұл­ды тағы да каме­ра­дан шыға­ра­ды. Жалғыз өзін айдап апа­рып жуын­ды­ра­ды, үстін­де­гі киі­мін ауы­сты­ра­ды. Бұл – күн­де­гі әдет­тен өзге­ше бола­ды. Мыр­зе­кең бүгін мен мынау жарық дүни­е­мен қошта­са­тын соңғы күн бол­ды ғой деп ойлайды. 

Артын­да аңы­рап қалған ана­сы «әке­шім қашан келеді», деп шырыл­дап жылап жүр­ген бала­сы, күй­е­уін күт­кен адал жары – бәрі-бәрі Мыр­за­ғұл­дың көз алды­нан елес болып өтіп жатады. 

Ең бол­ма­са біре­уін көріп, бауы­ры­на басып, қоштасқы­сы келеді. Бірақ ол арман ғана… 

Содан Мыр­зе­кең бүгін ең соңғы жарық дүни­е­мен қошта­са­тын күнім екен деп, іштей күбір­леп има­нын оқи­ды. Сарт-сұрт ашы­лып-жабы­лған бір­не­ше темір есік­тер­ден өтеді. 

Бір кез­де оны үлкен залға алып келеді. Төр­де­гі үстел­дің басын­да әске­ри шен­ді бас­шы­лар оты­ра­ды. Бұл есік­тің алдын­да тұра­ды. Қақ төр­де оты­рған әске­ри адам үкім­ді оқи бастай­ды. Мыр­за­ғұл бұны «ату жаза­сы­ның үкі­мі болар» деп, іштей дай­ын болып, қасқиып күтіп тұра­ды. Бірақ бұл күт­кен­дей үкім бол­май шыға­ды. КСРО Жоғарғы Кеңесі пре­зи­ди­у­мы­ның төраға­сы Андрей Гро­мы­ко­ның бұй­ры­ғы­мен ату жаза­сы 20 жыл­дық «осо­бый режим­ге» ауыстырылады.

Мыр­зе­кеңнің құлағы шуыл­дап кете­ді. Сөй­тіп, өлім жаза­сы­на кесіл­ген ада­мға тағы да 20 жыл өмір сүру бақы­ты бұйырады. 

Мүм­кін, анам­ды, бала­ла­рым­ды, жарым­ды көретін бол­дым-ау деген үміт оты да жарқ еткен­дей болады. 

Содан Мыр­за­ғұл­ды Ресей­дің Сібір­де­гі түр­месіне этап­пен алып кете­ді. «Осо­бый режим­де­гілер» Мыр­за­ғұл­ды жақ­сы қар­сы ала­ды. Кеше­гі ату жаза­сын күт­кен күн­дер­дің қасын­да бұл құда­сы­ның үйіне қонаққа кел­ген­дей болады. 

Деген­мен түр­ме қай­дан жақ­сы бол­сын, мұн­да да талай қиын­ды­қтар­ды көреді. Сон­да да қаза­қтың қай­сар ұлы­ның сағы сын­бай шыға­ды. Кей­ін­нен Өске­мен­де­гі «осо­бый режим­де», одан соң Алма­ты­ның түбін­де­гі «Зареч­ный­дың» түр­месін­де оты­ра­ды. Ақы­ры елі­міз тәу­ел­сіздік алған соң, 1993 жылы ең соңғы сот­талған жел­тоқ­сан­шы болып, түр­ме­ден бостан­ды­ққа шығады. 

Мыр­за­ғұл аға­мы­здың жанұя­сы да көп қор­лық көреді. Келін­ше­гі Әбдіқұ­ло­ва Қазы­на­гүл­ді «КГБ» күні-түні тер­ге­у­ге ала­ды. «Күй­е­уім арақ ішеді, нар­ко­ман, мас­кү­нем бол­ды, мені ұра­тын еді» деп, түсінік беруін талап етеді. 

Бірақ адал жары қан­дай қор­лық көр­се де, жол­да­сы­на сатқын­дық жаса­май­ды. Сол қор­лы­қтың сал­да­ры­нан, аяз бен суы­қтан 7 айлық сәбиі шеті­неп кетеді. 

Мыр­за­ғұл­дың ана­сы Сұлуқас әже­міз күні-түні бала­сын сағы­нып, жыла­у­мен өте­ді. Ақы­ры қай­ғы мен күй­ік ішіне түсіп, 77 жасын­да 1990 жылы қай­тыс бола­ды. Ана­сы бала­сы­ның аман кел­генін көр­меді, бала­сы ана­сы­на бір уыс топы­рақ сала алмады…

Түр­ме­ден кел­ген­де де, Мыр­за­ғұл­ды ешкім қар­сы алған жоқ. Көп­ке дей­ін өзінің жел­тоқ­сан­шы екенін билік­ке дәлел­дей алмай кел­ді. Сол кез­дер­де Мыр­зе­кеңе қара­пай­ым жұмысқа кіру де қиын болды. 

Мыр­за­ғұл аға­мы­зды тағы да тағ­дыр­дың ең ауыр сынағы күтіп тұра­ды: жаны­нан да артық жақ­сы көретін аяу­лы қызы Алма­гүл ақ қан ауруы­на шал­ды­ға­ды. Қызын емде­ту­ге мүм­кін­ді­гі бол­ма­ды, билік­тен де көмек көр­меді… Ақы­ры 2004 жылы 21 жастағы қызы­нан айырылды…

Мырза­ғұлға ең ауыр тиген тағы бір жан жара­сы – өзінің жел­тоқ­сан­шы екенін жел­тоқ­сан­шы­ларға дәлел­деу қиын бол­ды. Менің был­ты­рғы жазған мақа­лам­ды халық қат­ты қол­да­са да, Мыр­за­ғұлға қар­сы пікір жазған­дар да болды. 

Олар­дың айта­тын сөзі – «оқиға алаң­ның орта­сын­да емес, сыр­тын­да болған», «ол жел­тоқ­сан­шы емес, адам өлтір­ген адам», тағы да сол сияқты қаза­қ­бай пыш-пыш өсек әңгіме. 

Егер де бұл жай оқиға бол­са, Мыр­за­ғұл­дың Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сы бол­ма­са, оны Қазақ КСР Қыл­мыстық кодексінің 5‑бабымен сот­та­мас еді! Біздің құрғақ сөз қуған қазақ осы қара­пай­ым қисын­ды түсінбейді. 

Қысқа­сы, Мыр­за­ғұл баты­рға қаты­сты был­тыр жол­данған хат­та билік­ке мына­дай ұсы­ны­стар айтқан едім:

1. Жел­тоқ­сан қаһар­ма­ны Мыр­за­ғұл Әбдіқұ­лов аға­мы­здың ерлі­гіне лай­ы­қты баға берілсін. 

2. Мыр­за­ғұл Әбдіқұ­ло­вқа батыр­ларға лай­ы­қты құр­мет көр­сетіліп, мем­ле­кет тара­пы­нан жоға­ры мара­пат беру керек. Аға­мыз қазір 71 жаста, оны тірісін­де баға­лай­ық. Ертең кеш қаламыз!!! 

3. Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Ербо­лат Доса­ев мыр­за, Жел­тоқ­сан қаһар­ма­ны Мыр­за­ғұл Әбдіқұ­ло­вқа Алма­ты қала­сы­нан 4 бөл­мелі пәтер беруіңізді сұрай­мыз. Егер де үй беру қол­да­ры­ңы­здан кел­ме­се, онда халық болып қар­жы жинап, үйді өзі­міз алып бере­міз. Тек ашып айтыңыздар! 

5. Жел­тоқ­сан­шы­лар­дың қоғам­дық ұйым­да­ры ара­сы­на жік салған­ды тоқта­тып, бар­лы­ғын бір ұйы­мға топ­та­сты­руға ұйтқы болу керек.

6. Мем­ле­кет тара­пы­нан Жел­тоқ­сан ұлт-азаттық көтерілісі тура­лы тари­хи кино түсірілуі қажет. Біз өткен­ді ұмыт­сақ, бола­шақ ұрпақ бізді ұмы­та­тын болады. 

Міне, ара­да бір жыл өтті. Бірақ ұсы­ны­стар­дың бір­де-бірі орын­далған жоқ. Себебі – Мыр­за­ғұл батыр­дың бір ғана айы­бы бар: ол тура шын­ды­қты бет­ке айта­ды, мынау пре­зи­дент екен, анау әкім екен деп, ешкім­ге жағы­ну­ды біл­мей­ді. Ешкім­ге жағым­паз­дан­бай­ды, мықты­ның сөзін сөй­ле­мей­ді. Тура­сын айтқан адам билік түгілі, туға­ны­на жақпайды. 

  • Сон­ды­қтан да аға­мы­зға халық болып қол­дау көр­се­тей­ік. Осы жел­тоқ­сан айын­да баты­рға үй алып берей­ік. «Көп түкір­се – көл» деген, бәрі­міз қол­дау жасай­ық. Бір мың тең­ге­ден сал­сақ та, көп көмек болар еді. 

Мүм­кін, жүре­гін­де има­ны, қолын­да қай­ы­ры­мы бар кәсіп­кер аза­мат­тар көп­теп көмектесер. 

Мыр­за­ғұл аға­ның телефоны:

КАСПИЙ ГОЛД +77015473851 МЫРЗАГУЛ

Жәні­бек ҚОЖЫҚ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн