Понедельник , 12 мая 2025

АТЫШУЛЫ «ЭКСПО ІСІ»: жаңа жағдаяттарға байланысты ҮКІМГЕ «ПРОТЕСТ» ҚАЖЕТ

ҚР Бас про­ку­ро­ры Берік Асы­лов мырзаға!

Жуы­қта бірқа­тар интер­нет ресур­стар­да (Ulysmedia.kz* және «Вре­мя сво­бо­ды»** – төмен­де­гі сіл­те­ме­ге қараңыз) бұры­нғы ЭКСПО-2017 Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы басқар­ма­сы төраға­сы­ның экс-орын­ба­са­ры Мұрат Ома­ро­втың (сурет­те оң жақта) сұх­ба­ты жари­я­лан­ды. Еске сала кетей­ін, бұл аза­мат кезін­де елдің құқық орган­да­ры мен қаза­қстан­дық медиа «жер жарған жемқор­лық шырға­лаңы» деп атаған «ЭКСПО ісі» бой­ын­ша 14 жылға сот­талған басқар­ма төраға­сы Талғат Ерме­ги­я­ев­пен (сурет­те сол жақта) бір­ге 4,5 жылға қама­лып, шар­тты мерзім­мен босап шыққан еді.

Тағы да депу­тат әріп­те­стерім­нің есіне салай­ын, ресми деректер бой­ын­ша, ЭКС­ПО-ның құры­лы­сы­на мем­ле­кет­тен 565 млрд 100 млн тең­ге (сол кез­де­гі бағам бой­ын­ша 2,1 млрд дол­лар) бөлін­ген еді. «ЭКСПО ісі» бой­ын­ша осы қара­жат­тың (жал­пы жиы­ны) 10 мил­ли­ард 200 млн тең­гесі талан-тара­жға түсті деген желе­умен 23 адам жаза­ға тартылған-ды.

Міне, бүгін­де әле­умет­тік желілер­ді шар­лап жүр­ген, интер­нет ресур­стар­дың қаза­қстан­дық сег­мен­тін­де қоғам қызу талқы­лаған тақы­рып­тар­дың біріне айналған осы сұх­бат­та «ЭКСПО жемқор­лы­ғы­на» қаты­сты жаңа жағ­да­ят­тар жария етілген.

Ең басты­сы – сұх­бат спи­кері Ома­ров мыр­за бұл жемқор­лы­қты «сау­сақтан соры­лған», жалған және жасан­ды деректер негізін­де «қара жіп­пен көк­теліп» жүр­гізіл­ген іс деп, Бас про­ку­ра­ту­ра мен кезін­де Қай­рат Қожам­жа­ров басқарған «Анти­кор» агент­ті­гін ашық айып­тай­ды. «Иә, ЭКС­ПО-да жемқор­лық қыл­мыс болған, бірақ ол жемқор­лы­қты Ұлт­тық ком­па­ни­я­ның басқар­ма­сы емес, елдің кезін­де­гі сая­си бас­шы­лы­ғы тағай­ын­даған басқар­ма басты­ғы­ның кеңес­шісі жасаған» дей­ді сұх­бат­тың спи­кері. Сот­та­лушы­лар кезін­де ашық айту­дан қай­мы­ққан ол кеңес­шінің аты-жөні – Айдос Еспо­лов. Оны «аны­қтал­маған тұлға» деп, қыл­мыстық істің фигу­рант­та­ры қата­ры­нан алып таста­уға ықпал еткен экс-пре­мьер-министр Кәрім Мәсі­мов пен «Анти­кор­дың» экс-төраға­сы Қай­рат Қожам­жа­ров деп көр­се­те­ді сұх­бат беруші.

Міне, сұх­бат­та айты­лған басқа айып­та­у­лар­ды есеп­ке алмаған­да, қоға­мға кеңі­нен тараған осы жазғы­руға қаты­сты тиісті орган­дар тара­пы­нан жау­ап берілуі тиіс еді. Бірақ біздің Бас про­ку­ра­ту­ра мен «Анти­кор­дың» ресми өкіл­дері ауыз ашпады.

Мем­ле­кет­тік күштік орган­дар­дың қыз­метіне көлең­ке түсіретін, аза­мат­тарға қаты­сты қуда­лау фак­тісі бар жеке­ле­ген қыл­мыстық істер «қол­дан жаса­ла­ды» деген айып­та­удан кей­ін және осы іске бай­ла­ны­сты қоғам тара­пы­нан тиісті орган­дар­дың іс-қимы­лы­на күдік туған соң, осы сұх­бат­та аталған жаңа деректер­ді пысы­қтау мақ­са­тын­да мен сұх­бат беру­ші аза­мат Мұрат Ома­ров­пен, оның және Талғат Ерме­ги­я­ев­тың адво­кат­та­ры­мен бір­не­ше кез­де­су өткіздім. Жал­пы жиы­ны 500 том­нан тұра­тын қыл­мыстық іс көшір­месінің негіз­гі момент­тері­мен таныстым.

Осы­ның нәти­же­сін­де мен бұл жағ­да­ят­ты «жаңа­дан жария болған жағ­дай» (вновь открыв­ши­е­ся обсто­я­тель­ства) деп баға­лай оты­рып, сұх­бат­та айты­лған деректер негізін­де Бас про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан мына­дай сұрақтар төңіре­гін­де жаңа­дан тек­серіс жүр­гізілуін сұрай­мын (Құр­мет­ті Бас про­ку­рор мыр­за, қозға­лып оты­рған мәсе­ленің егжей-тег­жейі жазы­лған депу­тат­тық сау­ал­дың жаз­ба­ша нұсқа­сын Сіз­ге қосым­ша жолдаймын):

1. Сол кез­де­гі ел бас­шы­лы­ғы басқар­ма төраға­сы­на «кеңес­ші» ретін­де қосып бер­ген және сұх­бат­та айты­лған­дай, «пара­ны бір­не­ше рет қытай­дың ала сөм­кесі­мен алған» адам кім? Айып­та­лушы­лар тер­геу бары­сын­да және сот про­цесі кезін­де аты-жөнін атап, одан жау­ап алу талап етіл­се де, «аны­қтал­маған тұлға» ретін­де ол адам қыл­мыстық істен неге алы­нып тасталды?

2. Айып­тау қоры­тындысы мен сот ісін­де заң­сыз сый­ақы алған «аны­қтал­маған тұлға­ның» аты-жөні өшіріліп, оның орны­на ешқан­дай дәлел-дәй­ексіз Талғат Ерме­ги­я­ев­тың сот­та­луы­на бай­ла­ны­сты про­ку­рор­лық баға берілуі тиіс деп есептеймін!

3. Тер­ге­удің нәти­же­сін­де 23 бір­дей аза­мат­тың қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­луы­на желеу болған пара беру­ші «сенім­ді өкіл» кім? Тер­геу бары­сын­да және сот кезін­де пара беру­ші адам­ның аны­қтал­маға­ны қалай? Пара­ны алушы – бар, ал беру­ші кім?

4. Басқар­ма бас­шы­сы­на пара беру фак­тісіне қаты­сы бар деп қыл­мыстық істе көр­сетіл­ген, бірақ пси­хи­ка­лық ауру ретін­де тір­ке­уде тұрған адам­ның тер­геу мен сотқа куә­гер ретін­де тар­ты­луы заң­ды өрес­кел бұзу фак­тісі болып табы­ла­ды. (Бір қызы­ғы – жүй­ке ауруы­на ұшы­раған бұл куә­гер сотқа дей­ін ауру­лар тізі­мі­нен шыға­ры­лып, сот біт­кен соң қай­та­дан есеп­ке алынған).

5. ЭКСПО құры­лы­сы­ның тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­месін жасаған «Рона» серік­те­сті­гінің (ЖШС) бас­шы­лы­ғы ЭКС­ПО-дан түс­кен қара­жат­ты офшорға ауда­рып жатқа­ны тер­геу бары­сын­да және сот бары­сын­да неге наза­рға алынбады?

Құр­мет­ті Берік Ноғайұлы!

Әділет ешқа­шан жар­ты­кеш бол­май­ды. «Әділет­ті Қаза­қстан» иде­я­сын қалып­та­сты­ру үшін ақиқат­ты аны­қтай­тын кез кел­ді. Бұл сияқты «пара беру» және «жемқор­лық» желе­уі­мен қуда­ланған, ал аны­ғын­да, кезін­де­гі жеке-дара билік «қолы­нан жетек­теп апа­рып сот­татқан» тұлға­лар­дың қата­рын­да – арғы­сы Әке­жан Қажы­гел­дин мен Ғалым­жан Жақи­я­но­втан бастап, бер­гісі – Серік Ахме­тов пен Жақ­сы­лық Досқа­ли­евқа дей­ін бірқа­тар қия­нат­ты істер бар. Бас про­ку­ра­ту­ра бұлар­ды да толық реа­би­ли­та­ция жаса­уға баста­ма жасай­тын уақыт бол­ды деп есептеймін!

Ал «ЭКСПО ісіне» қаты­сты ақиқат толы­ғы­мен аны­қта­лып, нақты жазы­қты­лар жау­а­пқа тар­ты­лып, бей­күнәлар ақта­луы тиіс! Сон­ды­қтан осы депу­тат­тық сау­ал­да көтеріл­ген және Сіз­ге жол­данған жаз­ба­ша нұсқа­да егжей-тег­жейі көр­сетіл­ген деректер бой­ын­ша «ЭКСПО ісіне» қай­та­дан ора­лып, елдің Бас про­ку­ро­ры ретін­де сот үкі­міне «про­тест» беруіңізді сұраймын!

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат БАПИ

Депу­тат­тық сау­ал­ды қол­даған депутаттар:

Нұр­тай Сабильянов

Қазы­бек Иса

Жанар­бек Әшімжан

Аман­жол Әлтай

Ринат Зай­ыт

Ерлан Стам­бе­ков

Қазы­бек Әбішев

*https://youtu.be/ejg2oFeDPjY?si=DnRV09zNF4IBfORM

**https://youtu.be/eaW3K7X2TXk?si=170_jVivS7VxymwV

(Фото­кол­лаж Ulysmedia.kz)

Республиканский еженедельник онлайн