Пятница , 30 мая 2025

АТЫҢ ӨШКІР LRT тағы да халықтық қаражатты қылғытатын болды

  • Сей­сен­бі күні мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың төраға­лы­ғы­мен елор­да­ны дамы­ту мәсе­ле­лері жөнін­де­гі кеңес өтті.

Мұн­да 25 жыл­дан бері Қаза­қстан халқы­ның есесін жеп, аузы­нан ыры­сын ысы­рып кел­ген Аста­на тура­сын­да біраз мәсе­ле айтыл­ды. Әрине, елор­да ел көр­кі бола­тын­дай қала болуы керек. Бірақ ол бұры­нғы Назар­ба­ев­тың кезін­де­гі­дей, ширек Қаза­қстан­ның бюд­жетін жал­май­тын той­ым­сыз шаһар болға­ны «Әділет­ті Қаза­қстан» қағи­да­сы­на қиғаш келеді.

Мәсе­лен, ысы­рап­шыл билік пен жал­мауыз жемқор­лар мил­ли­ард­таған қара­жат­ты қылғы­тқан LRT аспа­лы жолы­ның жоба­сы осы кеңе­сте тағы да сөз бол­ды. Бұл жоба­ны тағы да май­лап сіңі­ру үшін, пре­зи­дент Тоқа­ев аста­на­лы­қтар «көзіне жас алар­лық» біраз сөз айтты.

«Тұрғын­дар әлі күн­ге дей­ін аял­да­ма­да жар­ты сағат бойы тұруға мәж­бүр, – дей­ді пре­зи­дент. – Тіп­ті кей­де жола­у­шы­лар авто­бу­сқа сый­май жата­ды. Қазір Аста­наға 400-ден астам авто­бус жетіс­пей­ді. Алдағы 5 жыл­да бұл тап­шы­лық 2 есе артуы мүм­кін. 400 аял­да­ма­да авто­бус тоқтай­тын арнайы орын қарас­ты­рыл­маған», – деп барып, Тоқа­ев мыр­за «бит­тің құры­лы­сы­на» қай­та­дан орал­ды. Халы­қтың қанын сорған бұл «бит» – LRT.

«LRT-ға қаты­сты жұмысты мей­лін­ше тез­детіп аяқтау керек. Мен бұрын да айт­тым, LRT жоба­сы негізі­нен қате бол­ды. Бірақ қазір­гі таң­да басқа ама­лы­мыз жоқ, бұл жоба­ны жүзе­ге асы­руы­мыз керек. LRT-ның құры­лы­сын тоқтат­сақ, шығын одан да көп бола­ды. Ал бала­ма жоба­лар жоқ», – деді мем­ле­кет басшысы.

Егер LRT қате болған бол­са, оның қалқиған бетон баған­да­рын ысы­рап­шы­лық пен жемқор­лы­қтың ескерт­кі­ші ретін­де неге қалдырмасқа?

Әзір­ше, әрине. Назар­ба­ев­тың той­ы­мы жоқ көзі сияқты болып тұр­сын сіресіп! Ел эко­но­ми­ка­сы дағ­да­ры­стан шығып, қым­бат­шы­лық қамы­ты халы­қтан сыпы­ры­лған кез­де атың өшкір LRT-ға қай­тып келер едік.

Шама­сы, олай бол­май­ды-ау! Пре­зи­дент­тің пәр­мен бер­геніне қараған­да, сол «той­ым­сыз көз» әлі де халы­қтық қара­жатқа сұқта­нып тұрған сияқты…

Сырым ДАТОВ

ТИМУР МЕН ДИНАРА 

«Халықтағы» үлесін

КІМГЕ БӨЛІП БЕРЕДІ?

  • Тимур мен Дина­ра Құлы­ба­е­ва­ның «Алм­экс» хол­дин­гі өзіне тиесілі «Халық банк» акци­я­ла­ры­ның 18,1% акци­я­ла­рын Лон­дон бир­жа­сын­дағы жеке инве­стор­ларға сату тура­лы ойла­на баста­ды. Бұл тура­лы өз дереккөз­деріне сүй­еніп, Bloomberg жазды.

Сон­да олар «Халық банк­ті» бақы­ла­у­ға мүм­кін­дік беретін 51% акци­я­ны өздерін­де қал­ды­ра­ды. Ал қалған 49% акция жеке инве­стор­лар­дың қолын­да бола­ды және ашық нары­қта әрі-бері саты­лып жүре береді. Бұл өте ақыл­ды стра­те­гия екенін айта кет­кен жөн, деп жаза­ды Dalainside. «Халық банк» акци­я­ла­рын бүкіл әлем бой­ын­ша түр­лі инве­стор­лар ұстап оты­рған­ды­қтан, оның халы­қа­ра­лық ком­па­ния ста­ту­сы бар. Демек, банк­ке «Жаңа Қаза­қстан» билі­гі тиі­се алмай­ды. Ал «Алм­экс» банк пай­да­сы­нан 51% диви­денд алып оты­ра­ды. Яғни, банк негіз­гі қожай­ын­да­ры­на пай­да әке­луін жалға­сты­ра береді.

2021 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша, «Халық банк» Тимур мен Дина­ра Құлы­ба­е­ва­ларға 96 милл­ли­ард тең­ге пай­да алып кел­ді. 2022 жыл­дың кірісі одан да көп бола­ды деп болжа­нып отыр. Оған қоса, банк­тің 18,1% акци­я­сын сату олар­дың бай­лы­ғын есе­леп жібе­ретіні сөз­сіз. Осы орай­дағы тақы­рып­тың жалға­сын 13-бет­тен оқуға болады.

Бұл екі ара­да әле­умет­тік желілер­де қаза­қстан­дық шене­унік­тер­дің шетел­дер­ге тыққан ақша­сы 530 млрд тең­ге төңіре­гін­де деген хабар тарай баста­ды. Аны­ғын­да, бұл тура­лы Мем­ле­кет­тік кірістер коми­теті бер­ген мәлі­мет­те көрсетілген.

LS басы­лы­мы­ның жазуын­ша, 354 мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер ақша­сын 59 елдің банк есеп­шо­ты­на салған. Бұл деректер мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің және олар­дың жұбай­ла­ры­ның, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге теңе­стіріл­ген адам­дар­дың табысын декла­ра­ци­я­лау кезін­де алын­ды. Жал­пы сома – 529,13 млрд тең­генің мөл­шері болады.

ДАТ-ақпа­рат

Жанболат Мамайдың «айыбын»

ҚАҢТАРҒА ҚАЙЫРЫП ӘКЕЛДІ

Сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай­ға Қаңтар­да жап­пай тәр­тіп­сіздік ұйым­да­стыр­ды деген айып тағы­лу­да, деп хабар­ла­ды «El media».

Дерек бой­ын­ша, про­ку­рор Еркен Бай­мағам­бе­тов жаңа айып­тау үкі­мін оқы­ған. «Біздің қазір есті­гені­міз­ге қараған­да, қаңтар­дағы жағ­дай­дың бар­лық сал­да­рын еске­ретін бол­сақ, бұл жолғы айып­тау қатаң­дау бола­тын сияқты», – делін­ген хабарда.

Еске салай­ық, Жан­бо­лат Мамай 12 науры­зда әкім­шілік қамауға алы­нған соң боса­ты­луы керек еді, бірақ олай бол­ма­ды. Ол күдік­ті деп таны­лған қыл­мыстық іс бой­ын­ша екі айға қамауға алы­нуы мүм­кін екені бел­гілі бол­ды – сая­сат­кер­ге билік өкілін балағат­тап, жалған ақпа­рат тарат­ты-мыс деген айып тағы­лып отыр. Айып­та­у­лар­дың біріне сәй­кес, зардап шек­кен­дер – Алма­ты поли­ци­я­сы­ның қыз­мет­кер­лері. Мамай­ды қоғам­шыл­дар, қаза­қстан­дық, соны­мен қатар халы­қа­ра­лық құқық қорға­у­шы­лар, ұйым­дар, соның ішін­де Amnesty International, Human Rights Watch, сон­дай-ақ Қаза­қстан­дағы АҚШ мис­си­я­сы да жақтап отыр.

2 қара­ша­да тір­кел­ме­ген Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның лидерін үй қамағы­на жібер­ген болатын.

Қаз­ТАГ

«КНБ» ЗОРЛЫҚШЫЛАРЫ

азаптауға байланысты қамалды

  • Аста­на­дағы тер­геу изо­ля­то­рын­да тұтқын­дар­ды азапта­ды деген күдік­пен Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің (ҰҚК) екі қыз­мет­кері қамауға алын­ды. Азапталған­дар­дың туы­ста­ры шағым түсір­ген деп хабар­ла­ды «Информ­бю­ро» сайты.

25 қаңтар­да Аста­на­ның маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық тер­геу соты күдік­тілер – под­пол­ков­ник Еркін Ама­нов, май­ор Хамит Әбдіға­ли, ҰҚК шека­ра қыз­метінің қыз­мет­кері Қай­рат Сар­тай­ды екі айға қамау тура­лы шешім шығарған. Өзге мәлі­мет тер­геу құпи­я­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты айтыл­май­ты­ны хабар­лан­ды. Бұған дей­ін Аста­на­дағы тер­геу изо­ля­то­рын­да қамауда болған тұтқын­дар­дың туы­ста­ры ҰҚК қыз­мет­кер­лерінің бір жыл бойы жақын­да­рын азаптаға­нын айтқан.

«Біздің жақын­да­ры­мыз Семей­де алтын кенін жымқыр­ды деген күдік­пен 2021 жылы 10 науры­зда қамалған. [Аста­на­да ҰҚК] Тер­геу изо­ля­то­рын­да «арнайы жер­төле­лер» бар екен: жау­ап бер­ме­ген­дер­дің бар­лы­ғын сол азаптау каме­ра­сы­на апа­ра­ды. Олар­ды тоғыз ай бойы азаптап, бір-біріне қар­сы куәлік айтқы­зған, сүй­тіп істі ойдан құра­с­ты­рған. Мұның бар­лы­ғы Аста­на­дағы тер­геу изо­ля­то­рын­да болған, ҰҚК олар­ды азаптаған, ІІМ, оның ішін­де қыл­мыстық атқа­ру жүй­есі коми­теті мен депар­та­мен­ті бәрін біл­гені­мен, үнсіздік таны­тқан. Іс бой­ын­ша қадаға­лау орга­ны – Өске­мен про­ку­ра­ту­ра­сы ештеңе біл­ме­ген­дей кей­іп таны­тқан», – деді ұсталған­дар­дың бірінің туы­сы Құра­лай Өмірбаева.

Тұтқын­дар­дың туы­ста­ры­ның сөзіне қараған­да, олар жақын­да­ры­ның азапталға­нын біле сала, 2022 жылы ақпан­да бар­лық инстан­ци­яға шағым­да­на бастаған. 2022 жылы 29 науры­зда азаптау фак­тісі бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғалған. Алай­да туы­ста­ры­ның сөзіне қараған­да, сарап­та­ма мен куә­гер­лер­дің бары­на қара­ма­стан, іс он ай жыл­жы­май қойған.

«Оларға қан­дай айу­ан­дық жасаған? Ауы­зда­ры­на суқай­натқыш салып, оны токқа қосқан. Резең­ке таяқ­пен, жұды­ры­қ­пен ұрған. Наурыз айын­да салқын су шашып, сол күй­ін­де жалаң аяқ сыр­тқа шығарған. Олар­дың (ҰҚК қыз­мет­кер­лерінің) тағы бір тәсілі бар: 20 сағат бойы қозға­лыс­сыз тұруға мәж­бүр­лей­ді, біреу-міреу қит етсе, ұрып-соға­ды. Бір­не­ше тәулік ұйы­қта­маған­дар бол­ды. Мұн­дай нәр­се құжат­тарға қол қою алдын­да жаса­ла­ды. Адам­дар не нәр­се­ге қол қой­ып жатқа­нын да біл­ме­ген. Кей­бірінің қабы­рға­сы сынған, өкше­сі шашы­лып кет­кен. Бір адам­ның құлақ қалқа­ны жары­лып, ота жасалған. Бар­лы­ғы­нан жарық (гры­жа) аны­қталған. Азаптау бой­ын­ша 46 адам жәбір­ле­ну­ші деп таныл­ды, 32-сі – ұрлық бой­ын­ша күдік­ке ілін­ген­дер», – деді Құра­лай Өмірбаева.

Азаптау бой­ын­ша күдік­ке ілін­ген ҰҚК қыз­мет­кер­лерінің адво­кат­та­ры мен өкіл­дері ақпа­рат шыққа­лы бері ешқан­дай хабар­ла­ма таратқан жоқ. Күдік­тілер­дің айып­тар­мен келіс­кені, не келіс­пе­гені белгісіз.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн