Суббота , 13 сентября 2025

Ауылдан үдере көшуді ҚАЛАЙ ТОҚТАТАМЫЗ?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі

Олжас Бек­те­нов­ке!

  • Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев тая­у­дағы Жол­да­уын­да «Ішкі және сыр­тқы көші-қон үдерісінің бақы­лау­сыз қалуы ірі қала­ла­ры­мы­здың инфрақұры­лы­мы­на орас­ан сал­мақ түсіріп отыр. Жұрт­тың өңір­лер­ден не себеп­ті тоқта­у­сыз көшіп жатқа­ны­на мұқи­ят тал­дау жүр­гізіп, әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан тар­тым­ды орта­лы­қтар құруға бағыт­талған шұғыл шешім­дер қабыл­дау керек» деп тап­сыр­ма берді.

Осының дәлелі ретін­де – бүгін­гі күні елі­міздің 15 өңірін­де ауыл халқы саны­ның айтар­лы­қтай аза­юы тір­ке­лу­де. Оның ішін­де ең жоға­ры көр­сет­кі­ш­тер Абай облы­сын­да 3,2%-ды, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­да 3%-ды және Қараған­ды облы­сын­да 2,9%-ды құрап отыр. Ағым­дағы жыл­дың 1‑жартыжылдығында 383 мың қаза­қстан­дық қоныс аудар­са, олар­дың басым бөлі­гі Аста­на мен Алма­ты­ға қоныс тепкен.

Соңғы 20 жыл­дың ішін­де елі­міз­де1400-ден астам ауыл жой­ы­лып кет­ті, ал Үкі­мет­тің баға­ла­уы бой­ын­ша тағы 500 ауыл­дық елді мекен «пер­спек­ти­ва­сы жоқ» елді мекен­дер қата­ры­на енгізіліп отыр. Бұл дегені­міз – адам­дар­дың тағ­ды­ры, жабы­лып қалған мек­теп­тер мен меди­ци­на­лық пункт­тер, иесіз қалған ауыл­да жалғы­зды­қта өмір сүріп жатқан қари­я­лар, бола­шағын ауыл­дан емес, қала­дан ізде­у­ге мәж­бүр болған жастар.

Негіз­гі себеп­тері бар­ша­мы­зға мәлім: ауыл­да зама­на­уи қолай­лы тұрғын үйлер жоқ, инфрақұры­лым әлсіз, адам­дарға жұмыс жоқ, әле­умет­тік қол­дау да жет­кіліксіз. Жаста­ры­мыз да өз бола­шақта­рын ауыл­мен байланыстырмайды!

Ал басқа елдер­дің тәжіри­бесі ауыл­дарға нақты қол­дау көр­се­ту­ге бола­ты­нын дәлел­деп отыр. Мәсе­лен, Ресей­де 2020 жыл­дан бері «Ауыл ипо­те­ка­сы» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша жыл­дық 3%-ға дей­ін 25 жылға кре­дит беріледі. Оның нәти­же­сін­де бүгін 100 мың отба­сы ауыл­да бас­па­наға ие болып отыр. Әзер­бай­жан­да мем­ле­кет ауыл­дық жер­лер­де 4%-дық кре­дит­пен үй салып беру­де. Осын­дай мысал­дар­ды көп­теп кел­тіру­ге болады.

Біз­де­гі «Асыл мекен» ауыл ипо­те­ка­сы бастал­май жатып тоқтап қал­ды. Оның үстіне көп­те­ген ауыл­дар­да сатып ала­тын үй де жоқ: жаңа тұрғын үйлер салын­бай­ды, нары­қта ұсы­ны­стар жоқ.

«Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы ауыл­ды қай­та жаңғыр­туға арналған кешен­ді ұлт­тық бағ­дар­ла­ма қабыл­дау мәсе­лесін көтеріп отыр. Ол ең алдымен:

мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар мен мем­ле­кет­тік-жеке әріп­те­стік арқы­лы ауыл тұрғын­да­ры үшін қол­жетім­ді тұрғын үй салуды;

ауыл ипо­те­ка­сын 1%-бен беруді;

әле­умет­тік және ком­му­нал­дық инфрақұры­лым­ды дамы­туға жаңа сер­пін беруді көздейді. 

Сон­дай-ақ «Диплом­мен – ауы­лға» бағ­дар­ла­ма­сын жаңа мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­мен толы­қты­ру­ды қажет ете­ді. Ауыл тұрғын­да­ры күн сай­ын қара­пай­ым өмір сүру жағ­дайы үшін күре­спе­у­ге тиіс!

Соны­мен қатар ауыл эко­но­ми­ка­сын дамы­ту керек, яғни фер­мер­лік қожа­лы­қтарға, коопе­ра­ци­яға, қай­та өңде­у­ге қол­дау көр­сетіп, елде­гі 1,5 мил­ли­он­нан астам жеке қосалқы шару­а­шы­лы­қты эко­но­ми­ка­лық айна­лы­мға тар­ту қажет. Олар бүгін­гі таң­да жал­пы ауыл шару­а­шы­лық өнім­нің 70%-дан аста­мын өндіруде.

Депу­тат­тар­мен кез­де­су­лер кезін­де фер­мер­лер бірін­ші кезек­те сала­лық «Агро­банк» құру­ды сұрай­ды. Соны­мен қатар мау­сым­дық ауыл шару­а­шы­лы­ғы жұмыста­ры­на шетел­дік жұмыс күшін тар­туға кво­та­лар­ды ұлғай­тып, өтінім­дер­ді қарау мерзім­дерін 2 айдан 10 жұмыс күніне дей­ін қысқар­тып, оны оңай­ла­ту және мем­ле­кет­тік баж­ды жеке тұлға­лар үшін қол­да­ны­ла­тын дең­гей­ге дей­ін бел­гілеу мәсе­ле­лерін шешуді сұрайды.

  • ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депутаттары
Республиканский еженедельник онлайн