Пятница , 23 мая 2025

АУЫЛДЫҢ ҚҰТЫН ҚАЙТАРА АЛАМЫЗ БА?

Ауыл – ұлты­мы­здың алтын бесі­гі. Халқы­мы­здың жар­ты­сы­на жуы­ғын да ауыл тұрғын­да­ры құрай­ды. Алай­да нары­қтың қыспағы­мен ауыл­дан құт қашқа­ны ешкім­ге жасы­рын емес. Ауыл­дағы ағай­ын­ның орта­ша жалақы­сы да қала тұрғын­да­ры­ның жалақы­сы­на қараған­да 30 %-дан астам төмен. Белең алған қым­бат­шы­лық пен жұмыс­сызды­қтың да сал­да­рын көбірек тар­тып оты­рған осы ауыл жұртшылығы.

Осы­ны ескеріп, Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев ауыл тұрғын­да­ры­ның табысын көбей­тіп, әл-ауқа­тын арт­ты­руға бағыт­талған «Ауыл ама­на­ты» жоба­сын қолға алу­ды тап­сы­рған бола­тын. Осы­ған орай «AMANAT» пар­ти­я­сы Үкі­мет­пен бір­ле­се оты­рып, аталған жоба­ны был­тыр­дан бері іске асы­рып келеді.

Бүкіл өңір­ді қам­тып, ауыл тұрғы­ны­на өз шаруа­сын дөң­ге­ле­ту үшін 2,5 пай­ы­з­бен өте төмен, алу тәр­тібі жеңіл­детіл­ген шағын несие беретін жобаға жал­пы 1 трлн тең­ге қарас­ты­ры­лған. Бұл – ауыл тұрғын­да­ры үшін үлкен қол­дау. Жоба бой­ын­ша был­тыр 100 млрд тең­ге бөлініп, игеріл­ді. Биыл да 100 млрд тең­ге бөлі­ну жос­пар­ланған бола­тын. Алай­да жыл соңы­на тая­са да, ол қара­жат бөлін­бей, Үкі­мет өңір­лер­ге тек 7 млрд тең­ге ғана жіберген.

Мұны қалай түсі­ну­ге бола­ды? Үкі­мет құра­у­шы «АМАНАТ» пар­ти­я­сы­ның тіке­лей бақы­ла­у­ын­да тұрған жоба­ның сыл­быр орын­да­луы­ның себебі неде? Біздің­ше, жоба­ның нәти­желі атқа­ры­луы бой­ын­ша бірқа­тар түйт­кіл­дер бар.

Бірін­ші­ден, Үкі­мет­тің өз ведом­ство­ла­ры ара­сын­дағы өза­ра келісіл­ме­ген әре­кет­тер жүй­елі түр­де кедер­гі болу­да. Өңір әкім­дері жоба аясын­да сома­ның қай­та­ры­лу кепілі болға­нын ескеріп, көбін­де тәу­е­кел­ге бару­дан бас тар­тып отыр. Ауыл халқын кедей­шілік­тен құтқа­ра­тын бір­ден-бір жоба­да әрбір облыс, аудан әкім­дері тар­ты­нып қал­мауы тиіс.

Екін­ші­ден, жобаға қаты­су­шы­лар­дың көбісі ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндірісіне оқы­тыл­май­ды. Ал онсыз бәсе­ке­ге қабілет­ті өнім шыға­ру мүм­кін емес. Осы­ны ескеріп, «AMANAT» пар­ти­я­сы­ның баста­ма­сы­мен Жам­был облы­сы Мер­кі ауда­нын­да оқы­ту орта­лы­ғы ашыл­ды. Енді соны басқа да аймақтарға тара­ту қажет. Мұны Пре­зи­ден­ті­міз биы­лғы Жол­да­уын­да нақты тапсырды.

Үшін­ші­ден, жоба аясын­да ауыл­дық тау­ар өндіру­шілер­ді қол­да­уға арналған кешен­ді эко­жүй­енің құрыл­мауы дай­ын өнім­ді өткі­зу­де қиын­дық туды­ру­да. Мыса­лы, биыл оңтүстік­те­гі шару­а­лар құл­пы­най­дан жақ­сы өнім өсір­гені­мен, оны сата алма­ды. Өйт­кені нары­қты импорт­талған баға­сы арзан құл­пы­най басты. Шару­а­лар өнім­ді қай­та өңде­у­ге, ұзақ сақта­уға қажет­ті инфрақұры­лым бол­маған­ды­қтан, өз құны­нан арза­нға сатуға мәж­бүр бол­ды. Соның сал­да­ры­нан шығы­нға батып, қарыз болып қал­ды. Несие қара­жа­ты­ның қашан қай­та­ры­ла­ты­нын айту қиын.

Төр­тін­ші­ден, жобаға неси­елік бере­ше­гі бар аза­мат­тар қаты­са алмауда. Мем­ле­кет­тік қол­да­уды бірін­ші кезек­те қажет ететін­дер де осы­лар бола­тын. Бірақ банк­тік қары­здың болуы­на бай­ла­ны­сты олар мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­на алмай, жеңіл­детіл­ген несие алып, өз ісін аша алмайды.

Аталған жәйт­тер жоба­ның тиім­ділі­гін төмен­детіп отыр. Осы рет­те Пре­зи­дент­тің ауыл халқы­ның тұр­мысын жақ­сар­туға бағыт­талған «Ауыл ама­на­ты» жоба­сы­на қосым­ша келесі шара­лар­ды тез ара­да пысы­қтау қажет.

1. Шағын ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндіру­шілері өндір­ген өнім үшін сер­ти­фи­кат­та­уды жеңіл­де­ту мәсе­лесін пысықтау.

2. Ауыл тұрғын­да­ры­на өз өнім­дерін өңде­у­ге және сатуға мүм­кін­дік беретін инфрақұры­лым құру.

3. Қар­жы мини­стр­лі­гі жоба бой­ын­ша биы­лға жос­пар­ланған 100 млрд тең­гені толық көлем­де бөлуді тез­де­туі тиіс.

4. Ел Пре­зи­ден­ті тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес, жоба аясын­да тағы бір жаңа тәсіл­ді, яғни «тау­ар неси­есін» беру мәсе­лесін қарас­ты­ру қажет.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ,  ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн