Четверг , 22 мая 2025

АУЫЛҒА ИПОТЕКАҚАШАН ЖЕТЕДІ?

ҚР вице-премьер-мини­стрі Серік Жұманға­рин­ге!

Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Отба­сы банк­тің» қыз­метін қай­та қарау керек. Басты наза­рды облыс орта­лы­қта­ры­на емес, аудан­дарға, моноқа­ла­ларға және ауыл­дарға аударған жөн» деп нақты бағ­дар берді.

Бүгін­де ауыл­дық аудан­дар мен моноқа­ла­лар­да 8,7 млн адам тұра­ды, бұл Қаза­қстан халқы­ның 43 %-ын құрайды.

Ал тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету дең­гейі қала­лар­да 26,9 шар­шы метр бол­са, ауыл­дар­да бір ада­мға шаққан­да небәрі 20,7 шар­шы метр­ді құрайды.

2025 жыл­дың басында:

– ауыл­дар­да 9 мың­нан астам адам тұра­тын 1200 ава­ри­я­лық үй;

– моноқа­ла­лар­да 2,3 мың адам тұра­тын 76 ава­ри­я­лық үй болды.

• 2022–2024 жыл­да­ры жаңа тұрғын үйдің тек 20 %-ы ауыл­дық жер­лер­де пай­да­ла­нуға берілді.

Мұн­дай дис­про­пор­ция ең алды­мен ауыл тұрғын­да­ры үшін ипо­те­ка­лық, «Отба­сы бан­кі» өнім­дерінің қол­жетім­сізді­гіне және халы­қтың хабар­дар болуы дең­гей­інің төмен болуы­на байланысты.

«Отба­сы банк­тің» кон­суль­та­ци­я­лық орта­лы­қта­ры тек 4 моноқа­ла­да және 5 шағын қала­да жұмыс істей­ді, ауыл­дар мен аудан­дар­дың көп бөлі­гін­де мүл­дем жұмыс істемейді.

2024 жылы «Отба­сы бан­кі» баста­пқы және қай­та­ла­ма тұрғын үй сатып алуға, сон­дай-ақ ауыл­дар­да жеке тұрғын үйлер салуға қол­жетім­ді қар­жы­лан­ды­ру­ды ұсы­на­тын «Асыл мекен» пилот­тық бағ­дар­ла­ма­сын іске қосты. Бұл жоба­ны іске асы­руға «Отба­сы бан­кі» өз қара­жа­ты­нан 2 млрд тең­ге бөл­ді. «Отау» және «Наурыз» бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша кезек­те тұрған­дар мен өтініш беру­шілер­ге қаты­суға басым­дық беріл­ді. Қары­здың ең жоға­ры сома­сы 10 млн тең­гені құрайды.

Алай­да бағ­дар­ла­ма тиім­ді болға­ны­на қара­ма­стан жалға­сын тап­па­ды, оны қар­жы­лан­ды­ру тоқта­тыл­ды. Осы­лай­ша, Пре­зи­дент­тің «Отба­сы банк­тің» қыз­метін «аудан орта­лы­қта­ры­на, моноқа­ла­ларға, ауы­лға бұру» тура­лы тап­сыр­ма­сы нақты іске асы­ру тетік­терін­сіз қалды.

«AMANAT» пар­ти­я­сы­ның фрак­ци­я­сы Мем­ле­кет бас­шы­сы Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы­на Үкі­мет немқұрай­лы­қ­пен қара­уға жол бер­ме­уі тиіс деп есептейді!

Үкі­мет мына­дай шара­лар­ды қабыл­да­уы қажет:

1. «Асыл мекен» бағ­дар­ла­ма­сын қар­жы­лан­ды­ру­ды ұлғай­ту. Шағын қала­лар­ды қам­ти оты­рып, бағ­дар­ла­ма­ның бүкіл ел аумағын­да тұрақты іске асы­ры­луын қам­та­ма­сыз етіп, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен жыл сай­ын қара­жат бөлуді көздеу.

2. Ауы­лға бей­ім­дел­ген ипо­те­ка­лық өнім­дер­ді әзір­леу. Ауыл­дар, моноқа­ла­лар және шағын қала­лар тұрғын­да­ры үшін төмен­детіл­ген мөл­шер­ле­месі 5 %-ға дей­ін және ең төмен­гі баста­пқы жар­на­сы 10 %-дан бастап жеңіл­дік­ті ипо­те­ка­лық өнім­дер жасау. Әле­умет­тік жағы­нан осал санат­тағы халық үшін мөл­шер­ле­ме­лер­ді суб­си­ди­я­ла­уды қам­та­ма­сыз ету.

3. Жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­мен үйле­стіруді күшей­ту. Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы «Бір қабат­ты Шығыс» және Жеті­су облы­сын­дағы «Жерұй­ық» жоба­ла­ры­ның табысты тәжіри­бесін пай­да­ла­на оты­рып, бағ­дар­ла­ма­лар­ды бір­лесіп іске асы­ру үшін әкім­дік­тер­мен келісім­дер жасасу.

4. «Отба­сы бан­кі» кон­суль­та­ци­я­лық және ақпа­рат­тық сер­ви­стерінің гео­гра­фи­я­сын кеңей­ту. Әр аудан­да қыз­мет көр­се­ту орта­лы­қта­рын ашу, мобиль­ді офи­стер ашу, бүкіл ел бой­ын­ша ақпа­рат­тық-ағар­ту науқан­да­рын бастау.

«Отба­сы банк­тің» қыз­метін қай­та қарау Қаза­қстан­ның әділет­ті, тең­герім­ді және қол жетім­ді бола­шағы­на жасалған қадам.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «AMANAT» фрак­ци­я­сы депу­тат­та­ры атынан –

Ерлан САЙЫРОВ

Республиканский еженедельник онлайн