Суббота , 14 июня 2025

АУЫЛ МЕКТЕБІ ЖАБЫЛСА – сол ауылдың өзі жабылғаны

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орынбасары

Ермек Көшер­ба­евқа!

Бүгін­гі депу­тат­тық сау­а­лым мем­ле­кет­тік орган­ның бұй­ры­ғы­ның сал­да­ры­нан шақ­ша­дай басы шара­дай болған бұқа­ра мен жабы­лған білім орда­сы­ның орнын­да опық жеп оты­рған қара­пай­ым адам­дар­дың ары­зы хақында.

Тәу­ел­сіздік алға­лы бері құжат үстіне құжат қабыл­даған мем­ле­кет­тік орган­дар­да жалқы­ның мыса­лын жал­пы­ға жабу бар. Яки әле­умет­тік нысан­дар ашса да, білім орда­ла­рын сал­са да, «пәлен­ше адам бол­са ғана түген­ше шар­шы метр ғима­рат салы­на­ды» деген сан­сыз стан­дарт қабыл­да­ды. Қағаз бәрін көте­реді, бірақ қағазға түс­кен қаріп­тер халы­қтың жағ­дай­ын қиын­дат­па­уы тиіс.

Соның бір айғағы – Батыс Қаза­қстан облы­сын­да орын алды. Мәсе­ле мек­теп­тің жұмыс істеп тұруы­на кепіл­дік беретін оқу­шы саны­ның шегіне қаты­сты. Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның 8 ауда­ны Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның 5 облы­сы­мен шек­те­сетінін мен айт­пай-ақ білесіз­дер. Бірақ бала саны­ның азды­ғы­на бай­ла­ны­сты Батыс Қаза­қстан облы­сын­да соңғы үш жыл­да 12 баста­уыш мек­теп­тің жабы­лға­ны, ал 2024 жылы 4 баста­уыш мек­теп­тің тара­ты­лға­ны (Жәні­бек ауда­ны – 1, Теректі ауда­ны – 1, Сырым ауда­ны – 1, Қаратө­бе ауда­ны – 1) расын­да төбе­міз­ге жай түс­кен­дей әсер етті.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның ауыл мек­теп­тері тура­лы: «Мек­тебі бар ауыл­да тір­шілік бар» дегені бекер айтыл­маған. «Мек­теп бір­не­ше әле­умет­тік нысан­ның рөлін атқа­ра­ды» дегені есі­міз­де. Енде­ше қағазға хат­талған нор­ма­тив­тің кесірі­нен баста­уыш мек­теп­тері жабы­лған 12 ауыл­да тұра­тын халы­қтың оба­лы кім­ге? Мек­теп жабыл­ды деген сөз – бұға­на­сы қат­паған бала­лар өзге ауыл-аудан­дарға оқуға кету­ге мәж­бүр деген­ді біл­діреді. Ол жақта бала­лар­дың қауіп­сізді­гіне, жатын орны мен ас-суы­на, қала бер­ді жасы­на сай алуы тиіс мей­ірі­міне кім кепіл­дік береді? Ешкім.

Қазір бір қауіп­ті тен­ден­ция бар, ауы­лын­дағы мек­теп жабы­лған­ды­қтан, басқа елді мекен­ге мәж­бүр­лі түр­де оқуға аттанған оқу­шы­лар­дың ата-ана­ла­ры да көшіп жатыр. Ал ада­мы көш­кен ауыл­дың кар­та­дан өшетіні бел­гілі. Бұл Қаза­қстанға үлкен қатер төн­діреді, бір ғана дерек айтай­ын: соңғы 5 жыл­да БҚО 413 ауыл, ШҚО 350 елді мекен, СҚО 635 ауыл, Пав­ло­дар облы­сын­да 352 ауыл, Ақтө­бе облы­сын­да 315 ауыл жабы­лып қал­ды. Бүгін­гі­дей бұй­ры­қтың бұй­да­сы­мен кете бер­сек, бұл сан көбей­етіні анық. Себебі мек­теп­тің жұмыс істеп тұруы үшін бел­гі­лен­ген ең аз оқу­шы саны­на сұрақ жетіп арты­ла­ды. Өйт­кені бір өңір­де адам көп, бір өңір­де адам аз. Сон­ды­қтан бір стан­дарт­ты бәріне бір­дей таңу қате. Енде­ше аталған нор­ма­тив­тер­ді қай­та қарай­тын кез кел­ді. Себебі Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның Ресей Феде­ра­ци­я­сы­мен шек­те­сетін 8 ауда­ны­ның 7‑інде бала саны­ның азды­ғы­на бай­ла­ны­сты мек­теп­тер жабыл­мақ­шы. Нор­ма­тив­ке өзгеріс енгіз­бе­сек, тағы 13 мек­теп­ті толық көлем­де сақтап қала алмаймыз.

Мысал ретін­де облыс орта­лы­ғы­нан шалғай­да орна­ласқан, жабы­лу­дың аз-ақ алдын­да тұрған Бөкей Орда­сы ауда­ны­на қарас­ты Жиекқұм елді мекенін­де­гі Темір Масин мек­тебін неме­се Үште­рек елді мекенін­де­гі білім орда­ла­рын алуға бола­ды. Мек­теп жабыл­са – бәрі біт­ті, себебі білім орда­сы бар көр­ші елді мекен­дер қашы­қта орна­ласқан. Сон­да мек­теп жасын­дағы бала­лар қай­да бара­ды? Кім­нің босаға­сын сағалайды?

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев: «Ауыл­дағы білім ошақта­ры­ның тең жар­ты­сы – шағын мек­теп­тер. Онда бар­лық пән­нің мұғалі­мі бола бер­мей­ді. Бір сынып­та әртүр­лі жастағы бала­лар оқи­ды. Мұның бәрі – жыл­дар бойы қор­да­ланған түйт­кіл­дер. Оның көбі жұрт­тың жап­пай қалаға көшуіне бай­ла­ны­сты туын­дап отыр. Ауыл мек­теп­терін зият­кер­лік, сон­дай-ақ қоғам­дық орта­лық ретін­де дамы­ту маңы­зды», – деп шеге­леп айтты.

Осы­ған орай нақты ұсы­ныс: Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің 2022 жылғы 6 мамыр­дағы № 185 «Халы­қтың тығы­зды­ғы­на және елді мекен­дер­дің қашы­қты­ғы­на қарай білім беру ұйым­да­ры желісінің кепіл­дік беріл­ген мем­ле­кет­тік нор­ма­тивін бекіту тура­лы» бұй­ры­ғын­да көр­сетіл­ген 2.2., 2.3., 2.4.-тармақтарын «ерекше жағ­дай­да деген тір­кеспен толы­қты­ру неме­се шека­ра маңын­да орна­ласқан мек­теп­тер үшін атал­мыш тар­мақтар­да бел­гі­лен­ген нор­ма­тив­тер­дің шегін азай­ту­ды ұсы­на­мын. Әйт­пе­се шека­ра­лық ауыл­дар мек­теп­сіз қала­ды, сал­да­ры­нан ел көшеді, жер иесіз қала­ды. Ал «бос жатқан жер жау шақы­ра­ды» – бұл қаза­қтың сөзі.

Нар­тай АРАЛБАЙҰЛЫ,ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн