Четверг , 26 июня 2025

Ауыл мектептерінде ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫ неге өршіп барады ?

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Ермек Көшер­ба­евқа!

Бүгін біз аса маңы­зды және өткір мәсе­лені көте­ру­ге мәж­бүр­міз. Соңғы уақыт­та елі­міздің түр­лі өңір­лерін­де мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның мек­теп аумағы­нан тыс, сабақтан тыс уақыт­та, дема­лыс, кани­кул кезін­де жасаған құқы­қбұ­зу­шы­лы­қта­ры үшін мек­теп дирек­тор­ла­ры мен оқу бөлі­мінің мең­ге­ру­шілерін тәр­тіп­тік жаза­ға тар­ту неме­се жұмыстан шыға­ру жағ­дай­ла­ры көбей­іп барады.

Біз бұл үрдісті өте алаң­да­тар­лық деп санай­мыз. Өйт­кені мек­теп бас­шы­лы­ғы тек оқу-тәр­бие про­цесін ұйым­да­сты­руға жау­ап­ты екенін бәрі­міз жақ­сы біле­міз. Ал сабақтан тыс уақыт­та неме­се дема­лыс кезеңін­де болған оқиға­лар үшін олар­ды жаза­лау – әділет­сіздік. Бұл мәсе­ле әсіре­се ауыл­дық елді мекен­дер­де ушы­ғып тұр. Бүгін­де ауыл мек­теп­терін­де дирек­тор және оқу бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі лау­а­зым­да­ры­на үміт­кер­лер табу қиын. «Ертең мен де жұмыстан шығып қалам ба? Негіз­сіз жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лам ба?» деген қорқы­ныш мұғалім­дер мен бас­шы­лар­дың ара­сын­дағы күн­делік­ті қалып­ты жағ­дай­ға айналды.

Біздің көтеріп оты­рған мәсе­ле­міз – тек кадр мәсе­лесі емес, бұл – ауыл мек­тебінің тағ­ды­ры тура­лы мәсе­ле. Егер ауыл мек­тебін­де білік­ті бас­шы бол­ма­са, онда ауыл бала­ла­ры­ның бола­шағы­на да қауіп төнеді деген сөз.

Қол­да­ны­стағы заң­на­маға сүй­ен­сек, «Білім тура­лы» заң бой­ын­ша мек­теп бас­шы­лы­ғы оқу-тәр­бие про­цесіне жау­ап береді. Неке (ерлі-зай­ып­ты­лық) және отба­сы тура­лы кодек­сте ата-ана­лар­дың бала­ны тәр­би­е­леу және оған білім беру жөнін­де­гі мін­дет­тері көз­дел­ген, ал Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодек­сте ата-ана­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гі қарастырылған.

Алай­да біз жүр­гіз­ген тал­дау бары­сын­да «Құқық бұзу­шы­лы­қтар­дың алдын алу тура­лы» заң­да кәме­лет­ке тол­маған­дар­дың құқық бұзу­шы­лы­қта­ры­ның алдын алуға қаты­сты бір­де-бір нақты және толы­ққан­ды нор­ма жоқ екенін аны­қта­дық. Біз бұл жағ­дай­ды құқы­қтық олқы­лық деп есеп­тей оты­рып, оны заң­на­ма­лық тұрғы­дан толы­қты­ру қажет деп санаймыз.

Жал­пы, мек­теп дирек­тор­ла­ры мен мең­ге­ру­шілер­ді мек­теп­тен тыс уақыт­та, дема­лыс неме­се кани­кул кезін­де­гі оқиға­лар үшін жұмыстан боса­ту – заңға да, логи­каға да қай­шы келеді.

Біздің ойы­мыз­ша, бұл мәсе­лені шешу­де халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­ге де назар ауда­ру қажет. Бар­лық дамы­ған елдер­де мек­теп бас­шы­ла­ры тек оқу про­цесі мен ресми мек­теп іс-шара­ла­ры аясын­да ғана жау­ап береді. Басқа жағ­дай­лар­да ата-ана­лар толық жау­ап­ты. Бұл – әділет­ті және тиім­ді тәсіл.

Осы­ған бай­ла­ны­сты біз, «Ауыл» пар­ти­я­сы­ның фрак­ци­я­сы, Үкі­мет­ке мына­дай нақты ұсы­ны­стар­ды енгіземіз:

Бірін­ші­ден, мек­теп бас­шы­ла­рын мек­теп­тен тыс уақыт­та және кани­кул кезеңін­де болған құқы­қбұ­зу­шы­лы­қтар үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­туға бол­май­тын­ды­ғы жөнін­де ресми түсін­дір­ме беру қажет.

Екін­ші­ден, «Білім тура­лы» және «Құқы­қбұ­зу­шы­лы­қтар­дың алдын алу тура­лы» заң­да­ры­на нақты түзе­ту­лер енгізіп, осы мәсе­лені заң жүзін­де рет­теу қажет деп санаймыз.

Үшін­ші­ден, «Құқық бұзу­шы­лы­қтар­дың алдын алу тура­лы» заңға арнайы нор­ма енгізіп, кәме­лет­ке тол­маған­дар­дың құқы­қбұ­зу­шы­лы­қта­ры­ның алдын алу тетік­терін егжей-тег­жей­лі аны­қтап көр­се­ту қажет. Бұл нор­ма­лар­да ата-ана­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гі бірін­ші кезек­те екенін заң дең­гей­ін­де нақты­лап көр­се­ту керек.

Төр­тін­ші­ден, ауыл мек­теп­терін­де кадр тап­шы­лы­ғы­ның алдын алу үшін педа­го­ги­ка­лық қыз­мет­кер­лер­дің құқы­қтық қорға­луын күшей­ту жөнін­де жүй­елі шара­лар қабыл­да­уды ұсынамыз.

Бесін­ші­ден, халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­ге сүй­ене оты­рып, оқу­шы­лар­дың сабақтан тыс және дема­лыс кезеңін­де­гі мінез-құлқы үшін ата-ана­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гін нақты­лай­тын қосым­ша нор­ма­лар әзір­леу қажет.

Үкі­мет осы айты­лған нақты ұсы­ны­стар­ды мұқи­ят қарап, тиісті шешім­дер қабыл­дай­ды деп біз сенеміз.

«Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры аты­нан Ербо­лат САУРЫҚОВ

Республиканский еженедельник онлайн