Пятница , 4 июля 2025

Ахметов айтқан УӘДЕСІН ұмытып кетті ме?

Бүгін­гі қаза­қта «Айта-айта Алтай­ды, Жамал апам қар­тай­ды» деген сөз бар еді. Сол сияқты «айта-айта Тар­баға­тай­ды, Ақжар халқы қар­тай­ды» десек, әсте жаңыл­мас­пыз. Орта­лы­ғы Ақжар кен­ті болған Тар­баға­тай ауда­нын (ШҚО) Ақсу­ат­тан бөліп, қай­та­дан ашу жөнін­де талап қой­ған халы­қтың біра­зы о дүни­елік бол­ды. Жастар жағы жұмыс іздеп, қала-дала­ны кезіп кет­ті. Ал Ақжар­да қалған халық, расын­да да, қартайды.

Деген­мен, «Ұра бер­се, құдай да өледі» деген тәм­сіл­ге тән­ті ақжар­лы­қтар Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «ести­тін мем­ле­кеті» бар екені рас бол­са, түбі бір дауы­сы­мыз жетер деген үміт­пен жоға­ры жаққа жал­ба­ры­ну­дан жалы­ғар емес.

Біз Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы Ақжар мен Ақсу­ат­ты Алма­ты облы­сын­дағы Кеген­нен Нары­нқол­ды бөл­ген сияқты, бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­нын қай­та­дан қал­пы­на кел­ті­ру қажет­ті­гін бұған дей­ін де бұқа­ра­лық ақпа­рат бетін­де бір­не­ше рет жазған едік. Атап айтқан­да, «ДАТ» газетін­де (19 қыр­күй­ек 2019 жыл) «Тар­баға­тай ауда­нын Тоқа­ев қай­та­ра ма?» деген мақа­ла­мыз жарық көріп, онда біз жаңа­дан сай­ланған пре­зи­ден­ті­міз­ден шығы­стағы шека­ра­лық аймақ – Тар­баға­тай ауда­нын қай­та қал­пы­на кел­тіріп беруін сұрап, «енді­гі бар үміті­міз – сіз­де» деп жазған едік.

Тар­баға­тай ауда­нын қай­та қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесін біз бірін­ші рет көтеріп оты­рған жоқ­пыз. Бұры­нғы пре­зи­ден­ті­міз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бақан­дай 23 жыл­дан кей­ін өзі жап­ты­рған аудан­ды қай­та қал­пы­на кел­тіріп беретін шығар деген үміт­пен бір­не­ше рет жер­гілік­ті халық аты­нан үндеу жол­да­дық. Өкініш­ке орай, біздің ел пре­зи­ден­тіне жазған өтіні­ші­міз айна­лып кел­ген­де облыс әкі­мі Дани­ал Ахме­то­втың қолы­на тиіп­ті. Мәсе­лені шешу­ге құзіреті де жүр­мей­тін ШҚО әкім­шілі­гі сипай қам­шы­лап, «өгізді өлтір­мей­тін, арба­ны сын­дыр­май­тын» жал­тар­ма жау­ап­тар қай­тар­ды. Бұл «иесі итін жұм­сай­ды, иті құй­ры­ғын жұм­сай­ды» деген­нің сық­пы­ты болып шықты.

Тар­баға­тай ауда­нын бұры­нғы әкім­шілік шека­ра­сы­мен қай­та қал­пы­на кел­тіру­ге облыс әкі­мі Д.Ахметов есеп­теп оты­рған­дай, «аудан ашқан­да, тек қана жаңа жұмыс­кер­лер­дің бас­па­на мәсе­лесін шешу үшін 9 мил­ли­ард кете­ді» деген уәжі­мен келіс­пей, сон­ша­лы­қты қыру­ар қар­жы кет­пей­тінін дәлел­деп бер­дік. Тар­баға­тай ауда­ны­ның бұры­нғы орта­лы­ғы Ақжар ауы­лын­да аудан­ды қай­та құруға ең қажет деген басты меке­ме­лер әкім­шілік, сот, про­ку­ра­ту­ра, поли­ция, мек­теп, мәде­ни­ет үйі, ауру­ха­на, кіта­п­ха­на, қажет десеңіз, той­ха­на ғима­рат­та­ры халы­ққа дін аман қыз­мет көр­сетіп тұр. Бәрі де өте сапа­лы, зама­на­уи ғима­рат­тар, ешқан­дай жөн­де­уді де қажет етпей­ді. Жаңа ғима­рат­тар салу­дың ешқан­дай қажет­ті­гі жоқ.

Оның үстіне қан­ша­ма халық көшіп кетіп жатыр деген­нің өзін­де 22 мың­нан астам тұрғы­ны бар дай­ын аудан­ды қай­та қал­пы­на кел­тіру­ге не кедер­гі екенін, кім қар­сы болып тұрға­нын, қан­дай сая­сат екенін халық түсін­бей­ді. Негізін­де ең маңы­зды және ең басты наза­рға ала­тын жағ­дай – біз­ге ауда­ны­мы­здың бүгін­гі орта­лы­ғы Ақсу­ат ауы­лы­нан гөрі тура ірге­міз­де­гі бізді шай­нап-шай­нап, бүр­ке салуға әзір оты­рған көр­ші­міз Қытай әлдеқай­да жақын. Өкініш­ке орай, бұл жағ­дай билік­тің наза­ры­нан тыс қалып, осы жағ­дай­ға «төмен­гі жақ» қана алаң­дап, «жоғарғы жақ» оны қапе­ріне де алмайды.

Мәсе­лен, ШҚО-дағы Абай ауда­нын­да небәрі 13 мың­нан астам ғана халық бар. Дер­бес аудан болып өмір сүріп жатыр. Оның қасын­да біздің Ақжар өңірінің халқы Абай­дан екі есе­дей көп қой. Кезін­де осы Тар­баға­тай ауда­ны­ның Жан­те­кей мен Көк­жы­ра ауыл­да­рын су басып, тасқын шай­ып кет­кен кез­де 2 ауы­лға су жаңа зама­на­уи әкім­шілік үйі, мек­теп, ауру­ха­на, бай­ла­ныс тора­бы ғима­рат­та­рын және жиы­ны 400-ге жуық тұрғын үй салып бер­ген­де, 7‑ақ мил­ли­ард тең­ге қара­жат жұм­салған. Бөлін­ген мем­ле­кет қара­жа­ты­ның мөл­шер­мен 1 мил­ли­ар­дын жемқор­лар қол­ды қыл­ды деген­нің өзін­де 2 ауы­лға жиы­ны 6 мил­ли­ард жұм­салған шығар. Осы­лай есеп­тей­тін бол­сақ, дай­ын аудан орта­лы­ғы Ақжар тура­лы айт­паған­да, 9 мил­ли­ар­дқа бір кіші­гірім қала тұрғы­зуға бола­ды ғой.

Шара­сызды­қтан жазы­лып оты­рған осы мақа­ла­мы­зда біз Дани­ал Кен­же­тай­ұлы­нан аспан­дағы айды алып беруді сұрап оты­рған жоқ­пыз, тек қана Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­лов мыр­за сияқты өзінің жер­гілік­ті халқын қол­дап, біздің бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­нын қай­та қал­пы­на кел­ті­ру тура­лы тала­бы­мы­зды Ақор­даға, ел пре­зи­ден­тіне, үкі­мет­ке жет­кізіп, сол ұсы­ны­стың қол­дау табуы­на қамқор­шы бол­са – жеткілікті.

Сөй­тіп жүр­ген­де, «қай­ыр­шы­ға жел қар­сы» деген­дей, аяқ асты­нан қара бұлт­тай төніп, Қытай­дан коро­на­ви­рус індеті жет­ті. Бірақ каран­тин кезін­де (2020 жылғы наурыз айы) Омбы – Май­қап­шағай керу­ен жолын салуға қытай­лы­қтар шека­ра­дан ешбір кедер­гісіз өтіп жатқан кез­де Зай­сан мен Ақжар­дың тұрғын­да­ры ере­уіл­ге шығып, індет­тің ошағы­нан келіп жатқан қытай­лы­қтар­ды елге өткіз­бе­уді талап етті. Сол нара­зы­лы­қтың нәти­же­сін­де өңір­ге арнайы келу­ге мәж­бүр болған облыс әкі­мі Д.Ахметов тиісті шешім қабыл­дап, халық біраз тыны­шталған­дай болды.

Бірақ Ақжар­дағы толқу­ды тыны­штан­ды­руға облы­стан арнайы комис­сия кел­ген кез­де «бұры­нғы жара­ның аузы қай­та ашы­лып», сол баяғы Тар­баға­тай ауда­нын қай­та қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесі бір­ден көтеріліп, ашы­нған халы­қтың тала­бы бой­ын­ша облыс әкі­мі Дани­ал Ахме­тов халы­қ­пен кез­де­су­ге мәж­бүр бол­ды (сурет­те). Жер­гілік­ті халы­қтың ашу­лы рай­ы­нан қай­мы­ққан әкім уәдені үйіп-төгіп, аудан­ды қай­та­дан ашу мәсе­лесін қолға ала­ты­нын айтқан-ды.

Бір­не­ше сағат­тық айтыс-тар­ты­сқа ұласқан сол кез­де­судің соңын­да облыс бас­шы­сы Дани­ал Ахме­тов былай деген еді (қаз-қал­пын­да): «Ең үлкен мәсе­ле – аудан мәсе­лесі, өте күр­делі, мен сіз­дер­ді естідім. Енді қазір маған бір­сы­пы­ра уақыт керек, неге десеңіз­дер, ол менің шеші­мім бол­май­ды ғой, сіз­дер оны жақ­сы білесіз­дер, мен өзім үкі­мет­ке осы мәсе­лені жет­кі­зем. Келістік пе? Қыр­күй­ек айын­да (2020 ж.) өзім осын­да қай­та­дан келем, сон­да тағы кез­де­се­міз, асы­қ­паңы­здар, әлі менен шар­шай­сыздар» деп, уәдесін бер­ген-ді. Сон­дай-ақ өңір­де­гі газ қорын аны­қта­тып, газ тар­ту мәсе­лесін де шешетін болып, Ақжар өңірі халқы­ның ама­на­тын арқа­лап, атта­нып кет­кен болатын.

Содан бері, міне, жылға жуық уақыт өтті. Күз өтіп, қыс та түгесілер кез кел­ді. Облыс әкі­мі тара­пы­нан жым-жырт өлі тыны­штық, жылт еткен жаңа­лық жоқ. «Күз деп еді, қыс бол­ды, бұл не деген іс бол­ды?». Шама­сы, Дани­ал мыр­за не уәдесін­де тұр­ма­ды, не нара­зы­лық ере­уіліне шыққан халы­қтың апты­ғын басқанға мәз болып жүр­ген болуы керек. Егер Ахме­тов­ке ере­уіл қажет бол­са, біз оны қай­та­дан баста­уға дайынбыз!

Деген­мен, халқы­мы­зда «ештен – кеш жақ­сы» деген сөз бар, сон­ды­қтан «әкесі өлген­ді де естір­те­ді» деген­дей, мей­лі қан­дай жау­ап бол­са да, облыс әкі­мі­нен күте тұра­мыз. Бірақ шыдам­ның да шегі бар: егер аудан­ды қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесі шешіл­мей­тін бол­са, Ақжар өңірінің халқы қай­та­дан нара­зы­лық ере­уіліне шыға­ды. Бұл қорқы­ту-үркіту емес, тоз-тозы шығып, әділет­сіздік­тен әбден қажы­ған, қиын­шы­лы­қтан қал­жы­раған халы­қтың талабы.

Сер­жан ШӨКЕЕВ,

Ақжар ауы­лы (ШҚО)

Желідегі жазба

Қаңыраған аудандар ҚАРЖЫСЫЗ ҚАЛДЫ

Шека­ра­лық Тар­баға­тай мен Марқа­көл аудан­да­рын дамы­туға деп бөлін­ген мил­ли­ард­таған «Ән салғыш фон­тан» мен тас ескерт­кі­ш­тер­дің салы­нуы, тіп­ті әле­умет­тік нысан­дар­дың күр­делі жөн­де­уден өтуі де халы­қтың көшіне тосқа­уыл бола алмай­ды. Ақжар мен Марқа­көл­ді аудан орта­лы­ғы етіп қай­та­дан қал­пы­на кел­тір­ме­се, бәрі де далаға ұшқан қар­жы болып қала береді.

Өйт­кені шека­ра­лық аудан­дар­ды дамы­туға деп бөлін­ген қар­жы­ның басым бөлі­гі бұры­нғы аудан орта­лы­ғы ста­ту­сы­нан айы­ры­лған өңір­лер­ді дамы­туға емес, керісін­ше, қазір­гі аудан орта­лы­қта­рын ары қарай дамы­туға бұры­лып кетіп жатыр. Бір ғана мысал айтай­ын: Осы жолы меди­ци­на сала­сы­на деп бөлін­ген 40 мил­ли­он тең­гелік, бар­лық жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­мен жаб­ды­қталған авто­бус та, орта­лы­қтан­ды­ры­лған отте­гі стан­ци­я­сы да 22 мың тұрғы­ны бар шека­ра­лық аймақ – Ақжар өңіріне емес, 16 000 халқы бар аудан орта­лы­ғы Ақсу­атқа беріл­ді. Ал Ақжар­дың ауру­ха­на­сы сол баяғы­ша отте­гі бал­лон­да­рын қала-дала­дан тасып, әлек болып жүр. 

 Тіп­ті екі өңір­де­гі жөн­дел­ген жол­дар мен әр ауыл­дар­дағы шаруа қожа­лы­қта­ры­ның тұр­мысы­на қарап-ақ бөлін­ген қар­жы мен ауыл шару­а­шы­лы­ққа арналған арзан неси­енің қай жаққа қарай көбірек бұры­ла­ты­ны­на көзіңіз анық жетеді. 

Ал қазір­гі аудан орта­лы­ғы Күр­шім мен Марқа­көл­ді де салы­сты­руға кел­мей­ді. Күр­шім ауы­лы көше­сі сама­ла­дай жарқы­рап жай­нап тұр, ал Марқа­көл орта­лы­ғын­дағы бір көше­сі­нен басқа асфальт төсел­ген көше көр­медім. Күр­шім­де­гі мей­рам­ха­на мен дәм­ха­на­лар қала­дағы­дан ешбір жері кем емес. Ал Марқа­көл­де баяғы бір ескі асха­на­дан басқа қонақ шақы­рып, қуа­ны­шы­ң­ды бөлі­сер жер де жоқ. Өйт­кені жер­гілік­ті кәсіп­кер­лер 5 мың­нан аса тұрғы­ны ғана қалған Марқа­көл­дің бола­шағы­на күмән­мен қарай­тын сияқты. 

Шека­ра­лық аудан­дар­ды дамы­та­мыз десек, рес­пуб­ли­ка мен облы­стан бөлін­ген қар­жы­ны толы­қтай аудан орта­лы­ғы ста­ту­сы­нан айы­ры­лған өңір­лер­дің әле­уетін көте­ру­ге жұм­сау керек. Оның өзін­де де бөлін­ген қар­жы­ның басым бөлі­гі әкім­дік­те­гілер мен мер­ді­гер­лер­дің орта­сын­дағы «оппаға» түсіп кет­пей, ел игілі­гіне жұм­са­луын қатаң қадаға­лау қажет.

Бұлай етпе­се, шека­ра­лық аудан­дар ешқа­шан дамымайды.

Ермек ҚҰРМАНҒАЛИТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн