Пятница , 4 июля 2025

Ашулы әйелдер «БАТЫРДЫҢ» сазайын берді…

  • Бір топ әйел Алма­ты әкім­ді­гінің алды­на жина­лып, мәс­ли­хат депу­та­ты, спорт­шы Ерма­хан Ибра­и­мо­втан «көп бала­лы әйел­дер тура­лы айтқа­нын» түсін­діруді талап етті.

Е. Ибра­и­мов жур­на­лист Нар­тай Арал­бай­ұлы­на бер­ген сұх­бат­та Жам­был облы­сы Жаңа­тас кен­тін­де бір отба­сы­ның бес сәбиі қаза болған қай­ғы­лы оқиға тура­лы «бес бала­ны сыр­ты­нан жауып, кетіп қалу­ды» нағыз «түк көр­ме­ген­дік» деген.

«Жылы каби­нет­те оты­ра бер­мей, «түк көр­ме­ген­дер­дің» жағ­дай­ын өзі шығып көр­сін. Ондай жағ­дай­дан шығу үшін, не істеу қажет­ті­гін өз аузы­нан естиік. Біздің ара­мы­зда мүге­дек бала тәр­би­е­леп оты­рған­дар, көп бала өсіріп оты­рған­дар бар. Солар­дың жағ­дай­ын көр­сін. Бала­лар­ды үйге қамап, не үшін шығып жүр­гені­мізді көр­сін. 60–70 мың тең­ге жалақы табуға жағ­дайы жоқты­қтан шығып жүр­генін көр­сін», – деді мүге­дек бала тәр­би­е­леп оты­рған жалғы­з­ба­сты ана Іңкәр Жанәділқызы.

Алма­ты мәс­ли­ха­ты­ның хат­шы­сы Ста­ни­слав Кан­ку­ров тысқа шығып, әйел­дер­дің талап­та­рын тың­да­ды. Ибра­и­мо­втың өзіне хабар­ла­сып, әйел­дер­ге түстен кей­ін мәс­ли­хат депу­та­ты­ның өзі­мен кез­де­су­ге бола­ты­нын айтты.

Кей­ін­нен Ибра­и­мов әйел­дер­мен «Нұр Отан» ғима­ра­тын­да кез­де­сті. «Мен сая­сатқа енді-енді келіп жатыр­мын, бір сөз­дер­ден жаңы­лы­сқан шығар­мын, оған түсі­ну­шілік­пен қарау керек қой. «Батыр аңғал келеді» дей­ді. Енді айтқан шығар­мын, оған шыны­на кел­ген кез­де түсі­ну­шілік­пен қара­у­ла­ры­ңы­зды сұрай­мын», – деді Ерма­хан Ибраимов.

20 ақпан­да Youtube-те жари­я­ланған сұх­бат­та спорт­шы Ерма­хан Ибра­и­мов бес қыздың қаза­сы «Қаза­қстан қоға­мын дүр сіл­кін­дір­ді» деп айтқан. Спорт­шы бала­лар­ды үйде жалғыз тастап кет­пес бұрын «қауіп­сіздік­ті қарас­ты­ру қажет еді» деген.

«Бес бала­ны түні бойы қал­ды­рып кету өте дұрыс емес. Туған-туы­сқа­ны бар. Әке-шеше­сі бар. Бір сөз­бен айтқан­да, бала­лар­ды олай қал­ды­руға бол­май­ды. Бес бала­ны сыр­ты­нан жауып, кетіп қалу – ол нағыз … түк көр­ме­ген­дік» деген спортшы.

Бок­стан Сид­ней олим­пи­а­да­сы­ның чем­пи­о­ны, халы­қа­ра­лық бақы­ла­у­шы­лар сынаған мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­ның нәти­же­сін­де депу­тат болған Ерма­хан Ибра­и­мо­втың үсті­нен бұған дей­ін бел­сен­ділер арыз түсір­ген. Оған 10 қаңтар­да орта­лық алаң­да поли­ция әділ сай­ла­уды талап еткен бел­сен­ділер­ді қор­шап тұрған кез­де спорт­шы­ның «ұсақ бұза­қы­лық жасап, нара­зы­лар­дың пла­ка­тын жыр­туы» себеп болған.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн