Четверг , 3 июля 2025

АЭС ОРНЫ БЕЛГІЛЕНДІ ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНДІ

Аста­на. 25 ақпан. Қаз­ТАГ – Алма­ты облы­сы­ның Жам­был ауда­нын­да атом электр стан­ци­я­сын салу тура­лы қау­лы күшіне енді, деп хабар­лай­ды агент­тік тілшісі.

«Атом энер­ги­я­сын пай­да­ла­ну тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Заңы­ның 5‑бабының 2‑тармақшасына және 12-бабы­ның 1‑тармағына сәй­кес Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­меті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Атом электр стан­са­сы» атом­дық қон­ды­рғы­сын салуға арналған аудан – Алма­ты облы­сы Жам­был ауда­ны тура­лы шешім қабылдансын.

2. Осы қау­лы алға­шқы ресми жари­я­ланған күні­нен бастап қол­да­ны­сқа енгізіледі», – делін­ген қаулыда.

Қау­лы 2024 жылғы 30 жел­тоқ­сан­да қабыл­да­нып, 2025 жылғы 25 ақпан­да жарияланған.

Республиканский еженедельник онлайн