Суббота , 5 июля 2025

АЭС САЛУДЫ қолдаушыларға жауап

  • Сай­лау өткен­нен кей­ін қоғам өмірін­де біраз тыны­штық орнап, жаңа сай­ланған пре­зи­дент­тің әр қада­мы­нан үміт күт­кен жұрт қоғам­дық бел­сен­ділі­гін біраз тежеп, алда не бола­рын күту­мен сабыр сақта­уда. Өйт­кені сай­лау кезін­де елі­міз­де жұрт­тың пікірі екі­ге бөлініп, біре­улері үйрен­шік­ті екпін­мен ұран­да­та наси­хат­тап, «Жаңа Қаза­қстан­ның» күні арай­лап ата­ды десе, екін­шілері күмәнін жасыр­май, «ескі гвар­ди­яға» сүй­ен­ген билік халы­қтың мүд­десін қорға­уды ұсақ шара­лар­мен жамап-жасқап жатыр.

Бірақ тыны­штық ұза­ққа бар­ма­ды. Ақпа­рат құрал­да­рын­да билік­тің жұрт қол­дай қой­май­тын кей­бір баста­ма­сы­на сұрақ­на­ма жүр­гі­зу мен сарап­та­ма жасау арқы­лы олар­дың қажет­тілі­гін негіз­де­у­ге күш сала баста­ды. Бұл 30 жыл­дан бері сүр­ле­у­ге айналған наси­хат жолы. Жұрт­ты наси­хат­пен аузы­на қара­туға дағ­ды­ланған жеке­ле­ген адам­дар өз елінің келе­ше­гін, халқы­ның тағ­ды­рын ойла­са, өз пікір­лерін айт­пай тұрып, алды­мен ел-жұрт­тың осы көтеріліп оты­рған мәсе­ле­ге қалай қарай­ты­ны­нан хабар­дар болға­ны абзал ғой. Өкіні­штісі – олар өз ұсы­ны­ста­ры мен сарап­та­ма­ла­рын­да жұрт­ты билік­тің өзіне керек қада­мы­на икем­деу үшін ғана күш сала­ты­ны алаңдатады.

Көгіл­дір экран­нан жұр­тқа әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық тақы­ры­пқа бай­ла­ны­сты ауық-ауық сарап­та­ма­лық пікір айтып, таны­мал болып жүр­ген Мақ­сат Халық деген эко­но­ми­стің Dalanews.kz пор­та­лы­на бер­ген сұх­ба­тын­да АЭС құры­лы­сы­ның эко­но­ми­ка­лық тиім­ділі­гі тура­лы «жал­пы­дан – жалқы­ға дей­ін» деп жасаған сарап­та­ма тұжы­ры­мы «Фейс­бук» арқы­лы тара­лып кет­ті. Бұл тақы­рып елдің тағ­ды­рын ойлаған адам­ды бей­жай қал­дыр­май­ты­ны белгілі.

Осы аза­мат­тың сұб­ха­тын­дағы пай­ым­да­у­ла­ры­нан ұққа­ным – шексіз табиғи бай­лы­қтың орта­сын­да оты­рып, елі­міз­де­гі халы­қты кедей­шілік пен қым­бат­шы­лы­ққа алып кел­ген эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік жағ­дай­ға келуі­міз 30 жыл­дан бері жүр­гізіл­ген сая­си-эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың сал­да­ры емес, ол елі­міз­де­гі әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық даму­дағы бар­лық кем­шілік АЭС құры­лы­сы­на дұрыс көзқа­рас бол­мауын­да деген­ге тіре­летін сияқты.

Яғни, бұл «сарап­та­ма» арнайы тап­сыр­ма­мен халық ара­сын­да қажет­ті пікір туғы­зу үшін жасалғанға ұқсай ма деген ой туа­ды. Сон­ды­қтан жұрт­тың наза­ры­на осы тараған сұх­бат­тағы қозғалған мәсе­ле­лер­ге мән беріп, оны өмір­де­гі шын­ды­қ­пен бай­ла­ны­сты­ра оты­рып қана баға­ла­уы қажет деген ойды ұсы­ну­ды ұйғардым.

Кеңес кезін­де аграр­лы-инду­стри­ал­дық даму дең­гей­іне жет­кен Қазақ елінің, қазір­гі кез­де жұрт­тың тала­бы­на сай тұты­ну тау­ар­ла­ры мен азық-түлік­ке дей­ін шет­тен тасып, ең бол­ма­са қасық пен шегені өнді­ре алмауы­ның себебі неде деген сұраққа жау­ап іздеу керек. Елі­мізді осын­дай хал­ге жет­кіз­ген билік сая­си эко­но­ми­ка бағы­тын­да эко­но­ми­ка­ның даму заң­ды­лы­ғын өрес­кел бұзып, бір­ден дамы­ған елдер қата­ры­на жете­міз деген әсірелік (аван­тю­ра) мак­ро­эко­но­ми­ка­лық даму жолы­на сүй­е­нуі­нен, мем­ле­кет­тің ішкі эко­но­ми­ка­сы­ның тұра­ла­у­ы­нан халы­қты кедей­шілік пен қым­бат­шы­лы­ққа ұшы­ра­уы­на алып кел­ді. Қазір­гі «Жаңа Қаза­қстан» құра­мыз деген­дер алды­мен осы кем­шілік­ті түзе­ме­се, ешқан­дай да өзгеріс бол­май­ты­нын ұғы­нуы қажет.

Яғни, эко­но­ми­ка­лық даму­дың негізі – әлем­де­гі тех­ни­ка, тех­но­ло­гия жетістік­терін отан­дық ғылым мен терең сарап­та­ма­лар­дан өткізіп, тек тиім­ділерін (елік­теп, мат­ри­ца­сын көшір­мей) пай­да­ла­ну­ды үйре­ну қажет. Шетел­ден қар­жы алып, эко­но­ми­ка­ны көте­ру – елді мәң­гі эко­но­ми­ка­лық құл­ды­ққа қамау. Тәу­ел­сіздік­ті сақтау, қоғам­ның өмір сүруіне тау­сыл­мас қар­жы көзі – бар­ша жұрт­тың кедей­шілік көр­мей, дәу­лет­ті, бай болуы­на байланысты.

Бірін­ші шешетін мәсе­ле – қазір­гі Қаза­қстан­ның сыр­тқы қар­жы­лық қары­зын өте­уі және ішкі қар­жы­лық тап­шы­лық пен халық қым­бат­шы­лы­ққа батқан эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік жағ­дай­да АЭС құры­лы­сын салу деген – эко­но­ми­ка­лық сау­ат­сыздық екенін ұғы­ну. Өйт­кені АЭС салу­дың нақты құны оны сата­тын­дар­дың баға­сы­нан он есе­ге жуық қым­батқа түсетінін ақы­лға салып, асы­қ­пай есеп­теп көр­ген адам ұға­ды. Сон­ды­қтан ең алды­мен елі­міз­де­гі халы­қтың әле­умет­тік мәсе­лесін уақыт оздыр­май, нақты­лы шешу қажет. Ол үшін алдағы екі-үш жыл­да эко­но­ми­ка­ның дамуын­да жіберіл­ген кем­шілік­тер­ді түзе­ту қажет:

а) Дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің қата­рын­да бола­мыз деп, мак­ро­эко­но­ми­каға назар ауда­ру емес, ең алды­мен ішкі эко­но­ми­ка­ны көте­ру үшін орта, шағын кәсіп­кер­лік пен жеке биз­не­стің дамуы­на жол беру – мем­ле­кет­тің келе­шек­те мықты болуы­на әке­летін эко­но­ми­ка заңы ұста­ны­мын қолдау.

ә) Халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ын тез ара­да көте­ру­ге әке­летін жол – әр аймақта халы­қтың тала­бы­на сәй­кес тұты­ну тау­ар­ла­ры мен азық-түлік және жеңіл өнер­кәсіп өнім­дерін шыға­ра­тын шағын кәсіп­тер­ді іске қосып, тұты­ну тау­ар­ла­ры мен азық-түлік­ті сырт­тан тасу­ды шек­теу, салы­қтан түсетін қар­жы­ның көзін өсі­ру. Бұл эко­но­ми­ка өсуінің тұрақты заңы. Халқы ауқат­ты ел ғана мықты мем­ле­кет болады.

б) Ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­ту­дың арнайы Ұлт­тық бағ­дар­ла­ма­сын бекітіп, әр ауыл­да табиғи қалып­тасқан шару­а­шы­лы­қтың өнім­дерін өңдей­тін, сапа­лы азық-түлік және де басқа да тұты­ну­шы­лар­дың талға­мы мен тала­бы­на сай қажет­ті өнім шыға­ра­тын шағын өнер­кәсіп орын­да­рын ашу­ды іске асы­ру. Осы өнім­дер­ді тұты­ну­шы­ларға арзан баға­мен жет­кізіп тұра­тын коопе­ра­ция жүй­есін құру керек, сон­да ғана азық-түлік қым­бат­шы­лы­ғы бол­май­ды. Әр елді мекен­де жол, бай­ла­ныс, мәде­ни­ет, спорт және ауыз су, басқа да ком­му­нал­дық жүй­е­лер болуын шешу – жұмыс­сыздық пен кедей­шілік мәсе­лесіне тежеу бола­ды. Бұл бағыт мем­ле­кет қол­да­уы­мен іске асуы керек.

г) Елі­міздің халық шару­а­шы­лы­ғы сала­ла­ры­ның дамуы­ның негізі тех­ни­ка мен тех­но­ло­гия жетістік­терін пай­да­ла­нып салы­на­тын өнер­кәсіп пен құры­лыс орын­да­ры және жол салу бағы­ты тек отан­дық ғалым­дар­дың тығыз ара­ла­суы­мен ФСА/ФСЖ (Функ­ци­о­наль­ная систе­ма анализа/Функционалды сарап­та­ма жүй­есі) жүй­есі­мен жос­пар­ла­нып және салы­нған өндіріс пен құры­лыс орын­да­рын­да ФСЖ-мен жұмыс істе­се ғана қар­жы­ның артық шығы­ны мен ұрлы­ққа жол бол­май­ты­ны белгілі.

д) Мем­ле­кет­тің мықты болуы – оның эко­но­ми­ка­сы ғылы­ми негіз­де­гі бағыт­пен дамуын­да. Отан­дық ғалым­дар­дың аза­мат­тық боры­шы – ФСЖ жүй­есін маши­на жасау, өндіріс, құры­лыс, энер­ге­ти­ка (қуат), ауыл шару­а­шы­лық және билік пен сала­лық басқа­ру жүй­есіне енгі­зуді шешу. Сон­да ғана билік­те, сала­лар­да жемқор­лық жойылады.

е) АЭС салу­ды қол­да­у­шы­лар­дың «электр қуа­ты­ның көзі эко­ло­ги­яға зиян әкел­мей­ді» деуі шын­ды­ққа жана­спай­ды. Бұл халы­қты ашы­қтан-ашық алдау. Оның бар­ша адам бала­сы­на зиян әке­летінін біл­гісі кел­ген адам Дүни­е­жүзілік эко­ло­гия қорғау қоғам­да­ры­ның мәлі­мет­тері­мен таныс­сын. Біздің ел кеше­гі «Семей поли­го­ны син­дро­мы­ның» қасіретін ешқа­шан ұмыт­пай­ды. Соның сал­да­ры­нан талай ұрпақтар буы­ны­ның тағ­ды­ры­на келетін зиян қан­ша ғасыр­ларға жалға­са­ты­ны бел­гісіз. Оны АЭС сала­тын­дар да, сол сала­ның ғалым маман­да­ры да айт­пай­ды, жасырады.

АЭС-тің әке­летін зия­нын ұққы­ла­ры кел­ген адам мынаған көңіл аудар­сын: 25–30 жыл­дай қыз­мет еткен АЭС жұмысын тоқтатқан соң, оның оты­ны­ның қал­ды­ғы мен істен шыққан қон­ды­рғы­ла­ры және құры­лыс мате­ри­ал­да­рын залал­сыздан­ды­ру үшін арнайы қой­ма салып, пай­да­ланған метал­ды табиғи ыды­ра­уы­на дей­ін сақтау қажет. Оның ыды­ра­уы­на он неме­се одан да көп ғасыр­лар қажет екен. Қазір­гі кез­де жер бетін­де осын­дай ұзақ мерзім­ге шыдай­тын құры­лыс мате­ри­ал­да­ры жоқ. Яғни, олар­ды залал­сыздан­ды­ру – келе­шек ұрпақтың мой­ны­на арта­тын қарыз екені аян. Бұл шығын тура­лы ешкім ойламайды. 

Ойла­нар бол­сақ, бұл жоба кім­ге қажет? Жоба біз­ге емес, тек АЭС сала­тын алпа­уыт елге ғана қажет. Біздің елді Еуро­па елі­мен салы­сты­руға бол­май­ды, олар­да электр қуа­тын өндірудің табиғи көзі шектеулі.

ж) Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық дамуын келе­шек­те электр қуа­ты­ның жетіс­пе­ушілі­гі тежей­ді, сон­ды­қтан АЭС салу қажеті туын­дай­ды деген тұжы­рым­ның негіз­сіз екенін айту қажет. Қазақ елін­де арзан электр қуа­тын өндіретін көмір­ден басқа табиғи ресур­стар­дың толық зерт­теліп, пай­да­лан­бай жатқа­нын естен шығар­мау керек. Осы мәсе­лені шешу үшін арнайы ғылы­ми-зерт­теу жұмысын іске асы­рып, эко­ло­ги­яға зиян әкел­мей­тін, тасы­мал­да­уға кететін шығын­ды азай­та­тын табиғи электр қуа­ты көз­дерін пай­да­ла­ну­ды қолға алу қажет.

Яғни, бұл мәсе­лені шешу үшін, ең алды­мен қазір­гі өндіріп оты­рған электр қуа­тын пай­да­ла­ну­дағы жіберіп оты­рған кем­шілік­тер­ді толық аны­қтау керек. Сол кем­шілік­тер­дің бол­мауын іске асы­ра­тын арнайы ғылы­ми зерт­те­улер негізін­де әлем­де­гі ғылы­ми-тех­ни­ка­лық жетістік­тер­ді пай­да­ла­ну – бізді біраз ұты­сқа әке­летінін ұмытпайық.

з) Тех­но­крат жас маман­дар­ды ынта­лан­ды­ру үшін АЭС салу қажет емес. Оның оңтай­лы шеші­мі мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­лық даму сая­са­ты­на бай­ла­ны­сты. Біздің елде бұл мәсе­лені шешудің жолы – рес­пуб­ли­ка­ның бар­лық үлкен қала­ла­рын­да тех­но­крат маман­да­ры­на өздерінің табиғи дарын­да­рын дамы­туға мем­ле­кет жағ­дай жасау жүй­есін іске асы­рып, елі­міз­де күр­делі элек­трон­дық тех­ни­ка өндіретін сала­ның негізін қала­уы керек. Елде про­гра­ми­стер (айтиш­ник), тағы басқа да күр­делі тех­ни­ка­ның дарын­ды маман­да­ры көп, соларға өздерінің жеке кәсібі негізін­де шағын өндіріс орын­да­рын ашуға мүм­кін­шілік жасау қажет.

Елі­міздің әр аза­ма­ты өз мүм­кін­шілі­гіне қарай елінің эко­но­ми­ка­лық дамуы­на, халқы­ның ауқат­ты болуы­на үлесін қосуға ұмты­луы – оның аза­мат­тық боры­шы. Бұл келе­шек ұрпақ үшін қажет.

Ал эко­но­мист болған адам­ның мақ­са­ты мен пары­зы­ның ерекшелі­гі – қай жер­де қыз­мет істе­се де, мем­ле­кет­шіл­дік жүре­гі­мен, ар таза­лы­ғы­мен өз халқы­ның ауқат­ты болуы­на, елінің эко­но­ми­ка­сын дамы­туға нақты­лы, сау­ат­ты ұсы­ны­стар жасап, бар­ша халы­қтың ауқат­ты өмір сүруіне ықпал ету­ге үлес қосуы бола­ды. Егер ол тек қана бер­ген тап­сыр­ма­ны орын­да­у­мен жүр­ген бол­са, эко­но­мист емес, жай ғана ста­тист болып қала береді. Тір­шілік­те басқа­ларға қараған­да эко­но­ми­стің жүгі ауыр бола­ты­ны оны ұққан ада­мға белгілі.

Болат ДҮЙСЕНБІ,

еңбек арда­гері,

эко­но­мист-сая­сат­кер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн