Пятница , 4 июля 2025

АЭС ҮШІН АЙТЫС

Қаза­қстан­да кей­бір мәсе­лені талқы­лау кезін­де «20 мил­ли­он сарап­шы» деген қағыт­па айты­лып қала­ды. Бұл жер­де­гі ащы шын­дық – «шым­шық сой­са да қасап­шы сой­сын» деген ұлы тәм­сіл­ді кей­де ұмы­тып кетіп жата­ты­ны­мыз мең­зе­леді. Пре­зи­дент Атом электр стан­ци­я­сын салуға қаты­сты рефе­рен­дум өткі­зу керек дегелі қоғам­да қызу болып жатқан әр түр­лі пікір­та­лас, талқы­ла­у­лар­ды көріп аталған әзіл ойы­мы­зға ора­лып еді…

Осы апта сон­дай қызу талқы­ның бірі Алма­ты қала­сын­да өтті. АЭС салу­ды жақтай­тын және қол­да­май­тын екі топ­тың ара­сын­дағы тар­ты­сқа біз де құлақ түр­дік. Аталған нысан бола­шақта Қаза­қстан­ның энер­ге­ти­ка­лық тәу­ел­сізді­гін қам­та­ма­сыз етіп, атом сала­сы­ның дамуы­на тың сер­пін береді деп қол­дап, дәй­ек кел­тір­ген­дер қата­рын­да ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ерлан Стам­бе­ков, BAYTAQ пар­ти­я­сы­ның өкілі Асқар Иманә­ли­ев, энер­ге­ти­ка сала­сы­ның сарап­шы­сы Петр Сво­ик, физик-ядро­шы, «Қаза­том­пром­ның» бұры­нғы қыз­мет­кері Ермек Қожам­сү­гіров пен Ядро­лық физи­ка инсти­ту­ты­ның ради­а­ци­я­лық мате­ри­ал­та­ну зерт­ха­на­сы­ның инже­нері Ана­ста­сия Тара­пе­е­ва бол­ды.  Ал АЭС салуға келіс­пей­тін­дер тара­пын­да энер­ге­ти­ка сала­сы­ның сарап­шы­сы  Әсет Науры­з­ба­ев,  эко­ло­ги­я­лық құқық жөнін­де­гі заң­гер Вадим Ни мен фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Нұр­та­за Қадір­ни­я­зов бар. 

Жал­пы энер­ге­ти­ка сала­сы маман­да­ры елде­гі энер­гия тап­шы­лы­ғы 2040 жылға қарай күше­юі мүм­кін екенін жиі айтып келеді. Оның үстіне көмір мен газ­дың ұзақ мерзім­ді пер­спек­ти­ва­да тұрақ­сызды­ғын ұмыт­пау керек. Сон­дай-ақ жаңар­ты­ла­тын энер­гия көз­деріне қаты­сты қазір­гі тех­но­ло­ги­я­ларға бай­ла­ны­сты шек­те­улер де АЭС салу­дың ең тиім­ді жол бола­ты­нын көр­сетіп отыр. 

Энер­ге­ти­ка сала­сын­дағы сарап­шы Петр Сво­ик пікір­та­лас кезін­де АЭС-ті Қаза­қстан­ның энер­ге­ти­ка­лық бола­шағы­ның бір бөлі­гі ретін­де қарас­ты­ру керекті­гін баса айт­ты. Ол елде­гі энер­гия тап­шы­лы­ғын жою үшін бар­лық қол­жетім­ді энер­гия көз­дерін пай­да­ла­ну қажет деп санай­ды. Өйт­кені, АЭС көмір мен газ стан­ци­я­ла­ры­на бала­ма ретін­де ұзақ мерзім­ді және сенім­ді энер­гия көзі бола ала­ды екен. «АЭС елді энер­гия тап­шы­лы­ғы­нан құтқа­рып қана қой­май, сыр­тқы энер­ге­ти­ка­лық тәу­ел­ділік­тен де құтқарады»,-деді сөзін шегелеп.

Ал, энер­ге­ти­ка сала­сын­дағы тәу­ел­сіз сарап­шы ретін­де АЭС құры­лы­сы­на қар­сы шығу­шы Әсет Науры­з­ба­ев­тың басты аргу­мент­терінің бірі — АЭС өндіретін электр энер­ги­я­сы­ның құны жел мен күн энер­ги­я­сы­ның құны­нан қым­бат болып кетуі мүм­кін екен. Бұл мәсе­лені тумаған сиыр­дың уызы деген сияқты әңгі­ме­ге ұқсат­тық. Әлі салын­баған АЭС-тен алы­на­тын энер­ги­я­ның тариф­тік баға­сын Науры­з­ба­ев­тың қалай есеп­теп шығарға­ны бәрінің көкей­ін­де сұрақ болып қалды…

Оған жау­ап қатқан Сво­ик­тің пікірін­ше, Қаза­қстан бар­лық қуат көз­дерінің мүм­кін­ді­гін пай­да­ла­нуы тиіс. Атап айтқан­да,  көмір, газ, су және атом стан­ци­я­ла­рын да салу керек. «Қаза­қстан­да 2012 жыл­дан бері тек жел және күн энер­ги­я­сы­на қаты­сты  жоба­лар ғана жүзе­ге асы­рыл­ды. Бұл елі­міздің электр энер­ге­ти­ка­сы тура­лы заң­на­ма­сы­на сырт­тан күш­теп енгізіл­ген. Дис­пет­чер­лер алды­мен осы жаңар­ты­ла­тын энер­гия көз­дері­нен алы­нған электр энер­ги­я­сын сатып алуға мін­дет­ті. Алай­да, энер­гия көп болған кез­де оны дәстүр­лі көз­дер­ден әлдеқай­да арзан өндіру­ге бола­ды. Ал, энер­гия қажет болған кез­де, жаңар­ты­ла­тын энер­гия көз­дері мен күн электр көз­дері “дема­лып” тұра­ды, сон­ды­қтан біз оны екі есе, тіп­ті одан да жоға­ры тари­ф­пен сатып ала­мыз. Менің ойым­ша, жаңар­ты­ла­тын энер­гия көз­дері­нен мін­дет­ті түр­де сатып алу тура­лы шешім­ді алып тастау керек. Күн мен жел басқа көз­дер­мен тең жағ­дай­да бәсе­ке­ле­суі тиіс. Сон­да олар­дың басқа энер­гия көз­деріне, соның ішін­де АЭС-ке қараған­да тиім­ділі­гі төмен болып шыға­ты­ны анық»,-деді ол.

Пікір­та­ласқа қаты­сқан мәжіліс депу­та­ты Ерлан Стам­бе­ков осы­дан бір жыл бұрын АЭС салуға қар­сы болға­нын жасыр­ма­ды. Алай­да, нақты дәлел­дер мен аргу­мент­тер­ге көзі жет­кен соң АЭС салу­ды қол­да­уды жөн деп тапқан.

Әсет Науры­з­ба­ев пен Ерлан Стам­бе­ков өза­ра пікір­та­ла­сты­ру кезін­де уран мен көмір­дің экви­вал­лен­тін салы­сты­рып көр­сет­кен  депу­тат бір ғана мысал­мен Науры­з­ба­ев­тың аузы­на құм құй­ды. Ерлан Стам­бе­ков энер­ге­ти­ка бой­ын­ша экс­перт­тің қара­пай­ым уран мен көмір­дің айыр­ма­шы­лы­ғын біл­мей­тінін алға тарт­ты. Сон­дай-ақ, Стам­бе­ко­втің көмір стан­ци­я­ла­ры­нан атмо­сфе­раға бөлі­нетін шығын­ды­ла­ры тура­лы сұрағы­на Науры­з­ба­ев жау­ап бере алмай жал­та­ра берді.

 Ядро­лық физи­ка инсти­ту­ты­ның инже­нері Ана­ста­сия Тара­пе­е­ва АЭС-тің қауіп­сізді­гіне қаты­сты нақты мысал­дар­мен түсін­дір­ді. Ол атом электр стан­ци­я­ла­ры­ның зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның жоға­ры дең­гей­де дамы­ға­нын және қауіп­сіздік шара­ла­ры­ның да артқа­нын алға тарт­ты. Соны­мен қатар, жаңар­ты­ла­тын энер­гия көз­дерінің тұрақ­сызды­ғы­на да тоқта­лып, АЭС-тің энер­гия өндіру­де сенім­ді әрі тұрақты қуат көзі бола ала­ты­нын айтты. 

Өз кезе­гін­де сөз­ге ара­ласқан фило­лог Нұр­та­за Қадыр­ни­я­зо­втың ойын­ша АЭС-ті салқын­да­ту үшін көп су керек, сон­ды­қтан Балқаш көліне тар­ты­лу қауі­пі төнеді. Оған Ана­ста­сия Тара­пе­е­ва «Реак­тор­ды салқын­да­ту үшін Балқаш көлі­нен табиғи түр­де була­на­тын судың 1%-дан аз мөл­шері ғана қажет»,- деп кесім­ді жау­ап берді.

Фило­лог­тың эко­ло­ги­яға қаты­сты «АЭС іске қосы­лған­нан кей­ін 30 жыл өткен соң, оны тоқта­тып, бөл­шек­терін жою керек бола­ды. Ядро­лық қал­ды­қтар мәсе­лесі шешіл­ме­ген» деген уәжіне маман Ана­ста­сия Тара­па­е­ва нақты түсін­діріп оты­рып жау­ап берді. 

–Алма­ты қала­сын­дағы Ядро­лық физи­ка инсти­ту­тын­да 1968 жыл­дан бері жұмыс істеп келе жатқан атом­дық реак­тор бар, яғни 60 жылға жуық жұмыс істеп тұр. Бұл қазір­гі заманғы тех­но­ло­ги­я­лар­ды жаңар­ту­дың мүм­кін­ді­гі. Қазір­гі су-сумен салқын­да­ты­ла­тын реак­тор­лар 80 жылға дей­ін, тіп­ті одан да ұзақ уақыт жұмыс істей ала­ды. Ал қал­ды­қтарға келер бол­сақ, олар арнайы қой­ма­лар­да сақта­ла­ды, оларға ешкім қол жет­кі­зе алмай­ды және ради­а­ци­я­ның қор­шаған ортаға әсер етуіне жол бер­мей­ді,- деп нүк­тесін қойды.

Тра­пе­е­ваға шама­сы жет­пей­тінін түсін­ген соң Қадыр­ни­я­зов «Бай­тақ» пар­ти­я­сы­ның өкілі Асқар Има­на­ли­ев­ке соқты­ғы­сты. Алай­да, Има­на­ли­ев­те осал қар­сы­лас бол­май шықты. Ол, Қадыр­ни­я­зо­втың АЭС-ке қаты­сты әлем­де апат­ты оқиға­лар болға­нын алға тар­тып  1979 жылы АҚШ-тағы Три-Майл-Айленд, 1986 жылы Чер­но­быль, 2011 жылы Фуку­си­ма­ны тіз­бек­теп, «мұн­дай қауіп Қаза­қстан­да да болуы мүм­кін» деген алып қашпа әңгі­месін айтып қалды.

- Қаза­қстан­да ЯФИ-дің реак­то­ры 60 жылға жуық жұмыс істеп тұр, ал МАЭК-тегі реак­тор 1973 жыл­дан 1999 жылға дей­ін жұмыс істе­ді, еке­уі де жары­лған жоқ. Тіп­ті Фран­ци­яда АЭС жанын­да жүзім, асша­ян­дар өсіреді. Бар­лық апат­тар ада­ми фак­тор­дан бол­ды, соның ішін­де Фуку­си­ма да, онда стан­ция иелері мәсе­лені өздері шешу­ге тыры­сқан,– деп нақты жау­ап бер­ді Асқар Иманәлиев.

Сон­дай-ақ, өз кезе­гін­де «Қаза­том­пром» өнер­кәсібін­де 21 жыл­дан аса уақыт жұмыс істе­ген ядро-физик Ермек Қожам­сү­гіров бола­шақта елі­міз­ге тіп­ті 4 бір­дей АЭС-тің қажет бола­ты­нын алға тартты. 

– Менің­ше біз­ге әлі 4 атом электр стан­ци­я­сы керек. Олар оңтүстік, сол­түстік, шығыс және баты  өңір­лер­де орна­ла­суы қажет,– деді ол. Ермек Қожам­сү­гіров  соны­мен бір­ге оның құры­лы­сы мен жұмыс жасау бары­сы көп­те­ген жұмыс орнын ашуға мүм­кін­дік беріп, уран­ды арзан бағаға  сатқан­ша, АЭС-ке қол­да­нуға бола­ты­ны­на тоқталды. 

Пікір­та­лас бары­сын­да мар­дым­ды дәй­ек айтып, нақты дәлел­дер кел­ті­ре алмаған Науры­з­ба­ев бастаған фило­лог, эко­лог, заң­гер­лер  әдет­те­гі­дей попу­лиз­мнің ауы­лы­нан ұзай алма­ды. Жұрт­ты даб­ы­ра арқы­лы елең еткіз­гісі кел­ген­мен халы­қтың да бұл тақы­рып­та сау­а­ты артқа­нын біл­мей­тін бол­са керек. 

Жал­пы Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың маңы­зды шешім­ді халы­қтың өзіне қабыл­да­уы­на мүм­кін­дік бер­ді. Көп­те­ген елдер­де АЭС салу мәсе­лесін­де Үкі­мет шешім қабыл­дап, бұқа­ра­ның пікірі тура­лы әңгі­ме бол­маға­нын да білеміз.

Халық бұл мәсе­ле­де әлбет­те маман­дар­дың нақты пікір­леріне сүй­еніп шешім қабыл­да­ры анық. Мән­сіз айқай мен құр аттан­ның дәуірі баяғы­да өткен. DAT

Республиканский еженедельник онлайн