Пятница , 4 июля 2025

Аягүл МАНТАЙ: Қазақтың интеллектісін ӨЛТІРУ ОЙЫНЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Біздің аны­қта­ма

  • Аягүл Ман­тай – Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы, Мақта­арал ауда­ны, Бай­қо­ныс ауы­лын­да дүни­е­ге кел­ген. «Жаң­быр­лы көк­тем» және «Жүрек­ке ора­лу» атты әңгі­ме­лер жинағы­ның авто­ры. «Сер­пер» Жастар сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Баққо­жа Мұқай атын­дағы әде­би бай­қа­удың жүл­де­гері. 2010 жылы «Әде­би­ет номи­на­ци­я­сы» бой­ын­ша Пре­зи­дент сти­пен­ди­я­сы­ның иегері атанды.

– Аягүл, біздің газет­те «Дат!» айда­ры аясын­да сұх­бат бер­ген жаңа кей­іп­кер­ді оқыр­манға таны­сты­руға арналған «Біздің аны­қта­ма» деген руб­ри­ка бар. Сіз осы аны­қта­ма­да өзіңізді қалай таны­сты­рар едіңіз?

– Екі­жүзді, жағым­паз, бетіне бет­пер­де киген жасан­ды адам­дар­ды қабыл­дай алмай­тын, мұн­дай адам­дар­мен ымы­раға кел­мей­тін қырсықпын.

– Сіз жоға­ры оқу орнын бітір­ген соң, Мәс­ке­уде тағы да қала тұру­ды шеш­кен екен­сіз. Оның себебі неде? Алма­ты мен аста­на­дан жұмыс табыл­ма­ды ма, әлде елде­гі кедей­шілік, әділет­сіздік, заң­сыздық сияқты мұң-зар сіздің «баз кешіп» кетуіңіз­ге себеп болған жоқ па?

– Соңғы он жыл­да елде өмір сүру қиын­даған үстіне қиын­дай түсті. Мұны көзі ашық, сана­лы адам­ның бәрі біледі. Жұмыс­сыздық көбей­ді. Елді жағым­паз­дық жай­ла­ды. Ешкім­ге жағым­паз­да­на алмай­тын, жағым­паз­дық қолы­нан кел­мей­тін, мінезі өткір адам­дарға қазір­гі қазақ қоға­мын­да өмір сүру қиын. Олар өздерін қоға­мға мүл­дем керексіз сезі­неді. Жоқ, қоға­мы олар­ды керексіз сезі­неді. Әде­би­ет­те, мәде­ни­ет­те, білім сала­сын­да, жал­пы қоғам­ның қай сала­сын­да да жағым­паз адам­дар­дың дәуірі жүріп тұр. Себебі билік осы­ған әкел­ді. Билік қаза­қтың ешкім­нің алдын­да жағы­нып бас имей­тін өр мінезін тап­тап таста­ды. Мінез деген рух емес пе?!

Елде жүр­ген соңғы жыл­да­ры жұмыс­сыз қал­дым. Сосын Мәс­ке­у­ге кет­тім. Мәс­ке­уде­гі бедел­ді Ресей Халы­қтар Досты­ғы уни­вер­си­тетіне маги­стра­ту­раға түстім. Маги­стра­ту­ра бітір­ген соң, Мәс­ке­уде қал­дым. Жасыр­май­мын: «Елге бар­сам, тағы да жұмыс­сыз қалам ба?» деген қорқы­ныш бол­ды. Мен ғана емес, Мәс­ке­уде оқу бітір­ген жастар­дың көбісі елге қай­тқы­сы кел­мей­ді. Елге қай­тқан­да­ры­ның кей­бірі Мәс­ке­у­ге қай­та оралды.

Біздің елде қазір интел­лек­ту­ал, потен­ци­а­лы мықты жастарға өмір сүру қиын. Шетел­де білім алған жастар еркін, олар­дың ойы азат. Ойла­рын көбісі еркін, ашық айта­ды. Менің­ше, олар­ды «неге шетел­ге кет­ті, неге шетел­де қал­ды?» деп жазғы­руға бол­май­ды. Шетел­ден ора­лып, елде­гі жүй­е­ге көңілі тол­май, қат­ты депрес­си­яға түсіп кет­кен жастар­ды білем. Депрес­си­яға түсіп, өздерін жоғал­тып алған­ша, не өздеріне қол жұм­сап өлген­нен, шетел­ге кет­кен­дері дұрыс.

Үлкен талант – үлкен эго­ист. Олар энер­ги­я­сын сыр­тқа шығар­ма­са, потен­ци­а­лын таныт­па­са бол­май­ды. «Өз елің­де ұлтан бол» деген сөзді біздің жүй­е­де шек­те­улі, білім­сіз адам­дар айта­ды. Шет­те жүріп те туған жер­ге пай­да кел­тіру­ге бола­ды. Шын талант­ты адам, шын білім­ді адам, шын ұлт­шыл адам ұлты­на, еліне пай­да­ны сырт­та жүріп те жасайды.

Біз­де қазір қаза­қтың интел­лек­тісін өлті­ру ойы­ны жүріп жатыр. Тұлға­лар­ды тап­тау ойы­ны жүріп жатыр. Қаза­қты мәң­гүрт­тен­ді­ру ойы­ны жүріп жатыр.

Сізді сұх­бат­та­суға шақы­руға «Фейс­бук» желісін­де­гі бір жаз­баңыз себеп­кер бол­ды. Өз кезе­гін­де сол жаз­ба (төмен­де) сіздің парақ­шаңы­зды сүзіп шығуға мәж­бүр етті: аза­мат­тық ой-пікіріңіз ашық және елде­гі «800 жазу­шы­мен» салы­сты­рған­да, әлдеқай­да батыл екен. Оның шет жаға­сын өзіңіз де жазған екен­сіз: «Елді жағым­паз­дық жай­лаған» деп. Басқа­ны­кі – басқа, ал оқыр­ман­ның ғана баға­сы мен талға­мы­на тәу­ел­ді болуы тиіс ақын-жазу­шы­ның жағым­паз­ды­ғын қалай түсінеміз?

– Маған үш-төрт ақын-жазу­шы «Фейс­букқа» ойла­ры­ң­ды ашық жаза­сың, бай­қа­шы, жаз­бай-ақ қой­шы» деп ақыл айт­ты. «Неге сіз де билік, қоғам тура­лы ойы­ңы­зды ашық жаз­бай­сыз? Аза­мат­тық пози­ци­яңы­зды көр­сет­пей­сіз? Бірақ бәрің дамы­ған, демо­кра­ти­я­лы мем­ле­кет­те өмір сүруді арман­дай­сы­ң­дар» дедім мен оларға. «Қазір біз ғана емес, ешкім жаз­бай­ды ғой…» деп, олар өз уәжін күміл­жіп айтады.

Әкем мен жалғыз інім бірі­нен соң бірі дүние салып, анам­ның қасын­да бір жыл­дан аса бол­дым. Елде де ойым­ды ашық жаз­дым. Керісін­ше, елде тұрған­да батыл­дау жаз­дым. Себебі елде­гі аху­ал­ды терең сезін­дім. Ойы­ң­ды ашық жазу үшін, шетел­де тұру шарт емес.

Біздің ақын-жазу­шы­лар­дың көп­шілі­гі еркін емес. Еркін емес адам­да мінез бол­май­ды. Ал әде­би­ет­ті еркін ойлы адам­дар жасайды.

Біз­де­гі әде­би бай­қа­у­лар кәдім­гі қара база­рдағы сауда секіл­ді. Әде­би бай­қа­уда қай­та-қай­та жүл­де ала­тын­дар­дың талан­ты­на күмән­мен қарай­мын. Олар­дың көп­шілі­гі жағым­паз­ды­қ­пен, апа-көкесін жаға­ла­у­мен, тіп­ті бай­қа­удың жүл­десінің ақша­сын бөлі­су­ге келісіп, «бәй­ге» алып жүр. Әде­би орта – Авгий­дің ат қорасы.

Қазақ әде­би­етін­де дипло­мат­тар көп. Әде­би­еті­міздің бір соры – осы дипло­мат­тар. Бой­ын­да дипло­мат­тық қаси­еті қат­ты дамып кет­кен ақын-жазу­шы әде­би­ет­те ешқа­шан құбы­лыс бола алмай­ды. Шынайы ақын-жазу­шы ғана шынайы әде­би­ет­ті жасайды.

– Айт­пақ­шы, «жағым­паз­дық» деген­нен шыға­ды, өткен жыл­дың соңын­да елде­гі мәде­ни­ет пен өнер­дің 70-тен астам таны­мал лау­ре­ат­та­ры мен орден­ді өкіліне Пре­зи­дент­тік сти­пен­дия тағай­ын­далға­ны есіңіз­де шығар: сол тізім­нің ішін­де Қаза­қстан Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның үш лау­ре­а­ты (Темір­хан Медет­бек, Дулат Иса­бе­ков, Бексұл­тан Нұр­же­ке) бол­ма­ды. Жал­пы осы «шүлен тара­ту­дың» сая­са­ты ұлт­тық, халы­қтық һәм мем­ле­кет­тік мүд­денің мұқтаж­ды­ғы­на сай деп ойлай­сыз ба?

– Пре­зи­дент­тік сти­пен­дия берудің де өз сая­са­ты бар. Қате­ле­с­пе­сем, Пре­зи­дент­тік сти­пен­дия ала­тын ақын-жазу­шы­лар­дың тізі­мін Жазу­шы­лар одағы ұсын­са керек. Темір­хан Медет­бек, Дулат Иса­бе­ков, Бексұл­тан Нұр­же­ке – пікірін ашық айтып жүр­ген ақын-жазушылар.

Әрине, бұл «шүлен тара­ту­дың» аста­рын­да ешқан­дай ұлт­тық, халы­қтық мүд­де жоқ. Билік әртүр­лі сый­лық, сти­пен­дия арқы­лы өз жақ­та­ста­рын жинағы­сы келетіні бел­гілі ғой. Біздің елде сый­лы­қтың да, сти­пен­ди­я­ның да құны мен сал­мағы жоқ. Сый­лық пен сти­пен­ди­я­ны алдың-алма­дың – еш маңы­зы да жоқ.

Мыса­лы, менен көп ақын-жазу­шы­лар «Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сісің бе?» деп сұрай­ды. «Жоқ» десем, «Өтіп алсаң­шы» дей­ді. Жастар жағы «Сіздің Одаққа мүше емесіңіз қызық екен» дей­ді. Маған Жазу­шы­лар одағы­на мүше болу не береді? Неге керек? Одаққа ешқа­шан мүше болмаймын.

– «Фейс­бук­тағы» бір жаз­баңы­зда «елді билік­тің өзі рево­лю­ци­яға әке­ле жатыр» деген екен­сіз. Назар­ба­ев­тың «тұрақты­лы­ғы­на» құлағы әбден тұнған халық рево­лю­ци­ядан ғана емес, «рево­лю­ция» деген сөзді қол­да­ну­дың өзі­нен қауіп­те­неді. Ал сізді батыл сөй­ле­у­ге (жазуға) итер­ме­ле­ген қан­дай құдірет?

– Қазір қазақ қоға­мы – хаос. Жемқор­лық өршіп тұр. Оңтүстік­те мек­теп­ке мұғалім болып тұру үшін, адам­дар 500 000–800 000 тең­генің ара­сын­да пара беріп жатыр. Тіп­ті пара беріп қой­ып, жұмысқа тұра алмай жүр­ген адам қан­ша­ма?! Маман­ды­ғы бой­ын­ша қазақ тілі, био­ло­гия пәнінің мұғалім­дері сағат бол­май, ағы­л­шын тілі маман­ды­ғын сырт­тай оқып алып, мек­теп­те ағы­л­шын тілі­нен сабақ беріп жүр. Өзі ағы­л­шын тілін біл­мей­тін мұғалім оқу­шы­ға қай­дан ағы­л­шын тілін үйре­те­ді? Жоқ, пара­сын бер­се, таныс тап­са бол­ды – мұғалім болып жұмысқа орна­ла­са береді. Биік лау­а­зым­ды қыз­мет­тер­де де жағым­паз, білім­сіз адам­дар толып жүр. Олар айна­ла­сы­на өзі секіл­ді жағым­паз, білім­сіз адам­дар­ды жинап алған.

Ары­стағы жағ­дай анау! Тиісті адам­дар­дың салғырт­ты­ғы­нан қан­ша­ма адам стресс алды. Қан­ша­ма ада­мға ажал қау­пі төн­ді. Өлім құшқан­дар бар. Сосын әлі қалы­пқа кел­ме­ген, сна­ряд­тан толық тазар­маған Ары­сқа халы­қты «лақты­ра сал­ды». Бұл – халы­қты басы­ну. Ары­сты­қтар Шым­кент­те бол­са, митинг­ке шыға­ды деп қоры­қты. Кеше ғана «Бек Эйр­дің» ескі ұшағы құлап, қан­ша адам мерт болды.

Қаза­қстан – демо­гра­фи­яға тәу­ел­ді мем­ле­кет. Халқы­мыз ұшақ құлап өле бер­се, әле­умет­тік қиын­шы­лы­қтан өртеніп өле бер­се, өзіне қол жұм­сап өле бер­се, демо­гра­фия қашан дами­ды? Әле­умет­тік тұрғы­да қорғал­маған, жұмысы жоқ, жұмысы бол­са, тапқан ақша­сы пәтері мен тамағы­нан артыл­май­тын, билі­гі дау­сын есті­мей­тін қорған­сыз адамдар…

Соңғы жыл­да­ры қасірет­тен көз ашпа­дық. Себебі билі­гі­міз руха­ни ауруға ұшы­раған. Іріп-шірі­ген, қар­тай­ған билік­ті халы­қтың тағ­ды­ры алаң­дат­пай­ды. Билі­гі руха­ни ауруға ұшы­раған елдің үлкен бөлі­гінің басын діни уағыз­шы­лар, Қаба­тов пен әншілер басқарады.

Жал­пы, егер сірес­кен сая­си жүйе жуық ара­да өзгер­мей­тін бол­са, онда елде болуы мүм­кін төң­керістің табиға­тын қалам­гер­лік пай­ым­мен қалай сипаттап берер едіңіз?

– Халық қазір ешкім­ге сен­бей­ді. Шын мәнін­де, халы­ққа билік­ті өзгер­ту қиын емес. Бір-ақ күн­де өзгер­те ала­ды. Егер біз­де алда-жал­да көтеріліс бола қал­са, көр­ші елде­гі­дей «фор­мат­та өтпей­ді». Ешқан­дай ғима­рат­тар қира­май­ды, дүкен­дер тонал­май­ды. Қазақ – интел­лек­тісі жоға­ры халық.

Қаза­ққа қан­тө­гіс керек емес. Бірақ қаза­ққа халы­қ­пен сана­са­тын билік керек. Қаза­қты Қытай­да азаптау лагерін­де азапта­тып қой­май­тын мінезді билік керек. Былы­ққа батқан авиа­ция, темір­жол сала­сын рет­ке кел­тіретін билік керек. Білім, меди­ци­на, әртүр­лі сала­дағы жемқор­лы­қты жоя­тын билік керек. Өзін­де билік­тің жар­ты­сы жоқ Тоқа­ев сая­си рефор­ма­лар жасай­ты­ны­на күмән көп.

Кей­де мем­ле­кет­тің айбар­лы болуы­на халық саны­ның азды­ғы да, эко­но­ми­ка­ның төмен­ді­гі де себеп емес. Билі­гін­де мінез, рух болу керек. Біздің билік­те сол рух пен мінез жоқ. Өз халқы­мен сана­спай­тын билік­пен ешбір елдің билі­гі санаспайды.

– Сіз біраз жыл Ресей­де – Мәс­ке­уде жүр­ген қазақ қызы ретін­де Кремль­дің Қаза­қстанға деген гео­са­я­си пиғы­лын пай­ым сара­сы­нан тыс қал­дыр­маған болар­сыз: біздің елде сая­си жүй­ені өзгер­ту­ге бағыт­талған төң­керіс бола қал­са, пут­ин­дік Ресей­дің тара­пы­нан Қаза­қстанға қатер туа­ды деген сарап­шы­лар пікіріне қаты­сты қан­дай ой айтар едіңіз? Әлде бұл қауіп бос дақ­пырт­тың дол­ба­ры ғана ма?

– Әрине, Ресей Қаза­қстан­да ғана емес, Орта Ази­яда да өз сая­са­тын жүр­гіз­гісі келетіні бәрі­міз­ге бел­гілі. Ресей­ге өзінің айтқа­ны­нан шық­пай­тын қазақ билі­гі керек. Назар­ба­ев билі­гі – орыс мүд­десін аспан­датқан билік болып тарих­та қалады.

Ал, Аягүл бике, енді өзіңіз «көрерсінін көріп», жемісін теріп (?) жүр­ген өрісті бір шолып өтей­ік: Қаза­қстан­ның әде­би­еті тәу­ел­сіз елдің тағ­дыр-тақы­ры­бын арқа­лап кете алды деп ойлай­сыз ба?

– Тәу­ел­сіздік жыл­дар­дағы қазақ тағ­ды­ры талай шығар­маға арқау бола­ды. Деген­мен, жазуға потен­ци­а­лы жететін жазу­шы­лар­дың еңсесін әле­умет­тік қиын­шы­лық басып таста­ды. Ал өзге­лері «атақ пен сый­лы­қты қалай ала­мыз?» деген «маңы­зды сұрақ­пен» бас қаты­рып жүр…

– Соңғы 20–25 жыл­да қазақ әде­би­етін­де құбы­лыс жасаған қан­дай автор­ды және қан­дай шығар­ма­ны атай алар едіңіз?

– Құбы­лыс туды­рған ерекше шығар­ма есім­де жоқ.

– Яғни, «есіңіз­де жоқ» бол­са, елде де бол­маға­ны ғой… Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Желі­де­гі жазбалар

ШАРШАҒАН Отанымызды ҚҰТҚАРАЙЫҚ!

Баяғы­да бір режис­сер­дің кино түсірілім алаңы­на барғам. Киноға түсіп жатқан актер­лер­дің əжептəуір таны­мал­ды­лы­ғы бар. «Хай­у­ан, хай­у­ан» деп айқай­лап, актер­лер­ді құл секіл­ді көреді. Бір актер сөз қай­та­ра алмай­ды. Олар қорған­сыз. Олар сол режис­сер­дің ғана емес, жүй­енің құр­ба­ны. Егер сөз қай­тар­са, жұмыс­сыз қала­ды. Себебі ол режис­сер­дің билік­те «кру­той» доста­ры бар. Жыл­пыл­дап, жағы­нып, солар­ды жаға­лап жүреді. Ол олар­дың тілін таба­ды. «Бас рөл­де­гі қыз жасан­ды ойнай­ды» деп едім, басым бəле­ге қал­ды. Сөз­ге кеп қалдық. 

*** 

 Қате­мен жаза­тын бір жур­на­ли­сті білем. «Ол редак­торға соғым əкеп береді, сол үшін жұмыстан шығар­май­ды» дей­тін білетін­дер. Өтірік-шынын кім біл­сін? Сол жур­на­ли­стің қыз­меті көтеріліп­ті. Таңқа­ла­тын не бар? Солар­дың зама­ны ғой. Бұл билік­тің маңын­да қан­ша­ма сау­ат­сыз жүр емес пе? Сол жур­на­ли­сті бəрі құт­ты­қтап жатыр. Олар да оның сау­ат­сыз екенін біледі. Бірақ ешкім «сен ол оры­нға лай­ық емес­сің» деп айт­пай­ды. Ең бол­ма­са, қар­сы­лы­ғын құт­ты­қта­май көр­сет­пей­ді. Себебі олар біре­удің жақ­сы­лы­ғын бөліс­кен­нен, бұның «бір көме­гі тиіп қалар» деп ойлай­ды, үміттенеді. 

***

Билік­ке барған таны­ста­рым бар. Көр­ген жер­де сəле­мі­міз түзу. Жарып бара жатқан білі­мі, потен­ци­а­лы жоқ. Енді бұл билік­ке жанып тұрған жастар емес, орта дең­гей­лі адам­дар керек секіл­ді. Солар көп өтпей, мұр­ны­на есекқұрт кіріп, адам таны­май қала­ды. Ойбой, бай­ғұстар адам­мен кер­гіп сөй­ле­седі ғой. Интел­лек­тісі төмен олар халы­қтың қамын қай­дан ойла­сын? Олар­дың дең­гейі жоға­ры бол­са, өзгеріп шыға кел­мес еді. 

Қазір көп жер жанып тұрған жастар­ды жұмысқа алғы­сы кел­мей­ді. Қауіп­те­неді. Бағын­бай ма деп қорқа­ды. Кем­шілі­гім­ді, қателі­гім­ді, ішкен-жегенім­ді аша ма деп қорқа­ды. Жүйе жағым­паз адам­дар­дың санын арт­тыр­ды. Жағым­паз адам­дар­дың обра­зын жаса­ды. Отан­дық арна­лар­да үндінің төмен сорт­ты сери­а­лын қап­та­тып, қаза­қтың интел­лек­тісін өлті­ру жұмысы­мен айна­лы­сты. Қаза­қты қорқы­тып-үркітіп, құл­дық сана дең­гей­іне түсір­гісі келді. 

*** 

Адам құн­ды­лы­ғы… Кешіріңіз, біздің қоғам­да адам тым құн­сызда­нып кет­ті. Адам­да құн қал­ма­ды. Оны атып кету­ге, басып кету­ге, жан­шып кету­ге болады. 

Жүйе бат­паққа батқан. Сая­си эли­та­ны тұтас өзгерт­пей, сая­си рефор­ма­лар жаса­май, бат­пақтан шыға алмай­ды-ау жəне өздері де шыққы­сы кел­мей­ді. Себебі үйрен­ген жер­лері, бат­пақта жата беру өздеріне ұнай­тын секілді. 

Мен эво­лю­ци­я­лық жол­мен дамы­ған­ды қол­дай­мын. Бірақ билік халы­қ­пен диа­лог жаса­ма­са, онда рево­лю­ци­ядан басқа жол жоқ. Билік құл­ды­ра­удың соңғы шегіне жет­ті. Рево­лю­ци­я­ны қалай­ық, қала­май­ық – соған өзі келе жатырмыз.

***

Мəс­ке­уде де қара жұмыс істеп жүр­ген қаза­қтар бар. Оңтүстік Коре­яға нан іздеп қан­ша қазақ кет­ті? Олар­дың күйі қан­дай? Құқы­ғы қорғалған ба? Өз елін­де құқы қорғал­маған адам­дар­дың, шетел­ге билі­гі қай­ыр­шы секіл­ді қаңғы­тып жібер­ген адам­дар­дың құқы қай­дан қорғал­сын? Билік жерінің астын, үстін тонап, ішіп-жеп, кекіріп, бай­лы­қтың иесі – халы­қты қаңғыр­тып, тен­тіретіп жібер­ді. Қаза­қтың кешірім­шіл­ді­гін, көн­бісті­гін, мей­ірім­ділі­гін пай­да­ла­нып, біл­генін істе­ді. Халы­қтың шыда­мы шегіне жет­ті. Енді жиі болып тұра­тын толқу­ды баса алмай­сы­ң­дар, енді біл­ген­деріңді істеп, кекіріп оты­ра алмайсыңдар! 

***

«Азатты­қтың» жур­на­ли­стерін жал­да­ма­лы əйел­дер­ге ұрғы­зу – бұл енді пси­хи­ка­сын­да ауы­тқуы бар адам­дар­дың бұй­ры­ғы. Билік­тің түбіне осы адам­дар жетеді.

***

Елде­гі көп­те­ген сая­си про­цес­стер билік­тің іріп-шірі­генін ғана емес, ешқан­дай емде­у­ге кел­мей­тінін көр­се­те­ді. Билік құл­ды­ра­удың ең төмен­гі шегіне жет­ті. Бұл билік­пен диа­лог жасау мүл­дем мүм­кін емес. Əр ісіне «қоқыс» ара­ла­сып кет­кен бұл билік­тен не күту­ге болады? 

*** 

Елді жағым­паз­дық жай­лаған. Көп жер­де адам­дар жағы­ну­мен өмір сүріп жатыр. Олай бол­ма­са, жұмыстан шыға­ды. Бұрын ірі сөй­лей­тін, потен­ци­а­лы бар аға­лар жағым­паз­ды­қтың исі шыға­тын жаз­ба жазып жат­са, билік­ті сынап жазған жаз­ба­ларға қар­сы жағым­паз­да­на жаз­ба жаз­са, олар­ды да бір­түр­лі аяй­сың. Тап­сыр­ма екенін сезесің, бол­ма­са жұмыс­сызды­қтан аузы əбден күйген. 

Біздің жалғыз Ота­ны­мыз бар. Жағым­паз­ды­қтан, парақор­лы­қтан, жемқор­лы­қтан, сатқын­ды­қтан, билік­тің айна­ла­сын­дағы сау­ат­сыздар­дан, мисыздар­дан шар­шаған Ота­ны­мы­зды құтқарайықшы…

Аягүл МАНТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн