Суббота , 5 июля 2025

АЯЛЫ ағамыз ЕДІ

Қазақ поэзиясында өзіндік орыны бар ақын Абдрахман Асылбек өмірден озды. Жатқан жерің жаннатта болсын, әдебі әдемі Әбеке!

Біз білетін Әбе­ке­міз – ең алды­мен аялы аға еді. Жұм­сақ мінезін жібек­тей өріп, редак­ци­я­мы­зға жиі келіп-кетіп тұра­тын. «Басқа­лар бас­пай­ды, сен­дер керекке жарат­саң­дар – көрерсің­дер…» деп, жазған-сызға­нын тастап кететін. Жай­ы­рқап сөй­леп, жұм­сақ жымиып қана келетін аға­мы­зға: «Біз өлең бас­пай­мыз!» деп, басқа­лар­дың бетін қай­та­рар сөзді оған айту­дың өзі оғаш еді.

Соңғы кел­генін­де төрт-бес бет қағазға жазы­лған өлең­дерін ұсы­нып: «Сая­си лири­ка мен сати­ра­ны да сипап көрей­ін деп жүр едім… Қоғам­ның қоты­рын қаси­тын ақын аз емес, бірақ соны­сын жария ететін­дер некен-саяқ – «кәрі қой­дың жасын­дай жасым қал­ды», мен неден қай­мы­ғам!» дегені бар.

Сон­дағы өлең­дерінің бірін жари­я­лай оты­рып, енді біздің есі­гі­мізді өзім­сініп ашып кіретін аға­мы­зды сағы­на­ты­ны­мы­зды еске алдық.
Қош, аялы аға! 

«

Республиканский еженедельник онлайн