Суббота , 5 июля 2025

АҒӘДІЛДІҢ АЖАЛЫ… Назарбаевтан болды!

Бұрын­да­ры Дулат­ты жақ­сы біл­ме­ген екен­мін. Ағәділ­дің абақты­дан қашып шыққан «жұм­бақ жағ­дайы» тура­сын­да газет­ке жазға­ны­мыз бар. Одан соң одан көз жазып қал­дық. Бірақ ол ел ішін­де буы­рқанған оқиға­лар­дың орта­сын­да жүріп­ті: үш айда жеті рет қамауға алы­нған екен! Яғни, әділет­ке ара­ша түсіп, қия­натқа қар­сы отқа түсу­ден тай­ын­бай­тын қай­сар жігіт болға­ны. Қытай­дан жан­са­уға­лаған «қос қашқын» – Қастер мен Мұра­гер­дің Зай­сан­дағы соты­на дей­ін барыпты.

Қай­сар­лы­ғы мен қайт­пас­ты­ғы сол – «жемқор жүй­е­ге қыз­мет еткен­ше, екі сиыр сатып алып, сауын­шы бол» деп, сот­тың бір судья­сы­на өңмені­нен өтер сөз айтып­ты. Бірақ еті өлген өгіздік­тің өңмені­нен қай­дан өтсін: ол судья «құр­мет көр­сет­пе­ді, сот­ты қор­ла­ды» деп, Ағәділ­ді айып­таған қыл­мыстық іске түрт­кі болып­ты. Бүгін­гі сот­тың – сот емес, мот екенін (сот-мот) қары­ны тоқ, көй­ле­гі көк ол сая­си сор­лы қай­дан білсін?!

Енді, міне, қазақ қай­сар жігіті­нен айы­рыл­ды. Абақты­да өлді… Бәл­кім, өлтір­ді… Үйін­де емес, көше­де емес, абақты­да! Қалай болған­да да, Дулат­тың қаза­сы­на назар­ба­ев­тық жүйе жазы­қты. Ағәділ абақты­ға өлей­ін деп өз аяғы­мен барған жоқ, назар­ба­ев­тық авто­ри­та­риз­мнің «абы­рой­ын» қорғаған пары­қ­сыз поли­цай­лар алып бар­ды. Бұдан соң, көпе-көр­неу өлім­нің өңін айнал­ды­ра­тын өзге уәж жоқ.

Айт­пақ­шы, Ажал айта­ды екен: «Алып кетем – жалам­ды біре­у­ге жауып кетем!» деп. Міне сол тәм­сіл­дің кебі – Ағәділ­дің ажа­лы Назар­ба­ев­тан бол­ды. Оның отыз жыл­дық озбыр жүй­есі екі аяқты ада­мға емес, «төрт аяқты» жан­дай­шап­тар жанұ­шы­ра қорғаған Назар­ба­ев­тың нақ өзіне қыз­мет қыл­ды. Елде­гі екінің бірі білетін бұл жал­мауыз жағ­дай­ды тәп­ті­ш­теп айту­дың өзі артық: аңы­раған ауы­лға бар, қаңы­рап қалған қырға бар, қала-дала­да өріп жүр­ген жұмыс­сыз жан­ке­штіні көр, күн­көрі­стен кісі өлті­ру… тонау… ұрлық… зор­лық… иман­сыздық… тозу… тоқы­рау… не қал­ды… – бар­лы­ғы­на жөлік­тік жүйе жауапты!

Осы­дан кей­ін кім­ді кінәлі қыла­мыз? Пат­ша­сы­ның пай­да­сы­на қыз­мет қылып, пұшай­ман болған поли­цай пақыр­ды ма? Оны «барып кел, шауып кел­дің» шолақ шоқ­пар шабар­ма­ны қылған кім еді? Зауа­лы зары­қты­рған заң-зәкүн кім­ге қыз­мет қылу­шы еді?

Еңіре­ген елдің ете­гін жасқа тол­ты­рар мұн­дай сұрақтар сарқы­лып біт­пес… Ал Дулат­тың дауыл­паз рухы дауыл алдын­дағы аль­ба­трос құс сияқты: «Қаза­қстан» деген тулаған теңіз толқы­нын­да қалт-құлт етіп, қал­ты­раң­дап бара жатқан біз­ге тажал­дан тар­тқан тауқы­меті­мізді тағы бір еске салып кете барды…

Қош, қай­сар­лы­қтың құрбаны!

Бақұл бол, бауыр!

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн