Понедельник , 30 июня 2025

АҚИҚАТТЫҢ АЙНАСЫ!

Әзіл-сықақ ауы­лы­мы­здың даб­ы­л­шы­сы, «Ара-Шмель» жур­на­лы­ның редак­ци­я­сын­да қалам­ды қатар ұстаған жол­да­сым Қажы­тай Іли­я­со­втың қуа­ны­шты кей­іп­пен келіп: «Міне, «ДАТ» деген жаңа газет шықты!» деп ұсы­нған газетін алып, ауда­рып-төң­керіп көріп, тақы­рып­та­рын оқып, шолып, бағы­тын бай­қап, адресін жазып алып, ертеңін­де редак­ци­я­сы­на жет­тім ғой!

Газет­тің үшін­ші санын­да мақа­лам шықты. Содан бастап газет­тің тұрақты бір авто­ры­мын да, оқыр­ма­ны­мын да.

«ДАТ – Ақиқат­тың айнасы!

Елі­міз­ге тәу­ел­сіздік бұй­ы­рып, билік­ті жыл­по­стар иеленіп алып, парақор­лар мен жемқор­лар пай­да болып, жері­міздің бетін­де­гі де, астын­дағы да бай­лы­ғын өздері тал­тү­сте тонап, алыс-жақын өзге­лер­ге де ашық-жабық сауда­лап, бере­ке­міз кете бастаған­да, тәу­ел­сіздік­тен шет­тетіл­ген халы­қтың нара­зы­лы­ғын, қар­сы­лы­ғын, орын­ды талап­та­рын дерек тілі­мен батыл айта шыққан «ДАТ» газеті­міздің бүгін­гі ширекға­сыр­лық тойы – оны қоста­у­шы, қол­да­у­шы бар­ша­мы­здың той­ы­мыз! Құт­ты болсын!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ,

қарт жур­нал­шы-жазу­шы

«ТАС»

Путиннің

АДАМЫ

  • Батыс басы­лым­да­ры бұл апта­да Аста­на­ны өзіне жақ еткісі келетін Ресей Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы шар­ты ұйы­мы­ның бас хат­шы­сы Иманға­ли Тасмағам­бе­то­вті пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­евқа бала­ма ретін­де қарас­ты­ра ма деген сұраққа жау­ап іздеді.

Саясат­та­ну­шы Ақас Тәжуітов Eurasia review басы­лы­мын­дағы мақа­ла­да Мәс­кеу пост­со­вет­тік кеңістік­те­гі нара­зы­лық ошақта­рын елдің ішкі ісіне ара­ла­сып, қысым көр­сетіп, мем­ле­кет­ті сател­лит­ке айнал­ды­руға мүм­кін­дік беретін құрал ретін­де пай­да­ла­на­ты­нын жазады.

Маңғы­стау облы­сын­дағы Жаңаө­зен қала­сы жақын­да кезек­ті рет нара­зы­лық ошағы­на айнал­ды. Автор мұның себебіне үңіліп, АҚШ-та шыға­тын Diplomat басы­лы­мы­ның бас редак­то­ры Кэтрин Путц­тың мақа­ла­сы­на қай­ы­ры­ла­ды. Тәжуіто­втің ойын­ша, бұған Путц мақа­ла­сын­дағы мына сөй­лем­дер жау­ап береді: «Жаңаө­зен қала­сы орна­ласқан Маңғы­стау облы­сы – елде­гі ең кедей аймақтар­дың бірі. 2015 жылы бұл аймақтағы кедей­шілік елде­гі орта­ша көр­сет­кі­ш­тен 22 есе жоға­ры болған».

Маңғы­стау облы­сы − ел бюд­жетіне ақша құя­тын донор-аймақтар­дың бірі. Осы себеп­ті әле­уеті бай, бірақ халқы­ның тұр­мыс мәсе­лесі асқы­нған Жаңаө­зен­де әле­умет­тік шие­леніс болға­ны таңқал­дыр­май­ды. Автор­дың ойын­ша, мұн­дай қолай­лы алғы­шар­ттар туған кез­де Ресей Қаза­қстан­дағы аху­ал­дан ұпай жинау үшін амал-шарғы­ға бар­ма­са, бұл оғаш дүние болар еді.

Мәс­кеу үшін Аста­на мен Мин­скіні өзінің төңіре­гіне топ­та­сты­рған маңы­зды. Бұл рет­те Минск онсыз да Пут­ин­ді қол­дай­ды, сон­ды­қтан оған қам жеудің қажеті жоқ. Ал қазір­гі жағ­дай­да Мәс­ке­удің Аста­на­ны өзі­мен бір кеме­ге тар­та алуы екіталай.

Қаза­қстан билі­гі Ресей­дің Укра­и­наға басып кіруін қол­даған да, айып­таған да жоқ. Алай­да қара­пай­ым қазақ Ресей агрес­си­я­сын айып­тап, Укра­и­на­ны қол­дай­ды. Ондай адам­дар­дың саны көбей­іп келеді. «Ресей билі­гі Қаза­қстан­дағы қоғам­дық-сая­си оқиға­ларға ықпал ету мен про­па­ган­да маши­на­сы­ның қоғам­дық пікір­ді қажет арнаға бұра алу мүм­кін­ді­гін асы­ра баға­лаға­нын түсінгендей».

Автор­дың пай­ым­да­уын­ша, Тоқа­ев пен оның әкім­шілі­гі Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін қолға алған көп нәр­се 2010 жылы Укра­и­на пре­зи­ден­ті Вик­тор Яну­ко­ви­чтің істерін еске түсіреді. Яну­ко­вич пре­зи­дент болып сай­ланған соң, Мәс­кеу Укра­и­на­да орыс тілінің мәр­те­бесін күшей­тіп, елді Еуро­одақтан алшақта­ту арқы­лы Ресей ықпа­лы­на қай­та­ра­мыз деп үміттенді.

2012 жылы Яну­ко­вич Укра­и­на­ның бірқа­тар аймағын­да орыс тілін ресми тіл деп бекі­тетін заңға қол қой­ды (ол 2018 жылы Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы деп таны­лып, күші жой­ыл­ды). Киев 2012 жыл­дан бері Еуро­одақ­пен қауым­да­стық және еркін сауда тура­лы келіс­сөз жүр­гіз­ген, Яну­ко­вич 2013 жылы пікірін күрт өзгер­тіп, Ресей­мен эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­на­сты күшей­ту жөнін­де шешім шығар­ды. Мұның арты оны билік­тен кетір­ген Еуро­май­данға ұласты.

Тоқа­ев та орыс тілін қол­дай­тын қадам­дарға бар­ды. Ол 2022 жылы қазан­да Путин­мен ТМД жаны­нан орыс тілін қол­дай­тын және дамы­та­тын халы­қа­ра­лық ұйым құру­ды ұсын­ды. Был­тыр жел­тоқ­сан­да Санкт-Петер­бург­те өткен сам­мит­те Тоқа­ев 2023 жыл ТМД ұйы­мы аумағын­да орыс тілі жылы бола­ты­нын мәлім­деді. Бұл елде екіұ­дай пікір тудыр­ды. Сын­шы­лар орыс тілі­мен қатар қазақ тілін дамы­ту керек деген уәж айт­ты. Тәжуіто­втің жазуын­ша, бұл рет­те «Тоқа­ев орыс­ша сөй­лей­тін адам бола тұра, «қазақ тілінің қол­да­ну аясы жыл сай­ын кеңей­іп келеді» және «сон­ды­қтан оған алаң­да­уға негіз жоқ» деп есеп­тей­ді».

Тәжуітов Ғылым және жоға­ры білім мини­стр­лі­гі Тіл сая­са­ты коми­тетінің бұры­нғы төраға­сы Әділ­бек Қаба­ның: «Совет үкі­меті кезін­де қаза­қ­шаға шалағай ауда­ру­дың кесірі­нен орыс­ша­ның каль­ка­сы пай­да бол­ды. Бүгін­гі жағ­дай одан алы­сқа ұзап кет­кен жоқ. Шұрай­лы тілі­міз қаза­қы бол­мысы­нан ажы­рап, көз алды­мы­зда қара­бай­ыр­ла­нып бара­ды. Ұлт тамы­ры­нан айы­ры­лып қала ма деп алаң­дай­мыз» деген пікірін кел­тіреді. Автор­дың ойын­ша, Қаба­ның осы сөзі Тоқа­ев­тың пікіріне кереғар.

«Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің мұны біл­ме­уі мүм­кін емес. Бірақ ол мем­ле­кет­тік тіл­дің жай-күйі дұрыс деп есеп­тей­ді және өзге­лер де осы­ған иланға­нын қалай­ды». «Қазақ тілі үшін алаң­да­уға негіз жоқ» дей­тін Тоқа­ев бұл рет­те қоғам­дағы көп­шілік­пен келіс­пей­ді деген сөз. Автор­дың ойын­ша, бұл тағы бір нара­зы­лы­ққа әкеп соқты­руы мүмкін.

Аста­на­ны өз жағы­на тар­ту иде­я­сы­нан бас тарт­паған Мәс­кеу бұдан былай қате­ге жол бер­гісі кел­мей­ді. Тәжуітов бұлай тұжы­рым жаса­уға Тоқа­ев үш жыл бұрын зей­нет­ке жібер­ген Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втің Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы шарт ұйы­мы­ның бас хат­шы­сы қыз­метіне тағай­ын­да­луы және оның Батыс елдері жай­лы Ресей рито­ри­ка­сы­мен үндес мәлім­де­ме жаса­уы себеп дей­ді. Оның үстіне Тасмағам­бе­то­втің Аты­рау және Маңғы­стау облы­ста­ры­ның халқы ара­сын­да беделі бар. Екін­ші жағы­нан, ол қазақ тіліне жетік, қазақ мәде­ни қоға­мы мен зия­лы қауым ара­сын­да қол­да­у­шы­ла­ры бар. «Осы­ны ескер­сек, Кремль Тасмағам­бе­то­вті Тоқа­евқа бала­ма ретін­де сүй­реп жатқан тәрізді”» деп қай­ы­ра­ды автор.

Елнұр ӘЛІМОВА,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн