Пятница , 4 июля 2025

АҚОРДАДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Ел пре­зи­ден­ті Қ.-Ж. Тоқа­ев 2023 жылғы 19 сәуір күні елі­міздің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық даму мәсе­ле­лері жөнін­де­гі кеңей­тіл­ген кеңе­сте сөй­ле­ген сөзін­де былай деген болатын:

– «2019–2021 жыл­да­ры өнім өңде­у­ге беріл­ген суб­си­ди­я­ны алай­ық. Бұл қара­жат­тың тең жар­ты­сы суб­си­дия алам деушілер­дің 10 пай­ы­зы­ның ғана қолы­на тиген;

– Суб­си­дия алған кей­бір пысы­қай­лар өндірісті өркен­де­тудің орны­на бюд­жет қар­жы­сын қал­та­сы­на басып, шалқып өмір сүр­ген. Ал қара­пай­ым шару­а­лар үшін суб­си­дия алу – қия­мет­тің қиыны;

Өкініш­ке қарай, әкім­дер соны біле тұра, алдағы қиын­ды­қтар­ды уақты­лы бағам­дай алмай­ды. Жау­ап­кер­шілік­ті өзіне алып, дер кезін­де шешім қабыл­да­удан қашады».

Сол мәсе­ле­ге қаты­сты менің «Ауыл әкі­мінің құзы­ретін кеңей­ту тура­лы» ҚР Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің бас­шы­сы О.Бектеновтың аты­на «e‑OTINISH» арқы­лы жол­даған ұсы­ныс-хаты­ма Ауыл шару­а­шы­лы­ғы вице-мини­стрі Ербол Тасжүре­ков былай деп жау­ап берді:

«Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес агроө­нер­кәсіп­тік кешен­ді мем­ле­кет­тік қол­да­уды жетіл­ді­ру жөнін­де­гі жұмыс тобы құрыл­ды, оған сала­лық қауым­да­сты­қтар мен одақтар­дың, агро­биз­не­стің, ғылым­ның, мүд­делі мем­ле­кет­тік және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың, ҚР Пар­ла­мен­ті Сена­ты мен Мәжілісінің депу­тат­та­ры­ның өкіл­дері кір­ді. Бар­лы­ғы жұмыс тобы­ның 9 оты­ры­сы өткізіл­ді, онда суб­си­ди­я­лау жүй­есін жетіл­ді­ру тәсіл­дері талқыланды.

Қол­да­ны­стағы суб­си­ди­я­лау жүй­есін рефор­ма­ла­удың бір­не­ше нұсқа­ла­ры дай­ын­дал­ды, олар жұмыс тобы­ның оты­ры­ста­рын­да бір­не­ше рет талқыланды. 

Түбе­гей­лі рефор­ма­ла­удың бар­лық ұсы­ны­лған нұсқа­ла­рын агро­биз­нес өкіл­дері қол­да­ма­ды, фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы қол­да­ны­стағы суб­си­ди­я­лау жүй­есін сақта­уды талап етті».

Әрине, агро­биз­нес өкіл­дері мен фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы үшін қазір­гі қол­да­ны­стағы суб­си­ди­я­лау жүй­есі «оңай ақша жасау» жолын­да тап­тыр­мас мүмкіндік. 

Егер ауыл әкі­міне мен ұсы­нған құзы­рет­тер беріл­се, агро­биз­нес өкіл­дері мен фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы отыз жыл бойы жеп кел­ген «май­шел­пе­гі­нен» айырылады. 

Ойлаңыз­шы, аз ғана агро­биз­нес өкіл­дері мен фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы­ның мүд­десі бірін­ші орын­да тұруы керек па, әлде 7,5 мил­ли­он­нан астам ауыл халқы­ның мүд­десі маңы­зды ма?!

Бұл жер­де агро­биз­нес өкіл­дері мен фер­мер­лер­ге суб­си­дия беріл­месін деген сөз жоқ, тек суб­си­ди­я­лау жолын өзер­туді ғана айтып отыр­мын. Нақты­лап айт­сам, аталған жеке мен­шік шару­а­шы­лық иелері бір ауы­лға тір­кел­сін де, сосын ауыл әкі­міне суб­си­ди­я­лау тура­лы өтініш жасап, ауыл­дық кеңе­стің мақұл­да­уы­мен ғана суб­си­дия алсын.

Сон­дағы ауыл­дық округ әкі­міне беріл­сін деп оты­рған құзы­рет­тер негізі­нен үшеу:

– өзі жетек­шілік ететін ауыл­дың жерін өзі басқару; 

– аудан­дық, облы­стық және рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бөлі­нетін қара­жат­ты өзі басқа­ру және игеру; 

– ауыл тұрғын­да­ры­на берілетін суб­си­ди­я­лар­дың, грант­тар­дың және қай­та­рым­сыз неси­е­лер мен төмен өсім­ді неси­е­лер­дің кім­дер­ге берілетінін алдын ала өзі бел­гілеп, ауыл­дық кеңе­стің бек­туі­нен өткізіп, жоға­ры­ға ұсыну. 

Соны­мен бір­ге аудан мен облы­сты рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен айы­рып, тек жер­гілік­ті бюд­жет­пен қал­ды­ру мәсе­лесін де осы жолы қарас­ты­рған дұрыс деп есептеймін.

Сөй­тіп, отыз жылға жалғасқан ЖЕМҚОРЛЫҚ СХЕМАСЫН талқан­да­уы­мыз керек!

Мемле­кет те құд­ды адам секіл­ді. Ол да ауы­ра­ды. Қай жері­нен ауру бел­гісі бай­қал­са, сол жерін сол күні емдеу керек. Біздің мем­ле­кет­тің екі бүй­ірін­нен жемқор­лық деген дерт қысып, мең­детіп тұр. Соның біре­уіне Қ.-Ж. Тоқа­ев жақын­да дөп басып диа­гноз қой­ды – ол «Суб­си­ди­я­лау жүй­есін­де­гі» ақау.

Міне, енді соны емде­удің орайы келіп тұр. Мәжілі­сте талқы­ла­нып жатқан «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру тура­лы» заң­ның жоба­сы­на толы­қты­ру енгізіп, аудан­дық маңы­зы бар қала, ауыл, кент, ауыл­дық округ әкі­міне мен ұсы­нған үш құзы­рет­ті беріп кеп жібер­сек, Қаза­қстан бір бүй­ірі­нен отыз жыл бойы қысып кел­ген осы дерт­тен құлан таза сауы­ғып кет­келі тұр.

 Көр­діңіз бе, сол суб­си­ди­я­лау жүй­есін өзгер­тей­ік десек, оған анау екі «пара­зит» – агро­биз­нес өкіл­дері мен фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы қос қол­да­рын төбесіне қой­ып, қар­сы шығуда.

Оған Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі дәр­мен­сіздік таны­тып отыр. Ал Пре­зи­дент әкім­шілі­гі де неге үнсіз қалды?!

Кесіп айтай­ын, аудан­дық маңы­зы бар қала, ауыл, кент, ауыл­дық округ әкі­мінің құзы­ретін біз айтқан­дай етіп кеңей­ту Үкі­мет­тің қолы­нан кел­мей­ді. Әли­хан Смай­ы­лов екі мәр­те пре­мьер-министр болып отыр, қолын біреу бай­лап қой­ған жоқ қой! Ең құры­ған­да, Мәжіліс­ке келіп түс­кен осы жолғы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру тура­лы» заң­ның жоба­сы­на қосар еді ғой?! Жоқ, бұл мәсе­ле тек Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің ара­ла­суы­мен, Пре­зи­дент дең­гей­ін­де ғана шешіледі деп ойлаймын.

Ал Пре­зи­дент әкім­шілі­гін­де мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин­нен бастап, Қауіп­сіздік кеңесі хат­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Қанат Сей­дға­п­ба­ро­вқа дей­ін сана­сақ, он тоғыз кісі жұмыс істеп отыр. 

Негізі, Пре­зи­ден­ті­міз жоға­ры­да диа­гно­зын қой­ып бер­ген, мем­ле­кет­ті мең­детіп тұрған дерт­ті ота жасап, сылып тастай­тын Ақор­да­ның хирург­тері – осы кісілер болуы керек қой. 

  • «Қан­ды қаңтар» көтерілісі кезін­де Пре­зи­дент­ке жет­кіз­ген ақпа­рат­тар­ды «қысқа күн­де қырық мәр­те» құбы­л­тқа­нын айт­паған­да, Пре­зи­дент­ті халы­қ­пен, ашық пікір­лі қоғам бел­сен­ділері­мен кез­де­стірудің орны­на, қай­та-қай­та ару­ақтар­дың басы мен мешіт­ке жүгір­тетін­дер де; 
  • Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның ауы­за­ша­ры­ның төріне сықиып барып, өздері оты­рып ала­тын­дар да;
  • Қытай жур­на­лисінің қоя­тын сұрақта­рын дұрыс қадаға­ла­май, қажы Пре­зи­ден­ті­міздің халал емес тамақты жақ­сы көретінін әлем­ге әшке­ре­летіп қоя­тын­дар да;

сөй­тіп мем­ле­кеті­міздің бас­шы­сын жап-жазық жер­ден сүрін­діріп, сөз­ге қал­ды­ра беретін­дер де – осы тұлғалар.

Мен Пре­зи­дент әкім­шілі­гі ұжы­мы­ның адам­да­рын үш топқа бөлемін:

Бірін­ші тобы, Қасым-Жомарт Тоқа­евқа әдейі қар­сы жұмыс жасап, оны халы­ққа жек­көріні­шті көр­сет­кісі келетіндер;

Екін­ші тобы, Қасым-Жомарт Кемелұлы­на деген ниет­тері түзу, пей­іл­дері ақ болға­ны­мен, істің жүй­есін білмейтіндер;

Үшін­шісі, істің жүй­есін білетін, Пре­зи­дент тап­сыр­ма­ла­рын өз дең­гей­ін­де орын­да­уға ниет­ті болға­ны­мен, алды­ңғы екі топ­ты аттап өте алмайтындар.

Үшін­ші топ­тағы­лар­дың «аса­у­ла­ры» өзге меке­ме­лер­ге ысы­ры­лып, ауы­сып кетті.

Амал не, кесерт­кі пен жылан сияқты арбасқан осы үш топ Пре­зи­дент­тің жақ­сы баста­ма­ла­рын орта жол­да қал­ды­ру­мен келеді.

Қай­та-қай­та хат жазып, ол хат­тар­ды әле­умет­тік желілер арқы­лы осы кісілер­дің бір бөлі­мі­мен бөлісіп, шыр-пыр болып жатыр­мыз. Бір өтіні­шім ғана Олжас Бек­те­нов пен оның бірін­ші орын­ба­са­ры Темір Сүлей­ме­но­втың аты­на тір­кел­ді. Қалға­ны орта жол­дан Үкі­мет пен мини­стр­лік­тер­ге бағыт­та­лып, бір-бірі­міз­ге доп лақты­ру ойы­нын ойнаудамыз. 

Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бір мін­деті – жер­гілік­ті өкіл­ді және атқа­ру­шы орган­дарға, облы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар мен аста­на әкім­деріне қаты­сты және өңір­лік сая­сат сала­сын­да Пре­зи­дент­ке есеп беру деп жазу­лы тұр. Біздің әңгі­ме­міз де дәл осы тақы­рып­та болып жатқан жоқ па?!

Сон­да Пре­зи­дент әкім­шілі­гі Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның 19 сәуір күні елі­міздің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық даму мәсе­ле­лері жөнін­де­гі кеңей­тіл­ген кеңе­сте бады­рай­тып тұрып айтқан жоға­ры­дағы сын­да­рын түзе­тудің жол­да­рын қарас­тыр­май, сол күйі қал­ды­рға­ны ма?!

Біздің мем­ле­кет­те­гі рефор­ма­ның жоба­сын Пре­зи­дент әкім­шілі­гі емес, тағы да сол агро­биз­нес өкіл­дері мен фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы секіл­ді өзге бір топ өкіл­дері бас болып жасап және солар­дың тала­бы­на сай бекітілетін болға­ны ма?!

Тіп­ті Пре­зи­дент әкім­шілі­гі өз мис­си­я­сы­нан айы­ры­лып, оның мін­детін агро­биз­нес өкіл­дері мен фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы сияқты сая­си күш­тер әлі таса­да тұрып жүр­гі­зетін секілді.

Әрине, бұл – Тимур Құлы­ба­ев пен Кәрім Мәсі­мов басын­да тұрып жасаған «жемқор­лық афера»!

Мен Пре­зи­дент әкім­шілі­гін сынау-міне­уден аулақ­пын, әрине. Тек «Бауы­р­жан Ома­ро­втан бастап, Рус­лан Жел­ді­бай­ға дей­ін­гі сол он тоғыз тұлға­ның ішін­де бір­де-бір рефор­ма­тор кеңес­ші жоқ па?!» деген сұрақтың өзім­ді қат­ты маза­лай­ты­нын ғана айтқым келеді.

Осын­дай­да есіңе қаза­қтың «Ата­дан алтау тусаң да, бір жалғы­здық!» деген кей­істі сөзі түседі екен. «Қырық уәзірі» болға­ны­мен, батыл ұсы­ныс жасар біре­уі бол­ма­са, онда пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаев Ақор­да­да жалғыз деген сөзсіз! 

Иә, Ақор­да­дағы Пре­зи­дент­тің жалғыздығы!

Бұны басқа­ша айтып түсін­ді­ру мүм­кін емес!

Мен Пре­зи­дент­ке мін тақ­пай­мын, қай­та оған көмек­те­скім келеді. Бірақ хат­та­рым Пре­зи­дент­ті қой­ып, Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­ла­ры­на жет­пей далмын.

Осы про­бле­маға қаты­сты тағы бір айтай­ын дегенім бұқа­ра­лық ақпа­рат­тық құрал­да­ры­на қаты­сты. Дәл осын­дай маңы­зды мәсе­ле көтеріл­ген­де, БАҚ неге үнсіз, олар бір­ден іліп әке­туі керек қой.

Мыса­лы, БАҚ осы мәсе­лені газет­тер мен теле­ар­на­лар­да дүр­кін-дүр­кін көтер­се, ауыл­дағы халық естір еді ғой.

Берік Уәли өзі жүр­гі­зетін «Бет­пе-бет­ке» құзыр­лы мини­стр­лік бас­шы­ла­рын шақы­рып, осы мәсе­ле төңіре­гін­де сұрақтар қоюы­на бола­тын еді;

Депу­тат жур­на­лист неме­се жур­на­лист депу­тат Мақ­сат Толы­қ­бай мен Ерқа­нат Көп­жа­сарұ­лы «Біздің Мақ­сат» пен ««Ashyq alań» атты сая­си ток-шоула­ры­на мини­стр­лер­ді, депу­тат­тар­ды және агро­биз­нес пен фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы өкіл­дерінің басын қосып талқы­ла­са, көп сыр­дың беті ашы­лар еді.

Амал не, біздің жур­на­ли­стер қауы­мы Дай­ра­ба­ев­тың соңы­нан қал­май, әлі далақтап жүр. 

Құдай­ға шүкір, қаси­еті­нен айна­лай­ын «Жас Алаш» газеті назар ауда­рып­ты. Жақын­да Нұрым­жан Мауыт аға­мыз хабар­ла­сып, ауыл әкі­мінің құзы­ретін кеңей­ту мәсе­лесі тура­лы сұра­ды. Соңын­да газет­ке сұх­бат беруім­ді өтін­ді. Өкініш­ке орай, ол кісі «Жас Ала­штан» басқа жаққа ауы­сып кет­кен көрінеді. 

Қалған БАҚ өкіл­дері Пре­зи­дент әкім­шілі­гі секіл­ді тым-тырыс…

Ауыт МҰҚИБЕК, «ДАТ» газетінің тұрақты оқыр­ма­ны, «Құр­мет» орденінің иегері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн