Понедельник , 30 июня 2025

Ақорданың меншікті кәсіподағы МАНДАТЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кәсі­по­дақ феде­ра­ци­я­сы (ҚРКФ) Дани­ядағы Халы­қа­ра­лық кәсі­по­дақ кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның IV кон­гресін­де өз деле­гат­та­ры­ның ман­дат­та­ры­нан айы­рыл­ды. ХКК-нің мұн­дай шеші­міне қаза­қстан­дық кәсі­по­дақтың «тәу­ел­сіздік­тен толы­ғы­мен айы­ры­луы», яғни билік­ке тәу­ел­ділі­гі себеп­кер болған.

Бірақ Ақор­да­ның мен­шік­ті кәсі­по­дағы ХКК-нің бұл шеші­мі­мен келіс­пей­тін­дік­терін мәлім­деді. «Кәсі­по­дақ феде­ра­ци­я­сы ресей­лік ақпа­рат көз­дерінің ғалам­тор кеңісті­гін­де таратқан бізді Халы­қа­ра­лық кәсі­по­дақ кон­фе­де­ра­ци­я­сы қата­ры­нан шыға­рып тастаға­ны тура­лы ақпа­ра­ты­мен келіс­пей­ді. Сон­дай-ақ бізді «толы­қтай тәу­ел­сізді­гі­мізді жоғал­туы­мы­зға» бай­ла­ны­сты шыға­рып тастаған деген тұжы­рым­да­ма­мен де біз келіс­пей­міз, себебі ол шын­ды­ққа жана­спай­ды», – деп түсін­дір­ді Қаз­ТАГ тіл­шісіне ҚРКФ ақпа­рат­тық-тал­да­ма­лы орта­лы­ғы депар­та­мен­тінің дирек­то­ры Марат Қалменов.

Еске сал­сақ, Ресей­дің орта­лық кәсі­по­дағы­ның «Соли­дар­ность» басы­лы­мы ҚРКФ деле­гат­та­ры ХКК IV кон­гресі бары­сын­да өз өкілет­тік­терін қол­да­на алмай­ды-мыс деген хабар таратқан еді. 

«Кон­гресс қаты­су­шы­ла­ры атал­мыш шешім­ді 3 жел­тоқ­сан­да қабыл­даған. ҚРКФ деле­гат­та­ры «толы­қтай тәу­ел­сіздік­терін жоғал­та­уы­на» бай­ла­ны­сты ман­дат­та­ры­нан айы­ры­лған», – делін­ген хабарда.

ХКК IV кон­гресі Дания аста­на­сы Копен­га­ген­де 2–7 жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да өтті. Дания аста­на­сын­да өткен кон­гре­стің ресми сай­тын­да Қаза­қстан өкіл­дері спи­кер­лер ретін­де атал­маған. Бұл рет­те, спи­кер­лер тізі­міне сәй­кес, шараға қаты­су құқы­ғы­на кон­грес­ке қаты­су ман­да­ты бар деле­гат­тар­дың бар­лы­ғы ие болған.

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн