Воскресенье , 6 июля 2025

АҚОРДА «АҚИҚАТТАН» ҚАУІПТЕНЕ БАСТАДЫ немесе Тоқаев мырзаға алғыс!

ҚР Әділет мини­стр­лі­гі «Ақиқат» пар­ти­я­сы­ның жаңа ата­уын мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге алу­дан бас тарт­ты (фото­кө­шір­мені қараңыз). Мини­стр­лік­тің көл­де­нең тар­тқан уәжі – Қаза­қстан­да «ақиқат» сөзін қол­данған басқа ұйым – «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» деген бір­ле­стік бар екен: «Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нөмір­лерінің ұлт­тық тізі­мінің мәлі­мет­теріне сәй­кес, «Пат­ри­от­тық қозға­лыс «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гі тір­кел­ген» (қаз-қал­пын­да) деп, «Ақиқат» пар­ти­я­сын тір­ке­у­ге алмаудың амал-айла­сын жасапты.

Ақор­да­ның айтуы­мен жасалған бұл жал­тар­ма әре­кет қаза­қстан­дық заң­дар нор­ма­сы­на қай­шы келетіні былай тұр­сын, соны­мен бір­ге фило­ло­ги­я­лық-тіл­дік-лек­си­ка­ло­ги­я­лық нор­ма­ларға да сәй­кес кел­мей­ді. Қол­да­ны­стағы «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» мен «Ақиқат пар­ти­я­сы» деген тір­кестер мән-мағы­на­лық жағы­нан бір-бірін қай­та­ла­май­тын ұғым­дар­ды біл­діретінін тіл маман­да­ры дәлел­деп, жік­теп бере ала­ды деп ойлаймын. 


Екін­ші­ден, елде бір сөздің негізін­де құры­лған ұйым­дар мен ата­у­лар аз ба? Бір ғана «нұр» сөзін алай­ық: «Нұр Отан пар­ти­я­сы», «Нұр-сұл­тан қала­сы», «Нұр-Аста­на мешіті», «Нұр-Аста­на газеті», «Нұр-Аста­на мед­ре­сесі», «Нұр-Аста­на құры­лыс ком­па­ни­я­сы»… Неме­се «Хабар агент­ті­гі», «Хабар-24» ТВ-арна­сы», «Даму қоры», «Даму жур­на­лы», «Аста­на-даму» деген бір-бірін қай­та­лай­тын ата­у­лар өріп жүр.

Енде­ше, бұл ата­у­лар неге «биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нөмір­лерінің ұлт­тық тізі­міне сәй­кес» келеді де, «Ақиқат пар­ти­я­сы» мен «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» бір-бірін қай­та­лай­тын ата­у­лар болып шыға­ды? «Нұр» тық­па­лан­баған тесік, жамал­маған жыр­тық қал­ма­ды, ал «ақиқат» ата­уы неге «ұлт­тық тізім­ге» сәй­кес келмейді?

2019 жыл­дың 26-сәуірін­де өткен ЖСДП пар­ти­я­сы­ның сиезін­де қабыл­данған «Ақиқат» ата­уын қайт­кен­де де мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге алмаудың аста­рын­да сая­си сипат бар деп ойлай­мын. Ақор­да билі­гі бас көте­ре бастаған елде­гі жалғыз тәу­ел­сіз пар­ти­я­ны халы­қтық қол­да­уға ие бол­дыр­маудың ора­шо­лақ әре­кетіне кірі­се баста­ды. Оның басты мақ­са­ты – алдағы пар­ла­мент­тік сай­ла­уда «Ақиқат» ата­уын алған пар­ти­я­ның айбы­ны басым бол­ма­сын деген мысықтілеу. 

Бірақ біз мини­стр­лік­тің мұн­дай айла-әре­кеті­мен келіс­пей­міз және бұл шешім­нің заң аясын­да да, тіл­дік-фило­ло­ги­я­лық қол­да­ныс тұрғы­сын­да да ешқан­дай логи­каға сәй­кес кел­мей­тінін дәлел­деп, сотқа шағым түсі­ру про­цес­сін баста­дық. Біз бұл қар­сы­лық әре­кет­ке заң­гер­лер­ді ғана емес, тіл маман­да­рын, құқы­ққорға­у­шы ұйым­дар­ды, елде­гі шетел­дік дипло­ма­ти­я­лық кор­пус өкіл­дерін тар­ту­ды қолға алдық. 

Ең қызы­ғы – бұған дей­ін бұй­ы­ғы жатқан пар­ти­я­ны біз қалай оята­мыз, оның сая­си-қоғам­дық маңы­зы мен ел-жұр­тқа қажет­ті жалғыз пар­тия екенін қалай дәле­лел­дей­міз деп, бас қаты­рып жүр­гені­міз­де, біз­ге билік­тің өзі көмек­ке кел­ді: енді біз Жоғарғы сотқа дей­ін созы­ла­тын ұзақ про­цес­сті ПиАр-тех­но­ло­гия ретін­де пай­да­ла­на­тын бола­мыз. Ал сот­тың соңғы инстан­ци­я­сы­нан өткен­ге дей­ін, біз сиезд шеші­мі­мен пар­ти­яға айдар тағы­лған «Ақиқат» ата­уы­нан бас тар­та алмаймыз.

Рах­мет, саған Ақорда!

Алғыс, сіз­ге Тоқа­ев мырза!

Ермұрат БАПИ,

«Ақиқат» ЖСДП-сының төраға­сы

Редак­ци­ядан


Бұл екі ара­да «Ақиқат» пар­ти­я­сы бір топ Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­су­шы­лар мен алма­ты­лық жастар өкіл­дерінің кез­де­суін өткізіп, пре­зи­дент­тік сай­ла­удық қоры­тын­ды­ла­ры және бола­шаққа бел­гі­лен­ген жос­пар­лар төңіре­гін­де пікір­ле­сті. Кез­де­су соңын­да «Ақиқат­тың» төраға­сы Ермұрат Бапи пар­тия мүшелі­гіне қабыл­данған аза­мат­тарға билет тап­сыр­ды. Олар­дың қата­рын­да қоғам­шыл жел­тоқ­сан­шы Сай­лау Лепе­сов, бел­гілі қай­рат­кер жігіт Жам­бо­лат Мамай, Қаз­ТАГ агент­ті­гінің дирек­то­ры Әсет Мата­ев (жалған жала­мен сот­ты болған ҚР Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­тқа­зы Мата­ев­тың ұлы), елге таны­мал әділет­сүй­гіш ұстаз Айман Сағи­дол­ла, «Ұста­здар мәр­те­бесі» рес­пуб­ли­ка­лық бір­ле­сті­гінің жетек­шісі Мей­ір­жан Темір­бек және басқа­лар бар.

«D»  

Республиканский еженедельник онлайн