Пятница , 4 июля 2025

АҚОРДА «дипломатиялық тығырыққа» ТІРЕЛДІ

Өткен апта­да әлем­дік дең­гей­де­гі бір­не­ше басы­лым Шың­жаң­дағы адам құқы­қта­ры­ның бұзы­луы және ондағы «сая­си үйре­ту лагерь­лері» тура­лы айтуға баты­лы барған этни­ка­лық қаза­қтар тура­лы жаз­ды. Ақпа­рат құрал­да­ры­ның жазуын­ша, Аста­на стра­те­ги­я­лық әріп­тесі – Пекин­нің эко­но­ми­ка­лық мүд­де­лері мен ел ішін­де­гі Қытай­дың сая­са­ты­на қар­сы нара­зы­лық ара­сын­да тепе-теңдік сақтай алмай, қина­лып отыр.

Туы­ста­ры Қытай­да қамалған аза­мат­тар билік­тен жақын­да­ры­на көмек­те­суін сұра­ды. Алма­ты, 12 қыр­күй­ек 2018 жыл.

Амери­ка­лық Foreign Policy жур­на­лы «Қытай­дағы қамау лагерь­лері тура­лы айтқан қаза­қтар­дың аузын жаба алмай­ды» деген тақы­рып­пен көлем­ді мақа­ла жари­я­ла­ды. Онда Шың­жаң­да болып жатқан оқиға­лар­дың кесірі­нен Аста­на екі оттың орта­сын­да қалға­ны тура­лы айтылады.

«Қытай­дағы бас­шы­ларға бұл ұна­ма­са да», сол елдің сол­түстік-баты­сын­дағы аймақта сая­си қай­та тәр­би­е­леу лагерь­лерін­де қамауда жатқан туы­ста­ры тура­лы айтуға баты­лы барған қаза­қтар саны артып келеді. Этни­ка­лық қаза­қтар­дың мәлім­де­ме­лері­нен кей­ін, Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы «қыл арқан­ның үстін­де тұрған­дай» тепе-теңдік­ті сақта­уға мәж­бүр. Олар «бір жағы­нан өзінің стра­те­ги­я­лық, эко­но­ми­ка­лық және сая­си әріп­тесі – Пекин­нің көңілін табуға тырыс­са, екін­ші жағы­нан көр­шілес Қытай­дағы туы­ста­ры мен жақын­да­ры үшін күресіп жатқан халы­қтың ашуын басуға тиіс» деп жаз­ды Foreign Policy.

Жур­нал­дың жазуын­ша, Қаза­қстан үкі­меті Қытай­ды сынап, Шың­жаң­дағы «қай­та тәр­би­е­леу лагерь­лері» тура­лы ашық мәлім­де­ме жаса­удан тай­сақтап отыр. Деген­мен «сахна сыр­тын­да қазақ дипло­мат­та­ры өз аза­мат­та­ры мен Қаза­қстан­мен бай­ла­ны­сы бар этни­ка­лық қаза­қтар­ды боса­ту бой­ын­ша барған сай­ын бел­сен­ді жұмыс істеп жатыр».

Foreign Policy тіл­шісі «лагерь­де» болған­дар мен туы­ста­ры Шың­жаң­да қамауда жатыр деген Қаза­қстан­дағы 60 адам­нан сұх­бат алған. Олар­дың айтқан­да­ры­нан «лагерь­лер­дің жой­қын әсері мен халы­қтың қат­ты нара­зы­лы­ғы» байқалады.

Жур­налға бер­ген сұх­ба­тын­да Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі қаза­қстан­дық бюро сарап­шы­сы Андрей Гри­шин «Біздің үкі­мет Қытай­ға тәу­ел­ді, бірақ олар қоғам­дық пікір­мен де сана­са­ды. Енді ол екі [фак­тор] ара­сын­да тепе-теңдік таба алуы керек» деген.

«Шың­жаң­да қамауға алы­нған этни­ка­лық қаза­қтар саны арт­ты» деген ақпа­рат тараған сай­ын, «Аста­на тағы бір жап­пай нара­зы­лы­ққа ұла­сып кете­ді-ау деген кез кел­ген «өрт­ті» бол­дыр­мауға тыры­сып отыр» деп жаз­ды Foreign Policy.

Foreign Policy жур­на­лы­на сұх­бат бер­ген Орта­лық Азия бой­ын­ша сарап­шы, Гар­вард уни­вер­си­тетінің аға ғылы­ми қыз­мет­кері Нар­гис Қасе­но­ва «Қаза­қстанға Қытай инве­сти­ци­я­сы қажет, сон­ды­қтан үкі­мет бұл мәсе­лені сыр­тқа ысы­рып қояр еді, бірақ ол үлкен мәсе­ле­ге айна­лып бара­ды. Қоғам­дық пікір шыны­мен нашар­лап, Қытай­ға қар­сы нара­зы­лық күшей­іп келеді» деген.

Foreign Policy осы күр­делі балан­стың ең шешу­ші тұсы ретін­де «Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың ісін» мысалға кел­тіреді. «Азаттық» бұл іс тура­лы жан-жақты жазған. Қытай­дан қашқан Сай­ра­гүл Сауыт­бай Шың­жаң­дағы өзі жұмыс істе­ген «қай­та тәр­би­е­леу лагерь­лері» тура­лы айтып бер­ді. Оның айтуын­ша, бұл лагерь­лер­де екі мыңға жуық адам отыр. «Шека­ра­ны заң­сыз кесіп өту» ісін қараған сот 2018 жылғы тамы­зда Сай­ра­гүл­ді Қытай­ға депор­та­ци­я­ла­мау тура­лы шешім шығарған.

«Алай­да содан бері оның босқын мәр­те­бесін беру тура­лы өтіні­ші екі рет кей­ін қай­та­ры­лып, оның Қаза­қстан­дағы мәр­те­бесі бел­гісіз болып қал­ды. Сауыт­бай­ды елде қал­дыр­са, Қаза­қстан Пекин­мен ара­сын нашар­ла­тып алуы мүм­кін, бірақ «Сауыт­бай­дың ісін» қоғам бақы­лап оты­рған­ды­қтан, депор­та­ция нара­зы­лы­қты қай­та өршітуі мүм­кін» деп жаз­ды Foreign Policy.

Син­га­пур­дың Channel News Asia ақпа­рат агент­ті­гінің сай­тын­да жарық көр­ген «Лагерь­ден фаб­ри­каға: қамаудағы мұсыл­ман­дар Қытай өздерін күш­теп жұмысқа жегіп отыр дей­ді» атты мақа­ла­сын­да Қытай­да «лагерь­ге» қама­лып, онда күш­теп еңбек­ке жегіл­ген бір­не­ше этни­ка­лық қаза­қтың басы­нан өткен оқиға­сы берілген.

AFP тіл­шісі Шың­жаң­да жоға­лып кет­кен қаза­қтар­дың туы­ста­ры­мен жұмыс істей­тін «Ата­жұрт» құқық қорғау тобы­ның Алма­ты­дағы кең­сесіне барған. Онда ол «қай­та тәр­би­е­леу лагерь­лері­нен» босай сала басқа жабық меке­ме­ге жіберіл­ген адам­дар­дың туы­ста­ры­мен сөй­лес­кен. 39 жастағы ұлты қазақ Қытай аза­ма­ты Гүл­зи­ра Әуел­хан «кәсі­би оқу орта­лы­ғын­да» болған кезі тура­лы айтып бер­ген. Ол жер­ден оны ең төмен­гі жалақы­дан да аз ақша төлей­тін фаб­ри­каға жұмысқа жіберген.

Қытай «кәсі­би үйре­ту орта­лы­қта­рын» – негізі­нен ислам дінін ұста­на­тын аз ұлт өкіл­дері қоны­станған Шың­жаң аймағын­да тер­ро­ризммен және сепа­ра­тизммен күре­сті күшей­ту сая­са­ты­ның бір бөлі­гі дей­ді және мәж­бүр­леп жұмыс істе­ту фак­тісін жоққа шыға­ра­ды. Алай­да адам құқы­қта­рын қорғау ұйым­да­ры және Гүл­зи­ра Әуел­хан сияқты жұмысқа жегіл­ген­дер мұн­да азшы­лық өкіл­дерін қуғын­дау – жиі қол­да­ны­ла­тын әдіс дейді.

Екі бір­дей «қай­та тәр­би­е­леу» лагерін­де 15 ай уақыт қамауда болған Гүл­зи­ра­ны кей­ін Инин қала­сын­дағы өндірістік аймақта орна­ласқан қолғап тігу фаб­ри­ка­сы­на жібер­ген. Фаб­ри­ка­да бір­ша­ма еркін­дік болға­ны­мен, онда да жұмыс­шы­лар­дың жүріп-тұруы­на мүм­кін­дік берілмеген.

«Күн сай­ын бізді үш кило­метр жер­де­гі жатақ­ха­наға авто­бу­спен апа­рып, әкеліп жүр­ді», – деді Гүл­зи­ра Әуел­хан AFP-ға бер­ген сұх­ба­тын­да. Алма­ты­ға оралған ол сұх­бат кезін­де екі жылға жуық уақыт көр­ме­ген бес жасар қызын құшақтап отырған.

Бри­тан­дық Telegraph басы­лы­мын­да «Мұсыл­ман­дар­ды қуда­лау шара­сы шека­ра­дан асып кет­ті, ал қаза­қтар­ды Қытай­ға арбап шақы­рып, түр­ме­ге қамап жатыр» деген мақа­ла­да қуда­ла­удың бір­не­ше жаңа фак­тісін сипаттап, Аста­на қолға алып жатқан дипло­ма­ти­я­лық шара­лар тура­лы айтып береді.

Төрт бала­ның ана­сы, этни­ка­лық қазақ Гуля­ны Шың­жаң­дағы «қай­та тәр­би­е­леу лагерін­де» бір жыл бойы ұрып-соғып, темір шын­жыр­мен бай­лап, Қытай­дың ком­му­ни­стік сая­са­ты тура­лы үгіт-наси­хат­ты мұқи­ят тың­да­уға мәж­бүр­ле­ген. Оның темір шын­жыр­дан қат­ты ісін­ген аяқта­ры үне­мі қан­та­лап тұрған. Бұл – қаза­қстан­дық «Ата­жұрт» құқық қорғау ұйы­мы жинаған мың­даған оқиға­лар­дың бірі ғана.

«Ұзақ уақыт лагерь­лер­дің барын жоққа шыға­рып кел­ген Қытай был­тыр қазан айын­да олар­ды заң­да­сты­рып, содан бері олар­ды тер­ро­рист­ке айна­луы мүм­кін мұсыл­ман­дар­ды «кәсіп­ке баулып, қай­та тәр­би­е­леп шыға­ра­тын лагерь» ретін­де көр­се­те баста­ды, осы­лай­ша жап­пай үгіт-наси­хат науқа­нын баста­ды» деп жаз­ды Telegraph.

Деген­мен Гуля және газет тіл­шісі сөй­лес­кен қамауда болған өзге адам­дар­дың оқиға­ла­ры «жағ­дай­дың мүл­де басқа екенін көр­се­те­ді» деп жаз­ды басы­лым. Қамаудағы­лар­дың айтуын­ша, олар бел­сен­ді сая­си үгіт-наси­хатқа тап болып, үлкен пси­хо­ло­ги­я­лық қысы­мға ұшыраған.

45 жастағы Дүй­сен­бек Нұр­сы­дық екі жыл­дан бері әйелі Бахар­гүл Мұқтар­дан хабар ала алмай отыр. Үш бала­лы отба­сы Қаза­қстанға 2013 жылы көшіп кел­ген. Дүй­сен­бек пен бала­ла­ры аза­мат­тық алса, Бахар­гүл ықти­яр­хат­пен тұрып жатқан. 2017 жылы мамыр­да туы­ста­ры­на барған Бахар­гүл­дің био­мет­ри­ка­лық мәлі­мет­терін алған Қытай бас­шы­лы­ғы оның Қытай­дағы тір­ке­уден шыға­ру тура­лы өтіні­шін орын­да­уды кідір­тіп қояды. Содан соң қауіп­сіздік қыз­метінің екі өкілі себебін түсін­дір­ме­стен, Бахар­гүл Мұқтар­ды тер­геу қажет­ті­гін айта­ды. Артын­ша Қытай билі­гінің өкіл­дері оның тер­геліп жатқа­нын айтып, түр­ме­ге жаба­ды. Туы­сқан­да­ры оның неге қамауға алы­нға­нын білмейді.

«Осын­дай істер Қытай­дың «Бір бел­деу – бір жол» баста­ма­сын орын­да­удағы ең басты ел – Қаза­қстан­ды дипло­ма­ти­я­лық дилем­маға тірей­ді» дей­ді Telegraph.

«Ресми тұлға­лар бұл тура­лы халық алдын­да аз айтқа­ны­мен, олар Қаза­қстан өз аза­мат­ты­ғын беру­ге уәде еткен екі мыңға жуық этни­ка­лық қаза­қты боса­ту тура­лы Пекин­мен жасы­рын уағ­да жасасқанға ұқсай­ды» деп жаз­ды Telegraph. Басы­лым­ның жазуын­ша, Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі тіл­шінің түсінік­те­ме беру тура­лы өтіні­шіне жау­ап қатпаған.

Қаза­қстан­дағы Қытай­ды зерт­теу халы­қа­ра­лық инсти­ту­ты­ның дирек­то­ры Қыды­рәлі Оразұлы­ның айтуын­ша, ұйғыр­лар­дан айыр­ма­шы­ғы – «қаза­қтар­ды қорғай­тын мем­ле­кеті бар, ал [Қытай] осын­ша­ма көп бел­сен­ді мен қара­пай­ым адам бас бірік­тіріп, бұл жағ­дай­лар тура­лы айта бастай­ды деп күт­пе­се керек».

Деген­мен «лагерь­ден» босап шыққан адам­дар­дың өздері бостан­ды­ққа әлі қол жет­кі­зе алмай отыр. Қамауда болған­дар­дың кей­бірі «фаб­ри­ка­лар­да азын-аулақ ақшаға неме­се тіп­ті тегін жұмыс істе­у­ге мәж­бүр, олар үйқа­мақта отыр, олар­ды үне­мі физи­ка­лық және цифр­лық түр­де бақы­лай­ды, әрі олар жеке басын куәлан­ды­ра­тын төлқұ­жат­та­рын ала алмай отыр».

Telegraph сөй­лес­кен адам­дар­дың көбі туы­ста­ры мен доста­рын қамап қояды деп қорқы­тқан­ды­қтан, «лагерь­лер» тура­лы мүл­де айт­пау тура­лы құжат­тарға қол қойған.

Вашинг­тон­да шыға­тын Diplomat жур­на­лы «Шың­жаң дағ­да­ры­сы­на ашы­лған қазақ тере­зесі» атты мақа­ла­да «қаза­қтар қан­ша уақыт Шың­жаң­дағы оқиға­лар тура­лы әлем­ге ақпа­рат беріп оты­ра­тын тере­зе бол­мақ?» деген сұрақ қояды.

«Шың­жаңға ашы­лған қазақ тере­зесі қашан жабы­ла­ды? Шың­жаңға қаты­сты өршіп бара жатқан нара­зы­лы­ққа Аста­на­ның қалай әре­кет ететіні, Пекин­нің жағ­дай тура­лы айтып жатқан қаза­қтарға қан­ша­лық шыдай­ты­ны (не шыда­май­ты­ны), бұл айқай­ды тоқта­ту үшін Пекин Аста­наға қан­дай қысым жасай­ты­ны, бұл қысы­мға мем­ле­кет­тің және халы­қтың реак­ци­я­сы қан­дай бола­ты­ны – біз назар ауда­руға тиіс маңы­зды фак­тор­лар. Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы ашық нара­зы­лы­қты онша жақты­ра бер­мей­ді, ал Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның билік­тің әре­кет­теріне ықпал ету мүм­кін­дік­тері аз» деп жаз­ды Diplomat.

Шың­жаң­да болып жатқан жағ­дай­ды түсі­ну­де әлем­дік ақпа­рат құрал­да­рын­да жарық көр­ген мақа­ла­лар, зерт­те­улер ерекше рөл атқа­ра­ды. Мұн­дай мақа­ла­лар «пікір айтқы­сы келетін батыл қаза­қтар­дың» арқа­сын­да шығып жатыр» деп жаз­ды Diplomat.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн