Пятница , 4 июля 2025

АҚОРДА Кремльден ҚОРҚАДЫ

  • Таны­мал сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев ҚР пар­ла­мен­ті сена­ты­ның спи­кері Мәу­лен Әшім­ба­ев­тың «ашар­шы­лы­қты сая­си­лан­дыр­мау керек» деген сөзіне қаты­сты Аrasha.kz сай­тын­да түсінік бер­ді.

Сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев бұл тақы­рып­тың тұм­ша­ла­нуы­на билік кінәлі деп ашық айт­ты. «Биыл тәу­ел­сіздік­тің 30 жыл­ды­ғын той­лай­мыз деп отыр. Менің ойым­ша, сая­си биз­нес-эли­та­ның бір бөлі­гі әлі де тәу­ел­ді. Олар деко­ло­ни­за­ция кезеңі­нен өтпе­ді. Бұл дегені­міз – сая­си эли­та­ның бір бөлі­гі күні бүгін­ге дей­ін Ресей­ге қарап, жал­тақтап отыр деген сөз», ­­– дей­ді Досым Сәтпаев.

Сая­сат­та­ну­шы­ның айтуын­ша, ашар­шы­лық тақы­ры­бы үлкен мін­бер­лер­де талқы­ла­нып, зерт­те­луі тиіс еді. Алай­да бұл тақы­рып билік ауы­сқан тұста да жабу­лы қал­ды. «Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың өзі 20-жыл­дар­дағы ашар­шы­лы­қты зерт­те­у­ге пәр­мен бер­ді. Бірақ 30-жыл­дар тура­лы айт­па­ды. Ол қоры­қты. Кремль үшін ең ауыр тақы­рып осы екенін біледі. Сол жыл­да­ры 4 мил­ли­он­нан астам қазақ қыры­лып қалған деген дерек айты­ла­ды. Бұл дерек бар. Ұлтқа жоға­лып кету қау­пі төнген.

Мен үне­мі ашар­шы­лы­қты гено­цид деп жазу керек деп айта­мын. Гено­цид­тің тамы­ры терең­де. Яғни, ауыл шару­а­шы­лы­ғын ұжым­да­сты­ру, алдын­дағы бар малын тар­тып алу арқы­лы қаза­қты өмір сүру құқы­ғы­нан айы­ру деген­нің өзі гено­цид емес пе? Соны­мен бір­ге мәде­ни­еті­міз, тілі­міз де құры­ды. 4 мил­ли­он­нан астам қазақ қыры­лып қалған кез­де тілі­міз­ден, зия­лы­ла­ры­мы­здан айы­рыл­дық. Не үшін?» – деді Д.Сәтпаев.

Тек ашар­шы­лық тақы­ры­бы ғана емес, осы­дан төрт жыл бұрын Ала­шор­да­ның 100 жыл­ды­ғы да еске­русіз, еле­усіз қалды.

«2017 жылы билік ЭКС­ПО-ны жар­на­ма­лап жатқан кез­де Ала­шор­да­ның 100 жыл­ды­ғын атап өтуді ұмы­тып кет­ті. Ресми мін­бер­ден бір­де-бір сөз айтыл­ма­ды. Түсінік­ті. Ашар­шы­лы­қты айт­са, Кремль­дің көңіліне кір­бің түсіреді. Ала­шор­да тақы­ры­бы да дәл солай қозғал­май қал­ды. Ала­шор­да мен қазір­гі билік­ті салы­сты­руға кел­мей­ді. Ала­шор­да – ұлт қай­мағы. Қазір­гі эли­та деп жүр­ген адам­да­ры­мыз 30 жыл­да ештеңе істе­меді. Ақор­да Ресей рен­жіп қала­ды деп қорқа­ды. Ал Ресей­де Қаза­қстанға қар­сы ақпа­рат­тық шабуыл жүріп жатыр. Ресей депу­та­ты­ның айтқа­ны бәрінің есін­де шығар. Неге? Себебі олар Қаза­қстан­ды әлсіз мем­ле­кет деп санай­ды. Сон­ды­қтан тарих­ты қай­та жазғы­сы келеді», – деді ол.

Сая­сат­та­ну­шы сенат төраға­сы Мәу­лен Әшім­ба­ев­тың «ашар­шы­лы­қты сая­си­лан­дыр­мау қажет» деген сөзін бұрыс деп баға­ла­ды. «Сұрақты сая­си­лан­дыр­мау керек деген не сөз? Бірін­ші­ден, бұл тақы­рып ұзақ жыл­дар бойы мүл­де қозғал­ма­ды. Кеңес тарихы, кей­ін Қаза­қстан билі­гі немқұрай­лы қара­ды. Зерт­теу де жүр­гізіл­меді. Егер Қаза­қстан билі­гі зерт­теу жұмыста­ры­на қар­жы бөліп, тарих­ты зер­де­ле­се, біз қазір нақты деректі қолға ұстап оты­рар едік. Біз емес, шетел­дік­тер зерт­те­ді. Пара­докс. Қаза­қстан­дағы ашар­шы­лық тақы­ры­бын батыс ғалым­да­ры зерт­теп жүр. Сон­ды­қтан Мәу­лен Әшім­ба­ев­тың сөзіне қара­сақ, олар бар күш-жігерін Кремль­ді қорға­уға жұм­сап жатыр деп есеп­те­у­ге бола­ды. Тағы бір деректі айтай­ын, ашар­шы­лық, ұжым­да­сты­ру кезін­де 250 ру жой­ы­лып кет­кен екен. Сұм­дық мынау. Ал біз үнсіз­біз», – деді саясаттанушы.

Аrasha.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн