Суббота , 5 июля 2025

АҚПАНДАҒЫ ҚАРАЛЫ АҚТАҢДАҚ немесе Алтынбектен кейінгі он үш жылда не өзгерді?

Ақпан­ның 11-інде мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның қастан­ды­қ­пен қаза тапқа­ны­на 13 жыл бол­ды. Еске сала кетей­ік, бұл күні 2006 жылы Алтын­бек­пен бір­ге оның көмек­шілері Бауы­р­жан Бай­бо­сын мен Васи­лий Журавлев қоса аты­лған еді. 

Қаза­қстан тарихын­дағы осы қара­лы күн­ді арда аза­мат­тың әріп­те­стері, доста­ры мен Алтын­бек­тің өмірін үлгі тұтар жастар еске алып, Кең­сай зира­тын­да құран бағы­штап, «Аста­на» мей­ман­ха­на­сы­ның кон­фе­ренц-залын­да еске алу жиы­нын өткізді. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы атын­дағы қор (төраға­сы – Төле­ген Жүке­ев) мұрын­дық болған жиын­да бел­гілі құқы­ққорға­у­шы Евге­ний Жовтис (13-бет­ті қараңыз) пен пуб­ли­цист Сер­гей Дува­нов баян­да­ма жасап, қоғам қай­рат­кері Әмір­жан Қоса­нов, Мәс­ке­уде құры­лған «Жас тұл­пар­дың» мүше­сі болған Аймұ­хан Тау­жа­нов, тәу­ел­сіз жур­на­лист Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, арда­гер буын­ның өкіл­дері Мұрат Нүсіп, Мақсұт Қалы­ба­ев, Мақсұт Ора­зай сөз сөй­леді. «Алтын­бек­ке аты­лған оқ – халы­ққа аты­лған оқ» деген сөз осы жиын­да тағы да жаңғыр­ды. Жиын соңын­да «Тар­лан» сая­си-интел­лек­ту­ал­ды клу­бы­ның мүше­лері Абы­лай Сәр­сен­ба­ев пен Жол­дас Оры­с­ба­ев мәлім­де­ме жасады. 

Қастан­дық жасалған­нан бері өткен он үш жыл­да не өзгер­ді? Ештеңе! Баяғы сол бір адам­ның уысын­дағы билік сол қал­пы. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тәу­ел­сіз мем­ле­кет болып қалып­та­суы­на еле­улі үлес қосқан қай­рат­кер Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның өлі­міне бай­ла­ны­сты қыл­мыстың нақты тап­сы­рыс беру­шілері мен орын­да­у­шы­ла­ры әлі күн­ге жұм­бақ күй­ін­де қалуы­на бай­ла­ны­сты бұған мем­ле­кет­тік билік­тің қаты­сы болуы әбден мүм­кін деген пікір бұл жиын­да ашық айтылды. 

Жиналған қауым «сая­си тап­сы­ры­спен қаза болған» екі аза­мат –Заман­бек Нұрқа­ді­лов пен Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­на Алма­ты қала­сы­нан көшенің атын беру жөнін­де мәсе­ле көтер­ді. Еске­ретін бол­сақ, көшенің, мек­теп­тің, ауыл-аудан­ның атын беру­ге тиісті заң­на­ма­лар ере­же­сінің «бес жыл­дық мерзі­мі» әлдеқай­да өтіп кет­кен. Демек, қоғам­ның табан­ды­лы­қ­пен талап ететін уақы­ты жетті. 

Газет­тің бүгін­гі санын­да біз осы еске алу жиы­нын­да елде­гі қоғам­дық-сая­си жағ­дай­ға жан-жақты баға бер­ген Алтын­бек­тің аға­сы – Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның сөзін жари­я­лап отырмыз. 

«

Алды­мен 2006 жылғы қасірет­ті ақпан­ның алдын­дағы елі­міздің қоғам­дық-сая­си жағ­дай­ы­на тоқталайық. 

Қазір­гі­ге қараған­да, ол кез­де демо­кра­тия нышан­да­ры молы­рақ еді. 2004 жылы пар­ла­мент сай­ла­уы өтті. Бес теңтөраға басқарған, оппо­зи­ци­ядағы (кей­ін екі­ге жары­лған) «Ақ жол» пар­ти­я­сын және Серік­бол­сын Әбділ­дин жетек­шілік еткен Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сын халы­қтың көп бөлі­гі қол­да­ды. Оппо­зи­ция «Отан», «Асар» пар­ти­я­ла­рын қат­ты састыр­ды. Билік қара­улы­ққа, лас әре­кет­тер­ге, дауыс ұрла­у­ға бар­ды, «жеңіс­ке» әупірім­деп әзер жетті. 

Ол тұстағы тәу­ел­сіз басы­лым­дар­дың өзі бір шоғыр еді: «Рес­пуб­ли­ка», «Дат» жоба­сы, «Сөз», «Вре­мя», «Ақ жол-Қаза­қстан», «Жас Алаш», «Эпо­ха», «Азат», «Нач­нем с поне­дель­ни­ка» газет­тері шын­ды­қты шырқы­ра­тып жазып жата­тын. Қазір­гі таң­да оппо­зи­ци­я­ның ақпа­рат­тық күрес май­да­нын­да солар­дан жалғыз «ДАТ» қал­ды. Басқа­ла­рын сот­пен, күшпен жауып таста­ды, кей­біре­улері саты­лып кет­ті, бағы­тын өзгерт­ті. Сәл кей­інірек­те Гүл­жан Ерға­ли­е­ва­ның газеті және интер­нет-жоба­ла­ры тура­шыл­ды­ғы­мен, батыл­ды­ғы­мен жарқы­рай көрін­ген еді. Алай­да олар­ды да сот­пен қуда­лап, айып­пұл­мен тұншықтырды. 

Демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің билік­пен сая­сат алаңын­дағы алға­шқы бел­де­суі­нен кей­ін Алтын­бек мынан­дай тұжы­рым жасады: 

«Осы сай­ла­уда демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ция сай­ла­у­шы­лар­дың 50 пай­ы­здан астам дауы­сы­на ие бол­ды. Қан­ша­ма көн­біс бол­сақ та, біз өз жеңісі­мізді бүй­тіп қол­дан кеміту­ге көн­бей­міз, қоға­мы­м­ы­здың дамуы­на кедер­гі кел­тіріп оты­рған күш­тер­дің бұлай тай­раң­да­уы­на жол бер­мей­міз… Көп жыл­дар­дан бері алғаш рет әле­умет­тің өз өмір­лерін жақ­сар­туға деген үміті оянып, бұл істі жүзе­ге асы­ра ала­тын күш­тер бар екеніне сен­ген де еді. Біз бұл сенім­ді сая­си қуат пен шынайы сая­си күш­ке айнал­ды­руға тиіспіз». 

Сай­лау бары­сын­дағы күре­сте халы­қтың үміті оян­ды, сені­мі арт­ты. Енді оны сая­си күш­ке айнал­ды­ру керек бол­ды. Төле­ген Жүке­ев, Болат Әбі­лов, Ораз Жан­до­сов, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы өз алда­ры­на осын­дай мақ­сат қой­ды. Оған Ә.Бәйменовтың сатқын­ды­ғы тосқа­уыл бола алма­ды. Бұл аза­мат­тар «Демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің үйле­сті­ру кеңесін» құруға ұсы­ныс жаса­ды. Кеңес құра­мы­на сая­си пар­ти­я­лар­дың жетек­шілері, қоғам­дық қай­рат­кер­лер, әле­умет­тік бел­сен­ді аза­мат­тар кір­ді. Бұл орган Қаза­қстан­дағы демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің аль­ян­сын жасақтап, қалып­та­стыр­ды. Соның нәти­же­сін­де алдағы пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на өздерінің біры­ңғай кан­ди­да­тын ұсы­нған «Әділет­ті Қаза­қстан үшін» қозға­лы­сы құрылды. 

Ел қамын ойлаған демо­крат­тар сая­си рефор­ма жаса­уды, мәжіліс сай­ла­у­ы­ның нәти­же­сін қай­та қара­уды талап етіп жатқан­да, билік те қарап қал­ма­ды. Тәу­ел­сіз газет­тер­ді асы­ғыс түр­де жабуға кірісті. Ұлт­тық қауіп­сіздік және сай­лау тура­лы заң­на­маға мәнісі жағы­нан Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы түзе­ту­лер енгізді. Сай­лау кезін­де митин­гілер мен бей­біт шеру­лер өткізу­ге тый­ым сал­ды. Ондағы мақ­сат­та­ры – бұқа­ра­мен жұмыс істе­у­ге, өз үміт­кер­лерін, бағ­дар­ла­ма­ла­рын таны­сты­руға мүм­кін­дік­ті шектеу.

2005 жылғы 25сәуірде «Неза­ви­си­мая газе­та» басы­лы­мын­да жари­я­ланған Алтын­бек­тің сұх­ба­тын­дағы мына бір жол­дар­ды назар­ла­ры­ңы­зға ұсынамын:

  • «Біз өз әре­кет­тері­міз бен ұран­да­ры­мы­зда ең алды­мен Қаза­қстан халқы­ның терең, түбе­гей­лі мін­дет­терін бет­ке ұстай­мыз. Олар сыр­тқы сая­си да, ішкі сауда­лық та конъ­юнк­ту­раға тәу­ел­ді бол­мауы тиіс. Қаза­қстан бар, оның халқы бар және жаһан­дан­ды­ру жағ­дай­ын­дағы мем­ле­кет пен қоғам­ның орны­қты даму мін­дет­тері бар. Өзінің қарақан басын сақтап қалу­дан басқа ештеңені ойла­май­тын авто­ри­тар­лық режим­нің бұл мін­дет­тер­ді жүзе­ге асы­ра алмай­ты­ны түсінік­ті. Демек, олар­дың шешілуі мен іс жүзін­де орын­да­луы аза­мат­тық қоғам­ның және ең алды­мен елдің бар­лық жау­ап­ты сая­си күш­терінің мой­ны­на түседі. Ал біз өзі­мізді сөз­сіз солар­дың қата­ры­на жатқызамыз». 

Одан бері­де үш рет пар­ла­мент, сон­ша рет пре­зи­дент сай­ла­у­ла­ры өтті. Не өзгер­ді? Жоға­ры­да айты­лған­дарға ой жүгір­тіп, тал­да­сақ, халық мүд­десінің іске аспаға­нын, мем­ле­кет­тілік­тің, қоғам дамуы­ның кері кет­кенін көре­міз. Авто­ри­тар­лық жүйе ол мін­дет­тер­ді атқа­руға қабілет­сіз болып шықты, Алты­кен бей­не­ле­ген «Үштаған­ның» қамын күйт­те­уден әрі­ге бармады. 

Ең өкіні­штісі – ондай мін­дет­тер­дің шешілуі мен іске асы­ры­луын өз мой­ны­на ала­тын аза­мат­тық қоғам да, жау­ап­ты сая­си күш­тер де дәл қазір жоқ! Егер мен қате­лес­сем, айты­ңы­здар­шы: міне, бар деп! Сая­си күшін көр­се­тер пар­тия неме­се қозға­лыс, аза­мат­тық қоғам қане? Осы орай­да мен бұры­нғы­дай топ­тасқан, ұйым ретін­де әре­кет жасай­тын оппо­зи­ци­я­лық пар­тия, бір­ле­стік бол­ма­са да, оппо­зи­ци­я­лық ниеті­нен қайт­паған қоғам бел­сен­ділерінің табан­ды қаре­кетін, аза­мат­тық құқы­ла­рын қорғау үшін күресіп жүр­ген, тың­нан қосы­лған аза­мат­тар­дың қата­ры­ның өсе түс­кенін ерекше атағым келеді.

  • «Ішкі тұрақты­лы­ғы мығым, халқы­ның әл-ауқа­ты үздіксіз жақ­са­рып келе жатқан мем­ле­кет ешкім­ге жал­тақта­май, сыр­тқы сая­са­тын еркін жүр­гі­зе ала­ды. Егер біздің ішкі тұрақты­лы­ғы­мыз сыр­тқы мем­ле­кет­тер­дің қолын­да бол­са, онда Қаза­қстан біре­се анаған, біре­се мынаған жал­тақтап, кіріп­тар­лы­ққа түседі» деп Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы ескерт­кен еді.

Халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы жыл өткен сай­ын құл­ды­рап бара­ды. Тең­генің үне­мі құн­сызда­нуы және азық-түлік­тің, тау­ар­лар­дың, ком­му­нал­дық төлем­дер­дің, қыз­мет көр­се­ту ақы­сы­ның үсті-үстіне қым­бат­та­уы елдің еңсесін езді. Банк­тер­ден мәж­бүр­лік­тен несие алған­дар, тұрғын үйге үлес­кер ретін­де қара­жат қосып, ала­яқтарға алданған­дар тіп­ті көбей­ген: 6 млн 600 мың адам неси­е­мен тір­шілік етсе, соның ішін­де 1 млн 500 мың­нан аста­мы банк алдын­да борышкер! 

Ал Қаза­қстан­дағы банк­тер­дің иелері кім екені жұр­тқа аян: Отба­сы мен оның айна­ла­сын­дағы­лар. Ұлт­тық қор­дағы, Жинақта­у­шы зей­не­тақы қорын­дағы халы­қтың ақша­сын құр­ды­мға кет­кен банк­терін құтқа­руға жұм­саған билік­тің ашкөзді­гін­де шек жоқ. Қара­жат қой­ма­сын бауы­ры­на басқан айна­ла­сын­дағы­ның бірі – Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков еді. Ол күні кеше талай жыл қызы­ғын көр­ген «Цесна­банк­ті» нән қожа­сы­ның қолы­на өткізіп бер­ді. Бұлар­дан шыға­тын қоры­тын­ды: мил­ли­он­даған адам – Отба­сы­ның борыш­кері. Ком­му­нист болып билік­ке жет­кен Н.Назарбаев халы­қты өзіне тәу­ел­ді етіп ұста­удың капи­та­ли­стік жолын осы­лай таңдапты. 

Үкі­мет пен пар­ла­мент жұмыс­сызды­қтан жүн­жі­ген­дер­дің өзін жай­ы­на қал­дыр­май, мой­ын­да­ры­на салық сал­ды. Қала­ларға бейне бақы­лағы­штар орна­тып, шырт еткізіп түкір­се, сарт еткізіп «штраф» сала­тын заң шығар­ды. Көле­мі жөн­сіз үлкен айып­пұл­дан түсетін жыл­дық «табыс» мил­ли­ард­тар­ды құрап жатыр. Бірақ бюд­жет­тің қабысқан, жыр­тық қары­нын қам­пай­туға ол да қауқарсыз. 

Мил­ли­ард­тар­ды дол­лар күй­ін­де жал­маған ЭКС­ПО-ның әуресі біт­пей жатып, 1,7 мил­ли­ард тең­генің басы­на су құя­тын Ұлт­тық зират­ты (пан­те­он) салуға кірісті. Аста­на­да мысыр­лы­қтарға елік­теп Пира­ми­да тұрғы­зған фара­он-пре­зи­дент әр жанұя­ның орта­ша айлық табысы 500 мың тең­ге деп, айды аспанға шығар­ды. Бұн­дай маза­ққа жары­ла жаз­даған қаза­қтың қабағы қату­лы. Ашы­нған жұрт­тың ащы дауы­сы Аста­на­дан да, Алма­ты­дан да, Ақтө­бе­ден де, Ақта­удан да, кез кел­ген қала мен ауыл­дар­дан да жиі есті­ле баста­ды. «Назар­ба­ев» деп қал­саң бол­ды, бұл жұрт балағат­тай жөне­леді. «Қашанғы оты­ра­ды? Кет­сін­ші, шар­ша­дық!» дейді. 

Бала­сы­ның көп­ті­гі үшін мем­ле­кет­тің қамқор­лы­ғы мен құр­метіне бөле­нуі тиіс ана­лар қор­ла­нып жүр. Бас­па­на­ның тауқы­метін тар­ту­ды, бала­пан­да­рын асы­ра­уды «Үштаған» солар­дың маң­дай­ы­на жазып қой­са не шара?! Аста­на­дағы аядай лашы­қты пана­лаған отба­сы­ның бес пер­зен­ті шырыл­дап, өртеніп кет­ті. Пері­ш­те­лер­ді ажал құшты­рған өрт ашу-ыза­ның шоғын қоз­ды­рып, әйел қауы­мын күрес­ке шығарды. 

Шыдам­ның да шегі бар. Бұл өрт шыдам­ның түгесіл­ген бел­гісі бол­ды. Осын­дай халық нара­зы­лы­ғы­нан қорқып, үрей үстін­де үстем­дік құрған билік­тің сыр­тқа жал­тақтап, алақан жай­ып оты­рға­ны да рас. Ресей мен Қытай­дың көңілін табу үшін, қан­ша­ма жері­міз бен қаз­ба бай­лы­ғы­мы­зды үле­стір­генін бір Құдай біледі. Кіріп­тар­лық деген осы. Оны «инве­сти­ция тар­ту», «бір­лес­кен кәсі­по­рын салу» деген жат­тан­ды жары­лқа­у­мен ақтай алмайды.

Кеңе­стер Одағы баяғы­да құр­ды­мға кет­кен. Тәу­ел­сіздік­ке қолы­мыз жет­кен. Алай­да қазақ мем­ле­кетінің тіз­гіні қол­да­ры­на тиген­дер ежел­гі отар­ла­у­шы­ның ықпа­лын­да қалып қой­ды. Кін­ді­гі бір­ге бай­ла­нып туған­дай, Ресей­ден ажы­рағы­сы кел­меді. Бұл аздай, шығы­стағы аждаһа­ның аузы­на өзі барып түсті. Қытай­ға кіріп­тар­лы­қтың көкесін қазір­дің өзін­де сезініп отыр­мыз. Билік басын­дағы­лар­дың жемқор­лы­ғын, сатқын­ды­ғын, өзбілер­мен­ді­гін, даңққұ­мар­лы­ғын – бар­лық осал тұсын пай­да­ла­нып, Қытай жымысқы жос­пар­ла­рын жедел­де­те іске асы­рып жатыр. 

Алды­мен ондаған мил­ли­ард дол­лар қарыз беріп, тәу­мен­ді етті. Мұнай мен газға қожа болып, құбыр­ла­рын тар­тып, аса баға­лы метал­дар­ды сыр­тқа таси­тын­да­ры, ресми деректе­гі 1200-ден астам қытай жоба­сын іске асы­рға­ны аздай, енді қытай кәсі­по­рын­да­рын қазақ жеріне көшіру­ге кірісті. Қытай­дың даму бан­кі 20 мил­ли­ард дол­лар­ды «қаза­қстан­дық» 32 жобаға жұм­сай­ты­ны мәлім болды. 

Өткен жыл­дың соңын­да пар­ла­мент Қазақстан–Қытай келісім-шар­тын бекітіп, қысық көзді көр­шіні жары­лқап таста­ды: елі­міз­ге кір­ген қытай биз­не­смен­дері енді мем­ле­кеті­міз­ге салық төле­уден боса­тыл­ды! Әлем­нің дені дұрыс бір­де-бір мем­ле­кеті дәл осын­дай ессіздік­ке бар­май­ды! Бұл дегеніңіз қара қытай­дың қап­та­уы­на ерекше қамқор­лық жасап, жол ашып беру, ұлт­тық мүд­дені сату, тәу­ел­сіздік­ке, мем­ле­кет­тілік­ке қауіп төндіру!

Қаза­қстан­дағы, бірақ басқа елдер­дің мүд­десіне жұмыс жасай­тын кәсі­по­рын­дар, табиғи қаз­ба бай­лы­ғы­мыз, мине­рал­ды шикі­затта­ры­мыз эко­но­ми­ка­мы­зды дамыт­пай­ды, халқы­мы­здың әл-ауқа­тын арт­тыр­май­ды, қорға­ны­сы­мы­зды күшейт­пей­ді! Осы­ны түсі­нетін және мұн­дай­ға тосқа­уыл жасай­тын уақыт жет­ті. Нағыз демо­кра­тия осын­дай­да керек. Қазақ билі­гі тәу­ел­сіздік­пен бір­ге кел­ген, тамыр­ла­нып, орны­ға бастаған демо­кра­тия өскін­дерін тап­тап, жан­шып тастады. 

Енді не істе­мек керек? Қол қусы­рып, қарап оты­ру, Отанға төн­ген қауіп­ті сезін­беу – қыл­мыспен тең. Ертең­гі ұрпақ алдын­да, аза­мат­тық ар алдында! 

«Қаза­қты кедей­шілік­тен құтқа­ру­дың жолы – демократия».Иә, Алты­кен дәл осы­лай деді Семей жақтағы бір газет­ке бер­ген сұхбатында. 

«Себебі, – деді ол – Қазақ халқы­ның несі­бесі – мұнай мен газ­ды, одан түс­кен табысты Қаза­қстан халқы­на әділ бөлудің бір­ден-бір жолы – тек демо­кра­ти­я­лық құры­лым. Басқа­дай құры­лым жағ­дай­ын­да мұны орын­да­удың мүм­кін еме­сті­гіне көзі­міз жет­ті».

Халқы кедей­шілік­тің не екенін біл­мей­тін, керісін­ше, шалқып өмір сүретін демо­кра­ти­я­лық елдер­ге қараңыз. Зей­нет­кер­лер тобын салы­сты­рай­ық. Ислан­ди­я­ның еңбек дема­лы­сын­дағы «шал мен кем­пірі» 4274 АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де зей­не­тақы ала­ды, бұл – 1 млн 600 мың тең­ге. Ал Қаза­қстан­дағы зей­не­тақы – 216 дол­лар – 81 430 тең­ге, ислан­ди­я­лы­қтар­дан 20 есе төмен! Бұл көр­сет­кіш Нидер­ланды­да – 4488 (1 млн 690 мың тең­ге), Люк­сем­бург­та – 4356 (1 млн 640 мың тең­ге), Дани­яда – 3903 (1 млн 470 мың тең­ге), Австри­яда – 3575 (1 млн 340 мың тең­ге), Швей­ца­ри­яда – 3140 (1 млн 180 мың тең­ге), Бель­гия мен Нор­ве­ги­яда – 2600-ден (980 мың тең­ге­ден) астам, Ита­лия мен Фин­лян­ди­яда – 2500 дол­лар (940 мың тең­ге). Демек, айыр­ма­сы: 10–20 есе!

Енді бала­ларға берілетін жәр­де­мақы­ны салы­сты­рып бай­қай­ық. Фин­лян­ди­яда бірін­ші балаға – 94,88 евро – 46 681 тең­ге, екін­шісіне – 104,84 евро – 44 952 тең­ге, үшін­шісіне – 133,79 евро – 57 365 тең­ге, ал одан кей­ін­гілер­ге – 172,69 евро – 74 044 тең­ге әр ай сай­ын төле­неді. Фран­ци­яда екін­ші балаға – 131,16 евро – 56 237 тең­ге, үшін­шісіне – 299,20 евро – 128 287 тең­ге, одан кей­ін­гілеріне – 168 евро – 72 033 тең­ге төленеді. 

Әле­умет­тік төле­мақы­лар­дың жоға­ры­дағы елдер­де Қаза­қстан­нан 4–10 есе көп екенін біл­ген­де, нелік­тен бұлай дей­тін сұрақ еріксіз туын­дай­ды. Әрі қор­ла­на­сың, намысың да келеді: олар­дың бала­ла­ры – бала да, біздікі – бақа ма деп, әлде біз­де­гі ана­лар қадір­сіз бе деп! Мұнайы, газы, алты­ны және басқа да баға­лы метал­да­ры, көмірі, ура­ны тура­лы аузын тол­ты­рып мақта­на айтып, инве­стор­лар­ды Қаза­қстанға шақы­рғыш мәң­гілік пре­зи­ден­ті – тұңғыш пре­зи­ден­ті – елба­сы бар мем­ле­кет­тің сый­қын қараңыз: осын­дай «кемең­гер» бас­шы­ның халқы кедей­лік­тен арып-ашып жүр.

Мұның бәрінің негіз­гі себебі – демо­кра­ти­я­ның жоқты­ғын­да. Демо­кра­тия орны­ққан, сай­ла­у­ла­ры таза өтіп, билі­гі ауы­сып тұра­тын, аза­мат­тар­дың құқы­ғы қорға­ла­тын, ой еркін­ді­гіне, сөз бостан­ды­ғы­на қысым жасал­май­тын елдер­дің әле­умет­тік мыса­лын жоға­ры­да кел­тір­дік. Тәу­ел­сіз сот, шынайы көп­пар­ти­я­лы пар­ла­мент жасақтаған үкі­мет бол­са, халы­қтың ұпайы түген­де­леді. Алты­кен­нің халық өз несі­бесіне ие болуы үшін, демо­кра­ти­я­лық құры­лым­дар қажет дегені сондықтан.

Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­дағы пре­зи­дент­тің жол­да­у­ла­рын­да «демо­кра­тия», «сая­си рефор­ма», «қоғам­дық теле­ар­на» дей­тін сөз­дер айты­лып қалушы еді. Мем­ле­кет­тілік­ті қалып­та­сты­ру­дың дұрыс бағыт алуы­на сол кез­де­гі сая­си эли­та­ның, тәу­ел­сіз БАҚ-тың, сал­мағы басым сая­сат­кер, министр Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның ұста­ны­мы оңды ықпал еткені дау­сыз. Пре­зи­дент бар­лық билік­ті өз қолын­да ұстау мақ­са­тын көз­деді. Мұның қоғам, мем­ле­кет үшін үлкен қатер екен­ді­гін А. Сәр­сен­бай­ұ­лы ашық мәлім­деді. Демо­кра­ти­я­лық бағыт­ты Н.Назарбаев қала­ма­ды. Еке­уінің ара­сын­да келіс­пе­ушілік­тер туды. Қасы­нан сая­си қар­сы­ла­стың табы­лға­ны және оның рай­ы­нан қайт­пай­ты­ны Н.Назарбаевты үрейлендірді. 

Ол тіп­ті өзін билік­тен тай­ды­руға, мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға әре­кет­тен­ген ҰҚК төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Рахат Әли­ев­ті жақтап шықты. Оның арам­за пиғы­лын іске асырт­пай тастаған адам­ды –Қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сын, яғни Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлын елшілік­ке жіберіп, үлкен сая­сат­тан шет­тет­ті. Демо­кра­ти­я­шыл «жас түр­кілер­ді» жау сана­ды, қас­көй күй­еу бала­сын кешіріп, соны ортақ дұшпан­да­ры­на қол­шоқ­пар етті. 

2001 жылғы дүр­бе­лең­де мем­ле­кет­ті басқа­ру­шы өзінің қисық жолы­на бір­тін­деп бет бұр­ды. Оның таң­да­уы – отба­сы­ның мүд­десін алға шығарған авто­ри­тар­лық билік жүй­есін құру екені кей­ін толық айқын­дал­ды. 2005 жылы сай­лау алдын­да Р.Әлиевті Сыр­тқы істер мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры етіп тағай­ын­да­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты Алты­кен былай деді: 

«Бұл – жұрт­шы­лы­қтың көзін ашты – пре­зи­дент­тің ашық демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет құру жөнін­де­гі ұран­да­ры­ның жалаң сөз­ге айна­луын алдын ала әшке­ре­леп қой­ды. Пре­зи­дент өзінің қоғам­дық пікір­мен сана­сқы­сы кел­мей­тінін және өзі үшін отба­сы мүше­лерінің басты тіреу болып табы­ла­тын­ды­ғын ұқтыр­ды. Қаза­қстан­дағы эли­та ара­сын­дағы дағ­да­рыс енді тек қана асқы­на береді…»

Сай­лау қоғам­ның демо­кра­ти­я­ны жақтай­ты­нын және сол арқы­лы билік­тің ауы­спа­лы, халық алдын­да есеп­ті болуын қалай­ты­нын көр­сет­ті. Содан бастап «демо­кра­тия» деген ұғым Назар­ба­ев­тың көңіл қошын бұза­тын құбы­жы­ққа айнал­ды. Демо­кра­ти­яға бет бұрып, бей­біт жиын­дар, жап­пай нара­зы­лы­қтар арқы­лы өзгерісті бастаған елдер­ді жаман­да­уы, қаза­қстан­ды­қтар­ды шошын­ды­руы да сондықтан. 

Прези­дент ЕҚЫҰ-ға бас­шы­лық ету­ге ынты­зар­лық кезін­де, рас, ара-тұра демо­кра­тия, мәсе­лен, оның оңай орнай сал­ма­сы, Аме­ри­ка­ның өзі бүгін­гі демо­кра­ти­яға жету үшін екі жүз жыл жүр­гені тура­лы аңы­здар­ды сән­дік­ке айта­тын. Кей­ін мүл­де қой­ған секіл­ді. Тая­у­да, жастар жылын жари­я­лаған жиын­да, неме­ре­лері мен шөбе­ре­лері құрал­пас жет­кін­дер­ге: «Баты­сқа іле­се­міз деп, демо­крат бола­мыз деп, оның бәрін (үлкен­ді, әйел­ді сый­ла­уды) ұмы­тып кетуі­міздің жағ­дайы жоқ», – деді. Бұл оның демо­крат бол­саң, ата-баба­мы­здың сал­тын ұмы­та­сың дегені ме? Бүгін­гі жастарға демо­кра­ти­я­ны жағым­сыз тұрғы­да осы­лай ұғын­ды­ра­тын «авто­крат ата­дан» не күтеміз?! 

Бұл – жастар­ды демо­кра­ти­ядан безін­ді­ру, ол тура­лы теріс түсінік қалып­та­сты­ру! Міне, ол Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­ның сал­та­нат құрға­ны­нан өлер­дей қорқа­ты­нын тағы біл­діріп алды. «Шал бол­саң, мал бол­май­сың» деген осы. Керітарт­па­лы­қтың нәти­же­сі мына­дай: Қаза­қстан демо­кра­тия рей­тін­гісі бой­ын­ша 167 елдің ара­сын­да 144-орын­да тұр. 

«Алтын­бек­ке аты­лған оқ – халы­ққа қар­сы аты­лған оқ». Зия­лы аға­ла­ры­мы­здың бұл сөзі шын­дық еді. Алтын­бек – халы­қтың пер­зен­ті, халы­қтың мүд­десін ойлаған, соны қорғаған баһа­дүр баты­ры. Бүгін­де ол оқтың демо­кра­ти­яға да қар­сы аты­лға­нын көріп отыр­мыз. Жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды, лай­ы­қты еңбек ақы төле­уді талап еткені үшін Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­рын, олар­ды қол­даға­ны үшін Шет­пе тұрғын­да­рын атуға сая­си шешім қабыл­даған билік басын­дағы­лар ештеңе­ден тай­ын­бай­ды. Өйт­кені аза­мат­тар­дың өз құқы­қта­рын қорға­уы­на, сая­си өзгеріс­ке, билік­ті бей­біт жол­мен өзгер­ту­ге жол бер­ме­удің таң­дап алы­нған тәсілі – оқ ату, күш қол­да­ну, сот­пен жазалау.

Нур­сул­тан Назарбаев

«Назар­ба­ев режи­мінің оқшан­тай­ын­да тек күш­теу тәсіл­дері ғана қал­ды» деген сөзді, «Билік қыл­мыстық сипат алған кез­де қыл­мыс билік­ке айна­лып шыға келеді» деген сөзді Алты­кен қан­дай дәл айтқан.

2016 жыл пат­ри­от­тар­ды сот­тау, жаза­лау, қуғын­дау жылы­на айнал­ды. «Жер сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!» деп, ата-баба­дан ұрпақтарға мұраға қал­ды­ры­лған жер­ді қорғаған­дар­ды билік қыл­мыс­кер сана­ды. Аты­ра­уда Макс Боқа­ев пен Талғат Аян мың­даған адам­ды алаңға митин­гі­ге шақыр­ды. Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғын пай­да­ланға­ны, жері­мізді қорғаға­ны үшін бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша өткен рұх­сат етіл­ме­ген митин­гілер­ге, пикет­тер­ге, шеру­лер­ге қаты­сты, ұйым­да­стыр­ды деген айып­тар­мен жүз­де­ген адам әкім­шілік жаза­ға тартылды. 

2018 жылы ҚДТ-ны сот шеші­мі­мен экс­тре­ми­стік ұйым санап, оның бағ­дар­ла­ма­сын қол­даған­дар­ды, әле­умет­тік желілер­де пікір таратқан­дар­ды қуғын­дау, экс­тре­ми­стік, тер­рор­лық әре­кет­тер­ді наси­хат­та­ды деген сыл­та­у­мен қыл­мыстық істі қол­дан жасау, көк шар, ақ киім киген­дер­ді күштік құры­лым­дар­дың көлік­ке жүк­ше тиеу «науқан­да­ры» қызу жүр­ді. Назар­ба­ев – Әбі­ля­зов ара­сын­дағы бітіс­пес май­дан­ның құр­бан­ды­ғы­на ұшы­раған мың­даған аза­мат қуда­лан­ды, тер­гел­ді, тек­серіл­ді, аңдуға алын­ды. Мұн­дай масқа­ра тір­лік­ке жүз­де­ген мил­ли­он тең­ге қара­жат кет­ті. Поли­ция, про­ку­ра­ту­ра, сот түк­ке тұр­мас істі көбік­ше көпір­тіп, құмы­ры­сқа­дан дино­завр жасап әлектенді. 

Бұл ара­да ұры­лар мен қарақ­шы­лар, бау­кеспе­лер, ала­яқтар еркін­дік­те біл­ген­дерін істе­ді. Әлем­ге әйгілі мәнер­леп сырға­на­у­шы­ны қаны­пе­зер­лер көлік айна­сы үшін тапа-тал түсте пышақтап кет­ті. Ел даңқы енді масқа­ра қыл­мыспен шықты. 

Демо­кра­ти­я­ны тұн­шы­қты­ру сая­са­ты, оны­мен жан­та­ла­са алы­су әлі де жүріп жатыр. ҰҚК, ІІМ, про­ку­ра­ту­ра, сот қоғам ішін­де­гі бел­сен­ді аза­мат­тар­ды, тіп­ті көп бала­лы ана­лар мен қарт кісілер­ді де қуғын­дап, жаза­ла­у­ға арлан­бай­тын бол­ды! Біз құқық қор­ла­у­шы­лар­дың заң­сызды­ғы­нан зардап шегіп жатқан Макс Боқа­ев­ты, Алмат Жұмағұ­ло­вты, Кен­же­бек Әбі­шев­ті, Орал­бек Омы­ро­вты, Қай­ыр­лы Ома­ро­вты, Абло­вас Жұма­ев­ты бостан­ды­ққа шыға­ру­ды билік­тен үздіксіз талап етуі­міз керек. 

Билік­тің қыл­мысқа, ал қыл­мыстың билік­ке айналған кел­бетін аша­тын ресми деректер­ге көңіл бөліңіз. 1995 жыл­дан бүгін­ге дей­ін 70-тен астам жоға­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­кер қыл­мыс жаса­ды деген айып­пен сот­талған екен! Бұлар үкі­мет­ті, мини­стр­лік­тер­ді, облы­стар мен қала­лар­ды, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­ды басқа­ру үшін пре­зи­дент жар­лы­ғы­мен тағай­ын­далған­дар. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сен­ген адам­да­ры. Олар­дың ішін­де пре­мьер-министр лау­а­зы­мын атқарған екі тұлға, ұлт­тық қауіп­сіздік­ті басқарған үш адам бар. 

Шыға­ры­лған үкім­дер­де­гі қыл­мыста­ры­ның жал­пы сипа­ты мынан­дай: ірі көлем­де пара алу және беру, қыз­мет­тік мін­детін асы­ра пай­да­ла­ну, ұйым­дасқан қыл­мыстық топ құру, мем­ле­кет­тің қара­жа­тын талан-тара­жға салу, билік­ті күш­теп тар­тып алуға әре­кет­те­ну, мем­ле­кет­тік құпи­я­ны жария ету, отанға сатқын­дық жасау, адам ұрла­у­ға және өлтіру­ге тап­сы­рыс беру. Қазақ валю­та­сы­мен жүз мил­ли­он­дап, мил­ли­ард­тап залал кел­тір­ген­дер де, АҚШ валю­та­сы­мен жүз мың­дап пара алған­дар да жаза­ға тар­тыл­ды. Басын­да ұзақ мерзім көр­сетіл­гені­мен, кей­ін рахым­шы­лық жари­я­лап, қысқар­та келе, екі-үш, төрт-бес жыл­да – сиыр ұрлап сот­талған­дар­мен қатар түр­ме­ден боса­тыл­ды. Бас про­ку­рор­дың орын­ба­са­ры болған заң­ды білетін кісіні былай қой­ған­да, заң­ды қол­да­нып, үкім шыға­ра­тын Жоғарғы сот­тың алты бір­дей судья­сы да түр­ме­ге жабыл­ды. Біз тіп­ті аудан­дар мен ауыл­дар­да топыр­лап торға түсетін­дер­дің есебін қос­па­дық. Пре­зи­дент­тің өз әкім­шілі­гінің, яғни бірін­шінің дәл қасын­да «шпи­он» жүр­ген соң не сұрайсыз?! 

Қысқа­сы, мем­ле­кеті­мізді қыл­мыс жаса­уға бей­ім­ділер, асап қалуға, сатып жіберіп, жеке пай­да табуға құштар­лар басқа­ра­тын сияқты. Сон­дай­лар­ды айна­ла­сы­на жинап алған пре­зи­дент­тің өзі ғой! 

Жақын­да қожай­ын бағы­ны­шты­ла­рын қат­ты қор­ла­ды. «Қорқақ­сы­ң­дар. Тізе­лерің діріл­деп, шешім қабыл­дай алмай­сы­ң­дар» деп зекіді. Қоры­қ­пай көр­сін, қол­да­ры­нан жете­леп апа­рып, «сот ком­би­на­ты­на» тап­сы­ра сал­сын. Жемқор­лар орда­сы­на айналған билік­тен халық қажы­ды. Өзгерісті күтетін­ді­гі де содан! Бәрі­міз сол күн­ге бір­ге жетейік!

Республиканский еженедельник онлайн