Понедельник , 19 мая 2025

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгін­де кім не айт­пай жатыр? Дәстүр­ге жат мінез-құлық көр­се­тетін­дей, біліп-біл­мей мой­ы­нға күнә арта­тын­дай, басы­мы­зға қан­дай күн туды?

Еркін­дік­ті еліру­мен, ашы­қты­қты аран­да­ту­мен шата­сты­рып алған­ды отан­дастар кешір­гені­мен, қатал заң тала­бы басы­нан сипай қой­ма­сы анық. Өйт­кені әрбір сөздің, әр істің жүй­есі бар. «Жүй­есіз сөз иесін табар» деген дана­лық сол себеп­ті айтылады.

Мем­ле­кет бас­шы­сы: «Аңда­май айты­лған бір ауыз сөз, ойлан­бай қабыл­данған бір шешім елге зардаб­ын тигі­зуі мүм­кін» деп ескер­туінің де сал­мағы ерекше.

Әрине, қоғам­дық пікір­дің парқы баға­ла­нып, екше­летін заман­да өмір сүріп жатыр­мыз. Деген­мен, халық қалт айт­пай­ды: бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да, әле­умет­тік желі­де жария етіл­ген пікір­дің озы­ғы да, тозы­ғы да бар.

Жал­пы, сөз еркін­ді­гі – жур­нал­шы­лар­дың әрі жеке, әрі кәсі­би жау­ап­кер­шілі­гі. Бұқа­ра алдын­дағы мін­деті мен оқыр­ман, көре­рмен сені­мін ақта­уы. Сон­ды­қтан жау­ап­ты БАҚ-тың сала­да да, бұрқ-сарқ қай­наған редак­ци­яда да өзін-өзі рет­тей­тін, диа­лог жүр­гізіп, кез кел­ген күр­делі тақы­рып­ты тал­дап, талқы­лай­тын имму­ни­теті бола­ды. Олар­дың кәсі­би арты­қ­шы­лы­ғы – қоғам­мен де сана­сып, сала­ның мүд­десін де ойлап, сенім­ді жоғалт­па­уы, бар­ды ұқса­туы, дәстүр­ге адал­ды­ғы мен шығар­ма­шы­лық дамуға ұмтылысы.

Салиқа­лы БАҚ-тың алтын заңы – өзін-өзі рет­теу ісіне көп көңіл бөлу. Ең басты­сы – мұн­дай үрдіс елі­міз­де демо­кра­ти­я­лық сая­си мәде­ни­ет қалып­та­сты­руға ықпал ете­ді. Тіп­ті жари­я­ла­ны­мға қаты­сты шағым, арыз түс­кен­де, түсін­бес­тік пен дау туын­даған­да, қадаға­ла­у­шы мем­ле­кет­тік орган­дар­ды ара­ла­стыр­май, кәсі­би жағы­нан жоға­ры білік­ті маман­дар­дан тұра­тын ақыл­дастар кеңесінің, қауым­да­сты­қтың, одақтың шеші­міне басым­дық беру – қай жағы­нан да қисынды.

Шынайы жұмыс істей­тін құры­лым­дар үшін бұл жер­де де жау­ап­кер­шілік жүгі зіл бат­пан. Өйт­кені ары­зда­ну­шы мен БАҚ ара­сы­на түсіп, қос тарап­тың дұрыс не бұрыс қада­мын уәж­бен дәлел­деу, объ­ек­тив­ті шешім қабыл­дау арқы­лы жур­нал­шы­лар­дың кәсі­би стан­дар­тын бел­гілеу – үлкен сын. Екін­ші жағы­нан, бұр­ма­ланған ақпа­рат­ты терістеу неме­се оны тоқта­ту арқы­лы БАҚ-қа деген сенім­ді сақта­уға тиіс. Одан да маңы­здысы: бұл – мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сқа тәу­ел­ділік­тен бір­те-бір­те ары­лу, біры­ңғай аза­мат­тық қоғам мүд­десін қорғау жолы. Мұның әділет­тік­ті, өркен­де­уді мақ­сат еткен мем­ле­кет үшін тиім­ділі­гі орасан.

Ал БАҚ-тың өзін-өзі рет­теу теті­гі – мем­ле­кет заң­да­ры және Әдеп кодексі. Кезін­де, 2012 жылы 30 қазан­да, ел тарихын­да тұңғыш рет Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы мен Бас редак­тор­лар клу­бы бір­лесіп талқы­лап, қабыл­даған бұл Кодекс – жур­нал­шы­ның кәсі­би мәр­те­бесін құр­мет­те­тетін, оларға сенім артып, жау­ап­кер­шілі­гін айқын­дай­тын қағи­дат­тар мен нор­ма­лар құжа­ты еді. Ол кәсі­би дер­бес­тік­ті сақтап, қоғам мүд­десіне қыз­мет етудің жолын нұсқа­ды. Жур­на­ли­сти­ка факуль­теті табал­ды­ры­ғын аттаған сту­дент­тен бастап, кәні­гі қалам­гер­ге дей­ін оқып, көкей­іне тоқуға тиісті Әдеп кодексіне, өкініш­ке қарай, тиісті дәре­же­де көңіл бөлін­бей келе жатыр. Демо­кра­тия жолы­мен қабыл­данған құжат­ты толы­қты­руға, өзгер­ту­ге де болар еді.

Алай­да бұған ден қой­ып, пай­да­ла­нуы­на бай­ып­ты БАҚ-тар­дың (оның ішін­де құры­л­тай­шы­ға тәу­ел­ділері де, мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гісі де бар), сон­дай-ақ бесас­пап, тәжіри­белі жур­нал­шы­лар құлы­қ­сызды­ғы кедер­гі болған секіл­ді. Әлем тәжіри­бесіне қара­сақ, мұн­дай ере­же­лер, кодек­с­тер тым тәуір қол­да­ны­лып келеді.

Әрине, дүни­е­де болып жатқан құбы­лы­стар БАҚ сала­сын айна­лып өтпей­ді. Өзгерістер­ге орай жұрт­шы­лы­қ­пен және масс-меди­а­мен бай­ла­ныс орна­ту­дың, жұмыс істе­удің фор­мат­та­ры да күр­де­лене түсті.

Жур­нал­шы-фри­лан­сер­лер, бло­гер­лер саны күн сай­ын көбей­іп келеді. Түр­лі ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды, соның ішін­де әле­умет­тік желілер­ді пай­да­ла­ну­дың қолай­лы, икем­ділі­гі­мен қатар өзін­дік про­бле­ма­ла­ры да шығып жатыр. Ақпа­рат­тың жалған­ды­ғын, фейк екен­ді­гін аны­қта­уға бұры­нғы дәстүр­лі әдістер аздық ету­де. Хабар­дың, жаңа­лы­қтың шынай­ы­лы­ғын тек­се­ретін жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды, арнайы бағ­дар­ла­ма­лар­ды енгіз­бе­се, іс насы­рға шаба­тын түрі бар. Осы­ған бай­ла­ны­сты халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтар түр­лі бір­лес­кен жоба­лар­ды әзір­ле­уде серік­те­стер іздеп жатқа­ны да тегін емес.

Алдағы кез­де ақпа­рат­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі әлем үшін ерекше мән­ге ие бола­ры хақ. Біздің елі­міз үшін де ең маңы­зды әрі қым­бат салаға айна­ла­ды. Бұл елдің есік-тере­зесін, қақ­па­сын тарс жауып, іргесін бүр­кеп алу деген­ді біл­дір­ме­се керек.

Ақпа­рат­тық шабуыл, қатер көк­тен де, жер­ден де келуі мүм­кін, әрі күт­пе­ген тұстан тұтқиыл­дан тап береді. Кез кел­ген қауіп-қатер ең әуелі ақпа­рат арқы­лы жете­ді. Сөй­те­ді де адам­дар­дың сана­сын сан­сы­ра­та­ды, ұғым-түсіні­гін басқа жаққа қарай бұрып дүр­лік­тіреді. Адам­ның сана-сезі­міне ең бірін­ші ақпа­рат ықпал ете­ді. Сон­ды­қтан осы сала­ны нығай­туға қар­жы аямаған жөн.

Бүгін­де әлем­ге көз салы­ңыз, қым-қуыт ақпа­рат­тық май­дан жүріп жатыр. Ақпа­рат­тық тер­ро­ризм тағы бар. Осын­дай қатер­ге қар­сы тұра ала­тын әле­ует, имму­ни­тет қалып­та­сты­ру қажет. Мұн­дай әле­ует біз­де бар. Енді оны әрі қарай жос­пар­лы, жүй­елі түр­де күшей­ту­ге көңіл бөлетін кез кел­ді. Алда ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ететін арнайы маман­дар буы­нын даяр­лау мін­деті тұр деп ойлаймыз.

Демо­кра­ти­я­лық жол­мен қанат жай­ып, өрке­ни­еті өрге озған мем­ле­кет­тер­дің салиқа­лы, сал­мақты басы­лым­да­ры дәстүр­лі нұсқа­сы­нан бөлек элек­трон­дық сайт­та­рын ашқа­нын біле­міз. Олар­дың көп­шілі­гі ғылым­ның, цифр­лық тех­но­ло­ги­я­ның жетістік­терін, жасан­ды интел­лект­ті қол­да­ну аясын наси­хат­та­уға басым­дық беру­ге көшіп жатыр. Мыса­лы, жер орби­та­ла­ры­ның төмен­гі, жоға­ры бөлік­терін пай­да­ла­ну, ғары­шты иге­ру жол­да­рын кеңі­нен талқы­ла­уы – осы­ған дәлел. Жуық ара­да жүзе­ге аса­тын осын­дай ізденістер бар­лық салаға жаңа­лық әке­летіні жөнін­де мақа­ла­лар, ана­ли­ти­ка­лық зерт­те­улер жари­я­ла­на баста­ды. Оның қор­шаған ортаға, халы­қтың ден­са­улы­ғы мен көңіл-күй­іне, әле­умет­тік-тұр­мыстық дең­гей­іне оң әсер беретіні айты­лып жатыр.

Әрине, илан­ды­ру арқы­лы. БАҚ ықпал етудің осын­дай ұтым­ды жолын ғана пай­да­ла­на­ды. Міне, мұны ораз­ды елдер­дің сөз бостан­ды­ғы мен ақпа­рат тара­ту ісін­де­гі өне­гесі деу­ге бола­ды. Оқыр­ман­дар үшін сая­сат­тан, айтыс-тар­ты­стан гөрі осын­дай адам­зат өміріне анағұр­лым жақын, пай­да­лы тақы­рып­тар­дың көкей­кесті екені біраз ойға жете­ле­се керек-ті.

Басқа­ша айтқан­да, зама­на­уи басы­лым­дар­ды қызы­қты, тар­тым­ды ету жур­нал­шы­лар­дың білік­тілі­гіне, ең басты­сы – кәсі­би шебер­лі­гіне бай­ла­ны­сты екені бел­гілі. Әртүр­лі кәсіп иелерінің, мықты маман­дар мен сарап­шы­лар­дың сын­дар­лы ұсы­ны­ста­ры да кәсі­би жау­ап­кер­шілік­ке негізделеді.

Бүгін елі­міз­де­гі ақпа­рат көз­дері түгел мем­ле­кет­тік мүд­дені қорғап, наси­хат­тай­ды деп айта алмай­мыз. Сон­ды­қтан ақпа­рат кеңісті­гі­мізді сыр­тқы ықпал­дан қорға­удың өзін бас­пасөз бостан­ды­ғын сақтау тұрғы­сы­нан қарас­ты­руға тура келеді. Оны шешудің мән­ді бір жолы – өз аза­мат­та­ры­мы­здың бедел­ді, пәр­мен­ді, сапа­лы отан­дық басы­лым­дар­мен бай­ла­ны­сын арттыру.

Аза­мат­тық қоғам мін­деті – мем­ле­кет­те­гі сая­си тұрақты­лық пен ел мүд­десін бір­лесіп қорғау. Әрбір аза­мат­тың сана­сын­да, ой-өресін­де «ақпа­рат­тық қорған» қалып­тас­са, оның билік­ке, бас­пасөз­ге деген сені­мі ныға­я­ды. Отба­сы, Ота­ны алдын­дағы аза­мат­тық боры­шын сезі­неді. Өйт­кені қазір­гі заман­ның басты құра­лы, тиім­ді теті­гі – ақпа­рат. Көзі ашық, сау­ат­ты адам сапа­лы, яғни сау­ат­ты да пай­да­лы ақпа­рат іздей­ді. Тапқа­нын сарап­тай біледі, таң­даға­нын парықтайды.

Бүгін ақпа­рат жағы­нан қорған­сыз болу – мем­ле­кет үшін де, жеке адам үшін де қатер­лі. Сон­ды­қтан елі­міздің эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік, гео­са­я­си, руха­ни мәр­те­бесін, мүд­десін арт­ты­ру­да, жаңа сая­си мәде­ни­ет қалып­та­сты­ру­да отан­дық БАҚ-тың рөліне ерекше мән беру қажет. Бұл абы­рой­лы мис­сия жур­нал­шы­лар­дан үлкен жау­ап­кер­шілік­ті талап ете­ді. Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн