Суббота , 5 июля 2025

АҚСАҚАЛ не үшін айып ТАРТТЫ?

  • Ресей­дің ел аста­на­сын­дағы елшілі­гі алдын­да жалғыз адам­дық пикет өткіз­бек болып, әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лған қараған­ды­лық зей­нет­кер аза­мат Айтқо­жа Фазы­лов (сурет­те) сот шеші­міне бай­ла­ны­сты Жоғарғы сотқа шағым түсі­ру үшін құжат әзір­леп жатыр. 30 жел­тоқ­сан­да апел­ля­ци­я­лық сот оның шағы­мын қанағат­тан­дыр­маған еді.

Жел­тоқ­сан айы­ның орта­сын­да Айте­ке ақсақал Ресей дума­сы депу­тат­та­ры­ның Қаза­қстан­ның елі мен жерінің тұта­сты­ғы­на қауіп төн­діріп жасаған мәлім­де­ме­леріне нара­зы­лық біл­діріп, елшілік алдын­да пикет өткіз­бек болған. Алай­да оны аста­наға бара жатқан жол­да поли­ция ұстап, Әкім­шілік кодекстің 488-бап­тағы 4‑тармағы («Бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұзу») бой­ын­ша хат­та­ма тол­ты­ры­лып, 50 айлық есеп­тік көр­сет­кіш көле­мін­де (139 мың тең­ге­ге жуық) айып­пұл салған болатын.

«Азатты­қтың» хабар­ла­уы бой­ын­ша, бірін­ші инстан­ци­ядағы сот Айтқо­жа Фазы­ло­вты қала­ның өзге де тұрғын­да­рын бей­біт жиы­нға қаты­суға шақы­рып, заң­ды бұзған деп айып­таған. Ал Фазы­лов Ресей дума­сы депу­тат­та­ры­ның мәлім­де­месі­мен келіс­пей­тінін көп­шілік­тің көзін­ше жария еткісі кел­генін, әле­умет­тік желі­де­гі хабар­ла­ма­сы бірін­ші кезек­те ақпа­рат құрал­да­ры­на арналға­нын айтқан.

Сот қаулы­сын­да Фазы­лов аста­на­лық жер­гілік­ті атқа­ру орга­ны­на ескер­ту тап­сыр­май, осы­лай­ша «бей­біт жиын ұйым­да­сты­ру тәр­тібін бұз­ды» деп жазы­лған. Ал Айте­кең ақсақал әкім­дік­тің «Facebook»-тағы акка­ун­тын­да ескер­ту қал­ды­рға­нын айтады.

«Билік­ті бұл жөнін­де хабар­дар еттім, олар біледі. Сол себеп­ті де мені ұста­ды. Айып­пұл көле­мі зей­не­тақым­нан да көп. Әкім­шілік сотқа тар­ту қаза­қстан­ды­қтар­дың пат­ри­от­тық сезі­мін, туған елге, жер­ге деген махаб­ба­тын жояды. Тоқа­ев­тың өзі жария түр­де той­та­рыс беру керек деп айт­ты емес пе?! Менің де солай істе­гім кел­ген…» – деді Айтқо­жа Фазы­лов «Азаттық» тілшісіне.

Біздің газет Айтқо­жа Фазы­ло­вқа қаты­сты осы әкім­шілік істің бары­сын бақы­ла­у­ға ала­тын болады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТУРАЛЫ

ПАРЫЗ БЕН ҚАРЫЗ

  • «Қазақ тілін білу – әр қаза­қстан­ды­қтың пары­зы» деп жаз­ды пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Еге­мен Қаза­қстан» газетін­де­гі «Тәу­ел­сіздік бәрі­нен қым­бат» мақаласында.

«Мем­ле­кет­тік тіл­ді білу – Қаза­қстан­ның әрбір аза­ма­ты­ның пары­зы. Мін­деті деп те айтуға бола­ды. Осы орай­да мен бар­ша қаза­қстан­ды­қтарға, оның ішін­де қазақ тілін әлі жете мең­гер­ме­ген отан­даста­ры­ма үндеу тастағым келеді. Жастар ағы­л­шын тілін неме­се басқа да тіл­дер­ді аз ғана уақыт­та мең­ге­ре ала­ты­нын көріп отыр­мыз. Тұтас буын алмасқан осы жыл­дар­да қазақ тілін үйрен­гісі кел­ген адам оны әлдеқа­шан біліп шығар еді», – деп жаз­ды Тоқа­ев сей­сен­бі­де жари­я­ланған мақаласында.

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың мақа­ла­да тіл тура­сын­да айтқан пікіріне бел­гілі жур­на­лист Өмір­жан Әбді­ха­лы­құ­лы «Фейс­бук» парақ­ша­сын­да мына­дай пост жазған екен (қаз-қал­пын­да):

  • «Қазақ тілін, шын мәнін­де, бүкіл халқы­мы­зды бірік­тіру­ші фак­торға айнал­ды­ру­дың бар­лық құқы­қтық тәсіл­дері және кепіл­дік­тері қалып­та­сты» деп­ті президент.

Ол қан­дай құқы­қтық тәсіл­дер мен кепіл­дік­тер? Әлде ойдағы іс пе? Сосын тағы ниет­ке апа­рып тіреп­ті. Ал Қаза­қстан­ның достық ниетін Дума депу­тат­та­ры түсін­ді ме? Жоқ!

«Қазақ тілінің қол­да­ныс аясын кеңей­ту – орыс тілін кем­сіту емес» деп­ті. Рах­мет пре­зи­дент­ке! Құт­ты болсын!..

Қазақ тіліне мұн­дай қаты­на­спен ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гі­мізді қорғай алмай­мыз және бір­тұ­тас қоғам да қалып­тас­пай­ды. Тағы қан­ша уақыт әркім­нің ниетіне қарар екен­біз… Тіл сая­са­тын­да аса батыл қадам бол­ма­са, бар­мағы­мы­зды тістей­міз әлі».

«ДАТ-ақпа­рат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн