Четверг , 26 июня 2025

АҚШ СОҒЫСҚА КІРДІ !!!

Шын­ды­қтың жүзіне тіке қара­сақ, бұл сой­қан – Үшін­ші жаһан соғы­сы атты сұра­пыл­дың өзі ғой!..

Екін­ші жаһан соғы­сы­ның оты­на май құй­ы­лған, тарих­та «Ұлы Отан соғы­сы» деп таң­ба­ла­нып кел­ген, яки фаши­стік Гер­ма­ния Совет­тер Одағы­на басып кір­ген 22 мау­сым­нан тура 84 жыл өткен­де – дүниені неше заман қанға тұн­шы­қты­рып кел­ген зұлым­дық ошағы – АҚШ Иранға шабуыл жасады!

…«Жер» атты қаси­ет­ті Кәрі Шаңы­рақтың ШЫН ИЕСІ сапар­да жүр­геніне көп болған. Ал үйде қалған әкесіз өскен көр­ген­сіз бала­лар біл­генін жасап жатқа­ны­на да тым ұзақ уақыт өтіп­ті. Олар­дың бір-біріне қылған қия­нат­та­ры­ның елді-есебі жоқ. Адам­зат бас­сыздық пен ессіздік­тен әбден бизар бол­ды! Бұл «ойын» да – соның бірі. Кешіріңіз, бірі емес, нағыз шыңы!

Міне, он күн­ге аяқ басқан Иран–Израиль соғы­сы тура­лы да әркім өресі жет­кенін­ше өз пай­ым­да­рын ортаға салу­да. Біздің қаза­қы қауым­ның да білер­мен­дері мен өлер­мен­дері қабат­та­са шауып, түкірік­терін жан-жаққа шашы­ра­тып бақты. Дені өздері талай­дан бері «нәрем айы­рып» жүр­ген аме­ри­кан­дық-изра­иль­дық һәм баты­стық жар­ша­шу­ларға ылы­ғып, біраз асы­ғыс бай­лам­дар да жасап қой­ды. Олар­дың ішін­де: «Иран өте қауқар­сыз ел екен, әліне қара­май ма?!»; «Изра­иль­дің бір соққы­сы­нан қал­май күл­лі қорға­ныс жүй­есі күй­реп қалып­ты!»; «Бар­лық қол­бас­шы­ла­ры мен ғалым­да­ры опат тауып­ты!»; «Қол­бас­шы­ла­ры сатқын екен, әлдеқа­шан күл­лі құпи­я­ла­рын дұшпан­да­ры­на беріп қой­ып­ты!»; «Билік­ке қар­сы ішкі бүлік баста­лып кетіп­ті!»; «Хаме­ней Ауған­стан жаққа қашып кетіп, тығы­лып жатқан көрі­неді»; «Хаме­ней: «Мен Сад­дам Хүсей­ін­нің тағ­ды­рын қай­та­лағым кел­мей­ді, сон­ды­қтан келісім үстеліне оты­руға дай­ы­н­мын» деп­ті» деген сияқты кеу-кеу кеп­тер­ді естідік.

Алай­да жалған миф­тер­ді шын­дық ығы­сты­рып шыға­ра баста­ды. Иран біз ойлаған­дай аса бір әлжуәз мем­ле­кет емес екен. Ол да осы бола­шақ соғы­сқа қапы­сыз дай­ын­да­лып­ты. Бәл­кім, Ресей, Қытай сын­ды одақ­та­ста­ры да аз жәр­дем­дес­пе­ген. Мұның дәлелі оның Изра­иль­ге жасаған қарым­та соққы­ла­ры­ның тым теге­урін­ділі­гі­нен бай­қа­лу­да. Әуелі дрон­да­рын қап­та­тып, ебірей елі олар­ды «қағып түсіріп» әуре­леніп жатқан­да, бал­ли­сти­ка­лық раке­та­ла­рын ыңы­ран­тып, соңы­нан гипер­ды­бысты раке­та­ла­рын зыңы­ран­тып, одан соң 116 мем­ле­кет­те қол­да­нуға тый­ым салы­нған кас­се­та­лық бом­ба­ла­рын (түс­кен кез­де әлде­не­ше бөлік­тер­ге бөлініп, аса үлкен ауқым­да залал жасай­тын қатер­лі қару түрі) тастап, Аме­ри­ка­ның «ерке бала­сын» есең­гіретіп-ақ тастады!

Осы уақы­тқа шей­ін адам­зат Изра­иль мен Аме­ри­ка бірі­гіп жасаған «желез­ный купол­ды» тең­дес­сіз, бұрын-соң­ды бол­маған, бұдан кей­ін де бол­май­тын құрыш сауыт – бұзыл­мас қамал санап кел­ген. Бірақ, міне, Иран­ның оқсүң­гілері ол аңы­здың күлін көк­ке ұшы­рға­ны­на күл­лі адам­зат куә болу­да. Бұрын Изра­иль­дің жоғарғы дәл­дік­те­гі «точеч­ный удар­ла­ры­на» тән­ті болып кел­сек, қазір Иран соққы­ла­ры да қар­сы­ла­сы­ның ең үлкен қару-жарақ зауы­тын, ең басты соғыс-зерт­теу орта­лы­ғын, Бен-Гури­он әуе­жай­ын, т.б. маңы­зды нысан­да­рын жой­ып жібер­гені тура­лы мағлұ­мат­тар кең тарап жатыр. Өздерінің «мәң­гілік ашық аспа­ны­ның» пер­десі дар-дар жыр­ты­лға­нын көр­ген соң, ел ішін­де дүр­бе­лең баста­лып, көп­шілік жан-жаққа бас сауға­лап қашу­да. Әуе­жай­ла­ры істен шыққа­сын, жұрт­шы­лық Иор­да­ния әуе­жай­ла­ры арқы­лы сыр­тқа жөңкілу­де. Біз «Иран­ның әуе шабуыл­да­ры­нан үш адам өлді, сегіз адам жара­лан­ды» деген ақпа­рат­тарға сеніп жүр­сек, әлдеқа­шан мың­даған адам сап­тан шығып, ауру­ха­на­лар лықа толып кет­кенін енді біліп отырмыз…

Соғыс – адам­ның соңғы сөзін айтқы­за­тын сұм­дық. Мұн­дай кез­де пен­де шыңғы­рып тұрып шынын айта­ды. Маған Тель-Авив­те­гі екі ебірей бой­жет­кенінің жан­да­уы­ста­ры қат­ты әсер етті. Бірі алға­шқы бом­ба­ла­удан соң: «Иран, есіңді жый! Адам­за­тқа бұлай өмір сүру­ге бол­май­ды. Адам өмір­ге өмір сүру үшін келеді…» – десе, екін­шісі соңғы ірен-тоза­ң­дар кезін­де: «Иран, тоқта! Менің өмір сүр­гім келеді!» деп жанұ­шыр­ды! Әттең, бұлар өз мем­ле­кеті айна­ла­сын­дағы Пале­сти­на, Ливан, Ливия, Сирия, Ирак, Йемен, т.б. сын­ды мұсыл­ман елдерін қан­ша­ма жыл­дар бой­ы­на қына­дай қырып, шиет­тей сәби­лерін шыбын­дай өлтіріп жатқан­да ышқы­ну­ла­ры керек-ақ еді. Сон­да ғана осы­нау жанай­қай­лар әділет­ті де шынайы естілер еді. Тағы бір таңғалға­ным – бұлар сон­да бұл соғы­сты да Изра­иль бастаға­нын біл­мей ме?.. Ебірей қызда­ры сықыл­ды, мұсыл­ман­дар­дың бой­жет­кен­дері мен сәби­лерінің де бей­біт өмір сүру­ге хақы­сы бар екенін де енді дәлел­деп жатуы­мыз қажет пе өзі?!.

Қош, соны­мен, бүгін (сонау 41-дің қан­ды жек­сен­бісіне ұқсап кетіп тұрға­нын қара­шы!) АҚШ Иран­ның ядро­лық нысан­да­ры сана­ла­тын үш нүк­те – Фор­до, Натанз, Исфаһанға ауыр бом­ба­лар таста­ды. Ола­ры жер асты­на 65 метр сүң­гіп барып жары­ла­ды-мыс. Бом­ба­ла­удан соң, алдын­да ғана осы опе­ра­ци­я­ны екі апта­дан кей­ін ойла­нып барып бастай­ты­нын айтқан, бірақ жау­шы-жалам бүгін бастап кет­кен тәкап­пар Трамп күл­лі ғалам­ды бір өзі бар да қылып, жоқ та қылып жібе­ретін­дей, тым асқақ кей­іп­пен сай­тан­мүй­із кеп­кісінің астын­да тұрып, жай­ба­рақта­на сөй­леді: «Біз мақ­са­ты­мы­зға жет­тік. Иран­ның бар­лық ядро­лық нысан­да­рын май­қан­дап таста­дық. Енді олар­дың толық капи­ту­ля­ци­ядан басқа жолы жоқ!» – деді.

Десе де, оған «май­қан­да­ла» қой­ған Иран көрін­бей­ді. Іле оның да ресми билі­гі: «Бұл шабуыл­дың бола­рын біліп, алдын ала қапы­сыз дай­ын­далған­да­рын, атал­мыш нысан­дар­ды әлдеқа­шан эва­ку­а­ци­я­лап тастаған­да­рын, демек дұшпан қым­бат бом­ба­ла­рын (шабуыл­даған В‑2 бом­ба­ла­у­шы ұшақта­ры­ның әрбірінің өзі 2 млрд дол­лар тұра­ды!) құр далаға төк­кен­дерін, енді Иран Аме­ри­ка­ның әске­ри-теңіз флот­та­ры­на және соғыс база­ла­ры­на ымы­рас­ыз соққы­лар жасай­тын­да­рын, уран бай­ы­ту бағ­дар­ла­ма­сын одан әрі дамы­та­тын­да­рын, соғы­сты өздері аяқтай­ты­нын» айтып, ызбар­лы мәлім­де­ме жаса­ды. Сөй­тіп құмы­ра­дан шығып кет­кен жын­дай әлем­дік соғыс ылаңы ушы­ққан үстіне ұшқын­дап бара­ды. «Отқа түсесің, кей­ін қайт!» деген­ді тың­дай­тын «жын­ды бала­лар» көрін­бей­ді. Алдын­да «Изра­иль­дің өзі-ақ Иран­ның күлін көк­ке ұшы­рар» деп есек­дә­ме болған АҚШ 78 жыл дай­ын­даған «палу­а­ны» қар­сы­ла­сы­на шарға­сы жет­пей, мұр­ны­нан қан сау­лап жылап қалға­нын көр­ген соң, бұл май­данға өзі ара­лас­па­сы­на ама­лы қал­ма­ды. Бүгін­гі тосын шабуыл­дың сыры осында.

Бұл шабуы­лы­ның да нәти­же­сіз болға­ны­на һәм қар­сы­ла­стың қар­сы соққы­ла­ры­на дол­данған «үлкен жын­ды бала» АҚШ енді суық қару – атом бом­ба­сы­на қол салуы әбден мүм­кін! Ал Пәкістан кеше ғана: «Аме­ри­ка Иранға атом бом­ба­сын тас­та­са, өзінің Изра­иль­ге атом қаруын жұм­сай­ты­нын» мәлім­деді! Осы алас-күле­сте Қытай Тай­ва­нь­ды тапап тас­та­са да, менен көрмеңіз…

«Екіта­лай болған­да, аздың көті қыл­пыл­дар» шаққа жетіп­піз. Мынау ғалам­дық қан­шом­ды шай­қастан қалай аман шыға­мыз деп қай­ғы етпей оты­рған ел де, жан да жоқ. Соғыс біз­ден таяқ тастам жер­де – теңіздің арғы бетін­де өту­де. Әзір залал сал­ма­са да, әлден Маңғы­стау өлкесіне дрон­дар түсу­де. Ал Иран­дағы 10 000-ға жуық қаза­қтың тағ­ды­ры не бола­ды деген үрей де бой­ды кеулеп бара­ды. Өйт­кені олар мекен­дей­тін Гүл­стан аймағы­на да бом­ба­лар түсе бастаға­ны тура­лы суық хабар­лар жету­де. Сон­ды­қтан Қаза­қстан билі­гі шұғыл шешім қабыл­дап, қан­даста­ры­мы­зды Отанға кір­гізіп алу­дың қамы­на кірі­суі керек. Бұл – көп­тің тіле­уі. «Жаман айт­пай, жақ­сы жоқ», АҚШ жаман қару­ды қол­да­на қал­са, бағы­мыз да, тағы­мыз да шай­қа­лып кетуі әбден мүм­кін екенін бір сәт­ке де естен шығар­мауға тиіспіз…

Ғалам­дағы соңғы сая­си аху­ал­дар қаси­ет­ті кітап­тар­да жазы­лған 1‑ақырзаман, яки Кіші Қия­мет­тің орнаға­нын анық бай­қа­ту­да. Бұл – адам­заттың бұры­нғы тап­та­у­рын жол­мен, жат­та­у­рын қағи­да­лар­мен жүре алмай­ты­ны­ның айқын ныша­ны. Не де бол­са, иә бар, иә жоқ – бір жағы­на шығуға бағыт алдық. Осын­дай тағ­дыр­ше­шті кезең­де ылаң­ды пиғыл­дар­дан ары­лып, Ақиқатқа нанып, Хаққа жал­ба­ры­нып – бір­жүрек­тілік­ке жетей­ік! Басқа жол жоқ – өле қалам десең де! Өйт­кені ұза­май «Жер» атты қаси­ет­ті Кәрі Шаңы­рақтың шын иесі келеді. Ол өзі жоқта үйін әлім­сақтағы уәде бой­ын­ша Бей­і­штің бақ­ша­сы­на айнал­ды­ру­дың орны­на, тоза­қтың төріне айнал­ды­рып жібер­ген «жын­ды бала­лар­ды» Тәңір­дің қаһар сипа­ты­мен жаза­лай ма, әлде мей­ірім сипа­ты­мен таза­лай ма – ол оның өз шаруа­сы. Ал біз мей­ірім­нен үміт ете­міз. Демек, соған лай­ық болуға ұмты­лай­ық та!.. Айт-Ман НҰРЖАН

Республиканский еженедельник онлайн