Пятница , 23 мая 2025

АҚЫН КЕТТІ түгенделмей ЕР-ТҰРМАНЫ

Беу, дүние!

Көзінің тірісін­де қаза­қтың клас­сик ақы­ны атал­са да, қазақ билі­гі­нен тиісті сый-сыя­пат көре алмаған қай­ран Жәр­кен аға Бөде­шұ­лы дүни­е­ден өтті. Қоғам мен әде­би­ет­ші қауым тума талан­тын мой­ын­да­са да, коньюнк­ту­ра­лық тамыр-таны­сты­қтың ым-жым кеса­па­ты кесірі­нен ақын­ның пен­дәуи шері ішін­де кетті.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­на бес рет ұсы­ныл­ды – бес ретін­де де ақтық комис­си­яда жолы бол­ма­ды. Оның басы­на жазған тағ­дыр­лық био­гра­фи­я­сы да, жағра­пи­я­сы да билік­тің тақи­я­сы­на тар кел­ді. Қара­ма-қай­шы­лық пәл­сә­фа­сы­на толы өлең-жыр­ла­ры үшін алған жалғыз атағы – Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы беретін «Алаш» халы­қа­ра­лық сый­лы­ғы ғана бол­ды. Тиісті мини­стр­лік тара­пы­нан ақын­ның таң­да­ма­лы жинағы­на да мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стың сыбаға­сы бұй­ыр­ма­ды. Кезін­де Мұқаға­ли ақын айтқан­дай, «ер-тұр­ма­ны түген­дел­мей кетті»…

Бірақ Жәр­кен аға­ның өлмей­тін Ақын­дық тағ­ды­ры енді ғана бастал­ды. Шека­ра­ның арғы беті­нен – қазір­гі Қытай­дағы қазақ жері­нен Ата­жұр­тын аңсап кел­ген ақын­ның туған еліне деген сүй­іспен­шілік­ке толы жыр­ла­ры талай жүрек­ті шымыр­ла­тып, талай зер­денің зей­ініне айналады.

  • «ДАТ» газет­тер жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы қаза­қтың ұлы ақын­да­ры­ның бірі Жәр­кен Бөде­шұлы­ның қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры­на, бар­ша әде­би­ет­ші қауы­мы­на қай­ғы­рып көңіл айтады.

АЙМАҢДАЙ АҚЫН

Не боп кет­ті дүние көр­кем мынау,

Жүрек сыздап тағы да өртендім-ау?!

Ақтам­бер­ді, Дулат пен Махамбеттің,

Сен де түстің жолы­на Жәр­кен жырау.

Жәр­кен жырау, Жәр­кен –жыр, Жәр­кен ақын,

Енді тумас дәл сен­дей көр­кем ақын.

Жыр­лаған­да, Жәй­ір тау дүр сілкініп,

Жылаған­да көзі­нен көл таматын.

Арғы тегің – Ер Түрік болған едің,

Бер­гі тегің – Ер Көк­ше болған едің.

Аты­рау мен Алтай­дың арасында,

Жоқтап жатыр өзіңді толған елің.

Жар­мұ­ха­мед – азан сап қой­ған атың,

Жүр­ген жерің думан мен той болатын.

Бәй­те­рек боп қала­сың жадымызда,

Жапы­рағын жыр болып жай­ған ақын.

Емен болып бүр­ледің түндерімде,

Аспан дау­сын естідің күнде-күнде.

Жұл­ды­зға орын бер­мес Айым едің,

Ай боп қал­дың, аға, жыр көгінде.

Сезім­нен – сыр, жыр төк­кен ойдан дәйім,

Ақбө­кен ең төңіре­гің толған қайың.

Аспан жаққа сен-дағы бет алдың ба,

Аспанға бас сүй­е­ген Аймаңдайым?!

 Бауы­р­жан ЖАҚЫП

ДАРА ЕДІ ДАНА ДАСТАН

Қаза­қстан­ның аза­мат­тық қоға­мы орны тол­мас қаза­ға ұшы­ра­ды – өмір­ден тәу­ел­сіз тіл­ді пуб­ли­цист, талант­ты сая­сат­та­ну­шы, дара Дастан өтті. Ол жан-жақты талант­ты жігіт бол­ды: жазу­шы­лы­ғы да, ақын­ды­ғы да, музы­кант­ты­ғы да, тіп­ті қара­пай­ым тұлға­сы жақ­сы қазақ еді. Оның сая­сат­та­ну­шы­лық қаси­еті де ерекше фило­со­фи­я­лық иірім­дер­ге толы талант еді.

Ар мен жан таза­лы­ғын сақтаған Дастан соңғы жыл­да­ры билік өкіл­дері ұсы­нған ақы­сы ауыз тол­ты­рып айтар­лық қыз­мет­тер­ден әрдай­ым бас тар­тып жүр­ді. «Зачем марать­ся этой пре­ступ­ной вла­стью» – дегені бар еді бір­де. Асыл арма­ны көп еді… Жаңа және жақ­сы Қаза­қстан­ды көруді аңса­ды, сон­дай зама­ни елді өз қолы­мен жаса­уға тыры­сты… Қал­ды бәрі… Кетті!…

Өте өкіні­шті! Қаза­қстан қоға­мы бір­ту­ар білім­дар аза­мат­тан айы­рыл­ды. Атың өшкір коро­на­ви­рус кеса­па­ты Дастан­ның дара да, дана жолын қиып кет­ті. Орны тол­мас қаза… Кезін­де Қаза­қстан демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­сы­ның идео­ло­ги­я­сын жасаған Нұр­бо­лат Маса­нов қай­тыс болған­да, жетім қалған­дай күй кешіп едім. Дәл сон­дай қай­ғы­лы қапы­лы­стың қос бат­пан сал­мағын тағы да сезіндім…

Қош, алтын басты бауы­рым! Жатқан жерің пей­іш болсын!

Ермұрат БАПИ

(Оқыр­ман қауым Дастан Қады­р­жа­но­втың қан­дай пуб­ли­цист, сұңғы­ла сая­сат­та­ну­шы болға­нын зер­десіне тоқып жүр­сін деген оймен газет­тің 14-ші бетін­де оның «Абам бол!» жур­на­лын­да жари­я­ланған «Казах­ская циви­ли­за­ция» деп ата­ла­тын мақа­ла­сы­нан үзін­ді жари­я­лап отырмыз).

  • «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы бір­ту­ар қазақ Дастан Қады­р­жа­но­втың мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның ағай­ын-туған­да­ры­на, соңын­да қалған шәкірт­тері мен аза­мат­тық қоғам өкіл­деріне қай­ғы­рып көңіл айтады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн