Вторник , 1 июля 2025

АҚЫШЕВҚА қылмыстық іс ҚОЗҒАЛДЫ?

Тelegram желісін­де­гі @kazebitda арна­сын­да Дани­яр Ақы­шев­тің үсті­нен қыл­мыстық іс қозғалға­ны хабар­лан­ды деп жаза­ды Kaz.nur.kz.

Әле­умет­тік желінің мәлі­метін­ше, іске қаты­сты тер­геу жұмыста­ры­ның аяқта­луы­на аз қал­ды. Telegram-арна­да жазы­лған­дай, қыл­мыстық істің қозға­луы­на «Қаза­том­пром» акци­я­ла­ры­на қаты­сты іс-әре­кет­тер себеп болған. Атал­мыш акци­я­лар­ды БЖЗҚ Лон­дон бир­жа­сын­да сатып алып, олар­ды KASE арқы­лы сауда­лай бастаған.

Дереккөздің мәлім­де­уін­ше, қыл­мыстық тер­ге­удің тағы бір себебі ретін­де тең­ге­ге қаты­сты қар­жы­лық опе­ра­ци­я­лар болуы мүм­кін. Ауди­тор­лар бірқа­тар заңбұ­зу­шы­лы­қтар­ды аңға­рып, соның арқа­сын­да байи түсу­ге қауқар­лы болған ком­па­ни­я­лар­ды аны­қтаған болуы мүмкін.

Бірақ бұл ақпа­рат­ты елба­сы­ның бас­пасөз хат­шы­сы Айдос Үкі­бай жоққа шығар­ды деп Tengrinews сай­ты­на сіл­те­ме бере оты­рып, Qamshy.kz ақпа­рат агент­ті­гі жазады.

«Дани­яр Ақы­шев өз жұмыс орнын­да отыр. Негізі қыл­мыстық іс қозғалған жағ­дай­да, кең­се­ге келіп, бас­шы­лы­қты бұл жағ­дай­дан хабар­дар ете­ді. Бірақ ондай ештеңе болған жоқ. Біздің кең­се ешқан­дай орган­нан ресми түр­де қағаз алма­ды, – дей­ді Айдос Үкібай.

Айта кетей­ік, Дани­яр Ақы­шев үш жыл бойы Ұлт­тық банк бас­шы­сы қыз­метін атқар­ды. Алай­да осы жыл­дың ақпан айын­да бұл қыз­меті­нен кеткен.

«

Республиканский еженедельник онлайн