Четверг , 12 марта 2026

А Й Ы П

Сезім-сел­дің жете­гіне ерген бір жолы жіңіш­ке күл­лі қазақ жай­ын­да – тұтас ұлт­тың «қаси­ет­сіз» екені тура­лы үкім шыға­рып­ты. Әтте­ген-ай. Шаға­ла­ша шулаған желік­пе жұрт­тың жиын­тық пікірі бой­ын­ша «ақиқат» осы екен және мұн­дай дүда­мал­ды сол ғана жеріне жет­кізіп айта алып­ты-мыс. Қан­дай түлен түрт­кені бел­гісіз, тоқтай алмай, айна­ла­сын әлі шаңғы­тып жатқанға ұқсай­ды. Бір қай­ы­рып қоя сал­са, түсі­ну­ге болар еді. Жоқ, өйт­пе­ді, үстін-үстін бұрқы­тып­ты, қаза­қта өші кет­кен­дей. Менің­ше, дер кезін­де тоқтай алмау – қасірет. Қалай десек те, ешкім атом бом­ба­сын ойлап тапқан Роберт Оппен­гей­мер емес. Болған күн­нің өзін­де солар­дың дені сау екеніне ғылым әлі күн­ге кепіл­дік бере алмай келеді.

Тұтас бір ұлт­тың ар-намысы­на тиіп, ойы­на кел­генін айта­тын­дай, оны­сын кей­біре­улер тігісін жатқы­зып уәж­дей­тін­дей, мұн­дай «әде­би тәсіл­ді» біл­мей­ді екен­біз. Шырын лебіз­ге шыбын әуес. Сол үшін де қобы­та қоста­у­шы­ның көбі күмән­ділеу көрін­ді. Бұрын мұн­дай «науқас» түрі асқы­нып, айна­лаға уытын жай­ып кет­пеу үшін бақ­сы­ға бақты­рып, құш­на­шқа қақты­рып ала­тын. Оның үстіне көк­тем кел­ді, жер буса­нып, мар­ту өрді деген­дей. Есірік әуен­ге ауыз ашып, көз жұмған әуейі топ­тың әре­кеті осы­ны бай­қат­ты. Негізі, қай ұлт­тың бол­сын, жаһан­да­ну үдерісі­нен қау­пі көп. Бәл­кім, атал­мыш әре­кет­ті сол тұрғы­да ақтап алуға бола­тын шығар. Алай­да ақын-жүрек лепіретін­дей, біз «жоғалған ұлт» бола­тын­дай Аме­ри­ка инкілері емес­піз. Осы сөз-әре­кет арқы­лы ол былай­ғы бұра­та­наға қаза­қтың туын жығып беріп, табанға тап­та­тып оты­рға­нын біле ме екен? Мұн­дай пай­ым­ды қия­ли кәл­лә иесінің оңа­ша­да, өлең жазып оты­рып өзіне неме­се нақты біре­у­ге қара­тып айтуға құқы бар шығар. Кешіріңіз, бірақ тұтас ұлтқа емес. Өйт­кені ұлт­ты жатқы­зып-тұрғы­зып, дегеніне жүр­гі­зу үшін, кім-кім­ге де біраз дүм керек. Естілер мәсе­ленің осы жағын ойла­нуы тиіс еді. Амал қан­ша? Эмо­ция – шағын ғана пси­хо­ло­ги­я­лық толқын үдерісі. Оның бүгін­гі, бір сәт­тік отқа оранған күйі елдің ертеңіне азық болып жарыт­пай­ды. Тап сон­дай кез­де әйел­дік­ке салы­ну­дың жөні бар ма еді? Бәл­кім, бар да шығар, ал оның сал­да­ры қалай бол­мақ, сол жағын ойла­дық па? Әй, бірақ ақыл­ды ойла­на­мын деген­ше, ақыл­сыз шаруа­сын тын­ды­рып үлге­ретін бай­ы­рғы әдет еді ғой.

Қош, соны­мен қиял көгін­де қалы­қтап, «жеке әле­мін­де» шалы­қтап, қара жер­ге қона алмай жүр­ген «биші» көгер­шін­нің ізгі ойы­ның өзе­гін­де­гі түй­ін­ді ел түсін­ді, кей­бірі жарым-жар­ты­лай бол­са да «қабыл­дап», қарық болып қал­ды делік. Жал­пы, былай­ғы жұрт­тың бәрін ақы­мақ сана­удың өзі – ақыл­ды­лық ныша­ны емес. Шынын айтқан­да, жалын қап­ты­рып пісір­ген бұл «ата­ла­дан» секем алы­ңқы­рап қал­дық. Апыр­май, мынау өзі елдің көкей­ін­де­гісін айту ма, әлде тұтас ұлт­ты күста­на­лап, «тисе – терекке, тиме­се – бұтаққа» тәсіл­мен қаза­қты қотыр атан­дай етіп күл­дік­ке ауна­тып, арқы­раған алтын басын нәжіс­ке тығу ма? Бұлар баяғы атам қаза­қтың «Елді сөк­пе, кен­ді төк­пе, жер­ді теп­пе» деген өси­етіне пішту дегені ме? Қан­ша жер­ден қия­ли бол­са да, «алды­рған ана­сы­ның қой­нын аша­ды» деген­нің керін кел­тіріп, сон­ша абы­на беру­ге бола ма?

Мен желі жай­лаған жегіқұрт­тай жаз­ба­лар­ды бір шолып өттім. Қай­ры­лып келіп қай­та қара­уға, шыным­ды айт­сам, жиір­кен­дім. Өйт­кені ары­ңа бала­нуы тиіс ұлт жай­ын­дағы мына күста­на мен была­пыт сөз көзім­ді қары­қты­рып жібер­ді. Иә, ақиқат айты­лу керек, бірақ мұн­дай жабайы фор­ма­да емес. Қалай, қан­дай күй­де, не ішіп-жеп оты­рып жаз­ды екен мұны? Мәтін­де­гі мөп-мөл­дір болып көрі­нетін судың сасы­ғын-ай! Бай­ла­мы жоқ құр қиял­да дауа бол­май­ты­ны­на көзім сон­да жет­ті. Бұрқ-сарқ қай­наған сезім-сел, өзін жоғал­тып алып, сан­дал күй кеш­кен жан­ның есірі­гі. Ал түпқай­нар ойға ақыл тамы­зық бол­маған жер­де қай сөздің де бұзы­ла­ты­ны ақиқат. Көп­тің құлағын көте­ру­ге жарай­ды деме­сең, мұн­дай сөз­де қаси­ет аз. Адам-пен­де қия­лын ерт­теп мініп, біры­ңғай сезім-сай­тан­ның ете­гі­нен ұстар бол­са, онда мына жұмыр жер­дің бетін­де тұрақтай алуы екіта­лай. Ондай­ларға бір­ден көк­ке көтеріліп кету керек. Ал жер басып жүру үшін ерекше ес-уыш қажет. Жал­пы, сезім деген екіұ­дай, алақұй­ын­дау нәр­се. Оның ықпа­лын­да болу, иә жете­гін­де жүру – қауіп­ті. Күй­іп қала­сың, бол­ма­са миы­ң­ды кеп­тіріп жібе­реді. Сон­ды­қтан да сезім-жетек­тен абай болған абзал. Әрине, тап қазір қаза­қтың шекесі шылқып тұр деген­ге ешкім де ила­на қой­мас. Онсыз да құр­сағы­мыз қанағат­пен «той­ып» жүр­ген ұлт­пыз. Десе де, екі елі­ге төрт елі қақ­пақ һәм қара­уыл қой­ып сөй­ле­ген­ге не жетсін?

Ал енді тұтас ұлт­ты «өлді», «жетім», «басы жоқ», «мәң­гүрт» деп үкім шыға­ру «жаны ауы­ра­тын» адам­ның сөзіне ұқса­май­ды. Жал­пы, осы біз ұлт деген ұғым­ды қой­ны­мы­зда жатқан бір алба­сты­мен шата­сты­рып алып жүр­ген жоқ­пыз ба, қия­лы­мы­зға қиқым түс­кен­де сөгіп, беті­нен алып, олпы-сол­пы сөй­лей беретін? Оны айта­сың: «Қаза­қтар тәу­ел­сізді­гін сақтап қала алмай­ды» деген не сәу­е­гей­лік? Қыбы қанып, қышуы басы­лып оты­рған­дар мына сөздің біздің мем­ле­кет­ті­гі­міз­ге нұқ­сан кел­тіретінін түсін­бе­гені ме? «Жыла­тып» айта­тын достың сөзі осын­дай болу­шы ма еді? Соған қараған­да бұры­нғы­ның «қызды жау да ала­ды» дегені рас болға­ны-ау. Сана­сын жауға алды­рған екен. Егер дүниенің бар­лық кем­шілі­гі пла­кат­тық сипаттағы, эмо­ци­яға толы ұран сөз­дер­ден жөн­деліп кететін бол­са, бұрын да талай даны­шпан­дар уәлі уәж­дерін айтқан, елді сөк­пей-ақ, абы­рой­ла­рын төк­пей-ақ. Әйт­пе­се барған жері­нен жеген бақа-шаян­ның дәміне мас болып, солар­дың қаза­қтар жай­ын­да айтқан сөзін уәждеп, ұлты­на қара­тып аузы­на кел­генін бүр­ку – үлкен айып. Сезім­мен «ашы­на» екен­мін деп ойы­на кел­генін көку – сөз ұстаған жан­дарға жара­сар ма екен? Мәсе­ленің осы жері де түйткілді.

Жал­пы, дүбір­лі дүни­е­де айып­тың түрі көп шығар, әзір­ге мынау соның көз шыға­ра­тын­дай ең сорақы­сы болып тұр. Тіп­ті мол­де­кең­дер айтып, қақ­сай беретін күнә да мұның жанын­да жіп есе алмай, ады­ра қал­ды. Әй, бірақ қазір өзінің айы­бын түсі­нетін пен­де бар дей­сің бе? Ал енді жел­бу­аз сөздің буы­на елітіп, қосы­ла жыр­лап, жырғап оты­рған­дар­дан түңілей­ін дедік. Шыны­мен де, жады­мы­здан жаңы­луға айналған екен­біз. Әйт­пе­се сезім иек­те­ген­нің бәріне ілесіп, солар­ды ғана «батыр» санап, әп-сәт­те ессіз көбе­лек­ке айна­лып шыға келер ме едік? Мына күміл­жі иіс қой­ын-қоны­шы­ң­ды ара­лап, жиді­мей тұрып есіңді жый, көзіңді аш, Қаза­қия! Бұл – сөзіңді сөй­леп, сой­ы­лы­ң­ды соғу емес. Осы­ның бәрі не үшін айты­лып отыр, аста­рын­да қан­дай пиғыл жатыр, білесің бе? Е, дүние-ай десең­ші, сенің есей­іп, ес жиға­ны­ң­ды көре алмай-ақ кететін бол­дық қой ақырында.

Дәл қазір қаза­қтың сана­сын сан түр­лі сырқат син­дро­мы­нан азат ұста­удың өзі олжа. Иә, біз шешіл­мей тұрған шаруа­сы шаш етек­тен елміз. Солай екен деп, «Халық – жемқор, ала тай­дай ала­у­ыз, дау­кес, құн­ды­лы­ғы жоқ, өзгер­мей­тін, прин­ципсіз, тек жеу үшін жара­ты­лған, бір-бірін жек көретін, можан­то­пай, құл-құтан, дарақы, кри­ти­ка­лық ойлау сана­сы қалып­тас­паған, тас­ба­уыр, бей­қам, мақтан­шақ, ұры», ал қазақ – нан таны­мас «надан, сапа­сыз, жағым­паз, өтірік­ші, екі­жүзді, сатқын, намыс­сыз, фейк, псев­до ұлт» деу­ге бола ма? Негізі, сөз иесінің өзі айт­пақ­шы, ол шыны­мен де «ауа жет­пей», таза ауа­дан тары­ғып жүруі бек мүм­кін. Көбіне бұл әйел бала­сы­ның бой­ын­да кез­де­сетін, бұй­ы­ғы «кесел­дің» түрі. Мына «таудан аққан тас бұлақ» была­пыт соның ныша­ны­на келіңкірей­ді. Айы­бы жоқ, мұн­дай «ерекше күй» көк­тем толық кір­ген­де өзі-ақ басы­ла­ды. Олай бол­са, «өз ары өзін буын­ды­ру» себебін де тек өзі­нен, сана қат­па­рын­дағы орын­дал­май қалған арман-аңсар­лар­дан, жаны­ның жай тап­пай қой­ған жар­ты қобы­зы­нан ізде­гені жөн шығар. Басқа ешкім­нен, соның ішін­де тұтас ұлт­тан емес. Ал «Қазақ халқы­нан тізер­леп тұрып кешірім сұрай­мын» дегені – түстен кей­ін бол­са да, аздап ес ене бастаға­ны. Енде­ше әрі қарай да «өлген арын аза тұта» бер­се болған­дай екен. Әсі­ре сезім иелерін біл­медім, ал мен үшін қазақ, әсіре­се рух­ты қазақ ұлт ретін­де өлген жоқ, өлмей­ді де!

Берік ЖҮСІПОВ

Республиканский еженедельник онлайн