Вторник , 26 августа 2025

А‑У-У, БАСПАНАСЫЗ СТУДЕНТ, министрлікке шұғыл хабарлас!

  • Қаза­қстан­ның Ғылым және жоға­ры білім мини­стр­лі­гі бас­па­на­сыз қалған сту­дент­тер­дің хабар­ла­суын сұрайды.

«Әле­умет­тік желілер­де Алма­ты сту­дент­терінің «дала­да түнеп жүр­гені» жай­лы видео тарап жатыр. Ғылым және жоға­ры білім мини­стр­лі­гі ролик авторларын/қатысушыларын ведом­ствоға хабар­ла­су­ды сұрай­ды. Қажет болған жағ­дай­да ол сту­дент­тер­ге көмек көр­сетіледі», – делін­ген тара­ты­лған хабарда.

Ведом­ство атап өткен­дей, Алма­ты қала­сын­да қиын жағ­дай­ға тап болған сту­дент­тер­ді бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі Жедел штаб жұмыс істей­ді. Сту­дент­тер тәулік бойы +7 778 655 60 83 нөміріне хабар­ла­са алады.

Егер аза­мат­тар­ды бас­па­на­дан заң­сыз шыға­ру неме­се жалға беру құнын өсі­ру жағ­дайы орын алса, олар Әділет мини­стр­лі­гінің 119 колл-орта­лы­ғы­на неме­се 58−00−58 нөміріне (Алма­ты, Аста­на қала­ла­ры үшін) хабар­ла­са алады.

Қаз­ТАГ

СОЛТҮСТІКТІ ҚАЗАҚҚА ТОЛТЫРА АЛАМЫЗ БА?

  • Қаза­қстан билі­гі «еңбек күші көп» өңір­лер­ден «еңбек күші тап­шы» өңір­лер­ге халы­қты көші­ру бағ­дар­ла­ма­сын қай­та қара­уды көз­деп отыр.

Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гінің мәлі­метіне қараған­да, бүгін­де көш жос­па­ры 71 пай­ы­зға орындалған.

«Суық түсуіне бай­ла­ны­сты оңтүстік­тен көш­кісі келетін­дер азая түседі, соған бай­ла­ны­сты кво­та­ның орын­дал­май қалу қау­пі бар. Қазір­гі уақыт­та Пав­ло­дар облы­сын­да 1 мың, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­да 500, Қоста­най облы­сы­на 362 адам кво­та­сы орын­дал­май тұр», – деді еңбек мини­стрі Тама­ра Дүйсенова.

Еңбек мини­стр­лі­гі көш­кен отба­сы­лар­дың еңбек­ке жарам­ды мүше­лері жұмыспен жет­кілік­ті қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген деп санай­ды. Ведом­ство мәлі­метіне қараған­да, Ақмо­ла, Сол­түстік Қаза­қстан және Пав­ло­дар облы­ста­рын­да көшіп кел­ген еңбек­ке жарам­ды адам­дар 58,5 пай­ы­здан 67 пай­ы­зға дей­ін ғана жұмыспен қам­ты­лған. Жұмысқа орна­ласқан 54,4 пай­ы­зы ғана зей­не­тақы қоры­на жар­на аударады.

Министр сөзін­ше, жаңа ере­же бой­ын­ша, мұнан кей­ін аза­мат­тар жұмыс орны бар аймақтарға ғана көшіріледі. Көшіп келу­шілер­ді қабыл­дай­тын аймақтар­дың әкім­дік­теріне көшті ынта­лан­ды­ра­тын жол кар­та­сын жасау тапсырылған.

Қаза­қстан­да 2017 жыл­дан бері оңтүстік­тен сол­түстік­ке көш бағ­дар­ла­ма­сы жұмыс істеп, мың­даған адам қоныс аударған. Алай­да жер­гілік­ті БАҚ-тар­дың жазуын­ша, көшіп келу­шілер кей­ін­гі жыл­да­ры азая бастаған. Оған тұрғын үй тап­шы­лы­ғы, жер­гілік­ті инфрақұры­лым­ның дамы­м­аға­ны себеп болуы мүмкін.

Azattyq.org

Сайлауға сауалнама жүргізу БИЛІККЕ ҚОРҚЫНЫШТЫ МА?

  • Екі зерт­теу инсти­ту­ты мен бір орта­лық Қаза­қстан пре­зи­дент­ті­гіне сай­ла­уда сау­ал­на­ма жүр­гізу­ге жіберіл­ді, деп хабар­ла­ды Орта­лық сай­лау комиссиясынан.

«2022 жылғы 11 қазан­дағы жағ­дай бой­ын­ша, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на 3 заң­ды тұлға­дан құжат­тар­дың көшір­ме­лерін қоса, қоғам­дық пікір­ге сұрау салу­ды жүр­гіз­гені тура­лы хабар­лар келіп түсті», – делін­ген хабарда.

Олар:

1. «Қоғам­дық пікір» зерт­теу инсти­ту­ты («Обще­ствен­ное мне­ние» зерт­теу институты);

2. «AMANAT» пар­ти­я­сы­ның «Қоғам­дық сая­сат институты»;

3. «Жастар» ғылы­ми-зерт­теу орталығы.

Қаз­ТАГ

ДУМАН ДУЫЛДАМАСЫН ДЕП, полиция қоқан-лоққы жасауда

  • Қаңтар оқиға­сы тура­лы жиі ақпа­рат тара­та­тын «Не дей­ді Youtube-арна­сы­ның авто­ры Думан Мұха­мет­кәрім үйіне поли­цей­лер кел­генін хабар­ла­ды. Жур­на­лист әле­умет­тік желі­де поли­ци­я­ның кел­ген сәті­нен видео жари­я­ла­ды. Онда құқық қорғау орган қыз­мет­кер­лерінің жур­на­ли­сті үйі­нен алып кет­пек болға­ны көрінеді.

– Онға жуық фор­ма киген поли­цей үйі­ме кел­ді. Ішін­де учас­келік поли­цей, Алма­ты облы­сы­ның поли­ция депар­та­мен­тінің экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қимыл басқар­ма­сы­нан­мын деген­дер бар. Қазір үйім­нің жан-жағын­да қап­тап тұр. Маған орыс тілін­де шақыр­ту алып келіп­ті. Мен орыс­ша оқы­май­мын, қазақ тілін­де тол­ты­ры­лға­нын әкел­сін деп талап еттім. Қазақ тіл­дін­де­гі шақыр­ту әке­лу­ге кет­ті. Әкеп жат­са, заңға бағы­нам, барам, әрине, – дей­ді Думан Мұха­мет­кәрім «Азаттық» тілшісіне.

Жур­на­лист таратқан видео­да үйінің маңын­да төрт жеңіл көлік тұрға­нын көру­ге бола­ды. «Мен ешқан­дай заң бұзған жоқ­пын. Қазан­ның 25‑і кезек­тен тыс сай­ла­у­ға қар­сы шыға­мыз деп, Алма­ты­дағы орта­лық алаңға шығай­ық деп үндеу тастағам. Қоғам бел­сен­ділер­мен бір­лесіп шешім­ге кел­дік. Бес жұмыс күні қалған кез­де біз өзі­міздің ескер­туі­мізді бере­міз, рұқ­сат күтіп отыр­май­мыз. Ел-аймақтар­дан бар­лы­ғын шақы­рған­быз, соған бола кел­ген болар», – дей­ді журналист.

«Не дей­ді?» Youtube-арна­сы­ның авто­ры Думан Мұха­мет­кәрім қаңтар оқиға­сы кезін­де халы­ққа ақпа­рат тара­тып, дүр­бе­лең­ге қаты­сты аза­мат­тар­дың соты мен бел­сен­ділер­ді жиы­ны­на күн сай­ын мате­ри­ал беріп келеді.

Azattyq.org

 

Катар әміріне – «Алтын Қыран», ЕРДОҒАНҒА «ДОСТЫҚ» ҚАНА

  • Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Катар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Қаза­қстан­ның ең жоғарғы награ­да­сы «Алтын Қыран» ордені­мен мара­пат­та­ды, деп хабар­ла­ды Ақор­да бас­пасөз қызметінен.

Орден табыст­ау рәсі­мін­де мем­ле­кет бас­шы­сы Катар әмірінің халық алдын­дағы абы­рой-беделін, ел басқа­ру ісін­де­гі дана­лы­ғы мен ерекше тұлға­лық қаси­ет­терін, әлем­де­гі бей­біт­шілік­ті сақта­уға және тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз ету­ге қосқан зор үлесін атап өтті, деп жаза­ды «Азаттық» осы орайда.

Соны­мен қатар Қасым-Жомарт Тоқа­ев биыл Дохада өткен кез­де­су­де шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни­мен стра­те­ги­я­лық серік­те­стік орна­ту жөнін­де уағ­да­ла­сты­ққа қол жет­кіз­генін, екі мем­ле­кет ара­сын­дағы достық қарым-қаты­на­сты нығай­туға бар күш-жігерін жұм­сай­ты­нын айтты.

Бұл екі ара­да Аста­на­дағы сам­мит­ке қаты­суға кел­ген Түр­кия пре­зи­ден­ті Реджеп Ердоғанға «Достық» ордені ғана бұй­ыр­ды. Бұл «Достық» Қаза­қстан мара­пат­тар иерар­хи­я­сын­да «Пара­сат» және «Құр­мет» орден­дері сияқты екінің біріне тара­ты­ла­тын орден­нің бірі. Билік Ердоғанн­ның «тұран­шыл» иде­я­сын неге еле­ме­гені түсініксіз.

ДАТ-ақпа­рат

Жаңаөзен мұнайшылары ӘРІПТЕСІНЕ АРАША ТҮСТІ

  • 12 қазан­да Жаңаө­зен­де «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры өткен апта­да соққы­ға жығы­лған бел­сен­ді Мұрат­бай Жұмаға­ли­ев­ті қол­дап, жұмысты екі сағатқа тоқтат­ты. Олар бел­сен­дінің соққы­ға жығы­луы­на орай қозғалған қыл­мыстық істі тезірек тер­ге­уді, кінәлілер­ді табу­ды талап етті.

«лыКе­ше­гі күні Мұрат­бай Жұмаға­ли­ев­ті өлім­ші қып таяқ­пен сабап, қазір үйін­де бал­дақ­пен жатыр. Сол Мұрат­бай­ды ұрып кет­кен аза­мат­тар­ды тапқан­ша осы­лай қар­сы­лық біл­діре­міз. Мұрат­бай Жұмаға­ли­ев­тің үйінің алдын­дағы көлік өртеніп кет­ті. Ол ашы­лған жоқ. Қорас­ын­дағы жылқы­сын өлтіріп кет­ті. Ол ашы­лған жоқ. Енді өзін өлім­ші қылып сабап кет­ті. Сон­ды­қтан Жаңаө­зен поли­ци­я­сы­нан Мұрат­бай­ды ұрып кету­ге орай қозғалған қыл­мыстық істі тезірек ашып беруді талап ете­міз» деді видео­мәлім­де­ме­де Нұр­лы­бек Нұрғалиев.

Нұр­лы­бек Нұрға­ли­ев «Азатты­ққа» акци­яға шама­мен қан­ша адам­ның қаты­сқа­нын айта алмай­ты­нын, «Өзен­мұ­най­газ» бұрғы­лау жұмыс басқар­ма­сы вах­та­шы­ла­ры­ның жұмысты тоқтатқа­нын жет­кізді. Кәсі­по­рын бас­шы­ла­ры келіп «бір ада­мға бола тұтас кәсі­по­рын­ның жұмысын тоқта­туға бола ма?» деп сұрап, шараға қар­сы­лық біл­дір­ген. Алай­да жұмыс­шы­лар екі сағат­тық акци­я­ны үзбеген.

6 қазан­да Жаңаө­зен­де үйінің маңын­да бел­сен­ді Мұрат­бай Жұмаға­ли­ев­ті ұрып кет­кен еді. Маңғы­стау облы­сы поли­ция депар­та­мен­ті бел­сен­ді ауру­ха­наға түс­кен­нен кей­ін «Бұза­қы­лық» (293-бап) бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғалға­нын хабарлаған.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн