Понедельник , 12 мая 2025

БАЙБЕКТІҢ бүгінгі сүйенері – НАЗАРБАЕВ

Бал­таш ТҰРСЫМБАЕВ:

  • Ол кет­кен күні бар мүм­кін­ді­гі­нен айырылады

– Бал­таш аға, билік пар­ти­я­сы­ның басты жан­дай­ша­бы Бауы­р­жан Бай­бек­тің шағы­мы­м­ен оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай­ға қаты­сты сот жүріп жатқа­ны­нан хабар­дар шығарсыз…

– Әрине, жіті бақы­лап отыр­мын. Бұл да бір озбыр­лы­қтың қылы­ғы ғой! Бай­бе­гі бар, басқа­сы бар – бұл сот­тан не опа табам деп жүр­гені күл­кіңді де кел­тіреді, жыны­ң­ды да қоздырады…

Айт­пақ­шы, осы сот­тың қияңқы жағ­дай­ын тағы бір қыры­нан қарай­тын бол­сақ, Жан­бо­лат Мамай ерлік жаса­ды. Бай­бек дегенн­нің бүгін­гі күн­гі мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі – Назар­ба­ев­тан кей­ін­гі екін­ші адам болға­ны­на мал­да­ну. Жан­бо­лат осы «екін­ші адам­ның» жемқор­лық әре­кетін­де әзір­ге судың бетіне қалқып шыққан­да­рын ашып жатыр. Ал аны­ғын­да, оның терең­ге жасы­рып қой­ған ақша­сы, дүние-мүл­кі, шет­ке шығарған қар­жы­сы қан­ша екенін Жан­бо­лат та біл­мей­ді, біз де хабар­сыз­быз. Бір біл­се – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев білер. Осын­дай жағ­дай­дағы Бай­бек­тің қате­ле­гі сол – Мамай­ды сотқа сүй­ре­уі. Өзінің де, маңай­ын­дағы клан­ның да кор­руп­ци­я­лық былы­ққа батқа­нын біле тұра, сотқа жүгі­нуі – қаза­қ­ша­лап айтқан­да, өзінің артын өзі ашқа­ны. Енді көсе­мі қосақталған оның аты әлем­ге әшке­ре болып жатыр.

– Айт­пақ­шы, сіз осы Бай­бек­ті бұрын­да­ры біліп пе едіңіз?

– Оны біліп не қылам мен?! Жүр­ген көп­тің бірі еді ғой! Бұл бала Назар­ба­ев­тың арқа­сын­да «дана» бол­ды, бірақ шала болға­ны сол – өзі сияқты бір пар­ти­я­ның жетек­шісін сотқа сүй­реп жүр. Ақыл­ды, сұңғы­лы сая­сат­кер өліп бара жат­са да, мұн­дай­ға бар­май­ды. Сая­сат­тағы сер­келік қаси­ет­ті сот жеңіп бер­мей­ді, өре мен ар-ождан таза­лы­ғы жеңіп береді! Ол жағы қан­ша­лы­қты мол екенін осы сот­тан көріп отырмыз…

– Ал бұл «шала бала» қоға­мға қан­ша­лы­қты таны­мал деп ойлайсыз?

– Қоғам мен ел-жұрт Бауы­р­жан Бай­бек­тің кім екенін Алма­ты­ға әкім болып кел­ген­де ғана біл­ді. Екі жарым мил­ли­он тұрғы­ны бар Алма­ты­ның бюд­жеті аста­на­дан қомақты мега­по­лис… Назар­ба­ев өзіне жақын адам­ды әкім етіп тағай­ын­даған соң, қалаға қар­жы­ны аямай төк­ті. Одан шару­ақор сая­сат­кер жаса­мақ болды.

Айт­пақ­шы, сол кез­де бір жур­на­лист­ке бер­ген сұх­ба­тым­да айтқан пікірім бар еді – қорқып, жария ете алма­ды: «Бай­бек деген бойы кіш­кен­тай болып алып, «көр­ты­шқан» сияқты Алма­ты­ның көше­сін қазып таста­ды» деп айтқан едім. Расын­да да, өндірісті, құры­лы­сты басқар­ма­сам да, агроөн­дірі­сте, аудан­дық, облы­стық атқа­ру коми­тет­теріне бас­шы­лы­қта болған­да, қала шару­а­шы­лы­ғы­ның ұңғыл-шұңғы­лын әбден игер­ген­мін. Жер­ді қазып, ауда­рып-төң­кер­ген­де, кор­руп­ци­я­ның қалай жең ұшы­нан жалға­са­ты­нын ешкім де тап басып, ұстай алмай­ды. Мәсе­лен, құры­лы­ста қан­ша кір­піш қалау керекті­гін, оның қалы­ң­ды­ғы мен сал­мағын есеп­те­у­ге бола­ды. Ал жер­ді қалай қазға­нын, қан­ша күрек топы­рақ алға­нын неме­се салға­нын ешкім де тек­се­ре алмай­ды. Сон­ды­қтан атқа­ры­лған жұмыстың құнын үш-төрт есе көтеріп, баға­лай­ды. Бетін жыл­ты­ра­тып, тақтай­ша тас кесек­тер­ді төсеп қой­ға­ны­мен, бүгін­гі күні сол пли­та­лар үгіліп, ойдым-ойдым болып жатыр. Мил­ли­ард­таған дол­лар қар­жы­ның есебін кім сұрап жатыр, кім есеп бер­ді, шет­ке қан­ша­сы шықты – кім біледі? Тіп­ті жария болып жатқан ақпа­ратқа қараған­да, кино­дан хаба­ры жоқ апайы бір фильм­ге екі рет тен­дер алып, жар­ты мил­ли­он дол­лар ақша алған екен. Оған ол қыру­ар қар­жы­ны кім бер­ді, кім бер­гізді? Бел­гілі жәйт…

– Сіз қалай ойлай­сыз: Мамай­дың «жала жап­ты» деген сөзі­нен Бай­бек өзін осы сот арқы­лы ақтап шыға ала ма?

– Егер елде әділ сот бол­са, сот залы­нан Бай­бек­тің қолы­на кісен салып, абақты­ға әке­тер еді. Бірақ сол соты­ңыз бүгін­гі таң­да кім­нің сөзін сөй­лей­тіні, «аузы қисық бол­са да, бай бала­сы­на» бет бұра­ты­ны бел­гілі. Бай­бек­тің өзі тіке­лей Жоғарғы сот­тың төраға­сы Аса­но­вқа теле­фон соғып, мәсе­лесін бір қоңы­ра­у­мен шешетіні анық. Егер Бауы­р­жан Бай­бек қолы таза, адал аза­мат бол­са, Жан­бо­лат Мамай­мен теле­де­батқа шық­сын, адал­ды­ғын ашық дәлел­десін. Ондай жағ­дай­да қоғам да Бай­бек­ті қол­дап кетері анық еді. Жур­на­ли­стер­ге сұх­бат беру­ден қашып жүр­геніне қараған­да, оның «таза­мын» деуін­де шикілік бар.

Келесі кезек­те Бай­бек­тің сая­си қыл­мысқа да қаты­сы барын естен шыға­руға бол­май­ды. Осы қаңтар­да өткен пар­ла­мент сай­ла­у­ын бұр­ма­лап, «Нұр Отанға» 76 пай­ыз дауыс бер­ді деп, халы­қтың дауы­сын ұрла­у­ға үлес қосты. Өзім бір­не­ше учас­кені ара­лап, көзім­мен көр­дім: дауыс беру­ге кел­ген­дер­дің мөл­шері 10 пай­ы­здан асқан жоқ. Оның 80–90 пай­ы­зы билік пар­ти­я­сын қол­да­маға­ны тағы ақиқат! Сон­ды­қтан «Нұр Отан­ды» жалған іс-әре­кет­тері­мен сүй­реп жүр­ген де осы – Байбек!

– Ал әле­умет­тік желілер арқы­лы билік­тің жан­дай­шап бло­гер­лері мен «нұр­бот­тар» Жан­бо­лат Мамай­ды жама­нат­ты қылып бағу­да. Сіз кәні­гі қай­рат­кер, сараб­дал сая­сат­кер ретін­де Жан­бо­латқа қан­дай баға берер едіңіз?

– Жан­бо­лат Мамай – жас жігіт, жаңа тұр­пат­тағы сая­сат­кер. Әлбет­те, мен көріп­кел емес­пін, оның сая­си жолы ары қарай қай бағыт­та өріс ала­ты­нын айта айл­май­мын. Қоса­но­втан кей­ін қорқып қал­дық қой… (күл­ді). Бірақ бүгін әле­умет­тік желілер арқы­лы кор­руп­ция, сай­лау және жер­ге қаты­сты көтеріп оты­рған мәсе­лесін қолдаймын.

– Иә, Қаза­қстан­дағы сот­тың бар­лы­ғы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың нұсқа­уы­мен тағай­ын­да­ла­ты­ны бар­шаға мәлім. Яғни, қаза­қстан­дық сот­тар билік­тің сой­ы­лын соға­ты­ны және бел­гілі. Оның үстіне Бауы­р­жан Бай­бек – Назар­ба­ев­тың кла­с­тас досы­ның бала­сы. Деген­мен, жеке басын ақтай­мын деп, Бай­бек «Нұр Отан» мен билік­ке бай­ла­ны­сты біраз былы­қтың бық­суы­на себеп­кер бол­ды. Бұл жағ­дай­ды «Мамай­мен сот­тас» деп иша­ра жасаған Назар­ба­ев­тың біл­ме­уі мүм­кін емес еді ғой? Бұлар сон­да жас сая­сат­кер­мен сот­та­су­дан қан­дай опа тап­пақ бол­ды деп ойлайсыз?

– Бұл сот­тан бұлар түк тап­пай­ды! Әрине, сот Бай­бек­ті жақтап шығуы әбден мүм­кін. Бірақ «халы­қтың соты» деген құдірет­ті тари­хи сот бар: оның алдын­да ақта­лу – еке­уіне де оңай емес. Үміт жоқ!

Негізі, әкім­шілік ресур­стар­ды пай­да­ла­на­тын билік осын­дай лас әре­кет­тер­ге, өтірік айтып, кор­руп­ци­я­мен шұғыл­да­нуға әбден үйреніп кет­ті. Білі­мі төмен, сау­ат­сыз заң­гер­сы­мақтар­ды сотқа төраға етіп сай­лай­ды, өз кезе­гін­де ол да өзі сияқты­лар­ды судья­лы­ққа сүй­рей­ді. Осы әдет­тері тіз­бек сияқты бірі­нен кей­ін бірі жалға­сып жатыр. Оны үзу қиын. Сон­ды­қтан Жан­бо­лат­ты жазы­қты ету – билік тағай­ын­даған сот­тарға шырт түкір­ген­нен оңай іс.

Бірақ осы «қыл­мысты тіз­бек­ті» түп-тамы­ры­мен үзіп, жұлып тастай­тын халы­қтың әле­уеті күшті. Оның да уақы­ты келеді. Назар­ба­ев­ты мәж­бүр­леу арқы­лы жібер­ген қателік­терін мой­ын­да­туы­мыз керек. Мой­ын­да­ту үшін, халық алаңға шығуы тиіс! Алма­ты­дан – 100 мың, аста­на­дан – 50 мың, Шым­кент­тен – 25–30 мың адам көтеріл­се, тығы­лар тесік тап­пай қалар еді…

– Деген­мен, Бал­таш аға, сіз алаңға жап­пай шығай­ын деп тұрған халы­қты көріп тұр­сыз ба?

– Шыға­ды! Себебі билік­тің өзі халы­қты осын­дай жағ­дай­ға итеріп жатыр. Халық елді билеп оты­рған­дар­дың жемқор екенін, бар бай­лы­қта талан-тара­жға салып, ұрлап жатқа­нын жақ­сы біледі. Жинап алған бай­лы­қта­ры көк­тен жауып жатқан жоқ, жер­дің асты мен үстін­де­гі бай­лы­қтың бәрі – халы­қтың несі­бесі. Сон­ды­қтан «Ел мен Жер» қозға­лы­сы осы мәсе­лені көтеріп, даб­ыл қағу­да. Халы­қтың тала­бын іске асы­ру үшін, жап­пай жұмы­лу­да­мыз. Демек, дәл қазір халық үнсіз отыр десек те, ол бір сәт­те дүлей дүм­пу боп жары­ла­ры қақ. Билік­тің бүгін­гі бета­лы­сы түбін­де осы тең­селіс­ке алып келеді. Көр де тұрыңыз!

– Ашық ақпа­рат көз­дерін­де­гі мәлі­мет­тер мен тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, билік­тің түп­кілік­ті тран­зи­ті кезін­де Назар­ба­ев Бай­бек­ті тақтың нағыз мұра­гері етуді ойлап отыр деген пікір­ге қан­дай алып-қоса­ры­ңыз бар?

– «Билік­тің мұра­гері­мін» деп, Бай­бек­тің өзі ойлап жүр­ген шығар, бірақ Назар­ба­ев ондай мақ­са­тын ешқа­шан ешкім­ге айт­пай­ты­нын жақ­сы біле­мін. Назар­ба­ев­тың басын­да бір­не­ше «тарақан» бар: қай жыбыр­лақты алға шыға­рып, өзге­ден озды­ру қажет­ті­гін өзі ғана біледі, ешкім­мен ақыл­дас­пай­ды, ешкім­ге айтпайды.

Сон­ды­қтан Бай­бек­ті мұра­гер деу­ге кел­мей­ді, ашық деректер бой­ын­ша айтар бол­сақ, ол бар болға­ны – «жабайы жемқор». Бай­бек­тің бүгін­гі сүй­еніп оты­рған гарант-кепілі – Назар­ба­ев, ол кет­кен күні бар­лық мүм­кін­ді­гі­нен айырылады.

– Ал енді сот үкі­міне қаты­сты мына­дай салы­стыр­ма­лы жағ­дай­ға назар ауда­ры­ңыз: Назар­ба­ев­тың алды­на жығыл­маған, «ЭКСПО-2017» көр­месінің құры­лыс қар­жы­сын қымқы­руға өзінің қаты­сы барын мой­ын­да­маған Талғат Ерме­ги­я­ев сот­та­лып кете бар­ды. Бір қараған­да, Ерме­ги­я­ев та билік­тің бауыр ет бала­сы сияқты еді ғой, бірақ ол неге жемқор болып шыға кел­ді, ал Бай­бек­тің жемқор­лы­ғы жал­пақ елге мәлім бол­са да, оны билік­тің қорға­штап бағуын­да қан­дай қисын бар?

Талғат Ерме­ги­я­ев­тың да «сот­та­лу» сая­са­ты ел-жұрт­тың көз алдын­да өтті. Оның «жеп қой­ған», «ұрлап алды» деген ақша­сын сот қол­мен қой­ған­дай дәлел­деп бере алма­ды. Яғни, бұл сот та Назар­ба­ев­тың айтуы­мен үкім шығар­ды деген тұжы­рым жаса­уға болады.

Талғат пен Бауы­р­жан­ның жасы шама­лас, бір заман­ның ұрпақта­ры. Айыр­ма­шы­лы­қта­ры сол – Талғат «бөтен адам», ал Бауы­р­жан – өз бауы­ры. Өзі сияқты әріп­те­стері­нен оның асып бара жатқан арты­қ­шы­лы­ғы жоқ.

– Арты­қ­шы­лы­ғы – Назар­ба­евқа туыстығы!

– Дәл айт­ты­ңыз! Ал енді осы еке­уі қыз­мет­те жүр­ген­де, мем­ле­кеті­міздің дамуы­на, елге қан­дай үлес қосты деген сұраққа жау­ап іздеп көрелік. Талғат Ерме­ги­я­ев – мем­ле­кет­тік қыз­мет­те үздік мене­джер екенін көр­сет­ті. Ол жақ­сы ұйым­да­сты­ру­шы бола біл­ді. Туризм және спорт мини­стрі болып тұрған кез­де қаза­қстан­дық спорт­шы­лар ешу­ақыт­та қолы жет­пе­ген нәти­же­лер көр­сет­ті. 2012 жылы Лон­дон­да өткен ХХХ жазғы Оли­ми­а­да ойын­да­ры бұры­нғы­ға қараған­да Қаза­қстан үшін әлдеқай­да сәт­ті бол­ды: Қаза­қстан 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бой­ын­ша 204 елдің ара­сын­да 12-оры­нға ие бол­ды. Қаза­қстан­ның әнұра­ны 7 рет ойнап, 7 рет көк бай­рағы­мыз ең биік тұғыр­да желбіреді.

Бұған дей­ін де, одан кей­ін де Қаза­қстан осын­дай спорт­тық жетістік көр­сет­ті ме? Әрине, жоқ. Енде­ше осы жетістік Талғат Ерме­ги­я­ев­тың арқа­сын­да кел­ме­геніне күді­гіңіз бар ма?

– Жарыс жолы­на шығып, алты­ны ара­лас жүл­де алған Ерме­ги­я­ев емес қой…

– Иә, Ермегияев емес! Бірақ сол жүлделерге жетудің жолын ашқан, спорттық әкімшілік-ұйымдастыру ісін жолға қойған кім? Әрине – Талғат!
Бұл аз десеңіз, 2012 жылдың соңында Халықаралық жекпе-жек академиясы (The Academy Awards Of Martial Arts) «Спорттық Оскар» сыйлығын беру туралы шешім қабылдады. Бұл беделді сыйлық «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, Лондондағы жеңісті қамтамасыз еткен экс-спорт министрі Талғат Ермегияевқа беріледі. 
– Салыстырмалы сөзіңіздің сыңайын түсіндім: Байбектің дәл осындай қандай жетістігі бар демекшісіз ғой? 

– Иә, Қаза­қстан­ның атын әлем­ге шығарған Бай­бек­тің қай еңбе­гін атай ала­сыз? Айта алмай­сыз, себебі ол ондай елдік үле­стен жұрдай!

ЭКС­ПО-ның жоба­сы­на арналған қар­жы­ны иге­ру басталған кез­де сөйт­кен мене­джер-бас­шы­ны абақты­ға жап­ты. Оның себебі әлі аны­қта­ла­ды. Жоба­ның қар­жы­сы қалай қол­ды болға­ны әзір­ге жал­пақ жұр­тқа бел­гісіз, сот про­цесі кезін­де Талғат өзіне тағы­лған айып­ты мой­ын­да­ма­ды. Тасын шай­нап, құмын жұтып қой­ған жоқ. Неше жыл бол­ды – жазы­қ­сыз түр­ме­де отыр. Ал Бай­бек сияқты­лар мил­ли­ард­тар­ды қымқы­рып, тай­раң­дап, бостан­ды­қта жүр. Кім­нің арқасы?

– Әрине, Назар­ба­ев­тың арқа­сы дей­міз-дағы… Айт­пақ­шы, Назар­ба­ев демек­ші, Талғат­ты түр­менің ішін­де қуда­лау жалға­сып жатқа­ны, оған қаты­сты қамау режи­мін қатаң­да­туға оның «Назар­ба­ев­тың алды­на жығыл­мауы» ғана себеп­кер болу­да ма, жоқ әлде бұл ара­да басқа бір қитұрқы­лық бар ма?

– Себебі де, сал­да­ры да, қитұрқы­лы­ғы да жете­ді. Бұл ара­да клан­дық көзқа­рас тұр. Талғат Ерме­ги­я­ев назар­ба­ев­тар­дың кла­ны­на кір­мей­ді. Оның жағы­ра­пи­я­сы да, руы да, жүзі де сәй­кес кел­мей­ді. Талғат өзінің таза еңбе­гі­мен өскен аза­мат. Өзінің қосқан үлесінің құнын біл­ген соң, өз орта­сын­да дауы­сы қат­ты­рақ шыққан шығар. Көре алмау­шы­лық та бар. Жағым­паз­дар Назар­ба­евқа барып жаман­дап, «тонап жатыр» деген. Ол бол­са, «жабы­ң­дар, қамаң­дар» деп бұй­рық бер­ді. Аспан айна­лып, жер­ге түсіп, Ерме­ги­я­ев­ті еркі­нен айы­рған соң, жемқор­лық жой­ы­лып кет­ті ме?

Ол Назар­ба­ев­тың алды­на жығы­лып, қолын сүй­ген жоқ, өзінің кінәсі жоқ екенін біл­ді. Көріп жүр­міз ғой сот­та­лып жатқан әкім-қара­лар­ды – «елба­сы, елба­сы» деп, кешірім сұрап, аяғы­на жығы­луға дай­ын. Көп­шілі­гі сол жағым­су­дың арқа­сын­да бірер жыл­да бостан­ды­ққа шығып жатыр. Жемқор­лы­қ­пен күре­стің сиқы осы ма?! Ал Талғат бол­са, айы­бын мой­ын­да­май, ар-ожда­нын сақтау үшін нық отыр.

Енді түр­ме­де оты­рған кезін­де де оған тыны­штық бер­мей жатыр. Назар­ба­евқа сөз тасу­шы­лар­дың: «Сізді мақта­май­ды, кешірім сұра­май­ды» дегенін есті­ген соң: «Абақты­дан шығар­маң­дар, аямаң­дар, тырп еткіз­бең­дер!» деп нұсқау беріл­гені анық.

– Ал елде­гі жал­пы сая­си аху­алға келер бол­сақ, бүгін­де ақы­лы жол­дарға қар­сы аза­мат­тық толқу­лар туып жатыр. Бірақ жеке­ле­ген оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер­лер ақы­лы жол­дың болға­ны дұрыс дей­ді. Бұл жөнін­де сіздің пікіріңіз қандай?

– Еге­мен­ді елміз, жер­дің асты мен үстін­де­гі бай­лы­ғы­мы­зға ешкім тең кел­мей­ді. Мұнай­ы­мыз бар, асты­ғы­мыз мол, АҚШ-қа қара­саңыз, олар бидай емес, масақ тереді. Сөй­те тұра, біздің халық қай­ыр­шы­ның күй­ін кешуде.

Сон­ды­қтан «даль­но­бой­щик­тер­дің» тала­бы өте дұрыс, қол­дай­мын! Айна­дай болып төсел­ген жолы­ңыз қай­сы? Күре жол­дың бой­ын­дағы тала­пқа сай ком­му­ни­ка­ция қай­да? Түз­ге оты­ра­тын дені түзу туа­лет жоқ! Үне­мі жол үстін­де жүріп, нәпақа­сын таба­тын жүк тасы­мал­да­у­шы­лар не үшін быт-шыт жолға ақы төле­уі тиіс?

Сауд Ара­би­я­сы мен Араб Әмір­лік­терін­де­гі тақтай­дай жол­ды көр­дім: айна­ның бетін­дей теп-тегіс. Міне, көлік­те келе жатқан­да, тостаған­дағы су төгіл­мей­тін сол жолға ақы төле­ген адам­ды көр­медім. Министр Атам­ба­ев сияқты ақы төле деп дікең­де­ген билі­гін де көрмедім.

Жол­дың ақы­лы болуы – халы­қтың еркін тап­тау, кеміту деп санай­мын. Жүр­гі­зу­ші­ден ақша жинау арқы­лы бюд­жет­тің жыр­ты­ғын жамау – ақы­мақ билік­тің, дәр­мен­сіз үкі­мет­тің тағы бір көрінісі. Біз не айт­сақ, соны істей­сің­дер деп, бел­ден басу­дың да шегі болуы керек қой! Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға, міне, 30 жыл бол­ды! Аста­на­ның Ақмо­лаға көш­кеніне ширек ғасы­рға жуы­қта­ды. Содан бері басқа­ны қой­ып, Алма­ты мен аста­на­ның ара­сын­да әлі күн­ге сапа­сын айт­паған­да, жөні түзу жол жоқ. Осы­ны Назар­ба­ев біл­мей отыр ма? Біледі! Біле тұра, жол жүр­ген халы­қтың қиналға­ны­нан ләз­зат ала­ды деп білем. Басқа­дай сөз айту мүм­кін емес.

– Қоғам­ның әр сала­сын жай­лап алған әділет­сіздік­пен күре­су­ге қауқар­сыздық таны­тып оты­рған билік­тің енді­гі бета­лы­сын қалай бағдарлайсыз?

– Бүгін­гі таң­да елді кім басқа­рып жатқа­нын ешкім біл­мей­ді. Екі бастық, екі билік – Назар­ба­ев пен Тоқа­ев. Кім халы­қтың жақ­та­сы, кім елді басқа­ра­ды – бел­гісіз. Пре­зи­дент Тоқа­ев «ести­тін мем­ле­кет» құра­мыз деп мәлім­деді, бірақ халы­қтың тала­бын кім естіп жатыр? Соңғы екі жыл­да әле­умет­тік жағ­дайы төмен тұрғын­дар қым­бат­шы­лы­қтың тауқы­метін тар­тып жатыр. Май мен ұн, тауы­қтың жұмыр­тқа­сы мен еті (қой мен сиыр­дың етін түсін­де көрер) бір­не­ше есе­ге қым­бат­таған. Кім бақы­лау жасап отыр? Билік халы­ққа «Өлме­сең – өме­рем қап­тың» кебін кигізді.

Жазы­қ­сыздар абақты­ға қамал­ды, бүгін­гі күні 200-дей адам түр­ме­де отыр. Олар­дың отба­сы, бала-шаға­сы жоқ па? «Көше­сің», «Оян­сың», «ДВК-сың» деп жаза­лап, қамап, сая­си тұтқын­дар­дың лагері пай­да бол­ды. Көше­ге шығып, аза­мат­тық, адам­дық құқын талап ету қыл­мыс па? Дүние жүзіне әшке­ре бол­дық, масқа­ра бол­дық: ең көп сая­си тұтқы­ны бар ел – Қаза­қстан деген атаққа ілін­дік. Билік бұл үшін жазы­қ­сыз жапа шек­кен­дер­ден кешірім сұрап, қамалған­да­ры боса­туы керек.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақ­мет, Бал­таш аға! Сіздің айтқа­ны­ңы­зға құлақ асар билік бол­са – құба-құп. Аман болыңыз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ, «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн