Пятница , 4 июля 2025

«БАЙҚОҢЫР»

ҚАЗАҚҚА ҚАЖЕТ ПЕ?

  • Бай­қоңыр­да не болып жатыр? Қаза­қстан мен Ресей бір­лесіп жүзе­ге асы­ра бастаған “Бәй­те­рек” жоба­сы­ның бола­шағы бар ма? Осы сұрақтар ретін­де «Азатты­қтың» “Ғарыш зерт­те­улері мен тех­но­ло­ги­я­ла­ры” жур­на­лы­ның бас редак­то­ры Нұр­лан Әсел­хан­мен (фото) сұх­ба­тын ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

– Укра­и­на­дағы соғыс Ресей­дің ғарыш сала­сы­на қалай әсер етті?

– Бай­қоңыр­да бір­не­ше жыл­дан бері OneWeb жоба­сы аясын­да бай­ла­ныс спут­ник­терін ға­рыш­қа жібе­ру бой­ын­ша халық­аралық бағ­дар­ла­ма жүзе­ге асып кел­ді. 2022 жылы 4 науры­зда Ресей спут­ник­тер­дің кезек­ті пар­ти­я­сын ұшы­руға дай­ын­да­лып жатқанд Батыс елдері­нен «Бұл құры­лғы­лар­ды әске­ри мақ­сат­та пай­да­лан­бай­мыз» деген құжат­қа қол қою­ды және Ұлыбри­танияны құры­л­тай­шы­лар қата­рынан шыға­ру­ды талап етті. Батыс елдері бұл талап­тар­ды орын­дай алмай­мыз деді. Өйт­кені бұ­ған дей­ін Бай­қоңыр мен Ресей­дің «Восточ­ный» ғарыш айла­ғынан спут­ник ұшы­ру кезін­де мұн­дай қосым­ша талап­тар қой­ылмайтын. Ресей зымы­ранға тиел­ген спут­ник­тер­ді алып, Бай­қоңырдағы жөн­деу-сынақ алаң­да­рының біріне апа­рып таста­ды. Яғни бұғат­та­ды. Бұл мәсе­ле әлі күн­ге дей­ін шешілмеді.

Оның үстіне Ресей­дің «Бәй­терекпен» жұмыс істей­тін бір­неше кәсі­пор­ны санк­ци­яға ілі­гіп қал­ды. Екі жыл бұрын «Союз‑5» зымы­ра­нын жасап шыға­руға тиіс «Бәй­те­рек» жоба­сы­ның жү­регі деп есеп­те­летін «Про­гресс» зымы­ран-ғарыш орта­лы­ғы­на санк­ция салы­нға­нын айтып едік. Енді «Бәй­те­рек» құрылтайшыла­рының бірі Хру­ни­чев орта­лы­ғы, Лавоч­кин атын­дағы үкі­мет­тік ем­ес ұйым және басқа да ұйым­дар АҚШ пен Еуро­одақтың санк­ция тізі­міне енді.

Бұдан қан­дай қоры­тын­ды шы­ғады? Бірін­ші­ден, Ресей өз бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­рып жатыр, бірақ халы­қа­ра­лық әріп­тестік тоқта­ды деу­ге бола­ды. Екін­шіден, көп жыл бойы «Бәй­терек» жоба­сын жүзе­ге асы­руға тыры­сып кел­ген Қаза­қстан бұл зымы­ранға басқа елдер­ден кли­ент таба алмай­ты­нын түсініп отыр…

Қаза­қстан­да Аста­на түбін­де­гі ғарыш аппа­рат­та­рын құра­с­ты­ру-сынау кешені пай­да­ла­нуға бе­ріл­гелі жатыр. Бұл орта­лық жер сері­гін құра­с­ты­рып, сынақ жүр­гізіп, Airbus ком­па­ни­я­сы­мен бір­лесе оты­рып, еуро­па­лық тех­но­ло­гия бой­ын­ша дай­ын спут­ник­тер шыға­ру­мен айна­лы­са­ды. Бірақ Баты­стағы серік­те­стер­дің кө­мегімен шыға­ры­лған спутник­терді «Бәй­те­рекке» пай­да­ла­на алмай­мыз. Тех­но­ло­гия кім­ге ти­е­сілі бол­са, лицен­зия мен ав­торлық құқық та сол мем­ле­кет­те бола­ды. Олар спут­ник­ті «Союз‑5» зымы­ра­ны­мен ұшы­руға рұқ­сат етпей­ді. Өйт­кені инте­гра­ция үшін кон­струк­тив деректер алма­су керек. Бұл пара­докс ту­ғызады. Біз­де зама­на­уи аппа­рат шыға­руға мүм­кін­дік бар, бірақ «Бәй­те­рек» іші­нен тұй­ы­қталған жүйе сияқты. Қаза­қстан­да жа­сал­ған спут­ник­тер үшін қуа­ты бой­ын­ша «Союз‑5» зымы­ра­ны­на сәй­кес кел­мей­ді. Зымы­ран орби­таға 17 тон­на жүк апа­ра­ды, ал отан­дық спут­ник­тер үшін ең үлкен сал­мақ 6 тон­на болады.Неге бұлай бол­ды? «Бәй­те­рек» жоба­сы 2004 жылы әлем­дік нары­қта Бай­қоңыр­дан ұша­тын «Про­тон» зымы­ра­ны­ның дәуірі жүріп тұрған кез­де бастал­ды. Ресей мен Қаза­қстан жаңа зымы­ран жасап шығар­сақ, «Протон­ның» бүкіл халы­қа­ра­лық тап­сы­ры­ста­ры «Бәй­те­рекке» өте­ді деп үміт­тен­ді. Енді не болға­нын өзі­ңіз де көріп отырсыз.

Бай­қоңыр­дың жағ­дайы бел­гісіз. «Бәй­те­рек» жоба­сы­ның жү­зеге асуы екіта­лай. Бай­қоңыр Ресей­ге ғана жұмыс істеп жатыр. Ға­рышқа ұшу азай­ды. Биыл то­ғыз зымы­ран жібе­ру жоспарлан­ған, оның төр­те­уі ұшы­рыл­ды. Та­ғы бір мысал: 2025 жылға дей­ін ұшы­ры­луы керек 11 «Протон‑М» ауыр зымы­ра­ны қалған. Өйт­кені 2025 жыл­дан кей­ін Қаза­қстан улы отын пай­да­ла­нуға тый­ым салған. Биыл екі «Про­тон» ғана ұшы­рыл­ды. Келесі жылға әзір­ге жос­пар көрін­бей­ді. Зымы­ран бар, бірақ оған арта­тын жүк пен спут­ник жоқ. Сон­ды­қтан Бай­қо­ңыр шешуді қажет ететін мәсе­леге айна­лып бара жатыр…

– Қаза­қстан қазір­гі жағ­дай­да қайт­кені дұрыс?

– Қаза­қстан ақы­ры өз аза­мат­та­рын қорғау мәсе­лесін ше­шіп, Бай­қоңыр қала­сы­ның мәр­те­бесін аны­қта­уы керек сияқты… Қаза­қстан қала­ны өз иелі­гіне қай­та­ру мәсе­лесін жедел­де­ту­ге тиіс. Сон­да мек­теп­тер­ді кім қар­жыландырады, неге қазақстан­дық бағ­дар­ла­ма жоқ деген сияқ­ты сұрақтар шешіледі. Бай­қоңыр қазір­дің өзін­де Қаза­қстан газы­мен қам­та­ма­сыз етіледі, жеке­ле­ген нысан­дар бар, бірақ тұрғын үй кешен­дерін, сауда орын­да­рын, әле­умет­тік инфрақұры­лым объ­ектілерін салуға мүм­кін­дік жоқ. Себебі оған арнайы рұқ­сат алу керек. Қала­ны Қаза­қстан ие­лігіне қай­та­ру осы мәсе­ле­лер­дің шешілуіне ықпал ете­ді. Бірақ ре­сейлік маман­дар­дың тұруы­на, қыз­мет етуіне ешқан­дай шек­теу қой­ыл­май­ды. Олар қалай өмір сүр­се – солай өмір сүреді. Бірақ халы­қтың төрт­тен үш бөлі­гі – өз аза­мат­та­ры тұра­тын қала­ны Қа­зақ­стан өз жау­ап­кер­шілі­гіне алуы керек.

Екін­ші­ден, «Бәй­те­рек» жоба­сы тұтқа­сы жоқ шаба­дан сияқты. Қазір «Зенит» кешені­нен қалған ескі нысан­дар­ды бұзып, әлі құ­растырылмаған «Союз‑5» зымы­ра­ны­на арнап ұшы­ру кешенін салу керек. Қаза­қстанға ғарыш сала­сын­да қол­да­ныл­май­тын, әл­ем­дік нары­ққа шыға алмай­тын зымы­ран­ның не қажеті бар? Та­ғы бір маңы­зды деталь: біз үлкен жоба­ның бөлі­гі сана­ла­тын кешен салып жатыр­мыз. Бұл жер­де қар­сы тара­пқа тәу­ел­ді­міз. Зымы­ран дай­ын бола ма, «Союз‑5» Қаза­қстанға қан­дай баға­да саты­ла­ды? Бұл сұрақтарға әзір­ге жау­ап жоқ.

– Бұл жағ­дай­дан мей­лін­ше оңай шығу­дың жолы бар ма?

– Бірқа­тар ақпа­рат құра­лы, жеке­ле­ген бас­шы­лар, мемлекет­тік дума өкіл­дері «Қаза­қстан дұрыс сая­сат жүр­гізіп отыр ма?» деген мәсе­лені жиі талқы­лай­ды. «Бәй­те­рек» пен Жерүсті ғарыш инфрақұры­лы­мын пай­да­ла­ну орта­лы­ғы ара­сын­дағы келісім­шартта кикіл­жің туған жағ­дай­да, істі Бри­тан құқық жүй­есін­де­гі сот қарай­ды деп жазы­лған. Өз қо­лыңмен қол қой­ған құжатқа да бір қарап қою керек. Сотқа ре­сей­лік ұйым­нан «Аста­на» халық­аралық қар­жы орта­лы­ғын­дағы сот шешім­дерінің құқы­қтық күші жоқ» деген хат кел­гені нағыз пара­докс бол­ды. Орта­лық өкілі сотқа келіп қаты­сқан жоқ. Енді шешім қабыл­да­нып қой­ған­нан кей­ін апел­ля­ция тура­лы айта бас­тады. Ал апел­ля­ци­я­лық ша­ғым беру мерзі­мі өтіп кеткен.

Бұл қос тарап­тың ерік­ті түр­де мой­ны­на алған мін­дет­те­ме­лерін орын­да­уға құлы­қ­сыздық таны­тып оты­рға­нын біл­діреді. Бір жағы­нан, Қаза­қстан заң­да­ры бой­ын­ша жұмыс істе­гісі келме­генінің көрінісі сияқты. Ресей деле­га­ци­я­сы осы жағ­дай­дан сабақ алса, мәсе­лені бір­лесіп шешу­ге бола­ды деп ойлай­мын. Бірақ қос тара­пқа да кере­гі бол­май қалған жоба бой­ын­ша тағы да келіс­пеушіліктер тууы мүмкін.

Был­тыр Ресей жоба құнын 40 пай­ыз көте­руді ұсын­ды. Бұл үшін ресей­лік­тер ұсы­нған деректер негізін­де тех­ни­ка­лық-эко­но­­ми­ка­лық негіз­де­мені қай­та жазып шығу керек. Ресей бұл деректер­ді 10 науры­зға дей­ін жібе­руі керек еді. Бірақ деректер кел­меді. Осы­ған дей­ін­гі кикіл­жіңді шеше алмай жатып, тағы бір мін­дет­теме орын­дал­маға­нын көріп отыр­мыз. Кей­ін­гі мәсе­ле­лер бей­­біт жол­мен шешіліп қалар. Бірақ үлкен дауда басы бірік­пе­ген тарап­тар­дың кіші мәселелер­де ортақ пікір­ге келуі екіталай.

– Ресей Қаза­қстан өзін Бай­қоңыр­дан қуып жатқан­дай жет­кізді. Ресей Бай­қоңыр­да қала ма?

– Мәсе­ле Ресей мен Қазақ­стан ара­сын­дағы келіс­пе­ушілік­те, не Мәс­ке­уді Бай­қоңыр­дан қуып шығуға тал­пы­ны­ста емес. Осы­ны ерекше атап өткім келеді. Ресей халы­қа­ра­лық ғарыш стан­ци­я­сы­мен жұмыс істеп, Бай­қоңыр­дан эки­паж бен жүк жіберіп тұра­тын сияқты. Бұры­нғы­дай көп бол­ма­са да, зымы­ран ұшы­ру тоқтамай­ды. Алдағы бес жыл­да осы­ған куә бола­мыз. Сен­са­ция болмайды.

Бірақ «Бәй­те­рек» Қаза­қстан үшін қажеті жоқ артық жүк болып отыр. Ресей­ге де кере­гі шама­лы сияқты. Жаңа тип­те­гі «Союз‑5» зымы­ра­нын жасап шыға­ру иде­я­сы бей­біт кезең­де қолға алын­ды, ол кез­де әлем­дік на­рыққа шығуға мүм­кін­дік бар еді. Қазір бәрі өзгер­ді. Ресей­дің ресур­сы «Анга­ра» зымы­ра­нын құ­растыруға кетіп жатыр, басқа­сына қуа­ты жет­пей­ді. Сон­ды­қтан қос тарап сот про­це­стерін күт­­пей-ақ, шие­леністі арт­тыр­май, жо­баны тоқта­тып, не жауып тас­таудың жолын табуы керек.

– Қаза­қстан­дағы ғарыш сала­сы­ның бола­шағын қалай көресіз? Қазір­гі жағ­дай оның дамуын бая­у­лат­пай ма? Ғарыш дер­жа­ва­сы­на айна­ла­мыз деген мақ­са­ты­мы­зды шет­ке ысы­ра тұра­мыз ба?

– Шынын­да, Қаза­қстанға 2004 жылғы мақ­сат­та­ры­нан бас тар­туға тура келетін сияқты. Қа­зір иллю­зи­я­лар­дан алы­стай бас­тадық. Бай­қоңыр­да шетел­дік спут­никтер бұғат­та­ла­ды деп еш­кім ойлаған жоқ. Осы­дан кей­ін әлі біраз уақыт ешбір мем­ле­кет Бай­қоңыр­дан спут­ник ұшы­руға келі­се қой­май­ты­ны анық.

Біз­ге құжат жүзін­де ғана ға­рыш дер­жа­ва­сы болу­дың қажеті жоқ. Елге Қаза­қстан­ның ауыл шару­а­шы­лы­ғы, эко­но­ми­ка­сы мен қауіп­сізді­гіне жұмыс істей­тін қол­дан­ба­лы кос­мо­нав­ти­ка керек. Ол үшін халы­қа­ра­лық серік­тестер көме­гі­мен ғарыш аппа­рат­та­рын жасап, спут­ник­тен ал­ынған деректер­ді өңдеп үйрен­ген жөн. Ғарыш аппа­рат­та­рын жоба­ла­удан бастап, мем­ле­кет пен нары­ққа қыз­мет ететін сер­ви­стер енгі­зу мақ­са­тын­да спут­ник­тер­ден ақпа­рат алуға дей­ін­гі толық цикл жұмысын жолға қой­ған маңы­зды. Сон­ды­қтан қазір Бай­қоңы­рға, зымы­ран­дарға қа­рап, олар Қаза­қстан­ның жос­пар­ла­ры­на қан­ша­лы­қты сай келетіні көрініп жатыр. Нәти­же­сін­де таудай мақ­са­ты бол­ма­са да, негізі бар бағ­дар­ла­ма шыға­ды деп үміт­­тенемін. Кей жер­де Байқо­ңыр­ға баса назар ауда­рып отыр­ғанымыз түсінік­ті. Бірақ Ресей­мен жұмыс істей бере­міз, оны ешкім қуып жатқан жоқ.

– Қаза­қстан­да екі түр­лі таң­дау ғана бар сияқты: не Ресей­мен ғана жұмыс істей­ді, не өз ғарыш аппа­ра­тын шыға­рып, халы­қа­ра­лық серік­те­стер таба­ды. Солай ма?

– Еке­уін де қатар алып жүру керек. Біз­де Батыс тех­но­ло­ги­я­сы бой­ын­ша дай­ын­далған аппа­рат­тар бол­са, оны ресей­лік зымы­рандарға тиеп, ұшы­ра алмай­мыз. Ол үшін шетел­де­гі ғарыш айлақта­ры­ның бірі­мен келісім­ге оты­ру керек. Ұлт­тық Жер­ді қа­шықтан зондтау жүй­есін құру кезін­де­гі әдісті қай­та­ла­у­ға бола­ды. Бұл жүй­е­ге үш аппа­рат кіре­ді, олар әлі күн­ге дей­ін жұмыс істеп тұр. Үше­уін де халы­қа­ра­лық серік­те­стері­міздің көме­гі­мен ұш­ыр­ғанбыз. Әзір­ге спут­ник ұшы­рудың осы жолы бола­ды, бірақ бұл жет­кіліксіз. 10 жыл­дан кей­ін жеңіл зымы­ран тасы­мал­да­у­шы құра­лы болуы керек. Шағын аппа­рат­тар бол­са да, өз құрал­да­рымызды шыға­рып, ғары­штағы тәу­ел­сіздік­ке қол жет­кіз­ген маңызды.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн