Среда , 14 мая 2025

БАЙ МЕН КЕДЕЙ:

алшақтық ажырап барады

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры

Тама­ра Дүй­се­но­ваға!

Қаза­қстан­ның әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лы­ғы­на әсер ететін аса маңы­зды про­бле­ма­лар­дың бірі болып бай­лар мен кедей­лер ара­сын­дағы өмір сүру дең­гей­інің жинақталған алшақты­ғы табылады.

2022 жылғы 21 қаңтар­да Пре­зи­дент Қ. Тоқа­ев ірі биз­нес өкіл­дері­мен кез­де­су бары­сын­да, халы­қа­ра­лық сарап­та­ма­лық ұйым­дар­дың деректері бой­ын­ша, ел бай­лы­ғы­ның жар­ты­сы­на тек 162 адам иелік ететінін, ал халы­қтың жар­ты­сы­ның айлық табысы 50 мың тең­ге­ден аспай­ты­нын атап өткен бола­тын. Мұн­дай жік­те­лу мен теңсіздік­ке жол беру­ге бол­май­ды және ол қауіп­ті құбылыс.

Мем­ле­кет бас­шы­сы өзінің Жол­да­у­ла­ры мен сөй­ле­ген сөз­дерін­де ұлт­тық табысты әділ жол­мен қай­та бөлу қажет­тілі­гі тура­лы да бір­не­ше рет мәлім­де­ген болатын.

Соны­мен қатар бай­лар мен кедей­лер ара­сын­дағы алшақты­қты азай­ту мәсе­лесі әлі күн­ге дей­ін мем­ле­кет­тік орган­дар тара­пы­нан кешен­ді және бір­тұ­тас көзқа­расқа ие бола алмай отыр. Бұл тұрғы­да жақ­сы шетел­дік тәжіри­бе бар.

Мәсе­лен, АҚШ-та 8 бедел­ді уни­вер­си­тет­ті бірік­тіретін «Айви Лига­сы» («The Ivy League») жастарға, ата-ана­ла­ры­ның жоға­ры білі­мі жоқ неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­те қыз­мет атқар­маған қара­пай­ым отба­сы­лар­дан кел­ген үміт­кер­лер­ге арты­қ­шы­лық беру арқы­лы әле­умет­тік теңсіздік­ті теңе­стіру­ге бағыт­талған арнайы грант бағ­дар­ла­ма­ла­рын ұсы­на­ды. Бұл әле­умет­тік лифт жүй­есі жастарға сапа­лы білім алуға, бедел­ді жұмысқа орна­ла­суға, содан кей­ін өмір­де лай­ы­қты орын табуға мүм­кін­дік береді. Мұн­дай тәсіл­дер мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке және ірі кор­по­ра­ци­я­ларға қабыл­дау кезін­де де қолданылады.

Қаза­қстан­да аз қам­ты­лған халы­қты қол­дау бой­ын­ша, мыса­лы, ата­у­лы әле­умет­тік көмек (АӘК), ауыл жаста­ры­на, мүге­дек­тер­ге, көп бала­лы және толық емес отба­сы­ларға арналған білім беру грант­та­ры және т. б. сияқты жеке­ле­ген шара­лар жүзе­ге асы­ры­ла­тын­ды­ғын мой­ын­дау қажет.

Алай­да, бірін­ші­ден, олар бір­тұ­тас тұжы­рым­да­ма құра­май­ды, екін­ші­ден, ағым­ды қажет­тілік­ке көбірек бай­ла­ны­сып, әрі қарай жұмысқа орна­ла­суға, өз ісін құруға неме­се осын­дай аза­мат­тар­дың кәсі­би өсуіне қол­да­ныл­май­ды. Шын мәнін­де, біздің «әле­умет­тік лифт» дипло­мға дей­ін, жастар­дың бола­шақ тағ­ды­ры­на сеп­ті­гін тигіз­бей, тек бірін­ші қабат­та ғана жұмыс істейді.

Эко­но­ми­ка­ның басым сек­тор­ла­ры үшін маман­дар даяр­ла­уды мақ­сат етіп қой­ған және әлем­нің жетек­ші уни­вер­си­тет­терін­де дарын­ды сту­дент­тер­ді оқы­туға бағыт­талған «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­ның өзі табысы төмен үміт­кер­лер үшін қол­жетім­ді емес, өйт­кені оны алу­дың негіз­гі талап­та­ры­ның бірі – мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету үшін кепіл мүл­кі болуы қажет. Нәти­же­сін­де ауқат­ты және аз қам­ты­лған отба­сы­лар ара­сын­дағы өмір сүру дең­гейі мен сапа­сын­дағы әле­умет­тік алшақтық азаймауда.

«Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы қол­да­ны­стағы тәсіл­дер­ді әле­умет­тік алшақты­қты қысқар­ту жөнін­де­гі біры­ңғай кешен­ді бағ­дар­ла­маға бірік­ті­ру, сон­дай-ақ оны қаза­қстан­ды­қтарға аман қалуға ғана емес, бола­шаққа сенім­ді қара­уға мүм­кін­дік беретін басқа да жоба­лар­мен толы­қты­ру қажет деп санайды.

Біз аз қам­ты­лған отба­сы­лар­дан шыққан жастарға қажет­ті шешім­дер­ді қам­ти­тын бірқа­тар шара­лар әзір­ле­уді ұсынамыз:

– кәсіп­тік және жоға­ры білім алу саласында;

– мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кіру кезін­де­гі преференциялар;

– ұлт­тық ком­па­ни­я­ларға жұмысқа орна­ла­су кезінде;

– өз биз­несін жүр­гі­зу үшін қол­дау шаралары;

– тұрғын үй мәсе­лесін шешу және т. б.

«Әр қазақ менің жалғызым».

Адам­дарға өз талант­та­рын, амби­ци­я­ла­рын жүзе­ге асы­руға, өмір­де лай­ы­қты орын табуға мүм­кін­дік беру керек.

«Ақ жол» ҚДП фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры:

Е. Бей­сен­ба­ев

А. Перу­а­шев

Д. Еспа­е­ва

Қ. Иса

Е. Бар­лы­ба­ев

С. Еру­ба­ев

Республиканский еженедельник онлайн